Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 14:49, курсовая работа
Астық гүлділер қатарының басым көпшілігі шөптесін өсімдіктер. Кейбір өкілдерінің ғана (бамбук)сабақтары қатайып сүректенеді.Бұлар бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Әдетте, сабақтары жіңішке цилиндр пішіндес,барлығының сабақтары буыннан және қуыс келген буын аралықтарынан тұрады.Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағы сабан деп аталады.Екі қатар бойымен кезектесіп орналасқан жапырақтары сабақты орап тұратын цилиндр тәрізді ұзын қынаптан және әдетте,жіңішке таспа тәріздес жапырақ тақтасынан тұрады,ал олардың түйіскен аралығында тілше деп аталатын кішкене жарғақ немесе қатқыл түктер түріндегі өскін орналасады.Тілшенің негізгі атқаратын биологиялық қызметі сабақ пен қынап арасына судың өтпеуін қамтамасыз етеді.Қынап сабақты тығыз қаптап тұрады,көпшілігінің қынаптарының жиектері кірікпейді.
Кіріспе................................................................................................................3
І ТАРАУ. АСТЫҚ ГҮЛДІЛЕР ҚАТАРЫ
1.1. Астық гүлділер қатарына жалпы сипатама............................................5
1.2. Астық тұқымдастардың құрылысы ..................................................8
1.3. Майлы дақылдар...................................................................................12
ІІ ТАРАУ. АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫҢ ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ ӨМІРІНЕ
МАҢЫЗЫ
2.1. Бидайдың түрлері және шаруашылықтағы рөлі .................................
2.2. Бамбук тәрізділер....................................................................................25
2.3. Бетегелер және қоңырбастылар тармағы..............................................26
2.4. Шитарылар және күріш тұқымдас тармағы ........................................33
2.5. Тарылар тұқымдас тармағы....................................................................35
2.6. Бозшағылдар тұқымдас тармағы ...........................................................36
2.7. Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу..............................................................................................46
Қорытынды..............................................................................................................50
Қолданылған әдебиеттер
Шалғындық атқонақ сабағының
тез қатаюына байланысты,шалғындық
түлкіқұйрыққа қарағанда сапасы
жағынан аздап төмендеу келеді.Бір
қарағанда түлкіқұйрыққа ұқсас
атқонақ түрлері төмендегі
Селеулер трибасына
Аққылтандар (Nardeae) трибасы монотипті жалғыз аққылтан(Nardus) туысынан тұрады.Жалғыз гүлді масақшалардан тұратын бір жақты сыпыртқы гүлшоғырлары бар бір жылдық өсімдіктер.Ерекше белгілеріне лодикулаларының жоқтығы және жалғыз масақша қабыршағының болуы жатады.Аққылтандар туысына Оңтүстік Қазақстанның кейбір таулы шөлейтті жерлерінде өсетін шығыс аққылтаны (N.orientalis),Крауза аққылтаны (N.krausei)сияқты түрлері жатады.
Бетегелер тұқымдас тармағына жататын,құрамында отыз шақты түрі бар,Оңтүстік Америка тропиктерінде таралған Paraina туысы өз алдына бөлек Parianeae трибасы деп қарастырылады.Бұл триба өкілдерінің өзге астық тұқымдастарынан басты ерекшелігі,олардың жәндіктер арқылы тозаңдануда.[4]
ШИТАРЫЛАР (ERAGROSTOIDEAE) ЖӘНЕ КҮРІШ (ORYZOIDEAE) ТҰҚЫМДАС ТАРМАҒЫ
Шитарылар (Eragrostoideae) тұқымдас тармағының айырықша белгісі олардың төменгі гүл қабыршақтары үш жүйкелі,оның үстіне бүйір жүйкелері қабыршақтың шетіне жақын орналасқан.Жекеленген дәндері гүл қабыршақтарының ортасында бос күйінде орналасып,қабыршақсыз күйде шашылады.Кейбір споробола (Sporobolus) туыс өкілдерінің дәндері де қауызсыз,жалаңаш күйінде шашылады.
Маңызды өкілдерінің ішінде Солтүстік Америкалық прериялардың кейбір типтеріне тән Bouteloa туысын атап өтуге болады.Мысалы,осы туысқа жататын бутелуа,немесе грама шөбі (Bouteloua gracillis) мен бизон шөбі (Buchloe dactyloides) Солтүстік Американың аласа өсімдіктерден тұратын прериялардан құрайды.Қазақстанның көбінесе оңтүстік аудандарында таралған салалы қарашағыр (Cynodon dactylon) құмды жерлерде,арық жағалауларында және үй маңайларында өседі.Сабақ ұшында саусақты салалы гүлшоғырын түзетін тамырсабақты көп жылдық өсімдік.Салалы қарашағыр мақта және күріш егістіктерінде кездесетін зиянды арам шөп болып табылады.
Адамзат үшін күріштің
(Oryza) маңызы өте ерекше. Жер бетінде тіршілік
ететін халықтың жартысына жуығының негізгі
қоегі күріш болып табылады.Әсіресе,Оңтүстік
Шығыс Азия халықтарында бұл дақылдың
маңызы өте жоғары.Қытай,Вьетнам,Үндістан,
Екі мәрте Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыбырай Жақаев әр гектардан 174 центнерден күріш алды. Қазір де елімізде күріш өсіруге мемлекетіміз ерекше назар аударуда.Дәндері өте қоректі,сабақтарының түбі көкөніс орнына пайдаланылады,ал қалған бөліктері бағалы мал азығы болып табылады. Күріш(Oryza) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Дүние жүзінде Күріштің 20-дан астам түрі негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралияның тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. Күріш қолдан б.з.б. 2000 – 3000 жылдары егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде Күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер Страбон, Геродот еңбектерінде бар. Б.з.б. 1 ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты «Жібек жолы» Қазақстандағы Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар қаласына келіп тірелетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл деректер Күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады. Қазақстанда аса маңызды азық-түліктік дақыл – екпе Күріш (satіva) – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің аңғарында егіледі. Оның биіктігі 60 – 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 – 80 см тереңдікке дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар – аэренхима дамиды. Сабақтың жоғарғы буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл Күріштің сорттық қасиетін көрсетеді. Гүлшоғыры – сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат – жоғарғы жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетация кезеңі 90 – 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 – 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді. Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді. Күріштің бірнеше орттары бар. Қазақстанда көбірек таралғаны – Алакөл және Үштөбе сорттары. Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған, негізінен, Қаратал өзені бойында өсіріледі. Маржан сорты – Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты) шығарған. Қызылорда облысының күріш егісінің 65 – 70%-ын осы сорт алады. Алтынай сорты – Қазақстан Ғылым Академиясының Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында шығарылған. Бұл сорт Алматы облысында аудандастырылған, негізінен, Іле өзені бойындағы Ақдала аймағында өсіріледі. Күріш – негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.[1]
Дүние жүзінде Күріштің 20-дан астам түрі негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралия құрлықтарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі.Күріш қолдан б.з.б. 2000 – 3000 жылдары егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер ежелгі грек географы Страбон мен тарихшы Геродот еңбектерінде айтылған. Б.з.б. 1-ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты Ұлы Жібек жолы Қазақстандағы Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар қаласынан басып өтетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл деректер күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады.
( 10- сурет)
Оңтүстік Қазақстан облысында аса маңызды азық-түліктік дақыл – екпе күріш (Oryza satіva) егіледі. Оның биіктігі 60 – 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 – 80 см тереңд. дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар – аэренхима дамиды. Сабақтың жоғары буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл күріштің сорттық қасиетін көрсетеді. Гүлшоғыры – сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат – жоғары жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетациялық кезеңі 90 – 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 – 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді. Күріштің бірнеше сорттары бар. Қазақстанда көбірек таралғаны – Алакөл және Үштөбе сорттары. Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған, негізінен Қаратал өзені бойында өсіріледі. Маржан сортын – Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты шығарған. Алтынай сорты – Қазақстан ҒА-ның Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында шығарылған.Күріш – негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.
Аталмыш дақыл, негізінен, тропикалық және субтропикалық аймақтарда тамырын жаяды. Күріш әлемнің 112 елінде өсіріледі. Оның жалпы аумағы 150 млн гектарға жетеді екен. Осының өзі оның адамзаттың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде маңызы зор екенін айғақтап отыр. Қазақ даласында күріштің егілгеніне бір ғасырға жуық уақыт өтті. Оның 80 пайызға жуығы Сыр өңірінің еншісіне тиедіЕлімізде күрішті Сыр өңірінен бөлек, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары да өсіреді. Қай аймаққа барсаң да, сан алуан түйткіл алдыңнан шығады. Жалпы, Қазақстанда бидай өсіруге ерекше мән беріледі. Күріш өндірісі де агроөнеркәсіптің негізгі саласы саналғанымен, күрмеулі мәселелер көлденеңдей береді.Сыр өңіріндегі күріш шаруашылығында біраз мәселе бар. Алғашқысы – мелиоративтік жағдай. Өңірде коллекторлық-дренаждық жүйелер әбден ескірген. Ол ұзақ уақыттан бері кәдеге жаратылып келді. Екіншіден, жердің құнарына селсоқ қарауға болмайды. Бұл мақсатта минералдық-органикалық тыңайтқыштар мәселесі алдыңғы кезекке шығады. Осыдан 30 жылдай бұрын еліміздегі күріш алқабының түгелге дерлігінің аталмыш тыңайтқыш арқылы құнары арттырылды. Қазіргі кезде оның небәрі 30 пайызға жуығына осындай жұмыстар жасалады. Ең басты мәселе – біздің ғалымдар тұзға төзімді жаңа сорттарды өндіріске енгізуге көңіл бөлуі тиіс.Бүгінгі таңда облыста 352 ауыл шаруашылығы құрылымдары күріш егеді. Сонда әрбір ауылда ең кем дегенде үш-төрт шаруашылық бар деген сөз. Олардың кейбірінің жағдайы тәуір. Дегенмен біршамасы аз көлемде егіс екеніне шүкірлік етеді. Қолындағы ескі-құсқы техниканы жамап-жасқап, көктемгі егістен қалыс қалмағанына қуанады. Алайда күріш өндірісі кез келгеннің қолынан келе бермейді. Оған да жайлы жағдай жасалмаса болмайды. Оны егудің де өз талаптары баршылық. Кейбіріне агроном секілді мамандар жетісе бермейді. Айналып келгенде, егілген егіс түрлі ауруларға ұшырауы ғажап емес. Оған қоса дақыл да бітік шыға қоймайды. Тағы бір айта кетерлігі, мұндай ұсақ құрылымдар мемлекет тарапынан берілетін қолдаулардан қағажу қалып жататыны жасырын емес.Қазақстан күрішшілері өз өнімдерімен елімізді толық қамтамасыз ете алады. Осыған қарамастан бізге сырттан аталмыш өнім ағылып келеді. Олардың кейбірінің бағасы біздікінен әлдеқайда төмен. Алайда олардың сапасына ешкім жауап бере алмайды ғой. Кезінде Қазақстан Иран, Ресей секілді елдерге күрішті экспортқа шығарды. Қазір өз өнімімізді шетелге аз көлемде ғана шығарып отырмыз. Сондықтан осы мәселеге назар аудармасақ болмайды.
ТАРЫЛАР (PANICOIDEAE) ТҰҚЫМДАС ТАРМАҒЫ
Тары туысы(просо — Panicum).
Тропикалық және субтропикалық зоналарда
көп таралған және қоңыржай климатты
аймақтарда өсетiн 400-дей түрi бар. Жарма
беретiн дақыл ретiнде
Бұл тұқымдас тармағына жататын
өсімдіктер негізінен тропиктік
және субтропиктік аймақтарда өседі,бірақ
қоңыржай аймақтарында таралған түрлері
де кездеседі.Бұл жүзге жуық туыстардан
және мыңжарымға жуық түрлерді біріктіретін
ірі тұқымдас тармағы болып табылады.Масақ
осінде екі масақша қабыршақтары
және төменгі екі гүл қабыршақтары
түзіледі,бірақ олардың
Практикалық маңызы бар өкілдеріне ақ тары жатады.Отаны Қытай,жер шарының барлық аймақтарында,әсіресе Азияда кең таралған,сабағы жай немесе бұтақтанғанбір жылдық мәдени өсімдік.Масақшалары бір гүлден тұратын сыпыртқы гүлшоғырын түзеді. Қылтанақтары жоқ. Бұл өте ертеден белгілі,куаңшылыққа төзімді дақыл.Тұқымның құрамында он төрт пайызға дейін белок бар.Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріледі.Кейде егіс алқаптарындағы арамшөп ретінде кездеседі.Тұқымы ақталған күйінде тамаққа қолданылады,одан ботқа,жент,талқан,көже және т.б. тағам түрлерін дайындауға болады.Сонымен қоса,ол өте құнды мал азықтық ретінде белгілі.Чумиза,немесе гоми немесе италия итқонақ түрінің негізгі отаны Қытай.Бұл дақылдардан жарма,ұн алады және мал азығы ретінде қолданылады.Чумизаға өте ұқсас могар бағалы мал азықтық өсімдік.Бұл екі түрге де үлкен собық гүлшоғыры тән.Біздің флорада итқонақ туысының мысыққұйрық қонақ,көк итқонақ, және қарабас қонақ сияқты өкілдері егіс алқаптарында жиі кездесетін арамшөптер.
