Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 16:48, дипломная работа

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының халық шаруашылығына сипаттама дайындау жұмыстың мақсаты болып саналады. Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Республикасінің негізгі әкімшілік бөлінуі болған әр бір облысқа, оның даму перспективаларына талдау жасау жұмыстың міндеттеріне жатады. Әр бір облыстың өзінше ерекшелігі, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын құрылымы басқаша болғандықтан оның даму ерекшелігі, жоспарлары тек бір облысқа арналған болады. Оның даму перспективалары өз территориясының табиғат ресурстары, жағдайлары мен байланысты болып оны талдау жұмыстың актуалдығы болып есептелінеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ........................................................................................ 3
1- ТАРАУ. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық- географиялық
сипаттама .................................................................................
1.1.1.ОҚО-ң территориясының физикалық географиясы, орны, және шекаралары сипаттамсы. ............................................................6
1.1.2. Облыстың жер бедері.............................................................................9
1.1.3 Оңтүстіктің территориясының геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалар............ .........................................................16
1.1.4 ОҚО территориясының климаты және агроклиматологиялық жағдайлары..............................................................................22
1.1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік жамылғысы
және жануарлар әлемі...............................................................26
2 –ТАРАУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. ОҚО–ң экономикалық ерекшеліктері проблемалары және болашағы..........................................................................36
.2.1 ОҚО–ң экономикалық географиялық орны, әкімшілік территориялық бөлінуі..............................................................38
2.2 ОҚО – ң тұрғындар географиясы................................................40
2.3 ОҚО-ң қалалары........................................................................44
2.4 ОҚО-ң өнеркәсібі.......................................................................49
2.5 ОҚО-ң Көлік кешені. .................................................................57
2.6 ОҚО –ң ауыл шаруашылығы......................................................59
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дип.-Оңтүстік-Қазақстан-облысының-экономикалық-географиялық-проблемалары-және-болашағы.doc

— 1.79 Мб (Скачать файл)

Біздің еліміздегі өнеркәсіп құрылымының ерекшелігі - тау-кен өндірісі саласының үлесі жоғары болуында. Олар барлық өнімнің жартысынан көбін береді (2004 ж. - 52,5%). Сіздер Қазақстанның өңделмеген отын мен шикізатты шет елге сату нәтижесінен едәуір қаржыны толық қайтарып алмайтынын көрдіңіздер / 14 /.

 

 

2 - кесте          

             Оңтүстік Қазақстан Облысының өнеркәсіптерінің құрамы

 

2.1 ОҚО – ң экономикалық географиялық орны,

    әкімшілік территориялық бөлінуі

 

Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағына орналасқан. 1932 жылы 10 наурызда құрылған әкімшілік орталығы – Шымкент қаласы. Облыста 11 селолық аудан мен 4 қалалық әкімшілік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 жұмысшы поселкесі, 933 селолық және ауылдық елді мекен бар.             / 17 /

3-кесте                

                  Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары

 

Аудан атауы

Құрылған уақыты, ж.

Жер көлемі

Халық саны

Аудан орталығы

1

Бәйдібек

1928

7,2

51,6

Шаян

2

Қазығқұрт

1928

4,1

92,2

Қазығұрт

3

Мақтаарал

1928

1,8

248,5

Жетісай

4

Ордабасы

1964

1,7

81,8

Темірлан

5

Отырар

1935

18,1

54,7

Шәуілдір

6

Сайрам

1928

1,7

244,2

Ақсукет

7

Сарыағаш

1928

7,7

220,9

Сарыағаш

8

Созақ

1928

4,0

48,6

Шолаққорған

9

Төлеби

1938

3,1

160,6

Ленгір

10

Түркістан

1928

2,3

88,2

Т.Рұсқұлов

11

Шардара

1968

1,3

68,3

Шардара


 

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік – аумақтық картасы

9-сурет 
2.2 ОҚО – ң тұрғындар географиясы

 

Облыста 2 миллион 200 мыңдай адам тұрады. Бұл республика халқының 14,5%-ға жуығы (2004). Халықтың басым бөлігі қазақтар құрайды (69,0%). Одан басқа өзбектер (17,1%), орыстар (7,2%), әзербайжандар (1,3%), тәжіктер (1,2%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 18,5 адамнан келеді. Бұл республикалық көрсеткіштен 3 есе артық. Халық әсіресе Арыс пен Келес өзендерінің алаптарында және Шымкент атырабында тығыз қоныстанған. Қала халқы 38,4% (835,5 мың адам), ауыл халқы 61,6% (1337,5 мың адам).

2008 жылдың 1 қаңтарына, алдын ала  деректер бойынша, облыс халқының саны 2331,2 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық елді мекендерде халық саны - 858,4 мың адам (36,8%), ауылдық елді мекендерде - 1472,8 мың адамды (63,2%) құрады. 2007 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда облыс бойынша жалпы халық саны 48,7 мың адамға немесе 2,1% артты.

Халық санының өзгеруі

2007 жылы халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 51,7 мың адам болып (2006 жылға 110,6%), осы кезеңде 68,1 мың - туу (109,0%), 16,4 мың - өлім оқиғасы (104,3%) тіркелді.

2007 жылы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 30,2 туылғанды құрап, 2006 жылмен салыстырғанда туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,0 туылғанға артты. Әр 1000 қала тұрғынына 28,8 туылғаннан келсе, ал ауыл тұрғынына - 31,1 туылғаннан келеді.

Туудың жоғары деңгейі (1000 адамға шаққанда) - Түркістан қ.ә. (33,0), Сарыағаш (33,9), Сайрам (35,0), аудандарында тіркелді, төмен деңгейі - Кентау қ.ә. (24,2), Төлеби (24,6), Отырар (24,7), Бәйдібек (25,4) аудандарында орын алды.

Өлім коэффициенті 2006 жылмен салыстырғанда 1000 адамға шаққанда 0,2 өлгенге артып, 7,3 өлгенді құрады. Әр 1000 қала тұрғынына орта есеппен 8,5 өлгеннен келсе, ауыл тұрғынына - 6,4 өлгеннен келеді.

2007 жылы 1260 нәресте шетінеді, немесе туылған 1000 баланың 19,1 шетінеген (2006 жылы - 1024 нәресте немесе туылған 1000 баланың 17,3-і шетінеген). Туылған 1000 балаға нәресте өлімі деңгейінің өсуі облыстың барлық аудандарында байқалса, Бәйдібек, Отырар және Мақтаарал аудандарында бұл көрсеткіш кеміп отыр.

2007 жылы 21,8 мың некелесу (2006 жылға - 106,8%), 2,4 мың - ажырасу (97,5%) тіркелді. Облысты тұтас алғанда, некелесудің жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 9,7 некені құрады, ал 2006 жылмен салыстырғанда 1000 адамға шаққанда 0,5 некеге артты.

Некелесудің ең жоғары коэффициенті (мың адамға) - Сайрам (11,8 неке), Созақ (11,0 неке), Арыс қ.ә. және Сарыағаш (10,7 некеден), Төлеби (10,2 неке), төмөн деңгейі - Кентау қ.ә. (8,6 неке), Бәйдібек, Мақтаарал (8,4 некеден), Шардара (8,5 неке), Түлкібас (8,7 неке) аудандарыда орын алды.

2007 жылы органдарында тіркелген некелесудің басым бөлігі (жалпы санының -62,4%) ауылдық жерге тиесілі. Аумақтар кесіндісінде жалпы некелесу санының 22,1% - Шымкент қ.ә., 13,3% - Сайрам ауданына тиесілі. Некелесу санының едәуір артуы 2006 жылмен салыс – тырғанда Арыс қ.ә. (14,4%-ға), Сарыағаш (13,6%-ға), Отырар (11,8%-ға), Төлеби (11,5%-ға) тіркелді.

Ажырасудың жалпы коэффициенті халықтың әр 1000 адамына шаққанда 2007 жылы 1,1 ажырасу құрады, 2006 жылмен салыстырғанда сол деңгейде қалды. Ажырасудың ең жоғары деңгейі (1000 адамға) - Шымкент қ.ә. (2,0 ажырасу), Кентау-қ.ә. (1,4 ажырасу), ең төмен деңгейі – Созақ (0,4 ажырасу), Ордабасы, Шардара (0,5 ажырасудан), Бәйдібек, Мақтаарал, Отырар (0,6 ажырасудан) аудандарында орын алды.

Ажырасушылық деңгейі Шымкент (2,0 ажырасу) және Кентау қалалық әкімшіліктерінде (ЮООадамға шаққанда 1,4ажырасу) облыстық деңгейден жоғары болды.

Тіркелген ажырасулар санының өсуі Түркістан қ.ә. (2006 жылға - 26,8%-ға) мен Түлкібас ауданында (27,5%-ға) байқалды.

Көші-қонмен 2007 жылы облысқа келген халықтың саны (облыс ішіндегі көші-қонды есепке алмағанда) 15015 адамды (2006 жылы 17178 адам) құрап, ал облыстан шетке кеткен халықтың саны 17939 адам (15415 адам) болды, көші-қон өсімі 2924 адамды (теріс) құрады.

Келгендердің ішінде - 7405 адам Қазақстанның басқа облыстарынан, 7564 - ынтымақтастық елдерінен келгендер. 2006 жылмен салыстырғанда Қазақстанның басқа облыстарынан келгендердің саны - 0,9%-ға өсті, ТМД елдерінен келгендөрдің саны - тиісінше 22,2% кеміді,

Кеткендердің ішінде 1160 - ынтымақтастық елдеріне, 40 - алыс шет елдерге кеткен. 2006 жылмен салыстырғанда ТМД елдеріне кеткендердің саны - 22,8% артты  / 2 /.

4-кесте                

                       2006-2007 жж. халықтың көші-қоны

 

2007ж.

 

2006ж.

