Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 14:49, курсовая работа
Астық гүлділер қатарының басым көпшілігі шөптесін өсімдіктер. Кейбір өкілдерінің ғана (бамбук)сабақтары қатайып сүректенеді.Бұлар бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Әдетте, сабақтары жіңішке цилиндр пішіндес,барлығының сабақтары буыннан және қуыс келген буын аралықтарынан тұрады.Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағы сабан деп аталады.Екі қатар бойымен кезектесіп орналасқан жапырақтары сабақты орап тұратын цилиндр тәрізді ұзын қынаптан және әдетте,жіңішке таспа тәріздес жапырақ тақтасынан тұрады,ал олардың түйіскен аралығында тілше деп аталатын кішкене жарғақ немесе қатқыл түктер түріндегі өскін орналасады.Тілшенің негізгі атқаратын биологиялық қызметі сабақ пен қынап арасына судың өтпеуін қамтамасыз етеді.Қынап сабақты тығыз қаптап тұрады,көпшілігінің қынаптарының жиектері кірікпейді.
Кіріспе................................................................................................................3
І ТАРАУ. АСТЫҚ ГҮЛДІЛЕР ҚАТАРЫ
1.1. Астық гүлділер қатарына жалпы сипатама............................................5
1.2. Астық тұқымдастардың құрылысы ..................................................8
1.3. Майлы дақылдар...................................................................................12
ІІ ТАРАУ. АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫҢ ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ ӨМІРІНЕ
МАҢЫЗЫ
2.1. Бидайдың түрлері және шаруашылықтағы рөлі .................................
2.2. Бамбук тәрізділер....................................................................................25
2.3. Бетегелер және қоңырбастылар тармағы..............................................26
2.4. Шитарылар және күріш тұқымдас тармағы ........................................33
2.5. Тарылар тұқымдас тармағы....................................................................35
2.6. Бозшағылдар тұқымдас тармағы ...........................................................36
2.7. Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу..............................................................................................46
Қорытынды..............................................................................................................50
Қолданылған әдебиеттер
БОЗШАҒЫЛДАР (ANDROPOGONOIDEAE) ТҰҚЫМДАС ТАРМАҒЫ
Бозшағылдар(Andropogonoideae) тұқымдас
тармағына 79- туыс, 750 ден астам түрлер
жатады.Басым көпшілігі
Бозшағылдар негізінен ыстық
аймақтарда (саванналар,прериялар) таралған
астық тұқымдастарының негізгі
массасын құрайды.Бұл туысқа Қазақстанның
құрғақ тау қыраттары мен
Құмай (Sorghum) туысы негізінен
Азия,Африка елдерінде кең таралған.
|
Жүгері - дақылдардың бірі. Еуропалықтар
Жүгерінің практикалық мағызы
зор. Жүгеріні Америка үндістері
өте ертеден егістік саласында
қолданған,кейәннен еуропалықтар дүниежүзіне
таратқан. Қазіргі кезде жүгерінің
көптеген жаңа сорттары шығарылған.Жүгері
дәндері ұн,жарма түрінде
ЖЕЗҚАЗҒАН ӨҢІРІНІҢ АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫҢ ТАБИҒАТ
ПЕН АДАМ ӨМІРІНЕ МАҢЫЗЫН ЗЕРТТЕУ
Жезқазған өңірінде астық тұқымдастырдың рөлі ерекше. Ал Ұлытау ауданында бидай астық тұқымдасы өседі. Ботаникалық зерттеу бойынша Ұлытау, Жезқазған аймақтарында 970 өсімдіктің түрі есепке алынған 92% шөптесінді, 7% бұталы, қалған 1% ағаштар болып келеді. Астық тұқымдастар мен жусанның бірнеше түрлері құрғақшылыққа төзімді келеді. Бұл алаптардың астық тұқымдастардың селеу,боз,кәдімгі бетеге,жуашақты қоңырбас,қылтақсыз қызыл от, сабалақ төскей сияқты түрлері өседі.Шөлейт аймағында орналасқан Жезқазган қаласы төнірегінің өсімдік жамылғысы кедей, әрі жұтаң. Аймақ флорасын құрауда қоңырбастылар тұқымдасының үлесі зор.Қоңырбастылардың бетеге, қау, қамыс, ши, қоғырбас, бидайық, қияқ т.б. бар. Қазақстанның өсімдік дүниесі ұлттық текті, сананы қалыптастыруға да зор әсер етеді. Әр түрлі аумақтарымызда өсетін арша, жүзгін, шыралжың, изен, басқа да мал азығындық өсімдіктердің қоректік қуаты мол, құрамында каротин мен протеиннің мөлшері жоғары. Мысалы, құмды өңірде өсетін жүзгін сәуірдің соңында аппақ гүлін ашып, желегі төгіліп тұрады. Сол кезде оны жылқыдан басқа түліктер сүйсіне қорек етеді. Мысалы, Қарағанды облысының бұрынғы Жезді ауданының Бұланты, Қарақұм, Байқоңыр, Жетіқоңыр, Киік, Құлжанбай, Қоскөл өңірінің жайылымдарында мия, бозғанақ, жұмыр, қарашағыр, ақшағыр, қарғатұяқ, қоңырбас, ақселеу, тарлау, арпақан, кәріқыз, түйежапырақ, бәйшешек, теміртікен, қияқ, бидайық, қамыс, ұшхат, тораңғы, алабота, шоңайна, итсигек, шытыр, буылдырық, бақбақ, бүлдірген, тұңғиық, қоға, ши, жалбыз, қазоты, бетеге, есекмия, додана, меңдуана, шыралжың, қымыздық, атқұлақ, райхан, ақеркек, майқара, ебелек, жуа, қызылша, баялыш, теріскен, қараған, күйреуік, адыраспан, итмұрын, жыңғыл, ошаған, жиде, жоңышқа, таспа жоңышқа, шырмауық, терек, шілік, қараөлең, құланшайыр, шайыр, бұйрашайыр, түйесіңір, сексеуіл, жүзгін, боз тал, құба тал, қайың, қоянсүйек, сарсалма, таспа боз, изен, айырауық, текесақал, тәнтәку секілді төрттүлік мал сүйсініп жайылатын өсімдіктер ұшырасады.1982 жылы бұрыңғы Жезқазған облыстық тәжірибе стансасына жоғарыда аталынған шыралжың, изен, бозғанақ, тарлау секілді өсімдіктерді ауыспалы егіс жүйесімен өсіріп, одан кейін облыстың басқа да шаруашылықтарына астық тұқымы таратылған еді. Нәтижесінде сол кезеңде сол өңірдегі елді мекендердің азық-түліктік өнімдерге сұранысын қанағаттандыруда ілгері қадам жасалынды. Мұндай тәжірибенің қазір де ортақ іске пайда келтірері анық. Ғаламдық жүйеде халық тұтынатын азық-түлік өнімдеріне жыл санап сұраныстың артып келе жатқаны белгілі.
Ұлытаудың байтақ даласында
жазық пен шөл өсімдіктерінің
араласуынан шөлейтке бейімделген
өсімдік түрлері көбірек
Бұл алаптарда астық тұқымдастардың селеу, боз, кәдімгі бетеге, жуашақты қоңырбас, қылтықсыз қызылот, сабалақ төскей сияқты түрлері өседі. Жусан түрлерін бетеге, шренк жусаны, майқара, тамыржусан құрайды. Шоқылар арасындағы шатқалдар мен жазықтарда, ойпаңдарда қараған мен тобылғы аралас қатар өседі.
Ұлытау, Кішітау тауларының беткейлеріне арша, бөктерлеріне шоғыр-шоғыр қайың-терек шығады. Тоғайлы, көлеңкелі жерлерге дала қоңырбасы, қандыгүл, жалаң сабақ көкнәр, бұдыр масақ сияқты шөптесінді өсімдіктер қаулап өседі.
Бұл өңірде көпжылдық өсімдіктерден тырсық, боз бетеге, тарақ бидайығы, сирек бас жусан, қара жусан, сұр жусан, көкпек, тұзды жерлерде сораңның көптеген түрлері және өзен алқаптары мен көлдердің жағалауларында бидайық, ақмамықтың бірнеше түрі, ши мен су оты өседі.
