Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 14:49, курсовая работа

Описание работы

Астық гүлділер қатарының басым көпшілігі шөптесін өсімдіктер. Кейбір өкілдерінің ғана (бамбук)сабақтары қатайып сүректенеді.Бұлар бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Әдетте, сабақтары жіңішке цилиндр пішіндес,барлығының сабақтары буыннан және қуыс келген буын аралықтарынан тұрады.Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағы сабан деп аталады.Екі қатар бойымен кезектесіп орналасқан жапырақтары сабақты орап тұратын цилиндр тәрізді ұзын қынаптан және әдетте,жіңішке таспа тәріздес жапырақ тақтасынан тұрады,ал олардың түйіскен аралығында тілше деп аталатын кішкене жарғақ немесе қатқыл түктер түріндегі өскін орналасады.Тілшенің негізгі атқаратын биологиялық қызметі сабақ пен қынап арасына судың өтпеуін қамтамасыз етеді.Қынап сабақты тығыз қаптап тұрады,көпшілігінің қынаптарының жиектері кірікпейді.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................3
І ТАРАУ. АСТЫҚ ГҮЛДІЛЕР ҚАТАРЫ
1.1. Астық гүлділер қатарына жалпы сипатама............................................5
1.2. Астық тұқымдастардың құрылысы ..................................................8
1.3. Майлы дақылдар...................................................................................12

ІІ ТАРАУ. АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫҢ ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ ӨМІРІНЕ
МАҢЫЗЫ
2.1. Бидайдың түрлері және шаруашылықтағы рөлі .................................
2.2. Бамбук тәрізділер....................................................................................25
2.3. Бетегелер және қоңырбастылар тармағы..............................................26
2.4. Шитарылар және күріш тұқымдас тармағы ........................................33
2.5. Тарылар тұқымдас тармағы....................................................................35
2.6. Бозшағылдар тұқымдас тармағы ...........................................................36
2.7. Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу..............................................................................................46
Қорытынды..............................................................................................................50
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

курсовая ботаника.docx

— 848.58 Кб (Скачать файл)

     Бидай біздің заманымызға  дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі  Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар                                                                                               

        Зерттеу жұмыстары  барысында суда өнген бидайдың  құндылығы бірнеше есе көбейетіні  анықталған. Мәселен, өнген бидайда  В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай  керемет қасиеттерінің арқасында  өнген бидайды жеу адам ағзасы  үшін аса пайдалы. Бидайдың  дәніне қарағанда, қабығы мен  ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар,  В тобындағы дәрумендер өте  көп болады.Бидайдан ұн, ұнтақ  жармасын, «тритикале» және «булгур»  жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы  – өзімізге белгілі «манная  крупа». «Тритикале» – будандастырылған  бидай мен қарабидайдан жасалған  жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік  тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы  теріні жұмсартады. Бидайдың масағы  флористикада гүл шоғырлары мен  композицияларын безендіру үшін  қолданылады.Биіктігі 40 — 130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры — күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 — 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы — ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі. 3- сурет

 

  •        Жұмсақ бидайдың (triticum aestіvum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-тей белок болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы, өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда өсіреді. Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Әсіресе, Қазақстанның Батыс, Орталық, Шығыс аудандарында өсетін жұмсақ бидай өте құнды болып есептеледі.
  •              Қатты бидайдың (triticum durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% белок бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Қазақстанның климаты қуаң жерлерде өсетін қатты бидай ұнының сапасы өте жоғары болады. (3- сурет)

Бидай-бүкіл әлемде 148 елдің  негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады.Азық-түлік өнімі  ретінде бидайдын көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні – аса  құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге  тасып жеткізу де оңай және оны  өңдеп алуан түрлі өнім алуға  болады [8].

Бидай өнімдері өнеркәсіпте  де кең көлемде пайдаланылады. Мысалы, бидай дәнінен крахмал, спирт, май, клейковина алынады. Бидай сабанынан қағаз картон, өнер бұйымдарын және басқа да заттар жасалынады. Барлық ауыспалы егіс жүйесінде бидай санитарлық дақыл болып табылады.

Жер шарында 220 мил/га көлемінде  бидай егістігі өсіріледі. Мұны барынша  кең көлемде АҚШ, Үнді, Канада, Туркия, Австралия, Аргентина, Франция, Италия, Ресей, Украина, Қазақстан елдері өсіреді.

Республикамызда көп уақытқа дейін бидайдан аз өнім алынып жүрді. Оның басты себебі, Қазақстанның ұлан – байтақ солтүстігінде осы жерлерге бейімделген бидайдың түрлері атымен болған жоқ. Мұнда, негізінен, батыстан қоныс аударғандар ала келген, сонан соң жаңа жердін қатаң табиғатында сұрыптаудан өткен әрі жергілікті бидайлармен будандасқан бидай популяциялары егілді. Бұлардың өнімділігі айтарлықтай болмағанымен, ішінде жетіп пісілу мезгілі жағынан және кейбір биологиялық әрі шаруашылық қасиеттерімен ерекшеліктерімен өте бағалы түрлері кездесті. Олар қазіргі кезде жаңа сортарды шығару мақсатында селекциялық жұмыстарға кеңінен қолданылып жүр.Бидай өнімдері тек адам үшін ғана емес, сонымен қатар мал үшін де бағалы азық. Ол құрама жем өнеркәсібі үшін негізгі компонент болып табылады. Мысалы, біздін елімізде 50 млн. тонна шамасындай бидай дәні мал азығы үшін пайдаланылады. Бидайдың өзінен және оның қалдықтарынан дайындалған жемнен үй жануарлары да, құстар да тез өсіп, жақсы семіреді. Бидай сабаны да едәуір бағалы ол басқа дақылдармен бірге сүрлемге де салынады. Сүттеніп пісе бастаған көк күйінде орылып, малға берілетін бидай аса бағалы мал азығы.Атап кеткен дақылдың маңыздылығында күмән жоқ. Сондықтан технологиялық сапалығын анықтауға өзім де үлес қостым. Кең байтақ жеріміздің бір элеваторында іс-сана өткенде: мен іс-сананы жалтыр элеваторында өттім. Жалтыр элеваторында біз бидайдың сапа көрсеткіштерін анықтадық. Бидай астығының сапасы көптеген көрсеткіштермен сипатталады :

 

1) физикалық көрсеткіштер-дәннің  пішіні, ірілігі, натурасы, шынылығы, түсі, иісі;

 2) химиялық көрсеткіштер-белок, клейковина;

Бидай егістігі.(4- сурет)

       Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 — 20С жылылықта, 7 — 9 күнде көктеп шығады. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп, дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай дәнінің толыға бастаған кезінде ылғалды көп керек етеді. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек.(4- сурет)Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Күздік бидайдың белгілі сорттары: “Жетісу”, “Қарлығаш”, “Комсомолдық — 1”, “Мироновтық — 808”, “Прогресс”, “Шыны тәріздес-24”. Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі, оның тұқымы 12 — 140С жылылықта бітік шығады. Түптену және сабақтану кезеңінде суды көп керек етеді, әрі топырақтың құнарлығын қалайды. Әсіресе, қызыл-қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Тұқым себу мөлшері мен мерзімі әр аймақтың ауа райына, топырағына байланысты. Қазақстанда жаздық бидайдың көп тараған сорттарына ерте пісетін “Қазақстан-15”, “Қазақстан-19”, “Қазақстан-25”, “Қарабалықтық-90”, “Лютесценс-32”, “Саратовтық — 29”, т.б. жатады.Жаздық және күздік бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілгені жөн. Бұл әдісті қолданғанда бір жыл бидай, келесі жылы бір не көпжылдық шөп егіледі. Қазақстанның далалық қуаң аудандарында бидай себуге арналған топырақты сыдыра қопсытып жыртқан жақсы нәтиже береді. Мұндай әдіспен өңдегенде бұрын қандай шөп егілгендігі, қандай арам шөптер өскендігі ескеріліп, жер терең немесе таяз жыртылады. Оңтүстіктегі суармалы сұр топырақты аудандарда күздік бидай егілетін жер аудара жыртылады. Қыста қар тоқтату тиімді. Егістіктерде себілетін тыңайтқыштардың түрі мен мөлшері себілген дақылға және топырақтың құнарлылығына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аудандарда күздік бидайды себу алдында топыраққа азот тыңайтқышы беріліп, өңделеді. Өнімді жинау тәсілі бидайдың биіктігі мен өсу жиілігіне, арам шөптердің түрлері мен олардың аз-көптігіне, сабақтың көлбеп жатып қалуына байланысты. Арам шөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырады. Ал арам шөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді, содан кейін комбайнмен жинап бастырады.Сондай-ақ астық экспортына, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден артық астықты сатып алуға қолдау көрсету шаралары қабылдануда. Биылғы астықтың жоғары экспорттық әлеуетін ескере отырып, жалпы көлемі 2,5 млн. тонна астыққа Мемлекеттік комиссияның шешімімен Ауыл шаруашылығы министрлігінің экспортқа астық тасымалдау кезінде Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы территориясы арқылы өтетін көлік шығындары 1 тоннасы 40 АҚШ доллары есебінен арзандатылуда. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 15 млрд. теңге, оның ішінде 2011 жылы - 5 млрд. теңге, 2012 жылы 10 млрд. Теңге

бөлінбек.Қолда бар астықты  тасымалдайтын 5200 көліктің айына 400-500 мың тонна астық тасымалдауды қамтамасыз ететіні ескеріліп, қазір  «Русагротранс» ЖАҚ-пен астық таситын  вагондарды жалға беру туралы келісімге  қол жетілді. Астық тұқымдастары әр түрлі жүйелерде бірнеше тұқымдас тармақтарына бөлінеді.Энглер жүйесі бойынша,9тұқымдас тармағының аталуы қарастырылады.

Қазақстанда бидайдың 29 сорты аудандастырылған. «Осындай мол астықты жылда өсімдікке атап айтқанда бидайға деген сұраныс пен ұсыныстардың дисбалансы, өнімге деген нарықтағы бағаның төмендеуіне әсер етеді. Егер жылдың басында үшінші сұрыптағы бидайдың бір тоннасына деген баға 45-50 мың теңгені құраса, енді тап сол тоннаның бағасы 22-23 мың теңгені құрайтын болады».Әлемдік және қазақстандық бидай нарығында жұмаға қатысты сауданың қорытындысы бойынша АҚШ-та бидай бағасы төмендесе, Қазақстанда көтерілді. СВОТ және «Еуразиялық сауда жүйесі» биржаларының сайттарында осындай ақпарат жарияланды. Chicago Board of Trade ( CBOT ) биржасында Wheat Futures Final келісімшартына 2-ші сыныпты бидайдың алдағы айдағы фьючерсінің орташа құны 859 (-4)цент/бушель болды. Метрикалық тоннада 36,74 бушель бар. Еуразиялық сауда жүйесінің (ЕСЖ) алаңында 3-ші сыныпты бидайдың алдағы айдағы фьючерсінің орташа бағасы вторник Т44000(+0,91%)/тоннаны құрады. ЕСЖ мәліметтеріне сәйкес, 4-ші сыныпты бидайдың алдағы айдағы фьючерстерінің бағасы Т34600(0,0)/тоннаны құрады.Ағымдағы жылы көктемгі дала және егін орағы жұмыстарына бюджеттен және «ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымдарынан 94,4 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде 78 млрд. теңге бюджеттік несие болып табылады.

 

 

 (5- сурет)

        Ал, тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетілген.«Қазіргі таңда егін орағы 90 пайыз алқапта аяқталды. (5- сурет)

Астықтың орташа түсімділігі  гектарына 16,5 центнерді құрауда. 1,6 млн. гектар дәнді-дақылдар оның ішінде 1,3 млн. гектар бидай  алдағы уақытта  жиналады.

Биылғы жылы 16,2 млн. гектар алқапта астық өнімдері жиналуы  тиіс, оның 13,8 млн. гектары бидай. 6 қазандағы  жағдай бойынша дәнді дақылдардың  90%     жиналып, бункерлік салмақта астықтың 24 млн. тоннасы бастырылды, орташа шығымдылық центнеріне 16,5 гектардан (2010 жыл деңгейінен 7/7 ц/га көп) айналып отыр, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.Ауа-райына байланысты ағымдағы жылы дәнді дақылдардың пісіп жетілуі тежеліп, егін ору науқаны жоғары ылғалды жағдайды жүріп жатыр. Ал күтілетін егін шығымы былтырғы жылдың деңгейінен шамамен 1,5 есеге көп. Сондықтан, солтүстіктегі 3 облысқа арзан бағамен қосымша 40 мың тонна дизель отыны бөлінді.Республикада 13,6 млн. тонна сыйымдылығы бар лицензияланған 217 астық қабылдайтын кәсіпорын жұмыс істейді. Соған қоса, ауыл шаруашылығы құрылымдарында 8,9 млн. тонна астықты сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылықтар бар. Бұл сыйымдылықтардың барлығы 22,5 млн. тонна астық сақтауға шамасы жетеді, соған қоса егін бітік шыққан жылдарға да жеткілікті. Нан қабылдау кәсіпорындарындағы (НҚК) және АШТӨ  уақытша астықты сақтауға арналған асфальтталған алаңдар қосымша  3,5 4,0млн.тонна  егінді   сақтауға мүмкіндік береді. Астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа НҚК салу арқылы қамбалардың қуаттылығын кеңейту бойынша шаралар қабылдануда. 2010 жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қатысуымен жалпы сыйымдылығы 327 мың тонна астық сақтауға арналған 13 астық қоймасы пайдалануға берілді. 2011 жылдың қазан айында 61 мың тоннаға арналған тағы екі астық қамбалары іске қосылмақ. НҚК астықты орналастыру мәселелері негізгі астық егетін аймақтарда: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бар. Былтырғы жылдан қалған астықты есептегенде 10,6 млн. тонна сақтау қуаттылығы бар шамамен 17 млн. тонна сақтау алда тұр. Ауыл шаруашылық құрылымдары үшін қалыптасқан күз мезгіліндегі ауа-райының қолайлығын ескере, АШТӨ 2011 жылдың егін жинау науқанының келесі тәсілі таңдалды. Жиналып кептірілген астық ауылшаруашылық құрылымдарында астық қамбаларында да жинақталуда. Қазіргі таңда элеваторлар жартылай ғана жүктелген және жоғары ылғалды құрамды астықты қабылдауға дайын.Қазіргі кезде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 500 мың тонна азық-түліктік астықты солтүстік облыстардың астық қабылдау кәсіпорындарынан басқа облыстардың бос тұрған элеваторларына көшіруді жүзеге асыруда. Осы шараларға Үкімет резерватынан 1,7 млрд. теңге бөлінуде, бүгінгі күні 140 мың тонна астық тасымалданды.«Казақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан астық таситын вагондармен қамтамасыз ету мәселесі жедел шешілуде.

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 2.3 БАМБУК (BAMBUSOIDEAE)ТҰҚЫМДАС ТАРМАҒЫ

 

Тамырсабақты ағаштанған өсімдік. БОР-да саса (8аза) туысының тек 3 түрі ғана өседі. Бұл салыстырмалы түрде алғанда, онша үлкен болмайтын  өсімдік (сабағының биіктігі 3 м диаметрі 1 см), Сахалинде және Куриль аралдарында өседі.Гүлдері қосжынысты: аталықтары әдетте 6(3+3), кейде көп (20— 30), аналығы-1, аналықтың мойны (рыльце) 2 (сиректеу 3). Жемісі — дән, кейде жидек тәрізді болып келеді. Бамбуктердің практикалық маңызы аса зор, әсіресе құрылыс жұмыстарына жөне өртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланады (су жүретін трубалар, көптеген тұрмыстық бұйымдар), сонымен бірге көкөніс ретінде тамаққа пайдаланады. Бамбуктерді әдетте тамырсабақтарымен оңай көбейтеді. Олар тез өсуге қабілетті. Қолайлы жағдайда 4—6 аптаның ішінде кейбір түрлері 15—20 м биіктікке дейін жетеді. Грузияның батысында бамбуктердің филлострахис және арундинария туыстарының түрлерін себеді.Негізінен тропиктік және субтропиктік өсімдіктердің 100-ден астам түрлері жатады.Көп жылдық,биіктігі  30-40м ге дейін жететін,сабақтары сүректенетін өсімдіктер.Жапырақтары бір немесе бірнеше жыл тіршілік етеді.Гүлдері қос жынысты.Аталықтары 6, кейде  3(кейде 20-ға дейін).сыпыртқы гүлшоғыры екі немесе көп гүлді масақшалардан тұрады.Масақша қабыршақтары екеу немесе одан да көп.Аналық мойындары кірігіп кетеді.Жемістері дәнектер,бірақ сүйекті,типті жидек тәрізді жемістері де болуы мүмкін.Табиғи өсу аймақтарында,әсіресе Қытай,Жапония,Үнді Қытай,Ява аралында және Үндістанда бамбуктардың экономикалық маңызы зор. Бамбук сырғауылдарынан үйлер ,көпірлер салынады,салдар,су құбырлары,үй жиһаздары,музыка аспаптары,сусымалы және сұйық заттарға арналған ыдыстар,алашалар жасалады.Жас өркендері көкөніс орнына пайдаланады.Кейбір шырынды жемісті бамбуктардың жемістері өте ірі болып келеді.Мысалы,Үндістанда өсетін бамбук тәрізді мелоконна бамбугінің жеуге жарамды жемісті апельсин тәрізді болып келеді.Бұл өсімдіктердің тұқымдары эндосперімсіз,сондықтан ұрықтары жемісінің ішінде өнуге бейім,яғни вивипария құбылысы тән.

          Оңтүстік Сахалин және Оңтүстік Курил аралдарының тау етектерінде саза немесе курил шайы туысының жабайы түрде бес түрі өседі.Бұлар биіктігі небәрі 2,5м ге жететін өсімдіктер.Осы тұқымдас тармағына арундинария туысына жататын тамырсабақты өсімдіктер де кіреді.Бұтақтанған сабақтары салбырап орналасқан,жапырақтары торлы,өте әдемі өсімдіктердің қатарына жатады.Симон арундинариясы Грузияның батыс бөліктерінде декоративтік түрде өсірілді.

 Кейбір систематиктер  бамбуктар тұқымдас тармағына неотропиктік стрептохета туысын да жатқызады.Екі түрден тұратын бұл туыстын теориялық маңызы ерекше.Масақты стрептохеталар ормандарда өседі.Сағақты жұмыртқа пішіндес  жапырақтары жиі жүйкеленген.Шашақ гүлшоғырлары бір үйлі масақшалардан тұрады.Ұсақ келген 4-5масақша қабыршақтарынан кейін,төменгі бір гүл қабыршағы орналасады.Жоғарғы гүл қабыршағы түбіне дейін дерлік екіге айырылған.Ұзындығы бір см ге дейін жететін үш ірі лодикулалары бар.Стрептохетаның гүл құрылысына қарай отырып,астық тұқымдастарының гүлдері лалагүлдер типтес гүлдерден дамығандығы жөнінде пікір айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            2.БЕТЕГЕЛЕР НЕМЕСЕ ҚОҢЫРБАСТАР ТҰҚЫМДАС ТАРМАҒЫ

 

Бұларға негізінен қоңыржай аймақтарда таралған 250-ге жуық туыстаржатады.Гүлдері мен масақшаларының құрылыс ерекшеліктері жалпы тұқымдас сипаттамасына сай келеді.Масақшадағы гүлдер саны бірнешеден біреуге дейін болады.Кейде масақшаның,немесе жоғарғы гүл қабыршақтарының редукциясы байқалады.

 Бетегелер трибасы.Масақшалары  қос жынысты,масақша қабыршағы  бар,көбінесе гүл қабыршақтарынан  қысқа келеді.Төменгі гүл қабыршағы  қылтанақсыз немесе қылтанаққа ұқсас өсіндісі бар.Аталықтары 3,сирек жағдайларда

Табиғи жайылымдар мен  шалғындықтарда кездесетін және арнайы егілетін маңызды өкілдері ретінде бетегені(festuca),қоңырбасты(pao),арпабасты ( bromus) және тағы басқаларын атауға болады.Бұл трибаның ішінде жалғыз масақша қабыршағы бар үйбидайық туысы бір жылдықжәне көп жылдық өсімдіктер.Біздің флорада бұл туыстың 5 түрі өседі.Барлығы егістік жерлерде кездесетін арамшөптер болып табылады.Басқа бетегелерден ерекшелігі,үйбидайықтың масақшалары күрделі массаққа шоғырланған және масақшалары масақ осіне сүйір жақтарымен бекиді.Жаздық егістіктерде кездесетін қыздырма үйбидайығы дәндерінде тіршілік ететін саңырауқұлаққа байланысты улы болады.Жас күйінде құнары жоғары мал азығы ретінде қолданылады.көп гүлді үйбидайық немесе ағылшын райграсы шым түзетін көп жылдық өсімдік.Сапасы жоғары мал азығы және елді мекендерде газондарды көгалдандыруға қолданылады.Біздің флорада қоңырбас туысының 38түрлері кездеседі.Негізінен құнарлы топырақты,ылғалды шалғындықтарда өседі.Көпшілік түрлерінің биіктіктері 1 м- ге  жететін тамырсабақты,бос түптер түзе өсетін көп жылдық өсімдіктер.Шашыраңқы сыпыртқы түріндегі гүлшоғырларында сағақтары кедір бұдырлы,масақшалары масақшалары 3-5тен топтасып орналасады.Масақшалары 2-5гүлден тұрады.Екі масақша қабыршақтары біркелкі,төменгі гүл қабыршағы қылтанақсыз.Өте құнды мал азығы болып саналады.Шабындықтары орақтан кейін тез көтерілуіне байланысты,ол жерлер жайылым ретінде  де қолданысқа жарамды болады.Орман қоңырбасы негізінен құрғақ топырақты орманды жерлерде өседі,кейде шалғындықтарда,типті батпақты жерлерде де кездеседі.Малазықтық сапасы орташа .өзге түрлеріне қарағанда көлеңкеге төзімдірек.Жылдық қоңырбас күй талғамайтын көбінесе жол жиектерінде өсетін,биіктігі небәрі  10-30 см- ге жететін бір жылдық шағын түпті өсімдік.

Арпалар трибасы.Гүлшоғырлары күрделі масақтар,масақшалары бір  немесе көп гүлді.Жер шарының  барлық компоненттерінде өте үлкен  алқаптарда өсірілетін маңызды туысының бірі бидай.Қазіргі кезде өсетін бір жылдық жаздық және күздік бидайдың жиырма түрі белгілі,соның ішінде тертеуі  ғана жабайы түрде кездеседі.Бидайдың отаны Кавказ,Алдыңғы Азия және Эфиопия.Бидайдың масақша  қабыршақтарының  екі жақ бүйірлері тең емес,қырлы болып келеді  2,3,5,7 гүлді масақшаларда гүлдері жеке жеке орналасады.Қос жынысты гүлдері өздігінен тозанданады.Егін шаруашылығында негізінен бидайдың екі түрі өсіріледі:жұмсақ және қатты.

Информация о работе Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу