Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа
Нарықты экономика еркін кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нышандар (формалар) негізінде өндірістің барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі.
бет
Кіріспе
6
1.
Кәсіпкерлік теориясы және даму кезеңдері, концепциясы
9
1.1
Кәсіпкерлік ұғымы, теориясы
9
1.2
Дамыған елдерде кластерлердің қалыптасу нәтижелері және ерекшеліктері
16
2.
Республикадағы және Жамбыл облысындағы кәсіпкерліктің даму жағдайын талдау
25
2.1
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау
25
2.2
Жамбыл облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау
29
3.
Кластерлі кәсіпкерліктің даму мүмкіншіліктерін және бағыттарын анықтау бойынша іс-шаралар
55
3.1
Қазақстандағы кластерлі кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі бағытты жетілдіру
55
3.2
Аймақтың экономикалық дамуын сипаттайтын кәсіпкерлік көрсеткіштерін болжау
58
Қорытынды
68
Пайданылған әдебиеттер тізімі
70
Жеке – дара кәсіпкерлікті дамыту, түптеп келгенде, тұрғындардың табыстарын, өмір сүру деңгейлерін көтеруге және әртүрлі әлеуметтік – рухани мәселелерді шешуге де өз оң ықпалын тигізеді.
Баяндамада жеке – дара кәсіпкерліктің елімізде дамуы осы уақытқа дейін төрт кезеңге бөліп көрсетілген. Бірінші кезең – алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылға дейінгі аралық. Бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты дәстүрлі қалыпта, дәстүрлі салаларда дамып, сол уақыттың тұрмыс – тіршілігіне сай болып отырды.
Екінші кезең ел басына төңкерісшілердің келуімен 1986 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Елде жеке – дара кәсіпкерлікке деген жағдайдың болмағаны және олардың әрекетін ынталандыратын мемлекет тарапынан пәрменді мүмкіндіктердің болмағандығы туралы айтылған. Сол кезде КСРО – да, Қазақстанда жарық көрген әдебиеттер мен басылымдарда “социалистік тауарлы өндіріс”, “социалистік рынокты экономика” деген тұжырымдамалардың, қала берді Шығыс Еуропадағы бірнеше социалистік елдерде (Польша, Венгрия) жеке меншікке негізделген өндіріс ауқымының әжептәуір шеңберде орын алғанына қарамастан “жеке меншік өндірісі социалистік өндіріс тәсіліне сай емес”, - деген көзқарастар қалыптасқаны өзімізге белгілі. Сондықтан да, кәсіпкерліктің жеке – дара нысаны өзінің көптеген шешілмеген мәселелерімен кәсіпкерлік дамуының осы екінші кезеңін аяқтады.
Үшінші кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО – ның “Жеке еңбек қызметі туралы” (“Об индивидуальной трудовой деятельности”) заңы шыққанынан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызуға болады. Бұл уақыт аралығында кластерлік кәсіпкерлік азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылды. Үшінші кезеңде жеке – дара кәсіпкерлік, негізінен, социалистік шаруашылық жүйенің қажетті бөлігі ретінде қаралған жоқ. Теорияда да, тәжірибеде де жеке еңбек қызметін социалистік меншік қатынасына “жат” әрекет деп қарады және де оны социализімнің экономикалық, әлеуметтік, саяси жүйелеріне кеңінен енгізген жоқ. Ал жеке өндірушілердің қызметі өзінің “шектелген” мүмкіндіктеріне қарамастантұтынушылар сұранымына және оның өзөгерісіне сай әрекет етті. Жеке еңбек қызметі мемелекеттік мекемелер қамтамасыз етпеген тауарлар мен қызметтерді ұсынды. Жеке кәсіпкерлік қызметін социалистік шаруашылық жүйесінде жақтамағандықтан, ол қоғамда кәсіпкерліктің осы нышанының әрекет етуіне кедергі болатындай әртүрлі көзқарастармен “негізделген” болды. Осының нәтижесінде жеке – дара кәсіпкерлік айналасында жағымсыз әлеуметтік – экономикалық орта қалыптасты. “Жеке еңбек туралы” заң қабылданғанмен жеке кәсіпкерлікпен айналасушылар өз іскерлігін жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтарға кездесті, атап айтсақ бюрократиялық және әкімшілдік - әміршілдік билік ету осы заңнан да өз көрінісін тапты. Осы кезде статистикалық, қаржы мекемелері, құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлердің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтер туралы толық мәліметтерді жинай алмады.