Өсімдік жамылғысының ендік
бағыт бойымен географиялық таралуы
шөптесінді өсімдік түрлерінен айқын
байқалады. Солтүстік беттегі Терісаққан
өзен мен оның салалары алаптарында
құрғақ далаға етене тән өсімдіктер
түрлері көбірек таралған. Осы
астық тұқымдастар мен жусанның
бірнеше түрлері –
Тоғайлы, көлеңкелі жерлерге дала қоңырбасы, қандыгүл, жалаң сабақ көкнәр, бұдыр масақ сияқты шөптесінді өсімдіктер қаулап өседі. Биологиялық ортаның қалыптасуына адамның араласуы, төңіректе орналасқан ракета полигондарының тигізген зардабы және тағы да басқа көптеген факторлардың әсерінен Ұлытау ауданында астық тұқымы құрып бітуге жақындаған өсімдіктер түрі аз емес.
Астықтар тұқымдасы.Су бетеге – овсяница луговая
Шоқ түпті көп жылдық астық. Түп бірнеше вегетативті және генративті өркендерден түзілген. Вегетативті өркендері тамырмен жапырақтарынан тұрады. Генеративті өркендердің сабақтарында жапырақтар аз, сабақтары тегіс, биіктігі 50-120 см. Жапырақтары жіңішке, таспа тәрізді, ені 3-6 мм, үстіңгі жағы қырлы, ал асты-жылтыр. Гүлдері сыпыртқы шоғырына жиналған. Ол жіңішке, бір бүйірлі, ұзындығы 20 см-ге жетеді.Гүлдегенде дейін және гүлдегеннен кейін сыпыртқысы қысыңқы болады, ал гүлдеген кезде ол ашылып жайылады.
Сыпыртқының төменгі
буынында екі бұтағы болады,
Далада ,құрғақ, сортаң шалғындарда,Ұлытау, Ортау,Бектуата беткейлерінде ,ұсақ шоқыларда кәдімгі бетеге ал құмдарда,тұзды далада Беккер бетегесі қседі.Бетегенің түрлері құнды жем-шөптік өсімдіктер.
Тырса, қылтан селеу – Ковыль волосатник.
Биіктігі 50-80 см-ге жететін көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тақыр, тегіс. Жапырақтары таспа тәрізді, ыстық күндері ұзына бойы түтікше сияқьты оралып қалады, себебі суды көп жоғалтқан эпидермистің жұқа қабықшалы клеткаларында қысым төмендейді. Осылайша түтікшеге айналған жапырақ өзінің устьицаларын құрғақ ауадан қорғап қалады. Ылғалды кезеңге эпидермис клеткаларының қысымы қалпына келіп, жапырақиың тақтацшасы да жазылады. Тырса қаламыздың шөл дала аймқтарында, тасты шоқыларда кеңінен таралған.
Ол құнды жем-шөп, бірақ тұқымы пайда болғанға дейін. Қылтан селеудің тұқымы өте үшкір, олар малдың терісіне, көзіне ұртына кіріп, іріңдетіп, тіпті малды өлтіреді. Сондықтан тырса өскен жайлымдарды тек көктемде ғана пайдаланады.
Бидайық (құм еркек).
Көп жылдық астық, биіктігі 50-100 см, бірнеше тік сабағы бар. Жапырақтары жіңішке, таспа тәрізді, астыңғы жағы тегіс, ал бет жағы кедір- бұдырлы. Масағы тығыз, ұзындығы 10-15 см, ені 5-12 мм, оның осі түкті болады. Масақшаларында 5-9 гүл болады. Масақша қабықшақтары қайық пішінді, ұшы үшкір, кейде 1,5 мм-ге дейін жетеді қылқынша тәрізді.Мамыр маусым айларында гүлдеп, шілде тамыз айларында тұқым береді.
Қаламызда шөл дала, құмды
аймақтарында жиі кездеседі. Бидайық
– гүлдегенге дейін жақсы жайылым,
мал азықтық шөп, ал кейін ол қатайады,
мал жеуге тек жапырақтары
ғана жарайды. Ол құрғақшалыққа, суыққа
төзімді, ал тұздануға нашар бейімделген.
Тамаққа пайдаланылатын және
малға азық болатын өсімдіктер ретінде
олардың халық шаруашылығындағы
маңызы аса зор. Тіршілік формалары
негізінен көп жылдық және бір
жылдық шөптесін өсімдіктер. Тұқымдастың
ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық
және субтропикалық аймақтарда тіршілік
формалары алуан түрлі болып
келеді. Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің
ұзындықтарына қарай
Информация о работе Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу