Трансұлттық компанияларды тарту лизингі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 20:11, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканы глобализациялау үрдістері әлемдік экономикалық және саяси аренада жаңа ойыншылардың – трансұлттық корпорациялардың пайда болуына әкелді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген маңызды глобализация үрдістерінің белсенді қатысушысы болуға ұмтылды. Алайда елдің әлемдік қауымдастыққа сәтті интеграциялануы, оның барлық элементтері, оның ішінде оның негізгі субъектілері – ТҰК-мен оңтайлы әрекеттердің механизмінің қалыптасуын болжамдайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ……………………………………………………………….....… 3

1 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕГІ СИПАТТАМАСЫ………………………………………………………..... 5
1.1 Трансұлттық компаниялар түсінігі мен пайда болу себептері…...... 5
1.2 Трансұлттық компаниялар типтері мен олардың құрылымдық ерекшеліктері………………………………………………………….........8
1.3 Халықаралық саудадағы трансұлттық компаниялардың алатын орны………………………………………………………………………....13

2 Трансұлттық компаниялардың қазіргі жағдайына талдау («ҚАЗХРОМ ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ» материалы негізінде)………………………………………..........16
2.1 Компания сипаттамасы мен қаржылық-экономикалық жағдайы…………………………………………………………………….16
2.2 «Қазхром трансұлттық компаниясының» инвестициялау процесін талдау……………………………………………………………………….23

3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ДАМУ басымдықтары…………………………………………………….....26
3.1Трансұлттық компаниялардың Қазақстан экономикасының
дамуына әсері …………………………………………………………26
3.2 Трансұлттық компаниялардың дамыту мәселелері және оларды
шешу жолдары………………………………………………………....28

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………....34

ҚОСЫМШАЛАР

Файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.Мустафаева Айжан Алдиеровна.doc

— 369.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………….....… 3

 

1 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕГІ СИПАТТАМАСЫ………………………………………………………..... 5

1.1 Трансұлттық компаниялар түсінігі  мен пайда болу себептері…...... 5

1.2 Трансұлттық компаниялар типтері  мен олардың құрылымдық ерекшеліктері………………………………………………………….........8

1.3 Халықаралық саудадағы трансұлттық компаниялардың алатын      орны………………………………………………………………………....13

 

2 Трансұлттық компаниялардың қазіргі жағдайына талдау («ҚАЗХРОМ ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ» материалы   негізінде)………………………………………..........16

2.1 Компания сипаттамасы мен  қаржылық-экономикалық жағдайы…………………………………………………………………….16

2.2 «Қазхром трансұлттық компаниясының» инвестициялау процесін талдау……………………………………………………………………….23

 

3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ДАМУ басымдықтары…………………………………………………….....26

3.1Трансұлттық компаниялардың Қазақстан экономикасының

     дамуына әсері …………………………………………………………26

3.2 Трансұлттық компаниялардың  дамыту мәселелері және оларды

     шешу жолдары………………………………………………………....28

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..33

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………....34

 

ҚОСЫМШАЛАР 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканы глобализациялау үрдістері  әлемдік экономикалық және саяси  аренада жаңа ойыншылардың – трансұлттық корпорациялардың пайда болуына әкелді.

 Қазақстан өз тәуелсіздігін  алғаннан кейін көптеген маңызды  глобализация үрдістерінің белсенді  қатысушысы болуға ұмтылды. Алайда  елдің әлемдік қауымдастыққа  сәтті интеграциялануы, оның барлық  элементтері, оның ішінде оның негізгі субъектілері – ТҰК-мен оңтайлы әрекеттердің механизмінің қалыптасуын болжамдайды.

      Бұл жағдайда ТҰК үшін жағымды факторлар ретінде Қазақстандағы мына жағдайлар атап өтуге болады: пайдалы қазбалардың мол қоры, әртүрлі биологиялық және бай рекреациялық ресурстары, білікті және арзан жұмыс күшінің болуы.

         Қазақстан экономикасындағы ТҰК-ң мінез-құлық үлгісін таңдау осы шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқа дамушы елдер экономикасына енгізу түрінен еш айырмашылығы жоқ және ол бірқатар нақты факторларға байланысты болады:

  • корпорациялардың экономикалық мүдделері;
  • шетелдік капиталдың қызмет ету саласы мен өнім түрін таңдау;
  • жобаның ауқымы;
  • шетелдік инвестицияларды тартудың стратегиялық мақсаттары.

 ТҰК-ң қабылдаушы елдердегі қызметтері түрлерінің Қазақстанда анағұрлым дамыған түрі – бірлескен кәсіпорындар (БК).

        Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ТҰК Қазақстан экономикасына өте терең енуде және еліміздің қоршаған табиғи ортасына, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайына уақыт өте келе қатты әсер етіп келеді.

Əлемдiк экономикада шын мəнiсiнде  дамыған елдердiң ұлттық компаниялары болып табылатын трансұлттық  компаниялардың (ТҰК) мүдделерi үстемдiк  етiп отыр. Қазiргi кезде ТҰК əлемдiк  өнеркəсiп өндiрiсiнiң жартысына дерлiгiн бақылайды.

ТҰК-ның ерекше белгiлерi: нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз жiберу жəне бəсекенi əлемдiк ауқымда жүзеге асыру; əлемдiк нарықтарды бөлiсу; өз елдерiнiң мемлекеттiк аппаратын  компаниялардың мүдделерiн iлгерiлету үшiн пайдалану; ТҰК жұмыс жүргiзiп отырған мемлекеттерге экономикалық жəне саяси ықпалды жүзеге асыру болып табылады. 

         Қазіргі күш ТҰК өндірістік, сауда,  қаржылық және ғылыми-зерттеу  профиліндегі компаниялардың трансұлттық  топтарына айналып, дамыған елдердің экономикасының тірегі блоып қана қоймай, сонымен қатар әлем шаруашылығының негізгі күштерінің біріне айналады.

 

 

 

 

Жұмыстың зерттеу объектісі – трансұлттық  компаниялар.

Зерттеу пәні – трансұлттық  компаниялардың әлемдік және отандыэкономика жүйесіндегі алатын орны мен маңызы.

Жұмыстың негізгі мақсаты  – трансұлттық компаниялардың пайда  болуы мен қазіргі әлемдік  шаруашылықтағы жұмыс жасау ерекшеліктеріне  талдау жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

    • трансұлттық компаниялар түсінігін теориялық сипатта ашу;
    • трансұлттық компаниялар түрлері мен

 

Курстық жұмыстың әдіснамалық  негіздері – курстық  жұмыстың теориялық бөлімі  ғылыми-сілтеуші мына авторлардың: М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов, Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, К.Б. Бердалиев секілді отандық авторлардың кітаптары мен Алешина И.В., Зайцева Н.А., Бикташева Д.Л., Косолапов А.Б., Котлер Ф., Мишурова, И. В., Лысенко, Н. А., Кулапина Г.М., Чапурина Е.В. секілді отандық және шетел әдебиеттері, оқу-әдістемелік оқулықтар көмегі негізінде, талдау бөлімі – «Қазхром трансұлттық компаниясы» АҚ материалдары мен мерзімдік басылымдар, арнайы сайттардың ақпараттары қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕГІ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Трансұлттық компаниялар  түсінігі мен пайда болу себептері

 

Тікелей шетел инвестициясының  жылдам өсуінен технологолиялық  еңбек бөлінісінің фирмадан тыс  ортаға, салаларға, ұлттық шекарадан  да асып жұмыс жүргізуі – алып халықаралық  ғылыми-өндірістік кешендердің өз филиалдарымен  қоса түрлі елдерде, тіпті, әр түрлі құрлықтарда пайда болуына әкелді.

ТҰК ҒТП-тің барлық бағыттарын, оның ішінде, техникалық деңгейі мен  өнімнің сапасы, өндірістің тиімділігі, менеджмент формаларын жетілдіру мен  кәсіпорынды басқару процестерінің  үздіксіз дамуын қамтамасыз ете отырып, әлемдік экономиканы халықаралық өндіріске айналдырады.[2]

ТҰК түсінігі корпорациялардың өз филиалдары бар елдердің классификациялану  дәрежесі, филиалдің жалпы сату көлемінің  корпорацияның жалпы табысындағы  айналым қаражатының және капиталдың ұлттқа тиісілі пайыздық үлесі процестері кіреді.

Р.Вернонның айтуынша, «көпұлттық корпорациялар сияқты, күрделі  құрылымды және көпжақты инститтут  бір ғана нақты іс-әрекетке ие анықтама беруге болмайды. Мұндай кәсіпорындар ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін бірігіп жұмыс жасайтын серіктес ретінде, ал түрлі басымдықтар(приоритет) үшін конфликтке(жанжалға) баратын қызығушылықтар коалициясынан тұрады.»[3]

Егер бұл жағынан  қарайтын болсақ, мұндай қасиетке ие кәсіпорындарды ТҰК деңгейіне жатқызуға бола ма деген сұрақ туындайды.

Сондықтан, ТҰК ұғымына  ортақ анықтама беру қиын. Әлемдік  экономиканың инфрақұрылымының жылдан жылға күрделенуіне әкеледі. Бір  жағынан, ортақ анықтаманың болуы  тәжірибе жүзінде ТҰК-ға жұмыс жасау  процесіне өте тиімді. Себебі, бұл  кәсіпорындар «көпұлтты» бола тұра, «көпсалалы» қызметі де бар. Бұл корпорациялардың мамандану дәрежесі де ауқымды.

ТҰК ұлттық заңнамалардың  әртүрлілігінің көмегімен, өздерінің  әдістерін ашық түрде жүзеге асыра  алмайтын ортада жасап, көпұлтты компаниялардың еркін түрде әрекет етеді, сонымен қатар, жауапкершілікті азайту ТҰК үшін ұтымды. [5]

Жоғарыда келтірілген  мысал мен ТҰК-ға белгілі ресми  анықамалықтың жоқтығы көптеген құқықтық сұрақтардың туындауына әкеледі, себебі, компанияларды ТҰК деңгейіне  жатқызбасақ, олар заңи тіркелім ала алмайды. Сондықтан, ТҰК деп қандай компанияларды түсінеміз?

ТҰК – ортақ пайда  табу және нәтижеге қол жеткізу мақсатында бір немесе бірнеше елдерде шаруашылық бөлімшелері бар, оларды басқаратын бірнеше нүктелерінің көмегімен  шешім қабылдаушы, механизмі келісілген саясат пен ортақ стратегия рерурстарды, технология мен жауапкершілікті теңдей бөлетін халықаралық фирма. [6]

«Трансұлттық корпорация», «көпұлтты компания» (multinational corporation interprise, MNC) термині 1960 жылдан бастап қолдана бастады.

Трансұлттық компания –  бұл өз тәжірибесінде халықаралық  әдісті қолданатын, трансұлттық-өндірістік, сауда-саттық, қаржылық кешенін қалыптастырған, бір немесе бірнеше елдерде филиалдары бар, шешім қабылдаушы орталықтан тұратын  базалық кешен. Базалық ел — ТҰК штаб-пәтері орналасқан мемлекет. Қабылдаушы елдер – ТҰК жеке меншігі орналасқан мемлекеттер. Халықаралық  өндіріс – ТҰК шетелдегі меншігі. Соңғы уақытта БҰҰ трансұлттық корпорациялар критериін көп өзгеріске ұшыратып келеді. БҰҰ ТҰК қатарына, жылдық айналымы 100млн. Доллар және 6-дан кем емес филиалдары бар компанияларды жатқызады. Соңғы жылдары мынадай нақты қорытынды жасалды:

  • шетелдік активтер көлемі мен олардың компанияның жалпы активіндегі үлесі;
  • өнім сатылуының жалпы көлеміндегі шетел сатылымының үлесі мен компанияның жалпы тізіміндегі шетел персоналының үлесі;
  • сонымен бірге, ТҰК еншілес компаниялардың активтік капиталын бақылау процесіне, деңгейіне байланысты еншілес компанияларды да жатқызуға болады. Активтерге бақылау орнату үшін қарапайым акциялардың 10% капитал үлесі болуы керек. [4]

БҰҰ Сауда және даму конференциясы(ЮНКТАД) – жыл сайын ірі ТҰК ранжирлеп, шетел активтері бойынша, олардың  ТҰК деңгейін талдаумен айналысады.

Қызмет ету масштабына қарай ТҰК ірі және шағын болып  бөлінеді. Жылдық капитал көлемі шартты критерийлерінің бірі. 1980жылдары шағын ТҰК жалпы активтер көлемі 1млрд. Доллардан артық болуы керек болса, орташа 3-4 шетелдік филиалы, ал ірі ТҰК оншақты тіптен, жүздеген филиалдары болу керектігі қадағаланды. ТҰК ерекше түрінің бірі, халықаралық масштабта ақшалай есептеуші ұйымдарды, бизнесті несиелеуші трансұлттық банктерді(ТҰБ) жатқызуға болады. [7]

 

ТҰК келесідей сапалық  қасиеттерін атап айтуға болады:

    • сату ерекшеліктері: фирма өнімнің белгілі бір бөлігін шетелге сату арқылы әлемдік рынокқа айтарлық әсер етеді;
    • өндірістің орналасу ерекшеліктері: шетелдерде ТҰК еншілес кәсіпорындары мен филиалдары орналасқан;
    • меншік құқығының ерешеліктері: мұндай компаниялардың иелері әр түрлі елдердің резиденттері болуы мүмкін.

ТҰК пайда болу себептері әртүрлі, бірақ, жоспарлау элементтерінің, пайдалану деңгейі «таза» рынокпен салыстырғанда ортақ басымдықтарға ие. ТҰК қызметін талдау мен тікелей шетел инвестициялар теориясы ТҰК іс-әрекетінің негізгі тиімді бағыттарын анықтауға көмектеседі(таза ТҰК салыстарғанда):

    • кәсіпкерлік қызметін бір ғана елде және шетелдік ресурстарға деген өз қажеттіліктерін экспорт-импорттық келісім-шарттармен ғана жүзеге асыра алатын фирмаларға қарағанда, табиғи ресурстарға иелену артықшылығын(пайдалану) капитал мен білімге, әсіресе, ҒЗТКЖ нәтижелеріне деген ерекше қолжетімділікке ие;
    • корпорацияның өз кәсіпорындарының ішкі нарық ауқымы, экономикалық өсу қарқыны, баға мен жұмыс күшінің біліктілігі, басқа да экономикалық өсу ресурстардың қолжетімділігі мен бағасы, инфрақұрылымның дамуы, сонымен қатар, саяси тұрақтылық маңызды орын алатын саяси-құқықтық факторлары есепке ала отырып, елдерде тиімді орналастыру мүмкіндігі;
    • ТҰК капиталының филиалдары орналасқан шетелдерге несиелік құралдар ретінде, компания үшін ұтымды орында және жағдайда салынуы; 
    • әлемнің барлық қаржылық рерурстарын өз мақсаттарына пайдалану; АҚШ Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, 90-жылдардың ортасында американдық корпорациялардың шетелдік филиалдарының жалпы актив қоры 2трлн.долларға бағаланды. Оларды қаржыландыру көздері тек қана американдық басты компаниялар ғана емес, сол компанияларды қабылдаушы елдердің жеке заңды тұлғаларының да үлесі мол. Ол үшін ТҰК шетелдік филиалдары бас компания мен еншілес компаниялар көмегімен қатар, коммерциялық және қаржылық институттардың, қабылдаушы мемлекеттер мен үшінші мемлекеттің де жалға беру қызметін бірге алу керек болды.
    • Максималды пайда табу мен қаржылық ресурстарды минималды тәуекелмен орналастырылатын мемлекеттерге капитал ағынын жылдам аударып отыру үшін сол елдердің тауарлық, валюталық және қаржылық нарық ортасының конъюктурасы туралы тұрақты ақпараттандырылуы;
    • Рационалды-ұйымдастырушылық құрылым ТҰК әкімшілігінің жіті назарында болатындықтан, олар тұрақты түрде өзін-өзі дамытады.
    • өнімді шығару, өндірісті оптималды ұйымдастыру мен фирманың жоғарғы мәртебесінің тұрақтылығын сақтау мен қатар, халықаралық менеджмент тәжірибесін зерттеу; тиімді қызметтің өсуіне компания активтері көлемінің өсуі мен қызметтің диверсификациялануы. Бұл даму көздерінің жүзеге асуының қажетті алғышарттары бар, олар, ел заңнамасында көрсетілген мүмкіндіктерді тиімді қолдану, бас компанияның арзан және сенімді шетел филиалдарымен байланысы, қабылдаушы елдің жергілікті фирмалармен шетел филиалының кең іскерлік байланыс желісін орнату жатады.
    • Жеке халықаралық өндірісі бар ұйым ТҰК-ға тауардың өмірлік циклін ұзартуға мүмкіндік беріп, тауардың моральды тозу мөлшеріне қарай шетелдік филиалдарды солардың өндірісінелицензия сата алады.[3]

Информация о работе Трансұлттық компанияларды тарту лизингі