Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 20:11, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Экономиканы глобализациялау үрдістері әлемдік экономикалық және саяси аренада жаңа ойыншылардың – трансұлттық корпорациялардың пайда болуына әкелді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген маңызды глобализация үрдістерінің белсенді қатысушысы болуға ұмтылды. Алайда елдің әлемдік қауымдастыққа сәтті интеграциялануы, оның барлық элементтері, оның ішінде оның негізгі субъектілері – ТҰК-мен оңтайлы әрекеттердің механизмінің қалыптасуын болжамдайды.
КІРІСПЕ……………………………………………………………….....… 3
1 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕГІ СИПАТТАМАСЫ………………………………………………………..... 5
1.1 Трансұлттық компаниялар түсінігі мен пайда болу себептері…...... 5
1.2 Трансұлттық компаниялар типтері мен олардың құрылымдық ерекшеліктері………………………………………………………….........8
1.3 Халықаралық саудадағы трансұлттық компаниялардың алатын орны………………………………………………………………………....13
2 Трансұлттық компаниялардың қазіргі жағдайына талдау («ҚАЗХРОМ ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ» материалы негізінде)………………………………………..........16
2.1 Компания сипаттамасы мен қаржылық-экономикалық жағдайы…………………………………………………………………….16
2.2 «Қазхром трансұлттық компаниясының» инвестициялау процесін талдау……………………………………………………………………….23
3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ДАМУ басымдықтары…………………………………………………….....26
3.1Трансұлттық компаниялардың Қазақстан экономикасының
дамуына әсері …………………………………………………………26
3.2 Трансұлттық компаниялардың дамыту мәселелері және оларды
шешу жолдары………………………………………………………....28
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………....34
ҚОСЫМШАЛАР
Германияның қаржы - өнеркәсіптік топтары: неміс экономика желісінің ерекшелігі – банк пен оның қаржылық емес секторымен байланысы (өнеркәсіп, сауда, қызметтер, транспорт). Банктердің ерекше рөлі – Германияның Заңдарының ерекшеліктерімен белгіленген, бұл заңға байланысты, жеке инвесторлар қор биржаларына қол жеткізе алмайды, олар акцияларды банк арқылы сатады және сатып алады. Оған қоса, көптеген жеке акционекрлерт сенімхат негізінде банктерге, депозиттерге салынған акцияларды сайлау құқығын табыстайды. Осының нәтижесінде, Германиялық ААК бақылауы өте жоғары деңгейге жеткен – жиналыстарда дауыстың 80 % - ті банктермен ұсынылған. Бұл жағдай, Германияның банктеріне бақылау кеңестің мүшелерін сайлауға, ұйымдардың басқарушыларын ауыстыруға мүмкіндік береді, оған қоса олар корпорациялардың уставтарының өзгеру процесін қатаң түрде бақылап отырады.
Бұл банктердің айналысында ірі деңгейлес біріктірілген қаржы - өнеркәсіптік бірлестіктер құрылған. Бұл топтың басында банк тұр, ал сомен бірге ірі өнеркәсіптік – сауда компаниялары байланысып тұр, ал олардың қосылуы көпетеген орташа фирмалар топтастырылған. [11]
Жапонияның қаржылық-
Жапондық ҚӨТ\р акцияларды
қиылысып иелену кең тараған
иерархиялық құрлымдар болып
табылады (өзара қатысу).Жапондық
компаниялар топтарының
1.3 Қазіргі нарықта
Халықаралық саудадағы
Еуропа - Азиядағы халықаралық сауданың қазіргі заманғы жай-күйі Қазақстанды әлемдік еңбекті бөлуге озық технологияларды енгізу, танымал әлемдік брендтарда тауарларды экспортқа шығару және оны басқарудың әлемдік тәжірибесін зерделеу мақсатында трансұлттық корпорациялардың инвестицияларын өңдеуші салаларға тарту жолымен қосу тиімділігінің қажеттілігін көрсетеді.
Әлемдік сауданы дамытудың анағұрлым маңызды факторларының бірі халықаралық өндірісі бар әлемдік сауданы біріктіретін және олардың дамуының жоғарғы серпілісін қамтамасыз ететін үлкен ғылыми-өндірістік және нарықтық әлеуетке ие ТҰК қызметі болып табылады.
2006 жылғы жағдай бойынша әлемде 830 мың шетел филиалдарын бақылайтын 64 мың ТҰК әрекет етті. Бұл ретте ТҰК әлемдік сауданың шамамен 2/3-сін, әлемдегі бар патенттердің, лицензиялар мен ноу-хаудың 4/5-ін бақылайды, әлемдік өнеркәсіптік өндірістің шамамен Ң тиесілі.
Жинақталған ТШИ(тікелей шетел инвестициялары) шоғырланған көлемі 2006 жылы 9 трлн. долларға бағаланды, бұл сатудың жалпы көлемі 19 трлн. АҚШ долларға жететін ТҰК және оның шетелдік филиалдарының қызметімен қамтамасыз етілген. Шетелдік активтердің әлемдегі ірі шетел активтері мөлшері бойынша қаржылық емес ТҰК дамыған елдерде базаланады, мысалы «Дженерал электрик» (АҚШ) және «Форд мотор» (АҚШ). 100 ірі ТҰК арасында «Хатчинсон Вампоа» (Гонконг, Қытай), басқаратын төрт компания дамушы елдерде базаланады.
2006 жылы тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі - ТШИ) жаһанды ағындарының өсімі дамушы елдердің арқасында бірінші кезекте жаңартылды. 2006 жылмен салыстырғанда ТШИ-дің әлемдік ағыны 2007 жылы 2%-ға ұлғайды және 648 млрд. АҚШ долларына жетті. Дамушы елдерге олардың ағындары 40%-ға өсті, 233 млрд. АҚШ долларына дейін жетті. Сол уақытта дамушы елдерге ТШИ ағыны жалпы алғанда 14%-ға кеміді. Нәтижесінде ТШИ жаһанды ағынындағы дамушы елдердің үлесі 1997 жылғы деңгейден рекордты - 36%-ға жетті. Үшінші - ірі ТШИ алушы Қытай болды.
Кейбір дамыған және дамушы елдердегі ТШИ ағынын ұлғайту 2006 жылы трансшекаралық салыстырулар мен жұтылуларды жандандырумен байланысты болды.
Азия сонымен қатар, ТШИ-дың маңызды көзі болып табылады. 2007 жылы ТШИ-ды басты түрде Гонконгтан (Қытай) ТШИ-дың қанағаттанарлық өсуінің, сондай-ақ ТҰК инвестицияларын Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа аудандарынан өсіру арқасында өңірден әкету төрт есе ұлғайды және 69 млрд. АҚШ долларына жетті. ТШИ-ды Қытайдан әкетудің негізгі катализаторларының бірі осы елдің оны ТМД және Латын Америкасы елдерінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мәжбүрлейтін табиғи ресурстарға сұранысының өсуі болды.
ТШИ-дың ТМД елдеріне ағыны негізінен мұнай мен табиғи газдың жоғарғы бағаларының арқасында 2004 жылы 5 млрд. АҚШ долларынан 2006 жылы 24 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайтылды. Жекелей алғанда Қазақстандағы ТШИ ағыны 2006 жылы 8,4 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл ретте ТШИ құрылымында мұнай және табиғи газ өндіруге (ТШИ-дың жоғарғы ағынынан 63,5%), геологиялық және іздестіру қызметіне (20,3%), сондай-ақ металлургиялық өнеркәсіпке (3,8%) инвестициялар басым болды.
Азиядағы және ТМД елдеріндегі ТШИ-дың ағындары және кері ағындары ұлттық және өңірлік деңгейдегі әртүрлі саяси өзгерістерге қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, Оңтүстік Шығыс Азия мен Қытай мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН) 2010 жылы еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойды, азия елдері АҚШ-пен еркін сауда аймағын құру туралы келісім жасасты.
Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістерді оларды одан әрі Еуропа және Азия елдеріне экспорт мақсатында орналастыру мынадай артықшылықтар күшінде инвесторлар үшін тиімді болып табылады:
өткізудің негізгі нарықтарына - Еуропаға, Қытайға және Азияның басқа елдеріне географиялық жақындық;
айтарлықтай көліктік және транзиттік әлеуеттің болуы;
өндіріс факторларының қатысты төмен құны;
айтарлықтай отын-энергетикалық ресурстардың болуы.
ТҰК инвестицияларын ұлттық экономикаға тарту әртүрлі елдер арасында орнықты экономикалық байланыстар құра отырып, экономикалық ықпалдасуға жәрдемдеседі. Мәселен, ТҰК-тың негізгі өнеркәсіп кәсіпорындары әлемнің әртүрлі елдерінде әдетте экспортқа бағдарланған болып табылады, TҰК-тың тікелей инвестицияларын қандай да бір елге орналастыру нәтижесінде өндірілген өнімінің орташа есеппен 94%-ы экспортқа өткізіледі.
Дамушы елдер үшін ТҰК жүргізетін ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) ұлтаралық етудің маңызы зор. ҒЗТКЖ негізінен базалық елдерде ТҮК ҒЗТКЖ-мен дәстүрлі түрде айналысты. Бүгінде ұлтаралық процестерде бірқатар жаңа ерекшеліктер пайда бола бастады, атап айтқанда ТҰК жергілікті нарықтың талаптарына бейімдеу аясынан шығатын ҒЗТКЖ дамушы елдердің шегінен шығады. Кейбір дамыған елдерде, ал нақты алсақ Оңтүстік Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде ТҮК көбінесе өзінің инновациялық қызметінде оларды басты бағытта жаһандық нарықтарда өзінің ҒЗТКЖ-ын бағыттайды.
Трансұлттық құрылымның жекелеген өндірістік бірліктерін құру мен капиталды орналастыру орнын таңдау тәжірибесі көрсететіндей, ТҰК стратегиясы мынадай жалпы қағидаттармен айқындалады:
Қазақстанда ірі трансұлттық корпорациялардың қызметі толық көлемде ұсынылған. Республикада қолданылатын кейбір ТҰК инвестициялары негізінен шикізаттық салаға шоғырландырылған, ал жоғарғы қосымша құны бар тауарлардың өнеркәсіптік өндірісінде инвестициялар айтарлықтай емес. Негізгі себептер - көліктік және логистикалық инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы және Еуропа - Азия халықаралық көліктік дәліздерді бағыттары бойынша тиімді қалыптастырудың болмауы.
Сонымен қатар, трансұлттық өндіріс - бұл экономиканы қайта құрылымдау проблемаларын шешуге жол болып табылады, яғни ғылымды қажетсінетін өнімдер, жоғарғы технологиялар өндірісін және өткізуді ұйымдастыру. Трансұлттық инвестицияларды тарта отырып, қазақстандық экономика әлемдегі ірі ТҰК инвестициялық белсенділігінің барлық жинақталған тәжірибесін пайдалана отырып және өндірісті трансұлттандырудың негізгі өңірлік, салалық және стратегиялық ерекшеліктерін ескере отырып әлемдік экономикалық кеңістікке мүмкіндік алады. [14]
2 Трансұлттық компаниялардың қазіргі жағдайына талдау («ҚАЗХРОМ ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ» материалы негізінде)
2.1 Компания сипаттамасы
мен қаржылық-экономикалық
«Казхром ТҰК» АҚ 1995 жылы құрылды. «ТҰК Казхром» құрамына: 1968 жылдың 18 қаңтарынан жұмыс жасайтын (феррохром, ферроселиция, ферросиликохром, ферроселикомарганец, ферромарганец өнеркәсібі), «Ақсу ферробалқыту заводы», АҚ «Феррохром» (ферросилихром, жоғары-,орта-,төмен- көміртекті феррохром өндірісі) және ААҚ «Донской ГОК» (алдыңғы екі өнеркәсіп үшін хром рудаларын игереді және өңдейді) өнеркәсіптері кіреді.
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша Комиссиясының шешімі бойынша, 1999 жылдың 20 шілдесінен бастап, ААҚ «ТҰК Казхром» халықтық ашық акционерлік қоғам статусына ие болды.
Қазқстан Республикасы Үкіметінің 26.07.01 жылғы шешімі бойынша «АҚ «ТҰК Казхром» туралы сұрақтары және 27.07.01 жылы өткен «ТҰК Казхром» акционерлері қатысуымен болған жиналысы бойынша, «ТҰК Казхромды», АҚ «Феррохром» (Ақтөбе; электроферробалқытулар өндірісі), ААҚ «Донской ГОК» (Хромтау, Ақтөбе облысы; қара металл руда өндірісі) компанияларын біріктіру арқылы қайта құру туралы» шешім қабылданды. Біріктірілген акционерлік қоғамдарының мүліктері базасында АҚ «ТҰК Казхромды» құру көзделді.
Қоғам органдарына жатады:
Қоғамның негізгі мақсаты- хром рудаларын, феррохромның түрлі маркаларын, лигатур, модификаторлар, халықтық тұтыныстағы тауарлар өндірісі және сатудан, және оларды Қоғам акционерлерінің мүдделеріне пайдаланудан неғұрлым жоғары пайда табу.
Қоғамның негізгі қызметі болып саналады:
Өндіретін өнімдерінің негізгі түрлері: жоғарыкөміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром, ферросиикомарганец. Өнімдер сталь және балқымаларды қышқылдандыру, легирлеу, шойынды легирлеу, модифицирлеу, металл алған кезде селикаметрикалық әдіспен қалпына келтіру үшін қолданылады. Әр түрлі өнім өндіру, әлемдік нарықтағы сұранысқа және сталь өнімінің көлеміне байланысты болады. Соңғы жылдары ферросилиции өндірісінің көлемі төмендеп, көміртекті феррохром және ферросиликомарганецтің өндірісі көлемі өсуін байқауға болады. Мақсаты- балқымалардың ассортиментін кеңейту, әсіресе марганец, және феррохром өндірісінің қуаттылығын арттыру.
Қазақстан Республикасы