Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 14:49, курсовая работа
Астық гүлділер қатарының басым көпшілігі шөптесін өсімдіктер. Кейбір өкілдерінің ғана (бамбук)сабақтары қатайып сүректенеді.Бұлар бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Әдетте, сабақтары жіңішке цилиндр пішіндес,барлығының сабақтары буыннан және қуыс келген буын аралықтарынан тұрады.Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағы сабан деп аталады.Екі қатар бойымен кезектесіп орналасқан жапырақтары сабақты орап тұратын цилиндр тәрізді ұзын қынаптан және әдетте,жіңішке таспа тәріздес жапырақ тақтасынан тұрады,ал олардың түйіскен аралығында тілше деп аталатын кішкене жарғақ немесе қатқыл түктер түріндегі өскін орналасады.Тілшенің негізгі атқаратын биологиялық қызметі сабақ пен қынап арасына судың өтпеуін қамтамасыз етеді.Қынап сабақты тығыз қаптап тұрады,көпшілігінің қынаптарының жиектері кірікпейді.
Кіріспе................................................................................................................3
І ТАРАУ. АСТЫҚ ГҮЛДІЛЕР ҚАТАРЫ
1.1. Астық гүлділер қатарына жалпы сипатама............................................5
1.2. Астық тұқымдастардың құрылысы ..................................................8
1.3. Майлы дақылдар...................................................................................12
ІІ ТАРАУ. АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫҢ ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ ӨМІРІНЕ
МАҢЫЗЫ
2.1. Бидайдың түрлері және шаруашылықтағы рөлі .................................
2.2. Бамбук тәрізділер....................................................................................25
2.3. Бетегелер және қоңырбастылар тармағы..............................................26
2.4. Шитарылар және күріш тұқымдас тармағы ........................................33
2.5. Тарылар тұқымдас тармағы....................................................................35
2.6. Бозшағылдар тұқымдас тармағы ...........................................................36
2.7. Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу..............................................................................................46
Қорытынды..............................................................................................................50
Қолданылған әдебиеттер
Бидайларға бидайық туысы өте жақын.Қазақстанда бидайық туысының 44 түрі өседі.Бидайықтың бір,екі немесе көп гүлді қабысқан масақшалары буынды осьтердің екі жағында қатарлана орналасып,жай масақ гүлшоғырын құрайды.Масақ қабыршақтары қатқылдау және гүл қабыршақтарына қарағанда біршама жіңішке келеді.Бидайық түрлері таулы тастақты жерлерде,құрғақ немесе суармалы шалғындықтарда,тұзды және құмды топырақта кеңінен таралған көп жылдық шөптесін өсімдіктер .Еркекшөп деген атпен белгілі бидайықтың далалы жерлерде өсетін құм еркек,сібір бидайығы,жол еркек,тарғақ бидайық және т.б. құрғақшылыққа өте құнарлығы жоғары мал азығы болып табылады. ( 6- сурет )
( 6- сурет )
Көп жылдық жатаған бидайық
тазартылуы өте қиын егістік арам
шөбі,сонымен қатар суармалы шалғындықтарда,өзен
жиектерінде қаулап өсетін мол өнімді
бағалы мал азығы болып табылады.
Арпа астық тұқымдастарының
ішінде экономикалық жағынан тиімділігі
жоғары өсімдіктер қатарына жатады.Арпаның
масақша қабыршақтары жіңішке,сүйірленген
немесе ұшы қысқа қылтанаққа айналатын
біз пішіндес болып келеді.Төменгі
гүл қабыршақтары ұзын қылтанақты,өте
сирек жагдайларда қылтанақсыз.Жалғыз
гүлді масақшалары масақ осінде
үш үштен орналасады.Әрбір
( 7- сурет )
Арпа(Hordeum) – астық тұқымдасына жататын бір және
көп жылдық дақыл. Шыққан жері – Иран, Түркия, Армения. Адамдар неолит дәуірінде-ақ (
Ол сыра қайнатуға пайдаланылады. Дәні көп қатарлы Арпа спирт өндірісінде (6 қырлысы), азық-түлік және мал жемі (4 қырлысы) түрінде пайдаланылады. Арпаның бұлардан басқа жаздық және күздік түрі бар. Жаздық Арпа Қазақстанның барлық облыстарында егіледі. күздік Арпа Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстігі-шығыс аудандарында өсіріледі.
Жаздық бидай мен сұлыға қараға
( 8- сурет)
Арпа дақылын күріш
ауыспалы егісіне енгізу егіс
құрылымын жақсартып,
Астық тұқымдас злак өсімдігі, соның ішінде арпа –монокарптық сабақтар жүйесінен құралған, олардың төменгі буындары өте қысқарған. Арпа өсімдігінде жанама сабақтар мен қосымша тамырларының пайда болуы қысқарған буын аралықтарында, яғни базальды аймақта (түптену буынында) өтеді [3,5,11]. Астық тұқымдас дәнді дақылдардың (күріш, бидай, арпа, сұлы) өсіп дамуы барысында фотосинтез процесінде синтезделген органикалық заттардың өсімдіктің басқа мүшелеріне жылжып бару жылдамдығы және мөлшері өзгереді. Мысалы, дақылдың түптенуі кезінде синтезделген көмірсулар жапыраққа, өсу нүктесіне және тамырға барады; сабақтану кезінде сабаққа және қалыптасып келе жатқан масаққа жылжиды; тек масақтану және гүлдену кезеңінен кейін жоғарғы буынаралықтар мен үстіңгі үш жапырақтарда синтезделген органикалық заттар масақтағы дәндерге келіп, олардың толысуын қамтамасыз етеді. Яғни мол дән өнімнің қалыптасуына үстіңгі үш жапырақ, буынаралық және қынап фотосинтезінің үлесі зор [2,24,25,59,6061,62,63,64]. Сондықтан, жоғарғы фитоөлшемдердің (үстіңгі жапырақтар, буынаралық және қынаптың) өсіп-жетілуін, өнім құраудағы рөлін (әсерін) зерттеп анықтау өзекті мәселелердің бірі. Бидай, арпа егісіне әртүрлі мөлшерде минеральды, әсіресе азот тыңайтқышы берілгенде сабақ пен масақ ұзарады. Нәтижесінде, бидай, арпа дақылдарының сабақтану фазасынан толық пісу кезеңдері аралығында егістің фотосинтезінде сабақтың үлесі 11% -дан 93%-ға дейін өседі және фотосинтетикалық потенциал мөлшері артады [2,24,25,61,65,66]. Ылғалы мол жылдары немесе суармалы егіншілік жағдайында бидай және арпаның жоғарғы үш жапырағы мен үстіңгі буынаралықтардың фотосинтетикалық потенциалдағы және өнім құраудағы үлесі артады, ал құрғақ жылдары масақтың үлесі көбейеді [2,24,25]. Біздің зерттеу нәтижелерімізге қарағанда, тыңайтқыштар мөлшері мен енгізу әдістерінің арпа (сорт Росава) буынаралығының ұзарып өсуіне және жапырақ алаңының ұлғаюына әсері үлкен. Тыңайтқыш мөлшерінің артуына байланысты сабақ буынаралығы (әсіресе үстіңгі 1-ші, 2-ші буынаралық) ұзарады. Атап айтқанда, тыңайтқыш берілмеген (N0P0) бақылау нұсқасында бас сабақтың ең үстіңгі бірінші буынаралығы 16,8 см, екіншісі 9,2 см болғанда, тыңайтқыштар N90P90 ә.з. мөлшерде берілгенде 1-ші буынаралық 23,1 см, екіншісі 13,8 см болды, ал тыңайтқыштар N90P90 + N30 кг\га ә.з. яғни азот тыңайтқышы дозасы N 120 кг/га мөлшеріне дейін көбейтіліп, оның N30 кг/га ә.з. дозасын үстеп қоректендіру арқылы берілгенде (4 нұсқа) 1-ші буынаралық 28,1 см болып, бақылау нұсқасымен салыстырғанда 67,3 %-ға артты, 2-ші буынаралық 16,4 см болып, 78,2 %-ға артты, 3-ші буынаралық 12,2 см болып, 47,0%-ға артты, 4 - ші буынаралық 11,0 см болып 44,7%-ға артты. Осындай заңдылықтар жанама сабақтардада байқалды. Тыңайтқыштар (N120 P90, 5-ші, 6-шы нұсқалар) себу алдында берілген нұсқалардағы сабақтың буынаралығы бөлшектеп берілген 4-ші нұсқа көрсеткіштер деңгейімен шамалас немесе жақын болады. ( 8- сурет)
Тыңайтқыштар мөлшері мен енгізу әдістері арпаның ассимиляциялаушы мүшесі – жапырақ алаңының қалыптасуына әсері зор. Арпа дақылының ерекшелігі - оның ең жоғарғы жалау жапырағының ауданы кішкенелеу, ал 2-4 жапырақтары одан 2-3 есе үлкен. Жалау жапырақтың, жалау жапырақ алаңының кішкенелеу болуы сабақтың ең жоғарғы 1-ші, 2-ші буынаралық бөлігінің фотосинтезін көбейтуі мүмкін [24,25,65]. Тәжірибе нәтижелеріне қарағанда , тыңайтқыш берілмеген (N0 P0) нұсқасының бас сабағының жалау жапырағы алаңы 2,2 см2 болды, ал одан төменгі 2-ші - 4-ші жапырақтарының алаңы 6,8-7,6 см2 болды. Тыңайтқыштар мөлшерінің көбеюіне сәйкес жапырақтар алаңы ауаны да ұлғайды. Атап айтқанда, тыңайтқыштар N90P90 кг/га ә.з. мөлшеріне берілгенде бас сабақтың жалау жапырағының алаңы 3,7 см болып, тыңайтқыш берілмеген бақылау салыстырғанда 68,1 %-ға артты, 2-ші жапырақ алаңы 8,7 см2 болып, 28,0 пайызға артты, 3-ші жапырақ алаңы 9,8 см2 болып, 32,4 пайызға артты, 4-ші жапырақ алаңы 9,0 см2 болып, 18,4 пайызға артты.
Сұлы трибасы.Бір жылдық
және көп жылдық өсімдіктер.
( 9- сурет)
Суоты туысы.Ақ суоты
масақшасы қабысыңқы,
Айрауықтар ірі сыпыртқы гүлшоғырлары бар биік өсімдіктер,жас күйінде желінгіштігі жоғары мал азығы ретінде қолданылады.Масақша қабыршақтары гүл қабыршақтарына қарағанда ұзындау келеді.масақша осінің төменгі бөлігінде ұзын түктер түзілген.Қазақстанда тау шалғындықтарында,құмды су жағалауларында және батпақты жерлерде өсетін айрауықтардың 15түрі кездеседі.Қара айрауық,күмәнді айрауық,көкшіл айрауық түрлері қатқыл және мал азығы ретінде құнындылығы төмен өсімдіктер.Кіші айрауық Лангедорф айрауығы қоректілігі жоғары мал азығы ретінде белгілі.Осы трибаға жататын кәдімгі cinceбас(Apera spica-vent)күздік егістіктердің өсімтал арам шөбі,бір өсімдікте он екі мыңға дейін дәндер түзіледі.
Қамыстар (Arundineae) трибасы көп гүлді масақшалардан құралған,шашыраңқы ірі сыпыртқы гүлшоғырлары бар тамырсабақты өсімдіктерді біріктіреді.Өте көп масақшадан тұратын сиякөк,қоңыр түсті сырытқы гүлшоғыры жел өтіне қарсы бағытта бұрылып орналаса алады. Қазақстанда негізінен тоған суларда,өзен жағалауларында,сазды жерлерде өсетін кәдіргі қамыс және еркек түрлері таралғанған.Астық тұқымдастарының арасында кәдімгі қамыс көп жылдық,ең биік өсімдік (биіктігі алты м ге дейін жетеді).Төменгі гүл қабыршақтары біз тәріздес ұзын келген түктермен қапталған.Жас күйінде желінгіштігі жоғары мал азығы ретінде қолданылады.
Еркек қамыс Қазақстанның Орталық және Батыс бөліктеріндегі су жағалауларында және батпақты жерлерде өседі.Бұл қамыстың сабағының биіктігі үш тоғыз м ге дейін баратын көп жылдық өсімдік.м ге дейін баратын көп жылдық өсімдік.Негізгі ерекшеліктерінің бірі төменгі гүл қабықшасын салыстырғанда екі есе ұзын келеді және кәдімгі қамысқа қарағанда сирек кездеседі.Қамыс космопоитті түрлерге жатады.Арзан құрылыс материалы ретінде қағаз өндірісінде,әр түрлі бұйымдар тоқуға қолданылады.Биік пампас шөбінің өте әдемі,жібектей сыпыртқы гүлшоғырлары бар.Бұл өсімдікті кейде декоративтік мақсатта өсіріледі.
Канареечик трибасына
сыпыртқы гүлшоғырлы өсімдіктер жатады,көп
жағайларда гүлшоғырлары тығыз,кейде
типті масақ типтес болып келеді.кейде
масақша қабыршақтарынан
Кәдімгі жұпарбас түрі Қазақстанның
таулы аймақтарында таралған.Үшкіо
таспа тәрізді жапырақтары
Канареечниктің негізгі отаны Пиреней түбегі ,дәндерімен көптеген ұсақ құстар қоректенеді.Бұл трибаға тығыз масақ тәрізді собық гүлшоғырлары бар түлкі құйрық пен атқонақты туыстары да жатады.Шалғын түлкі құйрығы Қазақстанның ылғалды шалғындықтары мен жайылымдылықтарында кездесетін көп жылдық өсімдік.Сабағы тік және тегіс келеді.Жапырағы түксіз,жапырақтақтасының астыңғы беті жылтыр,тілшесі қысқа.Жұмсақ және бір гүлді масақшалардан тұратын цилиндр пішіндес собық гүлшоғыры жоғары қарай аздап сүйірлеу келген.Масақшалары орта бөлігіне дейін кіріккен екі масақша қабыршақтарынан тұрады.Жалғыз гүл қабықшасы масақша қабықшасынан екі есе ұзын келеді.Масақшалары гүлденген кезде жасыл түсті,соңында ақ түске енеді.Аналық ауызы ұзын,аталық жіпшелері төменгі бөліктерімен кіріккен,тозаңы сары түсті.
Информация о работе Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу