Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 16:48, дипломная работа

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының халық шаруашылығына сипаттама дайындау жұмыстың мақсаты болып саналады. Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Республикасінің негізгі әкімшілік бөлінуі болған әр бір облысқа, оның даму перспективаларына талдау жасау жұмыстың міндеттеріне жатады. Әр бір облыстың өзінше ерекшелігі, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын құрылымы басқаша болғандықтан оның даму ерекшелігі, жоспарлары тек бір облысқа арналған болады. Оның даму перспективалары өз территориясының табиғат ресурстары, жағдайлары мен байланысты болып оны талдау жұмыстың актуалдығы болып есептелінеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ........................................................................................ 3
1- ТАРАУ. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық- географиялық
сипаттама .................................................................................
1.1.1.ОҚО-ң территориясының физикалық географиясы, орны, және шекаралары сипаттамсы. ............................................................6
1.1.2. Облыстың жер бедері.............................................................................9
1.1.3 Оңтүстіктің территориясының геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалар............ .........................................................16
1.1.4 ОҚО территориясының климаты және агроклиматологиялық жағдайлары..............................................................................22
1.1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік жамылғысы
және жануарлар әлемі...............................................................26
2 –ТАРАУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. ОҚО–ң экономикалық ерекшеліктері проблемалары және болашағы..........................................................................36
.2.1 ОҚО–ң экономикалық географиялық орны, әкімшілік территориялық бөлінуі..............................................................38
2.2 ОҚО – ң тұрғындар географиясы................................................40
2.3 ОҚО-ң қалалары........................................................................44
2.4 ОҚО-ң өнеркәсібі.......................................................................49
2.5 ОҚО-ң Көлік кешені. .................................................................57
2.6 ОҚО –ң ауыл шаруашылығы......................................................59
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дип.-Оңтүстік-Қазақстан-облысының-экономикалық-географиялық-проблемалары-және-болашағы.doc

— 1.79 Мб (Скачать файл)

Ордовик жүйесінің шөгінділері Үлкен және Кіші Қаратауда кең тараған.

Төменгі және орта бөлімдер.

Үлкен Қаратауда төменгі-орта ордовик құрылымдары литологиялық жағынан кварцтық-хлориттік-филлиттік сланецтер түрінде (ізбеспен алмасып отырады) берілген. Одан жоғарьіда қоңыр яшмалар мен яшма тәріздес ала-қүла түсті сланецтер, алевролиттер, алевролитті сланецтер жатыр, олар филлиттік, кварц-серициттік сланецтермен алмасады. Қабаттың қалыңдығы 1000м жетеді.

Орта-жоғары ордовик құрылымдары Үлкен Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігінен байқалады. Қалың алевролитті - құмдақ қабатпен, кварц -шпатты жасыл-сүр құмдақ түрінде берілген. Қалыңдығы 1000м

Девон жүйесі. Орта және кейінгі девон шөгінділері Қаратаудың орталық бөлігінде кең тараған және туфогендік материалды конгломераттар мен аргиллиттермен берілген. Шөгінділердің жалпы қабаты 2000м жетеді.

Тас көмір жүйесі. Төменгі бөлім шөгінділері Қаратаудың оңтүстік-батысында, Боралдай және Өгем жоталарында көрінеді. Шөгінділер ізбестті тастар, доломит, мергель, құмдақ және алевролиттер түрінде кездеседі. Қалыңдығы 825-2825м шамасында.

Орта бөлім шөгінділері Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде кездеседі. Жыныстары құмдақтан, конгломераттан және қызыл гипсті саздан тұрады. Шөгінділердің қалыңдығы 500м дейін.

Пермь жүйесі. Бұл жүйенің шөгінділері Қаржантау жотасындағы Ленгір көмір кенішінен оңтүстікке қарай таралған. Шөгінділер ізбесті конгломераттардан, құмдақтардан, алибитофирлердің қабатшасы бар порфиттерден тұрады. Қалыңдығы 650 м. дейін жетеді.

Мезозой тобы. Юра жүйесі. Юра шөгінділері тек юра дәуіріне дейінгі  дойпатты жерлердетолтырған, сол себепті өте аз таралған арасында таралған және сүр, жақсы жылтыраған ізбестен, кварц тастары мен малта тастарынан тұрады. Шөгінділердің қалыңдығы 700-3000м

Бөлінбеген юра шөгінділері. Келтемашат және Ленгір көмір кеніштерінің маңында жер бетіне шығып жатады. Конгломераттармен, көмірлі сланецтермен, құмдақты саздармен құралған. Қалыңдығы 200 м. жуық.

Бор жүйесі. Шөгінділер Үлкен Қаратау жотасында, Үлкен және Кіші Қаратау жоталарының арасындағы депрессияда кездеседі. Ізбес пен мергель қабатшалары бар қызыл және қызыл-жасыл саздан қалыптасқан. Қалыңдығы 25-130 м. аралығында.

Жоғары бор шөгінділері Қаратаудың оңтүстік-батыс бөктерінде, Ташкент маңындағы Чульде кең тараған.

Пайдалы қазбалар. Оңтүстік Қазақстан облысы полиметаллдық кендердің, фосфаттардың қоймасы болып табылады. Облыс территориясындағы полиметаллдық кендердің құрамында қорғасын, мырыш сонымен қатар сирек жер элементтері (мыс, алтын, күміс, германий, индий және т.б.) болады. 110 кен орындары белгілі ( үлкендеріне Ащысай, Мырғалымсай, Қарасай, Байжансай және т.б.). Оңтүстік Қазақстан облысы республикада қорғасын өндіру бойынша үшінші орын, мырыш төртінші, ал полиметаллдық кендерді өндіру мөлшері бойынша Шығыс Қазақстан облысынан кейін екінші орынды иеленеді.

Қаратау тауындағы таукен өндірісі ертеден белгілі. Қаратау тауы жүздеген километрге, ал оның оңтүстік-батыс етегінде қорғасынды-мырыш кен орындары созылып жатыр.

Қаратау тау жотасының кен орындары мен кен іздері карбонаттық жыныстардың арасында орналасқан, Ащысай кен орны Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде Түркістан қаласынан 110 км жерде орналасқан. Оны 1873 жылы белгілі орыс табиғат зерттеушісі НА. Северцев ашқан.

Мырғалымсай кен орнын 1930 жылы Қарасай таукен барлау партиясының аға коллекторы Мырғалым Фахрезетдов ашты. Ащысай кендерінен ерекшелігі Мырғалымсай кенінің құрамыңда бөліп алуға болатын күміс, барий және т.б. пайдалы компоненттері бар.

Байжансайдың қорғасын және мырыш кендері жер бетіне жақын орналасқан. Оны жергілікті тұрғындар тапқан қорғасынмен цинктік қоры бойынша орташа кен орнына жатады. Өндірісі 1954 жылы басталған.

Қаратаудың қорғасын-мырыш кен орындарының кендерінде индий элементі бар» Ол 1963 жылы ашылды.

Ленгір мен Келте машатта қоңыр көмір кен орны бар, бірақ қоры үлкен емес. Облыс керамзитті сазға бай. Одан өндірілетін керамзит құрылыс материалы ретінде қолданылады.

Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс материалдарының қоры көп, Карбонаттың жыныстар құрылыстың тас, қиыршақ тас, тау тас түрінде пайдаланады. Белгілі кен орындарына Бадам (гранит), Қаратас, Түлкібас, Тұздықұдық және т.б. жатады.

Сайрам, Төлеби, Түркістан, Алғабас және Отырар аудандарында кірпіш өндірісіне қажетті сазды балшықтар бар.

Қазығұрт, Түлкібас аудандарында минералдық бояулар қоры барланған.

Созақ және Отырар аудандарында уран кендері өндіріледі. Кіші Қаратау тау жотасының бассейнінде жалиы қоры 26 млрд, т болатын фосфориттердің 45 кен орны барланған, оның ішінде Үшбас, Көксу кен орындары ОҚО территориясында орналасқан / 13,16 /.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. оқо территориясының климаты және

 агроклиматологиялық жағдайлары

 

Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай — қаңтардың орташа температурасы —2 — 9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (-41°С).

Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы 19 — 29°С. Ең ыстық кезең Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230 — 320 тәулікке созылады.

Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 — 170 мм, тау етектерінде 300 — 450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20 — 40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.

Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін артады. Жылына 150-ден 260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15 — 20 күнге дейін азаяды. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9 — 3,9 м/с. Желдің қатты тұратын аймағы — Ақсораң, онда желдің жылдамдығы 5,1 м/с-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.

Облыстың қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б. метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелігі — жауын-шашынның негізгі мөлшері (62 — 67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 245 — 260 тәулік, 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 4300 — 4600°С.

Жыл маусымдарына айқын ажыратылады. Қысы қысқа — 90 күндей. Жазы ұзақ — 160 — 170 күнге дейін созылады.

Агроклиматтық аймақтары. Облыс аумағы агроклиматтық жағдайына байланысты мынадай аймақтарға бөлінеді.

1. Шөлдің құрғақ, ыстық аймағы облыс аумағының көп бөлігін — Бетпақ дала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдері мен облыстың орталық бөлігін қамтиды.

2. Өте құрғақ, ыстықтау аймағы. Бұл бөлікке Түркістан, Бәйдібек, Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандары, Созақ ауданының оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді.

3. Таулы аймақтар Тянь-Шань тауының батыс бөлігі мен Қаратау жотасын қамтиды. Бұл аймақта Түркістан, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт және Төле би аудандары орналасқан.

Облыс табиғи-шаруашылық жағдайына қарай мынадай аймақтарға, топтарға бөлінеді:

1) Шөлдің мал шаруашылық аймағы  — қаракөл қойларын өсірумен айналысады: Қаратау маңы аймағы, Қызылқұм аймағы.

2) Суармалы жер және мақталы аймақ: Мақтаарал — Сарыағаш аймағы, Арыс — Түркістан аймағы.

3) Таулы — далалы суармалы  аймақ: Тұрақты, суармалы, орташа тұрақты суармалы.

4) Ашық далалы аймақ — Шардара су қоймасы.

1) Шөлдің мал шаруашылығы аймағын облыстың жазық бөлігі — Қызылқұм шөлі, Сырдария өзенінің аңғарындағы тақыр жазықтар, Қаратау таулы аймағы, Мойын-құм шөлі, Шу өзенінің аңғары, Бетпақда-ла шөлді даласы алып жатыр.

Бұл аймаққа Созақ, Отырар және Шар-дара аудандары кіреді. Климаты шүғыл өз-геріп отыратын температурамен, жауын-шашынның өте аз түсуімен, құрғақ ауа, булану дәрежесінің жоғары болуымен, күн сәулесінің мол түсуімен ерекшеленеді.

Аймақ Қаратау маңы және Қызылқұм болып екіге бөлінеді. Қаратау маңы бөлігіне Қаратау жотасының солтүстігі және Бетпақдала мен Мойынқұм шөлдері қарайды.

Қызылқұм аймағы — құмды шөл, облысқа оның батыс бөлігі енеді. Сырдария маңында суармалы жерлер бар.

2) Суармалы жер және мақталы алқап облыстың көп бөлігін қамтиды. Сарыағаш, Мақтаарал, Ордабасы, Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты аумақ кіреді.

Судың мол қоры және ауа райының жылы болуы егін шаруашылығымен айналысуға көмектеседі.

3) Таулы аймақ облыстың оңтүстік-шығысында  суармалы жерлерде орналасқан.

Тянь-Шань тауының батыс таулы тізбектері оңтүстік-батысқа қарай созылады. Тау қыраттарында тауаралық аңғарлар мен қазаншұңқырлар кездеседі. Жер бедері өте күрделі, тау қыраттарын мәңгі мұз жамылған жайылымдар, суармалы жерлер алып жатыр. Теңіз деңгейінен биікте болуы және жер бедерінің күрделілігі топырағының әр түрлілігіне әсер етеді. Бұл аймаққа Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы, Қазығұрт аудандарының бөлігі қарайды. Аймақтың климаты жазының ыстық, қысының қысқа болуымен ерекшеленеді.

4) Ашық дала аймағына Мақтарал, Шардара аудандары кіреді. Жазы  өте ыстық, жауын-шашын аз түседі. Жерінің кейбір аймақтары тұзды. Топырағының тұздануы уақыт өткен сайын қайталанып отырады / 6,9 /.

 

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты

4-сурет

1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында әрқалай орналасқан.

Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың жалпы ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде 42-сі сел қаупіне жақын саналады: 16 өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде айналасын шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа көптеген есепке алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы көктем айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен емес.

Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын Қаратау, Қаржантау, Өгем жоталарының баурайларынан алады. Тау өңірлерінен шыға берісте өзен сулары егістік суаруға алынады. Бұл сулардың бір бөлігі өзендерге қайта құяды, бірақ азғана бөлігі булануға және су қоймаларында, каналдарда және суарылатын жерлерде сүзілу есебінен жоғалады.

Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған: көпшілігі орталық және оңтүстігімен ағады. Ірі өзендері — Сырдария. Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгі ағысы тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында Шардара бөгені орналасқан.

Сырдария өзенінің ұзындығы - 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен Қарадария өзендерінен басталады. Нарын өзенінің ұзындығы - 700 шақырым. Осы өзенді қоса есептегенде Сырдария өзенінің қоры Тянь-Шаньнан, Талас Алатауынан, Қырғыз даласынан, Теріскей Алатауынан басталады. Ауданы - 422 мың шақырым. Қазақстан территориясында Сырдарияның оң жағында өзінің үлкен саласы Шыршық өзенінің оң жағында Келес өзенін, төменгі ағысында шөлді жерлермен ағады да, 400-500 шақырым қашықтықта, сол жақ саласы жоқ. Оң жағында тек бір ғана саласы бар. Арыс өзені мен Сырдария өзенінің Өзбекстан мен Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Қызылорда облысы Сырдарияның суын күрішке пайдаланады.

Сырдария алабы Орта Азиядағы төрт мемлекеттің (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан) аумағында орын тепкен. Дарияның ұзындығы 3019 км. Алаптың ең басты ерекшелігі - оның аумағының екі айқын зонаға: ағынды қалыптасу және пайдалану зоналарына бөлінуі. Ал, Қазақстан аумағы екінші су пайдалану зонасында жатыр.

Сырдария алабының көп жылдық орташа су ресурстары 30,4 км3/жыл, суы мол жылдарда 45,0 - 50 км3/жыл, қуаң жылдарда 25,5 км3/жыл аралығында ауытқиды. Негізінен мұздықтар мен еріген қар суымен қоректенуіне байланысты табиғи жағдайда Сырдария көктем-жаз айларында тасиды. Су тасу кезінде су өтімінің мөлшері Көкбұлақ бекетінің түсында секундына 1000-3700 текше метр аралығында ауытқиды. Қазақстан аумағында Сырдарияға сол жағынан Келес, Арыс өзендері құяды. Сырдың су жинау алабының ауданы 462000 км2 тең.

Сырдария алабы көне суармалы егіншілік аудандардан өтетіндіктен кезінде ТМД-ның негізгі мақта өсіретін базаларға пайдаланылды. 1913 жылдары Қазақстан шекарасына дейін 1073 мың га, оның 743 мың га-сы

Ферғана аңғарында, Шыршық-Ангрен-Келес ирригациялық ауданында (Ташкент оазисі) - 219 мың га, Мырзашөлде - 50 мың га, Дальверзин даласында - 7 мың га жер суарылатын. (13)

Арыс өзені - Сырдарияның оң жақ саласы болып табылады. Өзеннің ұзындығы 332 шақырым. Арыс өзені алғашқы да Көкбастау өзенінен басталады. Көлбастау өзені Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында орналасқан. Бұл жерлерде бұлақтар көп. Алатау мен Қаратаудан ағып шығатын осы бұлақтар Арыс өзенін құрайды. Өзеннің суы көп айы - наурыз, сәуір, ал азаятын кезі қазан-ақпан аралығы.

Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы