Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа

Описание работы

Нарықты экономика еркін кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нышандар (формалар) негізінде өндірістің барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі.

Содержание работы

бет


Кіріспе
6





1.
Кәсіпкерлік теориясы және даму кезеңдері, концепциясы
9

1.1
Кәсіпкерлік ұғымы, теориясы
9

1.2
Дамыған елдерде кластерлердің қалыптасу нәтижелері және ерекшеліктері


16

2.
Республикадағы және Жамбыл облысындағы кәсіпкерліктің даму жағдайын талдау
25

2.1
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау
25

2.2
Жамбыл облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау
29

3.
Кластерлі кәсіпкерліктің даму мүмкіншіліктерін және бағыттарын анықтау бойынша іс-шаралар
55

3.1
Қазақстандағы кластерлі кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі бағытты жетілдіру
55

3.2
Аймақтың экономикалық дамуын сипаттайтын кәсіпкерлік көрсеткіштерін болжау


58


Қорытынды


68


Пайданылған әдебиеттер тізімі
70

Файлы: 1 файл

Тугелова кластер кәсіп.doc

— 793.50 Кб (Скачать файл)

 

Кесте 4

Облыстағы жалпы өңірлік өнімінің көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

Облыс   бойынша барлығы

266467,7

100

324806,7

100

348916,4

100

ауыл шаруашылығы

35479,7

13,3

39545,4

12,2

44617,4

12,8

өнеркәсіп

47786,7

17,9

66711,4

20,5

59366,2

17,0

құрылыс

13004,8

4,9

21630,7

6,7

33125,6

9,5

сауда

22837,1

8,6

33643,1

10,4

40265,3

11,5

көлік

27235,7

10,2

30300,1

9,3

29464,6

8,4

байланыс

3074,4

1,2

3746,6

1,2

4549,6

1,3

басқалар

117049,3

43,9

129229,4

39,7

137527,7

39,5

 

ЖӨӨ құрылымында 2007 жылы өнеркәсіп үлесіне 17,9%, 2008 жылы - 20,5%, 2009 жылы - 17 %, ауыл шаруашылығының үлесіне тиісінше - 13,3%, 12,2% және 12,8% , саудаға – 8,6%, 10,4% және 11,5%, көлікке – 10,2%, 9,3% және 8,4%, байланысқа – 1,2%, 1,2% және 1,3%, құрылыстың үлесіне – 4,9%, 6,7% және 9,5%, басқа салаларға - 43,9%, 39,7 % және 39,5% сәйкес келді.

2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп үлесінің төмендеуі олардың басқа салаларға қарағанда баяу дамуымен байланысты болды.

Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері бойынша облыс ҚР-да соңғы орында, оның көрсеткіші бір жұмыспен қамтылған адамға 2008 жылы 613 мың теңге және 2009 жылы 667,7 мың теңге (ал орташа қазақстандық көрсеткіш бір жұмыспен қамтылған адамға 2008 жылы 2043 мың теңге 2009 жылы 2152 мың теңге).

Жамбыл облысындағы еңбек өнімділігінің өсімі тұрақсыз және ҚР-дағы еңбек өнімділігінің орташа көрсеткішінен аспайды. Еңбек өнімділігінің төмендігі Жамбыл облысындағы жұмыспен қамтылудың құрылымымен тікелей байланысты, оның ішінде ауыл шаруашылығындағы өз бетінше жұмыспен қамтылудың басымдығына да байланысты. Жамбыл облысындағы еңбек өнімділігінің индексі алдағы жылға пайызбен қарасақ, 2007 жылы 127%, 2008 жылы – 116%, 2009 жылы –106% шамасында болды.

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің үлесі республикалық көлемде 2009 жылы 1,3%-ды құрады және басқа өңірлермен салыстырғанда ең төменгілердің бірі болды. Біздің аймақ фосфор мен фосфор тыңайтқыштарын (100%), қой жүнін (77%), қант (66%), шыны бөтелкелер(14%) мен керамикалық кірпіштер (17%), шұжық өнімдерін (13%) және қатты ірімшік (10%) шығаруда басты орындардың бірінде.

Облыста минералдық-шикізат ресурстарының болуы арқасында тау-кен өндіру, газ өндіру, химия, тамақ, металлургия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі, электр қуаты саласы дамыған.

Жамбыл облысы ҚР барлық экспортының тек 0,6%-ын және импортының 0,7%-ын құрайды. ТМД елдеріне Жамбыл облысының импорты мен экспортының 40% сәйкес келеді. Негізгі сауда серіктестері – Ресей, Украина және Қырғызстан. Қытаймен тауар айналымы бәрінен жылдам дамуда.

Жергілікті атқарушы органда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шеңберінде БВУ-ға келіп түскен жобалар мониторингін жасауда.

Облыстық статистика органдарының есебінде 2011 жылғы 1 қаңтарға 8587 шаруашылық жүргізуші заңды тұлға мен олардың 1799 бөлімдері мен өкілдіктері тұрды. 6139 заңды тұлға мен олардың 837 бөлімі жойылып кетті, 98 шаруашылық жүргізуші субъект жойылу жағдайында тұр. 2011 жылғы желтоқсанда 34 шағын және 2 орта заңды тұлғалар есепке алынды. (10-кесте)

 

Кесте 10

Облыс өңірлерінде тіркелген заңды тұлғалар

 

Аудандар атауы

Тіркел-гендері

Жұмыс істейтіндері

Жұмыс істейтіндердің тіркелгендерге қатынасы,

%-бен

барлығы

одан: белсенділері

Облыс бойынша

8 587

5 815

3 692

67,7

Тараз қ.

5 040

3 336

1 846

66,2

Байзақ

393

280

192

71,2

Жамбыл

297

214

153

72,1

Жуалы

256

205

158

80,1

Қордай

622

398

287

64,0

Т.Рыскулов

363

251

191

69,1

Меркі

396

271

188

68,4

Мойынқұм

235

163

126

69,4

Сарысу

238

169

139

71,0

Талас

277

209

171

75,5

Шу

470

319

241

67,9

 

Тіркелген кәсіпорындардың 58,7%-ы, жұмыстарын жүргізіп жатқандардың 57,4%-ы Тараз қаласында, қалғандары – ауылдық жерлерде орналасқан.

Облыста тіркелген заңды тұлғалардың 5815-і (67,7%-ы) іс-әрекетпен айналысып жатқан болса, кейбір қызмет түрлері бойынша олардың біразы облыстық көрсеткіштен жоғары болып отыр (11-кесте). Әсіресе, білім беруде  субъектілердің 91,0%-ы, құрылыста 81,5%-ы және көлікте 71,6%-ы жұмыстарын жүргізуде.

Облыс бойынша көрсеткіштерді талдай келе облыстағы кәсіпкерліктің дамуы мен қолдаудағы негізгі мәселелерді төмендегідей деп атап айтуға болады.

1.      Кәсіпкерлікте қаражаттың жетіспеуінен, әсіресе ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер:

  Несиелеу көлемінің төмендеуінен және несие алу мүмкіндігінің жетіспеуі;

  Несилеу ставканың жоғарылауы;

  Несие алуды рәсімдеудің қиындықтары мен ұзақтығы.

2.      Шағын және орта бизнестің арналған әкімшілік тосқауылдарға жауап беруі:

      Кәсіпорын рыногына кіре бергендегі тосқауыл – лицензиясы, рұқсаты, тіркелуі, жоба құжаттарының келісімі;

      Тауарларды рынокқа шығарудағы – сертификаты, иденфикациясы, тауарды белгілеу құжаттары;

      Ағымдағы қызметтер процесінде кәсіпкерлердің әкімшілік шығасысы, бақылаулар, лицензиялық бақылауды қосқанда, іс жүргізу, құжаттар айналымы, көптеген міндетті есептер формаларын сақтау.

3.      Аумақтардағы кәсіпкерлікті қолдаудағы инфрақұрылымның дамуының қалыпты еместігінен кәсіпкерліктің даму дәрежесіндегі сәйкессіздік.

Ауылдық аймақтарда бухгалтерлік және бизнесті жүргізуіндегі қаржылық есептілік, маркетинг, менеджмент, құқықтық және қаржы сұрақтары аясында орталықтандырылған қызметін жүргізу және консалтинг  бойынша кәсіпкерлердің шектеулі мүмкіндіктері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Кәсіпкерліктің даму перспективаларын анықтау бойынша іс-шаралар

 

3.1. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі бағытты жетілдіру

 

 

Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруға, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылған стратегиялық мақсаттарға сәйкес экономикалық қатынастарды трансфор-мациялау мәселесін шешу қажет.

Шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау. Өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру; кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін, дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту – бұл индустриялық-инновациялық дамудың белгіленген негізгі мақсаты мен міндеттері.

Стратегияны іске асыру ЖІӨ құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағын 2015 жылы 46,5%-дан 50-52%-ға дейінгі мөлшерде ұлғайтуға; ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9%-дан 2015 жылы 1,5-1,7%-ға арттыруға; ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3%-дан 2015 жылы 12-12,6%-ға төмендеуін бәсеңдетуге, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі  38,1%-дан 45-46%-ға дейін өседі деп қарастырылған. [7]

Қазіргі кезеңде Қазақстанда инновацияларды құру және енгізу аясында кәсіпорындардың белсенділігінің төмендеуін көреміз. ҚР Статистика агенттілігінің бағалауы бойынша, 01.01.2011 ж. мерзіміне сәйкес республикада кәсіпорындардың инновациялық белсендігінің меншікті салмағы жалпы респонденттік санының 3,9% құрайды (10096 бірлік) (11-сурет).

Салыстырма бойынша Ресей кәсіпорындарының инновациялық белсендігі 13% (2008 ж.), ал Шығыс Еуропада – 40%-ға дейін (Румыния – 28%, Словения – 32%, Польша – 38%).

Аймақтық кескін бойынша инновациялық дамуда көш басында: инновациялық белсенділік Алматы қаласы – 6,7%, Қарағанды облысы – 6,2%, Шығыс Қазақстан облысы – 5,9%. Соңғы тізгін бойынша: Ақмола облысы – 1,2%, Маңғыстау – 1,4%, Қостанай – 1,5%, Қызылорда – 1,5%.

 

       -

Сурет 8. 2004-2009 жж. ҚР кәсіпорындарының инновациялық- белсенділігінің меншікті салмағы

 

Егер 2008 ж. инновациялық қызметпен айналысушы кәсіпорындар ара-сында өнім өндіруде басты көлемі металлургия саласы болса (ҚР бойынша барлық инновациялық өнім өндірудің 84,4%), ал 2009 ж. мерзімінде өңдеу өнеркәсібі алда болды – 68,95% (13-кесте).

 

Кесте 13

ҚР экономика салалары бойынша инновациялық өнім өндіру көлемі, млн. теңге

 

 

ҚР экономика салалары

Өнім өндіру көлемі (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)

Салалар өнімдерін өндірудегі меншікті салмақ, %

Негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі

Өнім таралымындағы табыс (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)

Барлығы

1006169,6

100

170320,2

1493127,3

Ауыл     шаруашылығы

2664,6

0,26

399,3

3262,5

Тау-кен  өнеркәсібі

292194,5

29,04

60885,7

576784,5

Өңдеу өнеркәсібі

693754,8

68,95

105306,9

897705,7

Құрылыс

17555,7

1,75

3728,3

15374,5

Информация о работе Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру