Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 12:29, курсовая работа
Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнын, оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын білуі, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген орынды. Бұл міндетті шешу үшін ағылшын тілінің қосатын үлесі қандай? Біріншіден, шет тілін оқытумен бірге қолымыздан келетін нәрсе - мектеп оқушыларының бойында адам үшін қоғам мүшесі, ұжым мүшесі ретінде қажетті қарым-қатынас жасай білуді (коммуникативтік тілдесуді) қалыптастыру.
Кіріспе............................................................................................................3
1. Үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі......................................................................................................6
1.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың маңыздылығы.....................6
1.2 Тілдесудің диалогтік формасын оқытудың мәні мен мазмұны.....9
1.3 Монолог және диалог. Олардың өзара байланысы………….......18
2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне
үйрету ....................................................................................................................24
2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.............................................................................................................24
2.2 Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер…………………......26
2.3 Коммуникативтік жаттығулар жүйесі тілдесудің
диалогтік формасын оқыту нысаны ретінде.......................................................30
Қорытынды..................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................43
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Үйренудің бастапқы кезеңінде монолог
және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі....................
1.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың
маңыздылығы...................
1.2 Тілдесудің диалогтік формасын оқытудың мәні мен мазмұны.....9
1.3 Монолог және диалог. Олардың өзара байланысы………….......18
2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне
үйрету ..............................
2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту
кезіндегі икемділіктер, жаттығулар....................
2.2 Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер…………………......26
2.3 Коммуникативтік жаттығулар жүйесі тілдесудің
диалогтік формасын оқыту нысаны ретінде.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Қосымша……………………………………………………………
Кіріспе
Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнын, оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын білуі, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген орынды. Бұл міндетті шешу үшін ағылшын тілінің қосатын үлесі қандай? Біріншіден, шет тілін оқытумен бірге қолымыздан келетін нәрсе - мектеп оқушыларының бойында адам үшін қоғам мүшесі, ұжым мүшесі ретінде қажетті қарым-қатынас жасай білуді (коммуникативтік тілдесуді) қалыптастыру. Бұл әңгімелесушіні тыңдай білу, тілдесуге кірісу, оны қолдау және т.б. білдіреді. Екіншіден, шет тілін үйрену оқушылардың кітаппен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу және т.б. тәрізді оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға белгілі бір үлес қосады.
Тақырыптың өзектілігі - жалпы білім беретін мектепте шет тілдерін оқытуда бүкіл оқу процесін анықтайтын коммуникативтік мақсаттың негізгі және жетекші мақсат екенідігінде болып табылады. Тілдік қатынастың негізгі формаларының бірі - диалог сөз. Пайдаланылатын тілдік үлгілердің саналуандығы мен сапасына, сондай-ақ өзге де бірқатар себептерге байланысты және ауызекі сөйлесуді оқытудағы жүйелілігі тұрғысынан таразылай келе, диалог сөздің монолог сөзден күрделірек екендігіне қарамастан, артықшылықты бәрібір диалог сөзге беру қажет. Өйткені, кейіннен монолог сөзде пайдаланылатын жекелеген тілдік үлгілер, мақсатты құрылымдар нақ осы диалог арқылы меңгеріліп, есте сақталады.
Курстық жұмыстың тақырыбы шет тілін оқытудың түрлі кезеңдерінде диалог сөзге жаттығулардың түрлі жүйелеріне арналған.
Курстық жұмыстың мақсаты монолог сөз бен диалог сөздің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тілін үйретудің бастапқы кезеңінде
монолог және диалог сөзді оқыту әдістемесін зерделеу болып табылады.
Аталған жұмыстың міндеті:
Ағылшын тілін үйретудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқыту проблемасы - ағылшын тілін оқыту әдістемесіндегі ең басты проблемалардың бірі. Монолог сөзді оқыту – бұл аса күрделі іс, ал сұрақ-жауап жаттығулары – оқытудың барабар құралы болып саналмайды. Тілдесудің диалогтік формасына келетін болсақ, бұл тілдің коммуникативтік функциясының көрінуіне неғұрлым тән форма. Тілдесудің диалогтік формасы бастапқы кезеңде ағылшын тілін тасушылар тәрізді әңгімелесушімен сәлемдесе білуді, сондай-ақ сәлемге жауап бере білуді көздейді. Монолог сөз кез келген деңгейдегі жұптық, топтық, жаппай тілдесу процесінің компоненті ретінде қарастырылады. Бұл кез келген монолог сөздің өзінің табиғаты жағынан монологтік екендігін, құрылымдық және көптеген өзге де қарым-қатынастарда оның түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мол бола тұра, тіпті адресат сөйлеушінің өзі болған жағдайда да, үнемі біреуге жолданып айтылатындығын білдіреді.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Шет тілін үйретуге арналған әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын талдау; Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер мен коммуникативтік жаттығулардың мүмкіндіктерін тану; танып, зерттепбілген мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық тәжірибеде қолдану.
Курстық жұмыстың жаналығы: Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау. Шет тілін үйретуде монолог пен диалогті үйрету әдістерінің жаңа нұсқауларын жасау.
Курстық жұмыстың нысаны: Монолог пен диалогтің ерекшелігі.
Теориялық құндылығы сөйлеуді өнімді процесс ретінде оқыту оқушыдан айтылымды, тілдесудің шартталған жағдаятын құруды қажет ететіндігінде, бұл күрделі әдістемелік міндет болып табылады, өйткені оны меңгеру оқушылар үшін үлкен қиындықтармен тудырады әрі мұғалімнің тарапынан да, оқушылардың тарапынан да көп уақыт пен күш-жігерді талап етеді. Осы жұмсалған уақыт пен күш-жігер, егер оқушылар осы қызметті басқа да тілдік қызметті қалыптастыруға арналған мотивациялық деңгей мен сенімді базаны қамтамасыз етуші, ең шағын материалдан бастап қатаң түрде меңгерілген жағдайда меңгерген жағдайда ақталады.
Жұмыстың практикалық құндылығы диалогтар мен монологтарды оқытудың түрлі кезеңдерінде материалды неғұрлым табысты игеру мен бекіту үшін, сондай-ақ сөйлесу тілінде практикалық тұрғыда қолдану үшін пайдалану болып табылады.
Таңдап алынған тақырып пен алдымызға қойылған міндеттің ерекшелігі жұмыстың таңдалуы мен құрылымының шарты болды.
Зерттеу барысындағы материалдар: Шет тілін үйретуге арналған әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдары, отандық және шетелдік газет-журналдар мен психологиялық – педагогикалық әдебиеттер.
Жұмыстың құрылымы: Аталған жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиет тізімінен және қосымша материалдан тұрады.
1. Үйретудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі.
1.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың маңыздылығы.
Сөйлеуге үйрету әрқашан белгілі бір мазмұнның негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан осы мазмұнның қандай болуы тиіс екендігі туралы сұрақ туындайды. Сөйлеу мазмұны тұрғысынан аса бай, кең ауқымды, көлемді деуге болады, өйткені қарым-қатынас процесінде бүкіл нәрсе айтылады.
Осы уақытқа дейін сөйлеуге оқытудың мазмұны бағдарламада белгіленген әңгімелесу тақырыбының шеңберінде анықталып келеді. Бірақ, тақырыпты дәстүрлі тақырыптарға ұйымдастырудың оншалықты тиімді еместігі әдебиетте бірнеше рет атап өтіліп, іс жүзінде дәлелденіп отыр. Тақырыптың сөйлеудің мазмұны «құйылған» форма емес екендігі анық. Онда тақырыптың барабар формасы не болып табылады? Ал коммуникативтік әдіс оқыту процесін қарым-қатынас жасау процесінің моделі ретінде құруды көздейді. Осыған орай, сөйлеудің мазмұны соның шеңберінде қолданылатын нағыз форманы табу керек; нақ осы форма тілдік материалды іріктеу мен ұйымдастырудың барабар негізі болады. Әрине, іріктелген мазмұнның оқушылардың жасына сәйкес тәрбиелік, ақпараттық маңызы болуы тиіс. Сонымен қатар, өзіне басқалардың барлығын біріктіретін тағы бір аспект бар.
Монолог сөз (МС) деп біз көршілес екі айтылған сөздің арасында тұрған және белгілі бір өлшемдерге ие сөйленген сөздің кесіндісін атаймыз. Монолог сөз кез келген деңгейдегі жұптық, топтық, жаппай тілдесу процесінің компоненті ретінде қарастырылады. Бұл кез келген монолог сөздің өзінің табиғаты жағынан монологтік екендігін, құрылымдық және көптеген өзге де қарым-қатынастарда оның түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мол бола тұра, тіпті адресат сөйлеушінің өзі болған жағдайда да, үнемі біреуге жолданып айтылатындығын білдіреді.
МС түрлі деңгейде болуы мүмкін: 1) сөз (сөзформа), 2) сөз тіркесі, 3) фраза, 4) фразадан тыс бірлік, 5) мәтін. МС-дің кез келген деңгейі тілдесу процесінде тілдік бірлік ретінде қолданылады: Өрт! репликасы (сөз), Тамаша фильм нақтылау (сөз тіркесі), сұрақ. Ол бұл жұмысты енді қашан істейді? (фраза), сендіру Иә, мен оның бұны істей алатынына сенімдімін. Ол өзінің іске деген көзқарасын қаншама рет дәлелдеді. Бұдан өзге, мен оны жауапкершілікті, байсалды адам ретінде білемін (фразадан тыс бірлік) немесе баяндама, әңгіме және т.б. (мәтін).
Кез келген деңгейдегі тілдік бірліктің өзіне тән меңгерілу қиындықтары болады: сөздер мен сөз тіркестерінің деңгейі үшін – бұл морфологиялық қиындықтар (әр түрлі деңгейде болса да), фразалардың деңгейі үшін синтаксистік қиындықтар, фразадан тыс бірлік пен мәтіннің деңгейі үшін – логикалық-синтаксистік қиындықтар.
Деңгейлердің әрқайсысының өз үлгілері бар. Сөздер үшін – бұлар сөзжасам типтері, сөз тіркестері үшін – олардың типтері, өзге деңгейлердің барлығы үшін - олардың негізгі құрылымдық сипаттамалары үлгі болып табылады. Кез келген үлгі вербальды түрде толтырылған болуы мүмкін, сонда ғана ол тілдік үлгі ретінде қызмет ете алады.
Кез келген айтылым белгілі бір өлшемдермен сипатталады. Олардың арасында ортақ өлшемдер де, деңгейлердің әрқайсысына тән болып келетін өлшемдер да бар. Айтылымдардың алғашқы үш деңгейі оқыту аясында сөйлеудің лексикалық және грамматикалық жақтарын меңгеруге қатысты; тілдік икемділікті дамыту кезеңіне фразадан тыс бірлік пен мәтіннің деңгейлері ғана жатады. Бұдан әрі біз МС-ді оқыту туралы айта келіп, фразадан тыс бірліктің деңгейін ғана сөз ете аламыз. Сонымен бірге бұл дәлелденген, нақ осы аталған деңгей тілдік икемділікті дамыту кезеңіндегі бүкіл күрделілікті құрайды әрі МС-ге тән және оны меңгерудің кілті болып табылады. Фразадан тыс бірліктің деңгейіндегі МС-ді қызмет (процесс) ретінде де, өнім ретінде де қарастыруға болады. Қай жағдайда болмасын, МС түрлі өлшемдермен сипатталады. Қызмет ретінде ол әрдайым мақсатқа бағытталған, коммуникативтік ойлаумен, адамның жалпы қызметімен, сөйлеушінің жеке басымен байланысты болып келеді, ол жағдаятқа орай белгілі бір қарқынмен өтеді. МС өнім ретінде әрдайым ақпаратты, өнімді, мәнерлі, құрылымды, логикалық, біртұтас. [18]
МС-дің жоғарыда келтірілген бір өлшемінің өзі оны оқытудың аса күрделі іс екендігін, ал сұрақ-жауаптық жаттығулардың оқытудың барабар құралы еместігін көрсетеді. Сондықтан да МС-дің барлық өлшемдерінің арасынан біз оның маңызын бейнелейтін, негізгі қиындықты құрайтын, оқытудың ерекше құралдарын талап ететін үшеуін ғана бөліп көрсетеміз.
1. Монолог сөздің салыстырмалы үздіксіз сипаты: оның туындау процесі біреудің (бір нәрсенің) үзуінсіз белгілі бір уақытқа созылады. МС-дің аталған сапасы, ең алдымен сөйлеушінің неғұрлым өзіне тән психологиялық көңіл-күйін, сондай-ақ оның монолог сөзді ұйымдастыруын анықтайды. Міне, МС-дің бірқатар сұрақтарға берілетін жауаптардың қосындысы еместігі осыдан.
2. Жүйелілік, логикалылық. Бұл ерекшелік келесі (басқа) айтылатын сөздердегі негізгі фразаларының идеяларын дамуытудан көрінеді. «Идеяларды дамытуды» сөзбе-сөз түсіну қажет емес. Бұған нақтылау, түсіндіру, негіздеу, толықтыру, әдістерді қолдану тұрғысынан келу назарға алынуы тиіс. Сондықтан да негізгі фраза МС-дің кез келген жерінен табылуы мүмкін. МС қалай өрбиді, мұнда қандай заңдылықтар бар, оның әрбір түрінде қандай үлгілер жатыр, міне, оқыту үшін осыларды білу өте маңызды.
3. Салыстырмалы мағыналық аяқталғандық, коммуникативтік бағыттылық. Мен хат жазғым келеді. Мен поштаға бара жатырмын. Мен конверт, марка және қағаз сатып аламын. Мен хат жазамын, конвертті желімдеп, хатты жәшікке саламын тәрізді «монолог» сөздермен қанағаттанған кезде, іс-қимылдардың бұлайша хронологиялық тізбектелуі тергеушіні ғана қызықтыруы мүмкін екендігін ескергеніміз артық болмас еді. Бұлардағы іс-қимылдардың логикалылығы – мағыналық емес, уақытша болып табылады, бұл оқыту процесінде тек сөздерді, уақытша формаларды және т.б. формальды қолдану үшін беріледі. Алайда, тілдесу процесінде мұндай сөздерді ақтау қиын.
Пікірімізді білдіру үшін жөнелтпе нүкте ретінде жұмыстың үш кезеңін ұсынатын тұжырымдаманы қарастырайық.
Бірінші кезеңде аяқталған бір ойды айта білу, тақырып бойынша бір фразаның деңгейінде нақтылай білу икемділігі қалыптастырылады. Мұғалім тақырыпты атайды, ал оқушылар кезекпен кез келген бір фразадан (дәлірек айтқанда, сөйлемнен, өйткені бұл сөйлеу емес) айтып шығады. Егер оқушы екі сөйлемді айтса, онда олар екі дербес айтылған ой болып табылады, олардың арасында міндетті байланыс жоқ.
Екінші кезең оқушылардан айтылған фразалардың логикалық байланысына назар аудару талап етілген кезде басталады. Мәселен, ойды айту. Біздің сынып үлкен. Біздің сынып таза, бұлар нашар байланысқан, өйткені сөйлемдер бір үлгі бойынша құрастырылған, ал Біздің сынып үлкен. Біздің сыныпта төрт терезе бар – жақсы байланысқан. Бұл кезеңде алынған қарама-қайшылықты жою керек, яғни оқушыларды мазмұнсыз сөйлемдердің жинағын айтудан аулақтатып және ойларын логикалық тұрғыда айтуға үйрету керек. Бұл қарама-қайшылықты жасаудың қажеті не деген тағы бір сұрақ туындайды.
Информация о работе Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне үйрету