Тары (Panіcum)
Тары астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Оның дүние жүзінде 500-ге тарта түрі, Қазақстанда 1 түрі – кәдімгі не екпе Тары өседі. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан бастап егіле бастаған. 19 ғасырдада егістік жердің 75 – 80%-ына тек Тары ғана егілген. Екпе Тары – биікт. 70 – 100 см, сабан сабақты, шашақ тамырлы, жаздық дәнді дақыл. Жылу сүйгіш, қуаңшылыққа, аңызаққа және ыстыққа төзімді, көбіне өздігінен тозаңданады. Уақытымен суарған жағдайда жоғары өнім береді. Вегетацив кезеңі 60 – 120 күн. Тарының дәні өну үшін 8 – 10 oС жылылық қажет. Суыққа төзімсіз болғандықтан Тарыны басқа масақты дақылдарға қарағанда кеш себеді, кеш себілген күнде де жақсы өнім береді. –2 – 3 oС-та қатты зақымданады, –3 oС-тан төмен температурада өледі. Құнарлы қара және қоңыр топырақта жақсы өнім береді. Тары үшін бұршақ тұқымдас дақылдар жақсы алғы дақыл бола алады. Бір жерге қайталап себілсе, өнімін төмендетеді. Сондықтан тек ауыспалы егіс жүйесінде ғана себу керек, бір егілген жерге тек 4 – 5 жылдан кейін ғана егілуі тиіс. Оны бір жерден екі өнім алу үшін аңыздық егіске де отырғызуға болады. Себілетін Тары тұқымы тазаланған, сортталған болуы тиіс, майда, жетілмеген тұқымды себуге болмайды. Тары 5 – 6 см ылғалы бар тереңдікке отырғызылады. Тарының дәндері бір мезгілде пісіп үлгермейді, алдымен оның сыпыртқы тәріздес басының ең ұшында тұрған дәндері, содан кейін төмендегілері пісе бастайды. Төменде орналасқан дәндері пісіп болғанша алғаш піскендері жерге төгіліп қалмауы үшін, алдымен дестеге салып алады. Дестелеу кезінде Тары сабағы 12 – 15 см биіктікте орылады. Тары сабанының азықтық сапасы бидай сабанынан екі есе артық, дала шөбімен бірдей. 1 кг Тары сабанында 0,41 азықтық өлшем, 23 г сіңімді протеин болады. Тары жармасының құрамында крахмал (81%), белок (12%), май (3,5%), қант (0,15%) бар, мұндағы белоктың мөлшері күріш, қара құмық жармаларынан едәуір көп. Тарының мал азығы ретінде маңызы зор, құс шаруашылығында жем ретінде пайдаланады. Тарыны өндірумен негізінен Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары шұғылданады. Елімізде ең көп тараған сорттары – Саратов-3, Саратов-6, Орал-109. Қазақстандағы егіс көлемі 55,5 мың гектар (2002), орташа түсімі гектарынан 7 – 12 центнер. Тарының гектарынан ең жоғары өнімді (201 ц) 1943 жылы Ақтөбе облысында Ойыл ауданында, “Құрман” ұжымдық шаруашылығында Ш.Берсиевтің звеносы алған (1943).[1]
Информация о работе Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу