Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа
Нарықты экономика еркін кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нышандар (формалар) негізінде өндірістің барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі.
бет
Кіріспе
6
1.
Кәсіпкерлік теориясы және даму кезеңдері, концепциясы
9
1.1
Кәсіпкерлік ұғымы, теориясы
9
1.2
Дамыған елдерде кластерлердің қалыптасу нәтижелері және ерекшеліктері
16
2.
Республикадағы және Жамбыл облысындағы кәсіпкерліктің даму жағдайын талдау
25
2.1
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау
25
2.2
Жамбыл облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау
29
3.
Кластерлі кәсіпкерліктің даму мүмкіншіліктерін және бағыттарын анықтау бойынша іс-шаралар
55
3.1
Қазақстандағы кластерлі кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі бағытты жетілдіру
55
3.2
Аймақтың экономикалық дамуын сипаттайтын кәсіпкерлік көрсеткіштерін болжау
58
Қорытынды
68
Пайданылған әдебиеттер тізімі
70
Экономиканың кез келген секторында инновациялар қаржы салымдарын қажет етеді. Қосымша пайда табу, шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық нәтижені алу үшін де қаржы салымдары керек. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде келесідей байланыс анықталды: шағын кәсіпорын болашақта неғұрлым үлкен табысқа жетуді көздейтін болса, ол солғұрлым көп шығын жұмсауға дайын болуы керек. [45]
Инновациялық қызметті дамыған қаржыландыру жүйесі негізінде ғана дамытуға болады. Нарықтық экономикада шағын кәсіпорындар, өнеркәсіптік компаниялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар, шағын инновациялық кәсіпкерлік, инвестициялық және инновациялық қорлар, жергілікті басқару органдары, жеке тұлғалар және т.с.с. қаржыландыру субъектілері болып табылады.
Ұсынылған инновациялық-бағдарлы стратегияның негізі – оның өндірістік-техникалық, ақпараттық-технологиялық сияқты шағын иннова-циялық құрылымдарды дамыту мен құруды алдын ала қарастыратын болып табылады. Аталмыш стратегияның аясында инновациялық құрылымды құру үлгісі 9-суретте бейнеленген.
Сурет 9. ШКС-дағы инновациялық құрылымның принципті үлгісі
Қазақстанның ШКС-да көптеген кәсіпорындарының басшылары стратегиялық ынтымақтастықтың тиімді стратегиясын жасады. Бұл стратегиялар экономикалық тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ететін бірнеше шағын кәсіпорындардың біріккен қызметіне бағытталған, белгілі қоғамдық ұйымдасқан, олардың қызметі өзара ынтымақтастықпен анықталады.
Осы базада өнеркәсібі дамыған және дамушы елдерде корпорациялар және кластерлер қалыптасуда. Кластер ұғымы кәсіпорындар кешені (өнеркәсіп компаниялары, зерттеу орталықтары, ғылыми мекемелер), мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар және басқалары территориялық шоғырландыру базасында арнайы жеткізіп берушілер, негізгі өнім өндірушілер және тұтынушылар технологиялық тізбекпен байланысқан.
Дамыған елдердің техникалық тәжірибесі көрсеткендей, кластердің аясын табысты кеңейту мен тереңдетуде әлемдік экономиканың даму бөлігінің ажырамас құрамы болып табылады. Көптеген елдер бәсеке принциптерін дамыта отырып, ынтымақтастық мәселесіне көп көңіл бөледі. Егер соңғы уақытқа дейін осы ынтымақтастық салалық мүдделермен шектелмесе, онда осы саладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейде – кластер деңгейінде кеңейту байқалады.
Кластерлердің артықшылықтары төмендегідей бағыттар бойынша алынуы мүмкін: ресурстарға мүмкіндігі бар; ақпараттарға қолжетімділігі; өзара толықтырушылық; қоғамдық игіліктер мен кәсіпорынға қолжетімділігі; ынталандыру; жаңа енгізулерде артықшылықтары.
Кластерлік ұйымдастыру бір жағынан стратегияның дамуы, екінші жағынан аудандар мен территорияның дамуы, мекеменің дұрыс дамуы жобасының жасалуы мен билікке байланысты құжаттардың жасалуы.
Шағын кәсіпкерлік секторында кластерлік модельдер мен кластерлік технологиялардың икемделуі келесі механизмдер ретінде болады (10-сурет):
1. Еліміздің экономиканың әрбір саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру негізінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, тұрмыстық жағдайын жақсарту, олардың мәдени, ағарту және денсаулық деңгейін жақсарту болып табылады.
10-сурет. Шағын кәсіпкерлікке кластерлік тұжырымдамасын икемдеу механизмдері
2. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік субъектілерінің менталитетін «алдымен әрбір адамның мүддесін – сосын мемлекеттің мүддесін» қағидасында өзгерту, сондай-ақ халықтың жеке және қоғамдық меншікке деген түсініктерін, жеке меншік пен мемлекеттік секторларының байланысын экономикалық өзара пайдаға бағыттау болып келеді.
3. Аймақтық және жергілікті деңгейде салалық пен территориялық – салалық кластерді құру мен қалыптастыру тиімділігі арқылы, билік органдарының ақпараттар мен байланыстың алмасу басымдылығы бойынша, бизнес құрылымдарының, институционалдық құрылымдар мен нарықтық инфрақұрылымдарды еңбек, қаржы және материалдық ресурстары бойынша ұлттық және аймақтық экономиканы дамыту.
4. Билік органдарының, қоғамдық ұжымдар мен нақты секторлар кәсіпорындары қызметкерлерінің ағарту және мәдени деңгейін арттыру арқылы ұлттық және аймақтық деңгейде білім мен ғылымды дамыту көзделеді.
5. Өнімнің сапасы, дизайны және қызметін арттыруда, өнім өндіру мен басқаруда жаңа технологияларды енгізу бойынша, өнімді өндіру, сақтау және тұтыну аясында маркетингті дамыту мен «ноу-хау» енгізу арқылы кәсіпкерлік құрылымының тиімділігін арттыру қажет.
6. Кәсіпкерлік құрылымдарда, сондай-ақ кластерлерді ұйымдастыруда тауар өндірушілер мен кластерлік бірлестіктердің мүшелерін, салық салу жүйесін, кедендік құқықтар, несиелеу жүйесі мен отандық тауар өндірушілерге, жеңілдіктер мен артықшылықтар беру тұрғысында инвестициялау арқылы кәсіпкерлік ұйымдастыруларды мемлекеттік тұрғыда қолдауды қажет етеді.
Кластерлік модельдер мен технологияларды енгізуде күтілетін нәтижелер: экономикадағы кластерді енгізудегі басты нәтиже – экономикалық өсуді көтеру мен ұлттық және аймақтық экономиканың бәсекелестігінің артуы; аймақтық және жергілікті деңгейде кластерлік бірлестіктер санының өсуі; кәсіпкерлік құрылымдарының еңбекке құштарлықтарының артуы; аймақтарға инвестициялық климаттары мен тартымдылығының артуы; инвестицияларды тарту, аймақтық және жергілікті экономиканы көтеру, кәсіпкерлікте бәсекелестікті көтеру мен сыртқы нарыққа жаппай шығару арқылы жалпы шағын кәсіпкерлікті дамыту.
Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Үкіметі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік стратегиялық басымдық ретінде жариялаған болатын. Әpбip 2-3 жылда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оған қолдау көрсетудің арнайы мемлекеттік бағдарламалары қабылданып отырды. Оларды өткенге шолу ретінде шағын кәсіпкерліктің рөлінің экономика мен қоғамда артып келе жатқандығын жиынтық ретінде кұрастырып, дамыған елдерде сандық, құрылымдық және сапалық деңгейге дейін жеткізу заңды түрдегі шешуші міндеттер ретінде алға тартылып отырды.
Мұндай түпкілікті мақсаттарға қол жеткізу үшін тәжірибе жүзінде барша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларда мына төмендегідей бaғыттарда қамтылып отырған міндеттер жоспарланды: шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық және моральдық жағдайлар тудыру; кәсіпкерлік қызметпен айналысу жолындағы кедергілерді азайту; шағын кәсіпкерлікті қаржылық pecypcтapғa қол жеткізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету; қаржылық және қаржылық емес компоненттерден тұратын шағын кәсіпкерлікке деген жан-жақты мемлекеттік қолдаулар көрсету мақсатында арнайы мемелекеттік құрылымдар құру; кәсіпкерлік қызметке тарту үшін халықтың қалың ортасында ынталылықты арттыру.
Бұл бағытта мейлінше маңызды көп салалы жұмыстар жүзеге асырылды, оның басты нәтижесі ретінде кәсіпкерліктің бүкіл Қазақстан бойынша кең етек жайып отырғандығын айтуға болады.
Әлемдік экономикалық дағдарыстың кең өpic алып отырған жағдайында Қазақстан Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау көрсетуді дағдарысқа қарсы бағдарламаның нeгiзгi бағытына айналдыруда. Мұның өзі біздің елімізге дағдарыстың апаттарынан айналып өтудің факторларының біріне айналды.
Дегенмен, шағын кәсіпкерліктің құрылымдық және сапалық бағыттарда дамытудың мемлекеттік бағдарламалардан туындайтын міндеттері бүгінгі күнге дейін толығымен орындала қойды деп айту қиын.
Шағын кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған факторлар: шағын кәсіпкерліктің қаржылық pecypcтapғa қол жеткізуінің жеткіліксіздігі; бәсекелестік ортаның әлсіздігі; кәсіпкерлікті жүргізудің мәдениетінің төмендігі, ол, ең алдымен ШОК-тің басым бөлігінің бүгінгі таңдағы ақпараттық-зерттеушілікпен қамтамасыз етушілікті көтере алмай отырғандығымен байланысты.
Қaзipгi кезде жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қабылдануда және салық туралы заңды, өмір сүрудің басқа да нормативтік негіздерін, кәсіпкерлікті реттеп және қолдау керсетудің объективті куәсі ретінде ТМД-ның барлық елдерімен салыстырғанда «Doing Business» халықаралық рейтингісі бойынша Қазақстан жетекшілік рөлге ие болып отырғандығы. Бұл жетістіктер жайында тәуелсіздігіміздің 18 жылдығына арналған салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айрықша атап өтті.
Қорытынды
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту – бүгінгі таңда қазіргі кездегі нарықтық экономиканы күшейтуге алып баратын мемлекеттік экономикалық саясаттың ерекше саласы болып табылады. Экономиканың ұлғаюы бүгін қоғамның және мемлекеттің жедел жаңаруына жаңа талаптар қоюға жол береді. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. [36]
Баяндамада шағын және орта кәсіпкерлікке толық сипаттама берілген. Яғни, мен қазіргі кездегі шағын және орта бизнестің мәнін, маңызын, нарықтық экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастырдым. Кәсіпкерлік икемді экономиканы қалыптастыруда маңызды орын алады және қоғам мен экономиканың тұрақтылығы, жаңа жұмыс орындарын ашу көзі, тұрғындарды жұмыспен қамту, нарықты отандық тауарлар мен қызметтердің көбеюі, бәсекелестікке қабілетті ортаны құру және тағы басқа қамтамасыз ететін орта класс құру ретінде қарастырылады. Осыған байланысты, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту облыстың экономикалық дамуының басымды саласы болып табылады.
Баяндама құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде шағын және орта бизнестің мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және кейбір дамыған шетелдердің тәжрибесі қарастырылған. Екінші бөлімінде Жамбыл облысындағы шағын және орта бизнестің даму жағдайы талданды. Үшінші бөлімде, Жамбыл облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму перспективалары мен жетілдіру жолдары талданды.
Қазақстанның шағын кәсіпкерлігін дамыған елдермен салыстырғанда байқалатыны жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіштеріне қосар үлес пен халықтық жұмыспен камтамасыз етілуі сияқты көрсеткіштер бойынша артта қалушылық бар, сонымен қатар дамыған елдердегі сияқты Қазақстандағы ШКС барлық шаруашылық субъектілерінің 90%-ына иелік етеді. Мысалы, дамыған елдерде ШОК субъектілерінің шығаратын өнімдері көлемінің жылдық үлесі жалпы ішкі өнім көрсеткіштері бойынша 43%-дан (Канада) 57%-79%-ғa дейін құраса, Қазақстандағы оның үлесі 3 еседен кем, яғни 15%-ға тең. ШОК секторынан орын алатын халықтың үлeci бойынша біздің еліміздің көрсеткіштері дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен (1-кесте). Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстандағы бұл көрсеткіш 23% деңгейінде тұрса, дамыған елдерде 47%-дан (Канада) 75%-ға (Жапония) дейін.
Қазақстанның ШОК секторы сапалық құрылыс бойынша өзінің шетелдік ұқсас секторлары бойынша едәуір өзгеше.
Қазақстанның 40%-ға жуық ШКС көтерме және жеке сауда саласын қамтиды да, ШКС-ның 20%-дан астамы ауыл шаруашылығына тән.
Шағын кәсіпкерліктің белсенді түрде әрекет ететін субъектілердің жалпы санынан 2009 жылдың корытындысы бойынша 718 мың бірлік болған болса, жекелеген аймақ бойынша алғанда ең көбі Оңтүстік Қазақстанда істейтін болып шықты – 106 мың бірлік, Алматы облысында – 96 мың бірлік және Алматы қаласында – 68 мың бірлік. Ең төменгі көрсеткіштер – Маңғыстау (19 мың бірлік), Қызылорда – (19 мың бірлік) және Солтүстік Қазақстан (24 мың бірлік) облыстарының еншісінде .
Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері түсімдік динамикасына ие, бұл экономиканың осы саласының дамуының оңды үрдістерінен көрініс береді.
Облыста жалпы сомасы 664,5 млрд. теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске асырылуда, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
2009 жылы 55,9 млрд. теңгенің 8 инвестициялық жобасы іске асырылады, 3,0 мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру үшін Жамбыл облысына республикалық бюджет есебінен барлығы 912364,0 мың теңге бөлінген. Оның ішінде:
- шағын кәсіпкерлікті қолдауға арналған мақсатты ағымды трансферттер - 600 364,0 мың теңге;
- индустриалды инфрақұрылымды дамытуға арналған мақсатты трансферттер - 312 000,0 мың теңге.
Сонымен, шағын және орта бизнес – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғары үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту болып табылады. [42]
Шағын кәсіпкерлікті дамытпайынша, қазіргі экономиканы қалпына келтіру мен дамыту мүмкін емес, өйткені шағын бизнес нарықтық қатынастарды үнемі қайта өндіріп отыратын орта болып табылады. Сондықтан да қазіргі жағдайда шағын және орта бизнес саласы республика мен облыс экономикасын жандандыруға қабілетті.
Информация о работе Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру