Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне үйрету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 12:29, курсовая работа

Описание работы

Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнын, оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын білуі, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген орынды. Бұл міндетті шешу үшін ағылшын тілінің қосатын үлесі қандай? Біріншіден, шет тілін оқытумен бірге қолымыздан келетін нәрсе - мектеп оқушыларының бойында адам үшін қоғам мүшесі, ұжым мүшесі ретінде қажетті қарым-қатынас жасай білуді (коммуникативтік тілдесуді) қалыптастыру.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................3
1. Үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі......................................................................................................6
1.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың маңыздылығы.....................6
1.2 Тілдесудің диалогтік формасын оқытудың мәні мен мазмұны.....9
1.3 Монолог және диалог. Олардың өзара байланысы………….......18
2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне
үйрету ....................................................................................................................24
2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.............................................................................................................24
2.2 Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер…………………......26
2.3 Коммуникативтік жаттығулар жүйесі тілдесудің
диалогтік формасын оқыту нысаны ретінде.......................................................30
Қорытынды..................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................43

Файлы: 1 файл

Шет тілін уйрету.doc

— 351.00 Кб (Скачать файл)

Шет тіліннің сөзіне оқыту  практикасында сұрақтар шартты-мотивтелген, сондай-ақ нақты-мотивтелген сипатта болуы мүмкін. Егер мұғалім оқушыдан Why didn`t you come to school yesteday, Petrov? (Петров шындығында да кеше сабақта болған жоқ) деп сұраған жағдайда, онда бұл нақты сұрақ және оған шын жауап беру қажет. Бірақ сабақта мұғалім көптеген өзге де сұрақтар беруі мүмкін, мысалы: How many windows are there in this classroom? What colour is the blackboard? Where is Lena Ivanova standing now? (Etc.).

Қайтарылатын жауаптары  сұрақ қоюшыға белгілі сұрақтар, нақты болмыстың мән-жайларының құрамында болады, формасы жағынан ғана коммуникативті. Мәні жағынан олар оқу әрекеттерінің формасы бола тұрып, шартты болып келеді. Оқушылар бұл туралы жақсы хабардар етелген. Сонда да олар уәжделген «маңызды» жауаптар береді, осылайша ойын ережесіне қолдау көрсетеді.

Сұрақтардың көмегімен  мұғалім оқушыларды белгілі бір синтаксистік құрылымның айтылымдарын жасап шығаруға жаттықтыра алады. What are you? сұрағына оқушылар I am a pupil; I am a worker; I am a driver; I am a doctor; I am a painter, etc.; деген сөйлемдермен жауап береді, яғни «бастауыш + етістік-байланыстырушы + предикатив» сөйлем үлгісін пайдаланатын болады. Осылайша, сұрақтарды ұйымдастыруда сұрақтардың аталған түрі бірдей тілдік белгілердің ең көп қайталанғыштығын қамтамасыз ететін жаттықтырушы жаттығулармен ұштастырылады. Бұл ретте өздерінің жауаптарының мазмұнын оқушылардың өздері қалыптастырады.

Сұрақ-жауаптық жаттығуларды мыналар бойынша ажырату қажет: 1) жауаптар үшін көзде бойынша, 2) сұрақтардың типі бойынша, 3) сұрақтардың мекенжайы бойынша, 4) қолданылу техникасы бойынша.

1. Жауаптарға арналға  көздер бойынша ұсынылған дидактикалық материал (мәтін, сурет) бойынша сұрақтарды және оқушылар оларға жауап берген кезде өздерінің білімдеріне, өмірлі тәжірибесіне, пайымдауларына сүйенуі тиіс болатын сұрақтарды бөліп көрсетуге болады. Айталық, мұғалім әңгімелейді немесе оқиды:

N. Titova, the famous opera singer (soprano), sand at our opera house last night. They gave Ivan Susanin. The audence laked her very much. They applauded for a long time when the performance ended. I liked her singing, too. I sat in the gallery.

Тыңдалған мәтінге мынадай  сұрақтар қойылуы мүмкін:

1. What`s the name of the famous singer? 2. Where did she? 3. What opera did they give? 4. Now did the audence receive the singer? 5. Did I like her singing? 6. Where was my seat? 

Мәтінмен таныстырылмай  тұрып бұл сұрақтарға жауап берудің мүмкін еместігі түснікті. Бұл жағдайда сұрақ-жауаптық жатығулар кешенді тәсілдің – мәтінмен жұмыстың құрамдас бөлігі болып табылады.

Дайындалмаған коммуникативтік  тілді дамыту құралы ретінде оларға жауап берген кезде балалар өздерінің  танымдары мен тәжірибелеріне сүйенетін сұрақтар дербес мәнге ие. Бұл жерде ауызекі тілдің зерделенетін тақырыбымен (мәселен, «Үйде», «Спорт», «Лагерде», «кино» және т.б.) байланысты сұрақтарды және олардың көмегімен мұғалім (немесе оның бағдарламасы бойынша әрекет ететін оқушы) әңгімені бастай алатын сұрақтарды ажырата білу қажет.Мысалы:

 

«Спорт» тақыры бойынша сұрақтар

What kind of sport do you go in for?

What winter (summer) sports do you know?

Is sport popular with the Russian people?

What sport games do you like to watsh?

Who is your school champion tennis-player? (Etc.)

 

Әңгімелесу үшін сұрақтар

  • Are you reading ani interesting book now, Pete?
  • Yes, I am.
  • What fre you reading?
  • I`m reading` A Farewell to Arms`.
  • Who was this novel written by?
  • Ernest Nemingwai… You know it, don’t you?
  • Of course, I do. Well, are you reading it in English or in Russian?
  • In English.
  • Isn`t it difficult for you, Peter?
  • No, it really isn`t. The book is adapted.

Шет тілі сабақтарында сыныпқа (оқушыға) «қызметтік» сипаттағы  сұрақтардың топтамасын қою практикасы кеңінен пайдаланылады. Мысалы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім:

 

Оқушы:

Who is on duty today?

What is you name?

Who is absent today?

What`s wrong with him?

What is the date today?

Is everybody ready for my lesson?

 

What lesson are you going to have after mine?

Do you think we can have an extra English lesson today?

 

Well, have you brought the slide projector?

 

I am.

My name is Dima Kotov.

Sidorov is.

He is ill. (I don`t Know.)

Today is the 3rd of October 1980.

Yes. I think everybody is readi.

I think we`ll have geography.

But they say Nina Petrova is ill.

 

I think yes. Though our class monitors sais we are going to collect some scrap metal after this lesson.

Yes, I have. Here it is.

 


 

Мұндай сипаттағы әңгімелесу мұғалім әдетте сабақтың басында өткізетін тілдік сергіту ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл жерде оқушылардың осы сұрақтарға «әдеттенбеуіне», оларға жауаптарға формальды тұрғыда қарамауына назар аударған маңызды. Сондықтан да оларды барынша түрлендіру, жаңаларын қою, әңгімелесуді сабақтың басында емес, сабақтың ортасында немесе тіпті, соңында өткізу қажет. Сұрақтардың шеңберіне оқушының жеке басына, оның ісіне, сыныптың өміріне, халықаралық оқиғаларға қатысты мотивтер біртіндеп тартылуы мүмкін.

 

Мәселен:

Мұғалім:

 

Оқушы:

Where is you brought Slim now, Peter?

Where does he serve?

By the way, did you watch the TV news bulletin last night?

What happened in the English Channel?

 

He is in the Army.

He serves in Caucasus. Yes, I did.

A Creek tanker ran against the rocks and it is burning now.


 

  1. Сұрақтардың негізгі типтері, мыналар болып табылады:

Ортақ, баламалы және арнайы. Жауап қату үшін ортақ сұрақтар аса қарапайым. Оларға әдетте лаконикалық немесе толық емес жауаптар беріледі. Оқу мақсаттарында оқушыларға толық сөйлемдермен жауап беру ұсынылады.

Мұғалім:

 

Оқушы:

Is this classroom very large?

Do you live far from the scool?

 

No, it isn`t very large.

Not very. I don`t. Yes, I do.

I live quite a long way.


Негізінде ортақ сұрақ  жатқан жаттығуларды ұйымдастыру үшін, оқушыларда растау немесе жоққа шығаруды (Of course; Surely; By no means; That`s right; etc.) білдіретін дәстүрден тыс формалы жауаптық репликаларда жауап қата білуін қалыптастырудың біршама маңызы бар.  

Жоғары сыныптарда тілге  оқыту жағдайында жалпы сұрақтарды диалогты құрастырудағы қажетті компонент ретінде қарастыру қажет.

Мәселен:

Do you often go the theatre?

How often?

Do you go in for collecting?

What do you collect?

 

Yes, rathe.

Once or twice a month.

Yes.

Postage stamps.


 

Баламалы сұрақтардың құрамында өзінен-өзі ішінара жауаптар болады: 

Do you plan to go the University or to the Institute of Railway Transport?

Do we live in a big industrial centre jr in a resort town? 

 

I`ll probably go to the University

 

We live in a big industrial centre.


 

Жалпы сұрақтарға оқытуда оқушылардың баламалы сұрақтарға дәстүрлі емес жауаптарды да бере алуына жағдай тудыру қажет.

Have you read the book or have you only seen the film?

 

Well, both. It was like this. First I saw the film. I liked it very much. Then I decided to read the book, too.


 

Шығармашылық үшін тілдің өнімі мағынасындағы ең үлкен  кеңістікті арнайы сұрақтар береді. Алайда олар жауаптар ретіндегі ашылған пікірлерді үнемі талап ете ме? Олай емес екен. Мәселен: 

What do we call this structure?

Who is your best friend?

What`s your new sister`s name?

 

A bridge.

Oleg (is).

Lena.


Сондықтан да оқу мақсаттарында тілдің табиғилығын азайту үшін оқушылардан толық сөйлемдермен жауаптарды ғана емес, сонымен бірге, әсіресе бұл құрмалас сөйлем болып табылса, сұрақтың бөліктерін қайталауды да талап ету керек. Мысалы: 

What do you usualy put on when it rains?

What will you need if you want to make a box?

 

When it rains, I usualy put on a rain-coat and rubber boots.

If I make a box, I`ll probably need a hammer, some nails, a saw, a board.  


 

 

Арнаулы сұрақтардың кейбір түрлері үнемі кеңейтілген жауаптарды талап етеді. Бұлар мынадай типтегі сұрақтар: Сіз ... туралы не ойлайсыз? Сіз ... туралы не айта аласыз? ... неліктен?  ... сіз қалай түсіндіресіз? Сіздің ... туралы пікіріңіз қандай?

3. Сұрақтар бүкіл сыныпқа (жұмыстың фронтальды-жүйелі формасы), жұмыс істеуші жұпқа (жеке қосылу), орнында немесе сыныптың алдында жауап беруші жекелеген оқушыларға қойылуы мүмкін. Сабақтың нақты жағдайымен, мақсаты және кезеңіне бағдарлана отырып, мұғалім өзі жаттығулардың аталған түрінің негізіне салуға дайындалып отырған сұрақтар топтамасының мекенжайы мен коммуникативтік бағытын таңдап алады. Мұғалімнің оқулықтың нақты бөлімдерімен, сөйлесу тақырыптарымен ұштастырылған сұрақтар «банкі» (біртіндеп жинақтау) болуы тиіс (пайдалануға ыңғайлы болуы үшін – жеке блокнотта). 

4. Олардың ойластырылып  ұйымдастыралған жағдайда сұрақтар  қолданудың автономдық та, қиыстырылған нұсқасында тиімді бола алады. Олармен сабақты бастауға, қорытындылауға, кез келген жаттығулар мен кезеңдердің арасына «қыстыруға», сабақтың техникалық кідірістерін толтыруға болады.

Жоғарыда қарастырылғаннан сұрақ-жауаптық жаттығулардың жұмыстың ауызша сөйлеу дағдыларын дамытатын жедел, қарапайым, сонымен бірге коммукативтік формаларына жататындығы көрінеді.

 

Репликалық  жаттығулар.

Жоғарыда атап өтілгендей, репликалар табиғи диалогта сұрақ-жауап тәрізді өзара үнемі не сәйкесе бермейді. Серіктестер еркін әңгімелесуде нақтылау, түрткі болу, шақыру, пайымдауды бағалау, эмоционалдық экспрессияның сигналы және т.б. тәрізді сұраулы емес айтылымдарға аса өнімді жауап қатады. Алайда, оқу жағдайында оқушылардан айтылымға көбірек немесе азырақ таралған, құрамында пікір айтуға тікелей талап ету немесе шақыру бар сөздік реакцияға қол жеткізуге бола ма? Әдіскерлер мұндай жаттығулардың мүмкін екендігін көрсеткен болатын. Репликалық коммуникативтік жаттығуларда оқушылар бағдарланбайды: олардың өздері айтылымның мазмұнын жасайды – бұл ерекше маңызды – оны бейнелеудің формасын емін-еркін таңдайды (әрине, бұрынырақ меңгерілген тілдік материалға сүйене отырып).

Диалогтік бірліктердің негізгі түрлеріне сәйкес (әрине, сұрақ-жауапты қоспағанда) репликалық жаттығулардың келесі түрлерін (коммуникативтік құрылымы бойынша) ажырату мақсатқа лайықты:

1) нақтылау –сұрақ (жауапты реплика таңданысты, шүбәлануды, қайта сұрауды, нақтылауды, болжамдауды, қосымша мәліметтер алуды қалауды және т.б. білдіреді);

2) нақтылау – нақтылау (жауапты реплика растауды, келісуді, пайымдауды, куәландыруды, қарсы пікірді, наразылықты білдіреді).

Әрбір түр туралы мысалдар келтірейік. Сол жақта сөйлемдер-стимулдар, оң жақта – оларға жауап қатудың  ықтимал нұсқалары беріледі:

    1. Сұраулы немесе хабарлы сөйлемнің көмегімен таңданысты білдіріңіз.  

 

 

 

It takes me almost an hour and and a

һalf to the swimming-pоol where I train.

-

-

-

Do yоu live so far?

Doеs it really take yоu so long?

Оһ, yоu waste so much time twice a week when yоu have to go tһere.


 

2. Нақтылаумен келісіңіз және мүмкін болған жағдайда қандай да бір нәрсені хабарлаңыз.

Sometimes it`s veri hot here in summer.

 

- Yes, it`s really very hot. And not sometimes but always.

- Sometimes it`s hot here in spring, too. 


 

 3. Төмендегі нақтылауларға қарсылық білдіріп, түзетіңіз.

There are 30 days in That isn`t right. October has 31 days. October.

The Volga is the longest river in the Russia.

 

That isn`t correct. The longest river in the Russian is the Ob with the Irtish. The Volga «4s the longest river in the European part of the Russian. 


 

Дәстүрлі сұрақ-жауаптық репликалық жаттығулар тәрізді, салыстырмалы жаңа репликалық жаттығуларды жұмыстың тиімді тәсілдері ретінде қарастыру қажет. Алайда, бұл жаттығулар оқушыларың әңгіме жүргізу, диалогқа қатысуға икемділіктерін өздгінен қалыптасыра алмайды. Өйткені, оқушыларды репликалардың диалогтік бірліктердің сан алуан түрімен түрлерімен таныстыра отырып, біз көрсетілген жаттығуларда осы репликалардың табиғи әңгімелесуде сан қырлы үйлесімділігін, оның біртұтас тақырыптық арқауын көзден таса еткендей боламыз. Бұл соңғы – шартты әңгімелесудің әдістемелік ұқсастығын әзірлеу қажеттігін тудырады.

 

Шартты  әңгімелесу.

Коммуникативтік жаттығулардың  сөйлеудегі осы сан түрлілігі  нақты реальный ауызекітілдік қарым-қатынастың типтік түрі – еркін әңгімелесудің оқу аналогы болып табылады. Осыған байланысты оның кейбір өзіне тән ерекшеліктерін талқылауды жалғастырайық.

Информация о работе Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне үйрету