Төртінші кезеңге 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты жатқызуға болады. Яғни, егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап осы бүгінге дейінгі аралық жатады.
Қазақстандағы экономикалық реформа кәсіпкерліктің дамуына жаңа “көкжиектер” мен олардың болашақтылығын ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні мен мақсаты рынокты экономиканың әрекетіне икемділік, көпқырлылық сипат беріп, тұрғындардың кәсіпшілік белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік – экономикалық енжарлығына шек қоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда республикамызда кәсіпкерлік қызмет бірнеше түрге қатысты, яғни іскерлік түріне байланысты - өндірістік, коммерциялық, қаржылық; шаруашылық субъектілеріне байланысты – ірі, орта және шағын, меншікке байланысты – мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас, дара; ұйымдастырылу нышанына байланысты жеке, топтық, жеке – дара түрлерінде дамып отыр.
1.2 Дамыған елдерде кластерлердің қалыптасу нәтижелері және ерекшеліктері
Белгілі амарикандық ғалым Майкл Портер өзінің «Халықаралық бәсекелестік» атты кітабында компьютер ғасырының белгісін білдіретін «кластер» (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген түсінік енгізді. Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатын сияқты экономикада да ойдағыдай бәсекелесуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсас нұсқадағы құрамалар пайда болады. Бәсекелестік артықшылығы серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай-ақ, тарылуы да, жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін.
М.Портер ұлттық деңгейде бәсекелестік түрлерін қоғамдық экономикалық дамып жетілуіне қарап анықтайды. Егер бәсекелестік жағдайын табиғи ресурстар, тек құндық факторлар және сол сияқтылар айқындаса, онда іс басқа, ал инвестициялық мүдделер шешуші жағдайға айналса – ол бір басқа, ал енді қозғаушы күш ретінде жаңалыққа, жаңалық енгізуге деген ынталылық болса, онда іс тіпті бір басқа. Кластерлер бәсекелік қабілеттілікті арттырудың құралы екенін ескере отырып, біздер өз еліміздегі бәсеке жағдайларын анықтаудың әдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екнін ұмытпауға, осы тұрғыдан келіп, қайда және қандай кластерлер құруымыз, қалыптастыруымыз керек екенін анықтауға тиіспіз.
Тағы да бір біз басшылыққа алуға тиіс М. Портердің әдістемелік ұстамы – ол экономикалық өркендеу көзін не фирма деңгейінде, не елді тұтас алғандағы деңгейден ізлеу дұрыс емес деп санайды. Жіңішкерек амал, ұстаныс іздеу қажет. Нақтырақ айтқанда: неліктен дәл осы елде тиісті сала халықаралық бәсекелестікте табысқа қолы жетті? Басқаша айтқанда, неге осы елде негізделген фирмалар өз саласындағы ең жақсы шетелдік фирмаларға қарағанда бәсекелестік артықшылықтарды жасай алады және оны қолдан шығармайды?
Мәселен, неліктен Германия типографиялық жабдықтардың, әсем автомобильдердің және химиялық реактивтердің және толып жатқан жетекші өндірушілердің базасына айналғанын қалай түсіндіруге болады? Немесе неліктен кіп-кішкентай Щвейцарияда фармацептикалық өнеркәсіптің, шоколад өндірудің әлемдік жетекшілері шоғырланған? Неге, ауыр жүк машиналарын және тау-кен өнеркәсібі үшін жабдықтар шығару жөніндегі жетекші фирмалар Швецияны база жасаған? Неге, итальяндықтар керамикалық плиткалар, шаңғы ботинкалар, орайтын жабдықтар мен автоматтандырылған өндірістік жүйелер бойынша өте күшті болып келеді? Неге, Жапония тұрмысқа қажет электроника, робот, фото, кошірмелік қондырғылар саласында бірінші орынды мықтан ұстауда? Атап айтқанда, сол елдің фирмалары өз саласында бәсекелестік артықшылықты қалай жасай алатынының және ұстап тұра алатынының себептерін түсіне білу жеке фирманың саясатын жасау кезінде ғана емес, сонымен бірге, жалпы ұлттық экономикалық міндеттерге жету үшін қажетті дұрыс амал. Бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика бойынша біркелкі таралмаған, бір-біріне бағынышты салалардан тұратын кластерлерге (шоғырларға) байланыстырылған. Мысалы, Италияда экспорттың 40 пайызға жуығы азық түлікпен, сәнді киім жасаумен немесе тұрғын үйді көркейтуге байланысты салалар кластерлерінің үлесіне келеді. Швецияда барлық экспорттың 50 пайызынан астамын тасымалдаумен, метталургия және ағаш өңдеумен байланысты салалар кластерлері өнімдерінің экспорты құрайды.
Данияда үй үшін тауарлар өндіретін және денсаулық сақтаумен (фармацептика, витаминдер, медициналық жабдықтар және т.б.) байланысты бәсекеге қабілетті салалардың кластерлері бар. Швеция целлюлоза мен қағаз өндіруде ғана бәсекеге қабілетті болып қоймайды, сондай-ақ, ағаш өндейтін жабдықтар, металл қорытатын қазандар, конвейерлік жүйелер, бақылаушы өлшеуіш қажет жабдықтар, қағаз кептіретін жабдықтар шығаруға да бәсекеге қабілетті.
Ірірек елдерде кластерлердің саны көбірек болып келеді, олардың бар екендері әрқашан айқын көрінеді. Германияда жоғарыда атап көрсетілген ірі кластерлерден басқа да кластерлер бар және ол кластерлер келесі салалардан көрінеді: химия өндірісінде, металлургияда, көлікте және баспада. Осы салалардың әрқайсысында да ақырғы негізгі өнімді, осы өнімді даярлау үшін қажет жабдықтарды өндіруде ел табысқа жеткен. Кластерлердің пайда болу себептері ұлттық артықшылықтардың себепшілерімен тікелей байланысты және олардың жүйелік сипатының көрінісі болып табылады. Бір бәсекеге қабілетті сала өзара нығайтушы қатынастар процесінде екінші салалық бәсекеге қабілеттілігін жасауға көмектеседі. Мұндай сала көбінесе өзі тауарлар мен қызметтің аса талапшыл сатып алушы болып келеді. Ондай саланың елде бар болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттілігінің өсуін анықтаушы маңызды факторлар болып табылады. Бәсекеге қабілетті жабдықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік тұғызады. Олар екіншілерін технологиялармен қамтамасыз етеді, ортақ өндірістік факторлардың дамуын ынталандырады, жаңа өндірушілерді туындатады. Кластер қалыптасқан кезде оның құрамындағы барлық өндірістер бір-біріне өзара қолдау көрсете бастайды. Тиімділік, пайда байланысының барлық бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның арқасында қосылған құн тізбесін өсіре түседі.
Салалардың толып жатқан кластерлерінің болуы – ішкі бәсекелестік тобы бар жерде факторларды тудыру процесін тездетеді. Өзара байланысты салалар кластерінің барлық фирмаларды маманданған, бірақ та біртектес технологияларға, ақпаратқа, инфрақұрылымға, адам ресурстарына инвестициялар жасайды, бұл өз кезегінде жаңа фирмалардың жаппай пайда болуына әкеліп соғады. Кластер тұтас алғанда ірі капитал жасауға және мамандануға мүмкіндік тудырады. Бәсекеге қабілетті салалар кластерді оның жеке бөліктерінің жай ғана қосындысынан үлкен болып шығады. Оның ұлғаю тенденциясы бар, өйткені, бір бәсекеге қабілетті сала басқасын туындатады. Мұндай өсудің бағыты кластерлердің құрамына бағынышты және олар әр елде әртүрлі.
Айқын екі мысал: Жапонияда кластерлердің көлденең бағытта даму тенденциясы байқалады, өйткені танылған Жапон компаниялары тектес салаларға кіруге белсенді түрде тырысады, бұған олардың мақсатының табиғаты мен ішкі әртараптануға деген бейімділігі мүмкіндік тудырады. Италияда кластерлер тік бағытта дамуда, өйткені, жаңа компаниялар бұрынғыдан көбірек маманданған орындарға қызмет көрсету үшін бөлініп шығады және жабдықтаумен шұғылдана бастайды. Кластерлер даму процесінің негізінде сатып алушы салалар, жабдықтаушылар және біртектес салалар арасында қажеттілік, техника мен технология жөнінде ақпарат алмасу жатыр. Осындай өзара алмасу жүзеге асырылған кезде және сонымен қатар, әр салада белсенді бәсекелестік қолдау тапқанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуі үшін ең қолайлы жағдай жасалады.
Әртүрлі елдерде, ал елдердің ішінде - әртүрлі салаларда кластерлердің сипатында және қызметтің тиімділігінде қатты айырмашылықтар байқалады. Қай жерде ұлттық ерекшеліктер кластер ішінде өзара алмасуға мүмкіндік тудырса, елдің маңызды артықшылыққа қолы сол жерде жетеді.
Ақпараттың жеңілірек қозғалысына сондай-ақ көлденең және тік байланыстардың фирмалардың мүдделерін үйлестірудегі мүмкіндік беретін жағдайлар кластерлер арасында өзара алмасуға мүмкіндік тудыратын тетіктер болып табылады.
Ақпарат қозғалысын жеңілдететін факторлар:
- бірге оқу немесе әскерде бірге қызмет атқару негізінде қалыптасқан жеке қарым-қатынас; ғылыми қоғамдастықтарда немесе кәсіби ассоцацияларда пайда болатын байланыстар; салалық ассоцациялар, қызмет көрсетуші кластерлер; ұзақ мерзімді және баянды өзара қарым-қатынасқа сенім сияқты мінез-құлық ережесі; мақсаттардың сай келуін және кластер ішіндегі сиысушылықты анықтайтын факторлар; фирмалар арасындағы семьялық және семья төңірегіндегі байланыстар; өнеркәсіптік топ ішіндегі жалпы меншік; акционерлік меншіктегі үлестік қатысу; фирма директорлары арасындағы қарым-қатынастар; ұлттық патриотизм.
Кластерлердің пайда болуының тәсілдеріндегі ұлттық айырмашылықтар фирмалардың сол елге тән үлгілерінің әртүрлігіне байланысты. Италияда көптеген бәсекеге қабілетті салалар үшін қозғаушы күш тұтынушылар мен дайын ақырғы өнімге қойылатын талаптың жоғары деңгейі болып табылады.
Экономикалық әртүрлі салаларында және әртүрлі елдерде кластерлердің қалыптасуының жоғарыда баяндалған жағдайларын біз осы мақалада әдейі келтірдік. Қазақстанда осы уақытқа дейін дамыған кластерлер болған емес. Әзірге барыс – Қазақстанның 2015 жылға дейін индустриялдық-инновациялық дамуының стратегиясын жүзеге асыруға байланысты таяу болашақта бірнеше кластер құру жөніндегі үкіметтің ниеті мен идеясы ғана. Осы ниеттер жекеменшіктегі бизнес тарапынан қолдау таба ма, Үкімет пен жеке сектор арасында тиімді қарым-қатынас жөнге келе ме, мұндай қарым-қатынасқа ғылымды, творчестволық әлеуетті тартудың мүмкіндігін бірлесе отырып таба ала ма? Міне, мәселе осында жатыр.
Қазіргі кездегі Қазақстан өнеркәсібі шикізаттық сипатта болып отыр, экспорттық тауарлар құрамында бәсекеге қабілетті дайын тауарлар жоқ, экспорт арқылы негізінен минералдық өнімдер, өнднлмеген немесе шала өнделген қара және түсті металдар ғана сатылады. Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газдың, қара және түсті металдардың меншік иелері шетелдік компаниялар болып табылады, мемлекеттің шетелдік және отандық акционерлік компанияларда акция пакеті жоқ, тек қана мұнай өндірудегі аз-мұз қатысынан басқа қомақты түрде қолға ұстары тағы жоқ. Негізгі капиталға деген инвестициялар, көбінесе, кен өндіру өнеркәсібіне келіп түседі, ақырғы дайын өнім шығару үшін өндеуді өнеркәсіпке инвестиция салушылар әзірге байқалмайды. Өңдеуші өнеркәсіп салалары айтарлықтай дамымағандықтан, сондай-ақ, олардың қолданбалы ғылыммен байланысты жеткілікті түрде жолға қойылмағандықтан, Қазақстанда өнеркәсіпті дамытудың инновациялық факторының әзірге экономикаға тигізетін әсері азын-аулақ қана дәрежеде.
Осындай жағдайда кластерлерді әзірлеуге қатысушылар – тік және көлденең бағыттарда, табиғи факторларды да, инвестициялық факторларды да естен шығармай кластерлерді құру және дамыту жөніндегі әлемдік тәжірибені жан-жақты, өте мұқият ескерулері қажет. Сонымен бірге, Қазақстан экономикасының басты ерекшелігімен санасуға тура келеді,өйткені, бүгінгі Қазақстанда өндірілетін басты өнімдердің бәрі де шетелдік компаниялардың меншігінде, ал олар болса барлық шикі мұнайды құбырлар арқылы сыртқа шығаруға, өндірілген барлық қара және түсті металлдарды, атап айтқанда темір кені, ферроқорытпа, қара металлдың жалпақ илектері, тазартылған және тазартылмаған мыс, өңделмеген мырыш, қорғасын және басқа түрдегі өнім түрінде шетелдерге жөнелтуге ғана ынталы.
Информация о работе Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру