Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 12:29, курсовая работа
Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнын, оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын білуі, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген орынды. Бұл міндетті шешу үшін ағылшын тілінің қосатын үлесі қандай? Біріншіден, шет тілін оқытумен бірге қолымыздан келетін нәрсе - мектеп оқушыларының бойында адам үшін қоғам мүшесі, ұжым мүшесі ретінде қажетті қарым-қатынас жасай білуді (коммуникативтік тілдесуді) қалыптастыру.
Кіріспе............................................................................................................3
1. Үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі......................................................................................................6
1.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың маңыздылығы.....................6
1.2 Тілдесудің диалогтік формасын оқытудың мәні мен мазмұны.....9
1.3 Монолог және диалог. Олардың өзара байланысы………….......18
2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне
үйрету ....................................................................................................................24
2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.............................................................................................................24
2.2 Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер…………………......26
2.3 Коммуникативтік жаттығулар жүйесі тілдесудің
диалогтік формасын оқыту нысаны ретінде.......................................................30
Қорытынды..................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................43
Сабақта көркем фильммен жұмыс істеу, әрине, бейнеүзіндімен жұмыс істеуден ерекшеленеді, бірақ осы кешенде ұсынылған кейбір жаттығуларды монолог сөз икемділіктерін дамыту үшін біздің жағдайда да пайдалануға болады.
Көркем фильмнің мазмұны қабылдау мен ұғынудың барлық кезеңдерінде фильмнің тақырыбы бойынша бір жағынан, монолог сөзді жүзеге асыру үшін лексика-грамматикалық материалды жинақтау болып өтеді, екінші жағынан, фильмнің оқиғалрына, кейіпкерлеріне, олардың әрекеттеріне, идеялық мазмұнына, автордың ұстанымына жеке көзқарасты білдіруге деген қажеттік пайда болады. Осыған байланысты, оқушылардың монолог сөзді айта білу икемділіктерін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмалардың бірнеше түрін ұсынуға болады.
2.2 Диалог сөзді оқытудағы көрнекіліктер.
Кодоскоп.
Диалог сөзді оқыту көрнекілікпен, тыңдалған немесе оқылған мәтінмен, көрілген диафильммен, слайдтармен немесе вербалды берілген жағдаятпен ынталандырылуы мүмкін. Мәселен, диалогтық сөзге оқытуда кодоскопты пайдалануға болады. Мұғалім ұлына әкесінің айқан сөздері (немесе ынталандырушы репликалар) берілген транспарантты дайындайды. Оқушылардың міндетіне диалогтың жасалуы үшін мағынасы жағынан сәйкес келетін жауап қатушы репликаларды іріктеу кіреді.
Father: I say, Sonny, what shell we buy for Mumy on Woman`s day?
Sonny (1)...
Father: Тһat`s а goоd idea! And what will you say to Mum?
Sonny (2)...
Жауап қатушы репликалар мыналар бола алады:
(1) Let`s buy her some flowers.
Let`s buy her а large box of sweets.
Let`s buy her the book about Moscow. Etc.
(2) І`ll say, «Dear Mum, I love you so much».
І`ll say, «Веst wishes for Mother`s Day».
Экранға әкенің сөздерін шығара отырып, мұғалім әңгімеге кірісуге ұсыныс жасайды. Бұл жұмысты жұптармен өткізу қажет. Оқушылардың жұмыс істеуі кезінде мұғадім оларды бақылайды, кім мұқтаж болса, соған көмек көрсетеді, ал бақылауға бір-екі жұпты шақырады. Әлсіз сыныпта жұппен жұмыс істеу алдында тапсырманы орындау үлгісін не дыбыстық жазбада, немесе мұғалімнің күшті оқушымен бірге орындауында беруге болады.
Диалог сөзді қалыптастырушы жақсы, пайдалы жаттығу Listen, read and act типті тапсырмалар болып табылады. Әңгімелесуді жүргізу икемділігін дамытатын бұл тапсырмалардың мағынасы олардың соңғы бөлігінде (асt) болады, бұл өкінішке орай, сабақтарда үнемі орындала бермейді.
Баспа мәтін.
Диалог сөз оңай өрбитін баспа мәтінмен ынталандыруы мүмкін. Мысалы, «Willіаm and Mr. Romford». Мәтінді оқығаннан соң балалар мистер Ромфорд пен Вильямның арасындағы келесі диалогты ойнайды:
Диалог сөзді тыңдалған мәтіннің негізінде де дамытуға болады.
Мәселен, «It doesn`t matter». Мәтінді тыңдар алдында оқушылар «Dramatize the text» тапсырма алады. Нәтижесінде Бетти мен Мэридің арасындағы келесі диалог болуы мүмкін.
Диалог сөзді дамыту стимулы вербалды берілген жағдаят та бола алады. Мәселен, You meet a friend. He (she) sais he (she) has a new flat(house). Have a talk with him (her) about his (her) new flat. Күшті сыныпқа осындай тапсырма беру жеткілікті. әлсіз сыныпта сұрақтар түріндегі тіректерді немесе тек қана сұраулы сөздерді беруге болады When… Where… How many rooms… Is it far from… Etc.
Диалог сөзді диафильмдерді көрумен және мұғалім мен оқушылардың, оқушы мен оқушының арасында әңгімелесулерді ұйымдастырумен ынталандыруға болады: олар диафильмнен кім туралы (не туралы) білді, диафильм ұнады ма, не ұнады. Мысалы, балаларға «Tim Goes to School» атты диафильмді көріп шығу және осы тақырыпта әңгімелесу ұсынылады.
Суреттер.
Күрделендірілген кеңейтілмеген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеу. Оқушылардың тілін кеңейтілмеген жағдаят берілген суреттер базасында дамыту сабақта оқу-әдістемелік кешендер бойынша негізгі жұмыстан бөлек өткізілмейді, сабаққа тілдік материалды енгізу мен белсендіру кезінде, тақырыптық қайталау кезінде, сондай-ақ оқушылардың қайталау дағдылары мен икемділіктерін, диалог және монолог сөзін дамыту үшін енгізіледі. Суреттердің аталған түрлерімен жұмыс істеу оқу құралының материалымен жұмыста пайдаланылатын тәсілдерге тәуелсіз мұғалім де, оқушылар да суретте ұсынылған жағдаяттан шегіне отырып, әрбір оқушының мүдделері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін, өздерінің мазмұны жағынан әр түрлі нұсқаларда түсініксіз шимайланған осы жағдаятты кең көлемде ашып көрсетуге шығармашылық тұрғыда келетіндігімен сипатталады. Оқушылардың тілдік қызметін ағылшын тілін оқытудың алдыңғы курстарының барлығында меңгерілген тілдік материалды олардың сөзінде табиғи түрде пайдаланумен, олардың қиялына, елестетулеріне, ішкі көрнекіліктеріне сүйене отырып дамыту негізге алынуы тиіс.
Жұмыстың түрін іріктеу сабақта не атқарылғандығына байланысты болады. Қарапайым, сонымен бірге күрделендірілген кеңейтілген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеу формаларының сан алуандығы бірсарындылықты болдырмауға көмектесу үшін және оқушылардың ойлау қызметін дамыту процесінде өзге тілдік бастамашылық шығармашылығына ықпал ету үшін туындаған.
Суреттердің аталған түрі бойынша жұмыстың түрлерін пайдаланудың кеңес берілетін жүйелілігі келесідей:
1) Мұғалімнің ағылшын тілін есту арқылы қабылдауды дамыту және жорамалдарды болжамдарды суретте ұсынылған жағдаяттарды кең көлемде ашып көрсетудің жаңа нұсқаларын құрастыруда пайдалануға қондырғыны жасау үшін әңгімелері.
2) Оқушылардың мұғалімге жағдаяттың жаңа нұсқасын жасау үшін сурет бойынша сұрақтары.
3) Оқушылардың жұптаса жұмыс істеуі. Жұмыстың бұл түрінің бірнеше нұсқасы болуы мүмкін:
а) суретте бейнеленген кез келген адам туралы әңгімелесу;
ә) бастапқы жағдаятты кеңінен ашып көрсету;
б) суретте бейнеленген тұлғалардың арасында болуы мүмкін диалог құрастыру. Жұптаса жұмыс істегеннен соң бүкіл сыныптың алдында екі немесе бірнеше оқушының арасында жаңа әңгіме ойналуы мүмкін.
4) Оқышылармен тізбек бойынша әңгіме құрастыру.
5) Оқушылардың суретте бейнеленген бастапқы жағдаяттың базасында құрастырылған өз әңгімелері. Көрнекіліктің аталған түрімен жұмыс істеуде мұғалімнің оқушыларға олардың жарым-жартылай ұмытқан немесе игерілгеннің шеңберінен асып кеткен, бірақ оларға суретте бейнеленген бастапқы жағдаятты өз бетінше кеңейту үшін қажетті тілдік материалды айтуы тиіс екендігін есте тұтқан жөн. Оқушылардың тілдік қызметі мүмкіндігінше асықпай өтуіне барынша талпыну қажет.
Бірдей суретті сыныпта тілді игерудің түрлі кезеңдерінде тиісті тақырыптық материалдың меңгерілуіне сәйкес пайдалануға болады. Сондай-ақ оқушыларға өздері сабақта сол бойынша жұмыс істеген суретте бейнеленген кеңейтілмеген жағдаяттың схемасын есте сақтауды, және сол бойынша үйде жеке болжамдарға сүйене отырып әңгіме құрастыруды, суретте бейнеленген тұлғалардың атынан әңгіме құрастыруды, тіпті жекелеген жағдайларда олардың арасында диалог құрастыруды ұсынуға болады.
Күрделендірілген кеңейтілмеген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеу кезінде тілдік сергіту ретінде сыныппен тізбек бойынша әңгімелер немесе сынып-мұғалім, сынып-оқушы, мұғалім-сынып схемасы бойынша сөйлесу құрастыруды пайдалануға кеңес беріледі, бұған оқушыларды белгілі бір жаттықтырған жағдайда толығымен қол жеткізуге болады. Күрделендірілген кеңейтілмеген жағдаятпен суреттер бойынша жұмыс істеудің ұсынылып отырған жүйесі оқушылардың мұғалімнің әңгімелерін еске түсіруді жорамалдамайды, өйткені баяндау мазмұны бойынша сөйленетін сөздің дербес түрі болмағандықтан, өзге тілдік қызметке оқушылардың меншікті ойлауын оншалықты тарта қоймайды, жорамал мен қиялдардың дамуын ынталандырмайды, суретте бейнеленген жағдаятты әрбір оқушының өмірлік тәжірибесіне жақындатпайды, осыған орай, шығармашылық та, тіпті, бастамашыл сөз де болып есептеле алмайды.
Баяндау (репродукция) негізінен алғанда оқушының мнемикалық қабілеттілігіне сүйенеді. Жұмыстың осы түрін орындау кезінде оқушылардың назары өзінің ойларын, образдарды, эмоцияларын, көзқарастарын және т.б. білдіруге емес, бастапқы мәтінде не берілген болса, сол бөліктерді еске түсіруге шоғырландырады. Соңғысы уақытты талап етеді, өйткені тілдік қызметтің қарқыны төмендейді, ал оқу процесіне оқушылардың шектеулі саны ғана тартылады. Бұл тыңдалғанды немесе оқылғанды қата жаңғырту тәрізді тәсілді пайдалануға кеңес берілмейді дегенді білдірмейді.
Күрделендірілген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеген кездегі мұғалімнің әңгімелерінің негізгі міндеттері мынадай.
1) Оқушыларға бірдей суреттердің ең бір алуан түрлі жағдаяттарды кеңінен ашып көрсету үшін жөнелтпе пункт болуы мүмкін екендігін және аталған жағдайда басты нәрсе бейнеленген емес, ішкі көрнекілік, әрбір оқушының меншікті жорамалы, қиялы, мүдделері мен тілдік мүмкіндіктері болып табылатындығын көрсету;
2) оқушылардың тілдік белсенді қызметі үшін өзіндік «шырағданға» айналу. Сондықтан да егер оқушылар әңгімені тыңдай отырып, мұғалімнен немесе басқа оқушыдан детальдарды нақтылауды немесе естіген нәрсеге өзінің көзқарасын айта бастайтын болса, неғұрлым жемісті болады.
Мәселен, «Appearance» тақырыбы бойынша қандай да бір қыз бала туралы мәтінді тыңдап болып, оқушылар «Онда мынау бар, анау бар ма?» (Has she (a) ...?), «Оған мынау ұнай ма, анау ұнай ма?» (Does she like…?) және т.б. деп сұрай бастауы мүмкін, немесе: «мен ол... деп ойламаймын» (I don`t think she is (can, will) …) және т.б. деп айта бастауы мүмкін. Шығармашылық және бастамашыл сөзді пайдаланудың белгілі бір әдет кезінде, ол тілді оқытудың кіші басқышынан қалыптасуы тиіс, оқушылар әрбір мәтін бойынша алуан түрлі сұрақтар қоя алады және ең бір алдын ала болжанбаған пайымдарды бере алады, солар арқылы тыңдалғанды түсіну деңгейін ғана емес, сонымен бірге мұғалімнің әңгімесі кезінде әрбір оқушының назарын да бақылау жүзеге асырылады. Жекелеген оқушылардың сұрақтары мен пікір айтуларын олардың арасындағы әңгімеге айналдыруға, оны бүкіл сыныптың қазынасы етуге талпыну керек.
Егер мәтіннің материалын қайталайтын немесе оған қарама-қайшы келетін сұрақ берілген жағдайда, онда мұғалім оқушылардың біріне мынадай тиісті нақтылаумен сөйлеуі мүмкін: «Сонымен, Машаның көзінің түсі қандай екен?» (What was the color of Masha`s eyes?), «Сонымен, Коляның қолында не болды екен: сөмке ме әлде кітап па?» (What had Kolya in his hand – a bag or a book?) және т.б.
Ең бастысы – сынып • мұғалім, сынып – оқушы, сынып – сынып схемасы бойынша табиғи түрде жылдам өтетін әңгімелесудегі оқушының дербес сөзін ынталандыру. Оқушылардың белгілі бір дайындалғандығы кезінде, бұған жүйелі әрі мақсатқа бағытталған жұмыс кезінде ғана қол жеткізіледі, бұған қол жеткізуге болады. Бұл жағдайда тапсырмаларды орындауға уақыт та аз талап етіледі және оқушылардың ауызекі тілін дамыту бойынша нәтижелер де жоғары болады.
Мұғалім әр түрлі мәтіндерді пайдалана алады, оларға оқушылардың әрбір нақты топтарының жағдайлары мен мүдделеріне сәйкес ішінара өзгерістер енгізе, ұқсастығы бойынша өзінің менешіктілерін құрастыра алады. Мәтіндерге бейтаныс лексиканы осылайша қосу оқушыларды оларға қабылдауға үйрету қажеттілігімен анықталады, оларға жақсы таныс лексиканы ғана емес, олардың мағынасын таба білуін дамыту, сондай-ақ мәтіндердің тілін оның құрамы шектеулі болған жағдайда мүмкіндігінше табиғи тілге жақындату. Түсінуі қиындық тудыратын сөздер, егер қажеттілік пайда болған жағдайда, мұғалімнің оны балаларға тез арада бере алуы үшін мәтінде орыс тіліндегі баламасымен беріле алады. Олар оқушыға берілген мәтінді түсінуі үшін ғана қажет, ал олардың оқушылардың ұзақ уақыттық жадысына өту мүмкіндігі еріксіз есте сақтауға сүйенуі тиіс. Мәтіндер негізінен алғанда ағылшын тілі бойынша оқу-әдістемелік кешендердің тілдік минимумы бойынша құрастырылатындығынан олар оқушылар үшін қиындықтар тудырмауы тиіс; түсінуге күрделі жерлерді сабырлы түрде, хабарлаудың негізгі желісін үзбестен түсіндіру керек, мысалы. «My friend told me a funny story – күлкілі оқиғаны – so he told me a funny story about…» және т.б. Мәтіндердің оқушыларға эмоционалдық ықпал етуін арттыру үшін, олардың оларда не туралы айтылатындығына деген қызығушылығын арттыру үшін, оларды кітаптан оқмай, суретке сүйене отырып әңгімелеу қажет. Нақтылайтын сұрақтардың топтамалары мен меншікті айтылымдар түрінде оқушылардың тарапынан кейіннен келетін тілдік реакциямен айтылғанды тікелей түсінуіне қол жеткізу қажет, яғни тілдің шығармашылық немесе бастамашылық формаларында – міне, аталған оқу құралында шет тілін оқыту процесінің одан әрі интенсификациялауға ұсыныс жасалатын жол, оған деген қажеттілік аталған пәнді зерделеуге берілетін уақыттың шектеулі санымен туындайды. Диалогтік тілдесуді ұйымдастырудағы ең басты нәрсе – балалардың орындайтын қызметке оң эмоционалдық көңіл-күйін жасау. Диалог сөз дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмаларды формальды түрде орындау практикалық нәтижені жоққа шығарады.
2.3 Коммуникативтік жаттығулардың жүйесі
Респонсивтік (ағылшын тіліндегі response – жауап, пікір білдіру, реакция) жаттығуларға жаттығулардың үш түрі жатқызылуы мүмкін: сұрақ-жауаптық, репликалық және шартты әңгімелесу.
Сұрақ-жауаптық жаттығулар.
Жаттығулардың бұл түрі
қағида бойынша ауызекі шеттілінде
сөйлеуге оқыту әдістемесінде танымал
жаттығулардың бірінен
Информация о работе Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне үйрету