Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2015 в 21:18, дипломная работа
Зерделеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты – «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өтіп жатқан процесстерге әлеуметтік тұрғыдан талдау жасау, тұрақты аймақтық дамудың іргетасы ретінде тәжірибелік ұсыныстар беру.
Зерттеу мақсатын іске асыру келесі негізгі міндеттерді қою және орындауды анықтайды:
• инвестициялық қатынастардың аймақтарда әрекет ету институционалды ортасын зерттеу;
• «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының сапалық және сандық көрсеткіштерін талдау, онығ басымдықтары мен жетіспеушіліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны болып заманауи сатыда аймақтарда инвестициялық қатынастардың іске асырудын ұйымдастыру-экономикалық, институционалды түрі болып табылады.
Кіріспе 3
1 Шетел инвестицияларын тартудың теоретикалық және методикалық негіздері
6
1.1 Инвестицияньң әлеуметтiк-экономикалық мәні 6
1.2 «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын және отандық өндірістің инвестициялық ахуалын талдау
19
1.3 Шетелдік капитал инвестицияның негізгі қайнар көзі ретiнде 29
2 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы және оның перспективасы
34
2.1 Еліміздің инвестициялық қал-ахуалы, мәселелері, және оларды шешу жолдары
34
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияны келтіру процесін жеделдету жолдары
44
2.3 Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестициялардың тиімділігі 55
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61
64
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Сахаба Ж.
«Жол картасы» әлеуметтік – экономикалық бағдарламасының негізгі мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011500-«Құқық және
Павлодар 2013
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
«Экономика, құқық және философия» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
_______В.Н.Жамулдинов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Жол картасы» әлеуметтік – экономикалық бағдарламасының негізгі мәселелері
5В011500-«Құқық және экономика негіздері» мамандығы
Орындаған Сахаба Ж.
Ғылыми жетекші
филос.ғ.д Аршабеков Н.Р.
Нормабақылаушы
Павлодар
Нормативтік сілтемелер
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР – Қазақстан Республикасы
ғ. – ғасыр
ж. – жыл
жж - жылдары
ЖОО – жоғары оқу орны
т.б. – тағыда басқа
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
тг. – тенге
п. – пайыз
АҚ - Акционерлік қоғам
Мазмұны
Кіріспе |
3 | |
1 |
Шетел инвестицияларын тартудың теоретикалық және методикалық негіздері |
6 |
1.1 |
Инвестицияньң әлеуметтiк-экономикалық мәні |
6 |
1.2 |
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын және отандық өндірістің инвестициялық ахуалын талдау |
19 |
1.3 |
Шетелдік капитал инвестицияның негізгі қайнар көзі ретiнде |
29 |
2 |
Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы және оның перспективасы |
34 |
2.1 |
Еліміздің инвестициялық қал-ахуалы, мәселелері, және оларды шешу жолдары |
34 |
2.2 |
Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияны келтіру процесін жеделдету жолдары |
44 |
2.3 |
Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестициялардың тиімділігі |
55 |
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
61 64 |
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикалық өсуді үдету және дамудын шикізаттық көздердің жоғары технологиялар өнеркәсібі басымдығына өту негізінде оның сапасын ауыстырудын маңызды талабы болып ұлттық құрылымды-инвестициялық саясат жүргізу болып табылады.
Әсерлі құрылымды-инвестициялық саясат елде бас мақсаты мен мемлекеттің өндіру-шаруашылық кешенді индустриалды түрлендіру бағыты анықталған экономиканың өсу концепция болғанда ғана мүмкін.
Қазақстанда қиын кезеңде ұлы істер жасалуда. Қазақстан халқы ел басында ел экономикасының осал жерлерін білетін және елді қай бағытта ілгерілету қажеттілігін білетін ақылды, шыныққан, жігерлі көшбасшы тұрғанына тағы да көзі жетті.
Қоғамның қолдауы заңды, өйткені Елбасының Жолдаулары мен ұстанған саясаты – Қазақстанның жан-жақты дамудың негізді стратегиясы. Жолдау ойдағыдай іске асырылса, Қазақстан одан да мықты елге айналуы әбден мүмкін. Бүгін Қазақстан әлемде жеңісті, жемісті ел ретінде танымал. Енді біздің мақсат – Қазақстанды өркенді, гүлденген елге айналдыру.
Соңғы жылдары Қазақстан неше түрлі қиын жағдайға түсіп, күрделі экономикалық және саяси жағдайда дұрыс шешім қабылдай алу тұрғысынан бекемдігі сыналды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көрегенді саясаты арқасында біз дағдарыстан шынығып, жақсы тәжірибе алып шықтық. Елбасының айтуынша, соңғы кезде болған күйзелістерден кейін біздің жұмыстығ басты мәні келесіде: «әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс өсу қарқынына әсерін тигізсе де, біздің дамуды тоқтатқан жоқ».
Қазір Президенттің жеке қадағалауымен жасалған Парламент және Үкіметтің үйлесімді және оперативті жұмысы әлемдік даңдарыс әсерін жұмсартуға қолғабыс етті деп айта аламыз. Ендігі біздің мақсат – дамудын – 2020 жылға дейінгі даму сатысына өтуді қамтамасыз ету, елді жетілдіріп, үлгілету, потенциалын жоғарылатып бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Президенттік стратегия – Орта Азиядағы ең дамыған елді әрі қарай реформалаудын ірі жобасы. Бұл жалпыұлттық сипаттағы міндет. Президент айтқандай, ешкім қалыс қалмауы тиіс, тек сонда ғана біз Қазақстанның жаңа экономикалық өсуін қамтамасыз ете аламыз.
2020 жылға дейінгі Стратегияны іске асыру Қазақстанға экономикалық даму бойынша аймақтық және халықаралық деңгейде алдынғы орындарға ие болуға мүмкіндік береді. Қазақстанның алдында жаңа міндеттер тұр. Олар өте күрделі, өйткені экономика саласынан бастап әлеуметтік мәселелерге дейін қамтиды.
Нұрсұлтан Әбішұлы барлық қазақстандықтарды еліміздің одан да бәсекеге қабілетті болашағына атсалысуға шақырды. Ол еңбек өндірісін жоғарылату, ұлттық инновациялық жүйенің дамуына серпін беру, инвесторлар үшін одан да жағымды жағдай туғызу, шикізаттық емес шетке шығарушыларға қолғабыс көрсету және аймақтық даму реформасын өткізу деген сөз.
Алдағы онжылдықта тұрақты және теңгерімді даму экономиканы диверсификациялау үрдісі мен сапасына байланысты болатыны анық. Елбасы барлық деңгейдегі жұмыстар осы критерий бойынша бағаланатыны туралы текке айтпады. Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын ол қоғамның экономикалық идеологиясы ретінде анықтады.
Индустриалды-инновациялық қарқынды даму бағдарламасын іске асыра отырып, біз жаңа экономика, жаңа өндіріс, жалақысы жоғары жұмыс орындарын, тұрақты өсуді қамтамасыз ете аламыз. Индустриалдық даму – жаңа онжылдықтағы үміт, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндік. Сондықтан ел саясаты инновациялар мен ғылымды дамыту, жағымды макроэкономикалық орта құру және бизнес-климатты жақсарту арқылы экономиканы қолдаудың жүйелі шараларын қарастырады.
Индустриаландыру жоспарын іске асыру жолында жергілікті билікке өте зор мән беріледі, өйткені аймақтық экономикалық даму және өндіріс күштерін тиімді орналастыру жалпыұлттық стратегиямен байланыстырылады. Қарқынды диверсификация аймақтық даму реформасысыз біз жетістікке жете алмаймыз.
Қазақстандық қоғам әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәртебесі және қызметі туралы сұрақтардың шешілуін қанағатпен қарсы алды. Олар жергілікті атқару органдарына берілді. Енді олар маңызды бизнес-жобаларды дайындап, іске асыру бойынша іс жүзінде аймақтық корпорацияларға айналуы қажет. Сондықтан жергілікті билік қызметінің ең басты бағыттарының бірі – аймақтарда жеке кәсіпкерлікке жан-жақты қолғабыс көрсету және дамыту, жаңа өндірістер құруға көшу және жаңа бастамаларды қолдау. Осы міндеттерді орындау үшін жергілікті мемлекеттік органдарға қажетті бюджеттік ресурстар мен әкімшілік тетіктер берілді.
Осы бағытта нақты қадамдар анықталып, нақты міндеттер қойылды: жаңа «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын орындау. Оның мақсаты болып аймақтарда жаңа кәсіпкерлердің, ең алдымен кіші және орта бизнестің дамуы есебінен жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Бұл мәселе кешенді сипатта. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының әлеуметтік аспектісі мәселесі экономикалық еңбектерде аз зерделенген, өйткені 2010 жылдың екінші жартысынан бастап қана іске асырыла бастады.
Зерделеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты – «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өтіп жатқан процесстерге әлеуметтік тұрғыдан талдау жасау, тұрақты аймақтық дамудың іргетасы ретінде тәжірибелік ұсыныстар беру.
Зерттеу мақсатын іске асыру келесі негізгі міндеттерді қою және орындауды анықтайды:
• инвестициялық қатынастардың аймақтарда әрекет ету институционалды ортасын зерттеу;
• «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының сапалық және сандық көрсеткіштерін талдау, онығ басымдықтары мен жетіспеушіліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны болып заманауи сатыда аймақтарда инвестициялық қатынастардың іске асырудын ұйымдастыру-экономикалық, институционалды түрі болып табылады.
Зерттеу пәні болып заманауи қазақстандық экономикадағы инвестициялық қатынастар табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация, общим объемом 178 страниц, состоит из введения, трех глав, заключения, списка использованных источников, включающего 157 наименований, содержит 5 приложений, 6 таблиц, 6 рисунков.
1 Шетел инвестицияларын тартудың теоретикалық және методикалық негіздері
1.1 Инвестицияньң әлеуметтiк-экономикалық мәні
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі бұрын соңғы болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайларда да бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, оған жету, бұрын республикада қалыптаспаған экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етті, ал оны жүзеге асыру күрделі де ауыр процесс екені белгілі.
Қазіргі уақытта Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйеден бөлектенген болашағы жоқ, сондықтан республиканың дүние жүзілік капитал қозғалысына енуі үлкен жетістіктерге жеткізіп отыр деуге болады.
Әлемдік тәжірибе дәлелденгендей, капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық өмірі барлық ұлттардың қарым-қатынасының теңдігінің тереңдеуіне келтіреді. Бұл жағдай капиталдың өзара қозғалысының дамуы, әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарда жақсы білінеді.
Бір өнеркәсібі дамыған елдің, басқа елге капитал шығаруының өсуі, халықаралық еңбек бөлнісінің тереңдеу заңдылығына сәйкес жүргізіледі. Қазіргі заман өндірісіне ҒТП-ң әсер етуі одан әрі күрделілікті көбейте түсуде. Өнімнің соңғы нәтижесін беретін өндірістер, қазіргі кезде әртүрлі елдерде орналасқаны белгілі.Сондықтан өндірістің халықаралық мамандандырылуы мен кооперациясының дамуы одан әрі дами бермек.
Капитал табиғаты ол бір елде қозғалмай жата алмайды. Өнеркәсібі дамыған елдердің ірі компаниялары ұлттық шеңберден өтіп, трансұлттық сипат алады. Әртүрлі елдердің кәсіпорындары бар, ірі трансұлттық компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандандыру мен кооперацияның қалыптасуының тездетілуіне жеделдеуіне әкеліп соғады. Сондықтан трансұлттық компания капитал қоғалысы негізінде елдің экономикалық өзара байланысын тереңдететін фактор.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей шаруашылық ісінде “шетелдік инвестиция” терминін пайдаланудың ұқсас еместігі әртүрлі айтыс-тартысты жағдайға соқтырады. Соның кесірінен оны реттеуге көп уақыт пен ақша жұмсауға тура келеді.
Бұл категорияны талдағанда бұған қаржы салудың мынадай түрлерін жатқызуға болады:
а) материалды заттай – яғни, түрліше өндіріс салаларында тауар өндіруге, қолданылатын құрал-саймандар, станоктар, механизмдер.
б) қаржылық – бұған, несие-қаржылық қызмет және бағалы қағаздармен жұмыс жасау.
в) ой еңбегінің өндірісті басқару тәжірибесін, мамандар дайындау, лицензиялау, біріккен ғылыми еңбектерді жасау “ноу-хоу” және бұған букіл шетелден әкелінген капитал жасайды.
Шетелдердегі әртүрлі экономикалық мектептер шетел инвестицияларын түрліше анықтайды. Ғылыми деңгейде және күнделікті өмірде бұл жөніндегі түсініктер біркелкі емес. Мысалға, экономиктердің айтуынша “инвестиция сөзі барлық уақытта экономикадағы пікірдегідей мағына бере алмайды.” Біздің ойымызша, “таза инвестициялау” немесе капиталдың қалыптасуы, қоғамдағы нақты капиталдық ғимарат, құрал-сайман, материалдық өндірістік қор және т.б. таза өсуі есептеледі. Тұрғын адам пікірінше”инвестициялау” - ол жер сатып алса, айналыстағы бағалы қағаздар немесе меншіктің басқа түрлері. Ал экономистер үшін трансперттік (валютаны немесе алтынды 1 елден 2-ші елге аудару) іс-әрекеттер. Біреу инвестициялағанды басқа біреу рейнвестициялайды.
Дж. Кейнс өзінің “жұмыспен қамту, процент ақша туралы жалпы теория” еңбегінде инвестицияны “бағалы капиталды мүліктің негізгі, айналмалы, өтімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі” деп анықтама береді.
Э.Дж.Долан және Д.Е.Мендсей өздерінің “Рыноктан микроэкономикалық үлгі кітабында инвестицияны экономикалық жүйедегі қызмет атқарып жатқан капиталдық” яғни адамдардың жасаған өндіріс құрал-жабдықтарының ұсынылған санының көлемінің көбейіп өсуі- деп анықтала береді.
Варсей И. және Цовентлу Д. “Инвестиция” термині өте кең тараған. тұрмыстың дәрежеде инвестицияны үй, көркемөнер еңбектерін, асыл-әсемдік бұйымдарды сатып алу ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар инвестиция деп акция, облигация салынған затқа берілетін қарыздарды айтады. Кәсіпорындарда машиналарға қаржы, құрал-жабдықтар инвестицияланады- дейді.
В. Фельзенбаумның айтуынша, “инвестиция” түсінігі нақты инвестиция аталатын мәні бойынша “күрделі қаржы салу”, “қаржылықты” портфельді инвестиция, яғни акцияға, облигацияға және басқа бағалы қағаздардың меншіктің тікелей табыс алуға байланысы бар бөлігіне қаржы болу деп түсіндіріледі.
В.В Бочаровтың пікіріне “Инвестицияға белгілі бір кезең ішінде инвестициялық қызметтің соңғы өнімінің және меншік түрінің өзгеру процесінің тек тіркеп есептеуі ғана емес оның өсіп дамуы ретінде түсінген дұрыс дейді. Демек пайдалануға болмайтын бөлігі”- дейді.
Информация о работе Жол картасы» әлеуметтік – экономикалық бағдарламасының негізгі мәселелері