Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 12:29, курсовая работа
Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнын, оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын білуі, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген орынды. Бұл міндетті шешу үшін ағылшын тілінің қосатын үлесі қандай? Біріншіден, шет тілін оқытумен бірге қолымыздан келетін нәрсе - мектеп оқушыларының бойында адам үшін қоғам мүшесі, ұжым мүшесі ретінде қажетті қарым-қатынас жасай білуді (коммуникативтік тілдесуді) қалыптастыру.
Кіріспе............................................................................................................3
1. Үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі......................................................................................................6
1.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың маңыздылығы.....................6
1.2 Тілдесудің диалогтік формасын оқытудың мәні мен мазмұны.....9
1.3 Монолог және диалог. Олардың өзара байланысы………….......18
2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне
үйрету ....................................................................................................................24
2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.............................................................................................................24
2.2 Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер…………………......26
2.3 Коммуникативтік жаттығулар жүйесі тілдесудің
диалогтік формасын оқыту нысаны ретінде.......................................................30
Қорытынды..................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................43
- This is a box of sweats for you.
- Thanks a lot. I like sweats very mach.
Бекіту-сұрақ
- I want to know English – What for?
K: Hello, Mike!
M: Hello, Kate! It`s nice to see you
K: Are you glad to be back to school again?
M: I am. But it was nice to have holidays. I was out-of doors all day long. I had a lot of fun. And what about you?
K: I had a very good time, too. I often went to the cinema and played with my friends
- Did you go to the demonstration yesterday?
-Yes I did. It was very interesting.
- Yes it was a fun demonstration.
- Did you go to the Red Square too?
- No I watched demonstration on TV. My father marched with the workers of the factory and I wanted to see him.
- Will, did you see him?
- No, I idn`t see him. And in the evening when we watched demonstration on TV we did not see him either.
- The demonstration was very interesting, wasn`t it?
- Yes, very.
Диалог сөз белгілі бір коммуникативтік, психологиялық және лингвистикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Диалог сөз – бұл жағдаяттық-тақырыптық ортақтықпен және коммуникативтік мотивтермен біріктірілген, тікелей тілдесу актісінде екі немесе одан да көп әңгімелесушілер жүйелі түрде берген ауызша айтылымдарының үйлестірілуі.
Диалогтік тілдесудің мазмұны мен сипатына келесі психологиялық аспектілер әсер етеді:
1) әңгімелесушінің сөзін қабылдау процестері және жағдаятқа бағдарлану;
2) айтылымның мазмұндық жағын қалыптастыру процестері;
3) ойды тілдік ресімдеу және тілдесетін серіктестің репликаларын қабылдау (+декодирлеу) процестері.
Оның бірінші қатысушысы (С1) диалогты бастай отырып, серіктесінің коммуникативтік қабілеттерін бағалайды, жағдайға бейімделеді және осының негізінде өзінің сөзтудырушы бағдарламасын құрастырады, өзінің тілдік ниеті мен тақырыбын талдайды. Екінші әңгімелесуші (С2) тілдік туындыны қабылдай отырып, оны талдап, жауаптық репликаны айтады, бұл ретте С1-дің жеке тұлғасы мен жағдайды, меншікті ниеттері мен мотивтерін ескереді.
Диалогтік тілдесудегі пікір айтудың мазмұндық жағы әңгімелесушілердің өмірлік тәжірибесі мен ынталандырудың бірнеше қатарының негізінде қалыптастырылады. Әңгімелесуші мыналарға мұқтаждықты немесе қажеттілікті бастан кешіреді:
1) тілдесетін серіктеске бір нәрсені хабарлау
2) серіктестен керекті ақпаратты сұрастыру;
3) серіктестің назарын қандай да бір объектіге немесе оқиғаға тарту;
4) өзінің байқағандары, әсерлері, қорытындылары туралы хабарлау
5) әңгімелесушілердің 1-іншісіне, олардың екеуіне және үшінші тұлғаға қатысты қандай да бір фактіні анықтау
6) өзінің + (-) эмоцияларын айту.
Соның аясында диалог өтетін жағдаяттың компоненттері үнемі қозғалыста болып табылатындығын атап өтуіміз қажет, мұның соңынан диалогтік тілдесудің 1 актісінің ішінде ынталандырулардың ауысуы болады.
Ауызша жұмыстың ұзақтығы бірқатар факторлармен анықталады.
Біріншіден, жасымен: оқушы кіші болған сайын ауызша жұмыс ұзағырақ болуы тиіс.
Екіншіден, іріктелген оқу материалының
өзімен, оның сипаты мен көлемі алғашқы
баспа материалдарының
Үшіншіден, оқу процесінің жарақталғандығы. Мәселен, жағдаятты көру, дыбысталып тұрған сөзді есту және оны титрлар түрінде көру мүмкіндігі берілген видеожазба кезінде ауызша жұмыстың кезеңін қысқартуға болады.
Төртіншіден, оқыту шарттарымен; оларға топтың толтырылуы, оның жеке құрамы, мұғалімнің біліктілігі, оның жеке тұлғалық мінездемелері жатады.
Бесіншіден, ағылшын тілінің ерекшеліктерімен, ондағы орфографиялық жүйе негізінен алғанда жазудың тарихи принципіне құрылады.
Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінде мұғалімге келесі ережелерді басшылыққа алуы керек:
1) сөздерді, сөз тіркестерін немесе фразаны енгізе отырып, балалар тілдесу актісінде жұмыстың алғашқы сәттерінен осы бірліктің пайдаланылуын көретіндей етіп, оларға осы бірліктің тілдесудегі функциясын, мақсатын көрсететін жағдаятты таңдап алыңыз (яғни, осы бірліктің көмегімен беруге болатын функция мен мақсатты. Мысалы, затты атау немесе оның түсін, көлемін, сапасын сипаттау; немесе заттың санын (біреу немесе көп), орналасқан жерін көрсету; немесе іс-әрекетті атау, оны нақ осы шаққа, келер немесе өткен шаққа және т.б. жатқызу).
Егер де тілдің бірліктері жағдаяттан тыс берілген, және қолдану көрсетілмей, форма мен мағынаға баса назар аударылатын болса, онда коммуникативтік бағыттың принципі бұзылады, ал бұл оқушылардың меңгеруге деген қызығушылықтарына әсерін тигізеді, себебі алғашқы адымдардан оқушы оның өзіне не үшін керектігін түсінбейді.
2) Материалды меңгеру оны көп рет қайталаған кезде мүмкін болатындығы себепті, өзіңіз іріктеп алған жағдаятқа әр кез сайын қандай да бір жаңалық енгізе отырып, олардың санын көбейтуді қамтамасыз етіңіз. Сіз пайдаланған жаттығулардың барлығын мүмкіндігінше коммуникативтік тұрғыда бағытталған етіңіз, ал бұл үшін нақты сыныпта оқытудың нақты шарттарын негізге ала отырып, оларға берілетін тапсырмаларды ойластырыңыз.
3) Ауызша тілдесу, коммуникация сөйлеуші мен тыңдаушының өзара белсенді әрекеттестігі екендігін еске ала отырып, материалды меңгеру барысында әрбір оқушының аталған процеске белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етіңіз.
4) Оқушылардың меңгерілетін
5) Тілдесу тек қана ауызша емес, оқу арқылы да жүзеге асырылады. Бұл үшін коммуникативтік сипаттағы тапсырмаларды кеңінен пайдаланыңыз, яғни, не білдің, не туралы оқыдың, бұған қалай қарайсың деген тәрізді.
Тапсырманы өзгертпестен мәтінді қайталап оқуға бермеңіз.(Қосымша1)
Психологиялық тұрғыда диалог сөз әрқашан келесі сипаттамаларға ие болып келеді:
1. Диалог сөз үнемі мотивтелген болады. Бұл біздің үнемі қандай да бір себеп бойынша, қандай да бір мақсатпен сөйлейтіндігімізді білдіреді, ал бұл не сыртқы не ішкі ынталандырулармен анықталады. Бұл сипаттамаларды сөзсіз түрде бастапқы кезеңнің өзінде-ақ ескеру керек. Оқушының бойында сөйлеуге деген тілекті, қажеттілікті тудыру керек, ал бұл үшін қандай да бір нәрсені айтуға, өзінің ойларын, сезімдерін білдіруге деген тілек пайда болатындай жағдай жасау қажет. Өкінішке орай, оқушыларға мұндай мүмкіндік берілмей, жатталған нәрселерді еске түсірумен алмастыру мектепте жиі байқалады, бұл ретте тек қана өзгелердің ойлары, сезімдері қайта жаңғыртылады. Мұндай жағдайларға бәрінен бұрын оқушының бойында «өзін көрсете білу» қажеттігін тудыратын стимулдарды пайдалануды жатқызуға болады. Бұған пікірлерін айтуға икемдейтін қолайлы психологиялық жағдай жасалған кезде, мұғаліммен және сынып ұжымындағы тілектестік қарым-қатынас, ұсынылған тапсырмаларды орындауға қызығушылық, осы тапсырмаларды жақсы орындауға талпынған кезде қол жеткізуге болады. Мұғалім оқушыларға олардың алға басуын, олардың экспрессивтік сөздегі табыстарын үнемі көрсетуі қажет. Бұл үшін оқу-тілдік жағдаяттарды таңдау мен жасау аса маңызды. Мәселен, 2-сыныптың оқушылары «Му Реt» тақырыбын ризалықпен талқылайды. Олар ойыншықтарын, өздерінің үй жануарларының суреттері мен фотосуреттерін әкеледі, олар туралы немесе кім туралы армандайтындарын сыныпта әңгімелейді, ал бұл пікір айтуға жеке мағына береді.
2. Сөз үнемі тыңдаушыға қаратылады, аудиторияға жолданады. Бұл біздің өз пікірімізді айту үшін, ойларымызбен бөлісу үшін, сендіру, дәлелдеу, сұрау және т.б. үшін үнемі біреу үшін сөйлейтіндігімізді, қандай да біреумен сөйлесетіндігімізді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, сөз қаратылған сипатта болуы тиіс. Бұл сипаттама алдыңғымен тығыз байланысты. Сөйлеуші тыңдаушыларды өзінің қандай да бір өзіндік, жеке пікірін айтқан кезде тартады. Егер, оқушы өзінің сүйікті жануары туралы әңгімелеп, фотосуретін немесе ойыншығын (мысалы, пудель итінің) көрсететін болса, онда ол өзіне тыңдаушы «жасап алады», және оның сөздері қаратылған сипатқа ие болады. Мұғалімнің міндетіне топтың нақты жағдайларын негізге ала отырып, тілдің осы сипаттамаларын жүзеге асыратындай тапсырмаларды, қондырғыларды беру кіреді.
3. Сөйлеуші өзінің
ойларын, сезімдерін, өзі не айтып
тұрса, соған көзқарасын
4. Сөз үнемі жағдаятты
тұрғыда шартталған болады, өйткені
ол белгілі бір жағдаятта
2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне
үйрету
2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.
Бұл ұғымдар бір-бірімен ажырағысыз болып байланысқан. Байланыстың логикалық тізбегі мынадай: МС тілдік икемділіктің негізінде жасалады және тілдік білікті дамытудың құрадлы тілдік жаттығулар болып табылады. МС мен тілдік икемділіктер жоғарыда қарастырылғандықтан, біз тілдік икемділіктердің даму кезеңін сөз етеміз және осы кезеңдегі жұмысты оның шын мәнінде МС-ды оқытудың негізі болатындай етіп қалайша ұйымдастыру қажет екендігін анықтауға тырысамыз. Бұл үшін ең алдымен икемділіктерді дамыту кезеңдерін орнату керек, өйткені тек солар ғана МС-бен жұмысты оның сапаларына ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Алайда, іс мынада болып отыр: икемділік – көпөлшемді феномен, оның өлшемдері көп, және де оның даму кезеңдерін тіпті өте маңызды қандай да бір өлшемдер бойынша бөліп көрсету аса біржақты болып шығады. Мынадай бірнеше өлшемдерді ескеру қажет.
1) автоматтандырылғандық деңгейі, бұл автоматты түрде өте шығудан (сөздің мәжбүрлі кідірістерінсіз кесіндісінен) көрінеді;
2) сөйлеушінің дербестілігінің деңгейі, бұл біріншіден, тіректердің бар немесе жоқ екендігімен, сондай-ақ олардың сипаттарымен (мағыналық тіректер мазмұндық тіректерден гөрі «күрделірек»), екіншіден, тілдік міндеттің берілгендігімен немесе берілмегендігімен анықталады;
3) тілдік ойлау міндетті шешудегі күрделілік деңгейі, бұл сөйлеушінің талқыланатын проблемамен байланысты жеке тәжірибесі мен білімдеріне тәуелді болады;
4) материалдың талқылау проблемалары мен нәрселерін қамту кеңдігімен анықталатын қиыстырылғандық деңгейі.
Шетелдік, сондай-ақ ресейлік көптеген әдіскерлер бейнефильмнің/бейнеүзіндінің негізінде монолог сөзді айту икемділіктерін қалыптастыруға арналған жаттығуларды әзірлеумен айналысуда. Атап айтқанда, Ю.А.Комарова оқу процесінде бейнеүзінділердің қолданылуын нақты икемділіктерді қалыптастыруға арналған тіректердің қолданылуы ретінде қарастырады. автор олардың функцияларын олармен сабақта жұмыс істеудің кезеңдеріне сәйкестікте анықтайды:
1-ші кезең: бейнеүзінді
– мазмұндық тірек (
2-ші кезең: бейнеүзінді – мағыналық тірек ((БҮ) – 2)
3-ші кезең: бейнеүзінді – стимул (бейнеүзінді (БҮ) – 3)
Бейнеүзінділердің әрбір кезеңдегі функцияларын назарға ала отырып,
Ю.А.Комарова монолог сөзді құра білуді былайша бөліп көрсетеді:
1-ші кезең: өзінің ойларын БҮ – 1-ге сүйене отырып, монологтық формада айта білу.
2-ші кезең: монолог сөз стратегиясын БҮ – 2-ге сүйене отырып аша білу.
3-ші кезең: БҮ– 3-ке сүйене отырып, монологтік формада пікір айта білу.
Әрбір кезеңде Ю.А.Комарова тізбектелген түрде күрделене түсетін, вариативтік негізді көздейтін жаттығулар кешенін ұсынады: дыбыстық жолға (ДЖ), бейнежолға (БЖ), дыбыстық және бейнежолға бір мезгілде, мәселен:
вариативтік негізді:
дыбыстық жолға (ДЖ), бейнежолға (БЖ), дыбыстық және бейнежолға бір мезгілде, мәселен:
ДЖ:
БЖ:
Информация о работе Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне үйрету