 

Көші-қон барлығы

       

Келгені

 

29001

 

28635

Кеткені

 

31925

 

26872

Көші-қон айырымы (+,-)

 

-2924

 

1763

ТМД елдерінен тыс көші-қон

       

Келгені

 

46

 

119

Кеткені

 

40

 

56

Көші-қон айырымы (+,-)

 

6

 

63

ТМД елдерімен көші-қон

       

Келгені

 

7564

 

9718

Кеткені

 

1160

 

945

Көші-қон айырымы (+,-)

 

6404

 

8773

Облысаралық көші-қон

       

Келгені

 

7405

 

7341

Кеткені

 

16739

 

14414

Көші-қон айырымы (+,-)

 

-9334

 

-7073

Облыстық көші-қон

       

Келгені

 

13986

 

11457

Кеткені

 

13986

 

11457

Көші-қон айырымы (+,-)

 

-

 

-


 

5-кесте                      

Облыс және аудандары бойынша халық саны

       

Алдыңғы жылдың

2008 жылдың

2007 жылдың

Жалпы

тиісті кезеңіне,

%-бен

1 қаңтарына

1 қаңтарына

өсімі/кемуі

Облыс бойынша

2331,2

2282,5

48,7

102,1

Шымкент қ.ә.

545,4

535,1

10,3

101,9

Арыс қ.ә.

65,0

64,3

0,7

101,1

Кентау қ.ә.

85,8

84,6

1,2

101,4

Түркістан қ.ә.

197,7

193,5

4,2

102,2

Бәйдібек ауданы

55,1

54,7

0,4

100,7

Қазығұрт

102,4

100,8

1,6

101,6

Мақтаарал

272,4

268,7

3,7

101,4

Ордабасы

96,6

92,9

3,7

104,0

Отырар

56,8

56,4

0,4

100,7

Сайрам

258,3

249,9

8,4

103,4

Сарыағаш

253,8

246,7

7,1

102,9

Созақ

53,2

52,1

1,1

102,1

Төлеби

114,9

112,8

2,1

101,9

Түлкібас

97,6

95,4

2,2

102,3

Шардара

76,2

74,6

1,6

102,1


 

 

2.3. ОҚО-ң қалалар

 

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкент қаласы. Бұл - Қазақстандағы инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі өнеркәсіпті-индустриялы қалалардың бірі.

Халқы 446,7 мың адам (2003 жылдың қаңтарына). Халқының негізгі топтары:

қазақтар - 49,5%;

орыстар - 24,6%;

өзбектер - 15%;

татарлар - 2,7%;

әзірбайжандар -2,1%.

Шымкент Өгем жотасының етегін алып жатқан жазыққа солтүстік ендіктің 42-градусы мен шығыс бойлықтың 69-градусына сәйкес келетін Бадам мен Сайрам өзендерінің (Сырдария бассейнінің өзендері) аралығына орналасқан. Жердің теңіз деңгейінен орташа биіктігі - 506 м., аумағы 300 шаршы км, яғни облыс көлемінің 0,3%-ын құрайды.

Агроклиматтық жағдайынан алғанда қала қуаң тау етегі аймағында сүртопырақты жерге орналасқан. Ауа райы құрғақ, жауын-шашын мөлшері аздау. Жыл бойына жылы уақыт 185 - 215 күн, жылдық жауын-шашын мөлшері 300-500 мм.

Шымкент қонысы Ұлы Жібек керуен жолдарының тоғысында пайда болған. Ол орталық Азияның көне қалаларының қатарына жатады.

Қаланың аумағында 3 таримхи ескерткіш сақталған, Бұлар қаладан шыға берісте, Байтұрсынов көшесінде (б.з. І-ІІ ғғ.) орналасқан. Ескі қаланың орталығында - Ордабасы алаңынан бастап, 1 және 2 - базар көшелері мен Қабанбай батыр даңғылының аралығында XII - ХҮІІІ ғғ. Қалашық жатыр. Мұхамед Хайдар Дулати (бұрынғы К.Маркс) көшесінің қиылысында ХҮІ-ХІХ ғғ. Керуен сарай орналасқан.

Шымкент туралы алғашқы жазба деректерде Ақсақ Темірдің1365 -1366 жж. әскери жорықтары туралы жазылған парсы тарихшысы Шараф аддин Әли Йаздидің (1415 ж.) «Зафар наме» («Жеңістар кітабы») кітабында айтылады. Темірдің Ташкенттен солтүстікке қарай жасаған бір жорығын сипаттай келіп, тарихшы «олар (темір әскерлері) өз арбалы керуендерін Шымкенттен тапты» Қыстақтың баяндалып отырған оқиғадан бұрын пайда болғаны анық. Шымкенттің жанындағы қазіргі Сайрам ауданының аумағындағы көне Испиджап жазирасының жасы мың жалдан артық әрі бұл аймақ атам заманнан бері оңтүстіктен солтүстік пен шығысқа қарай сауда жолдарының торабына айналған.

«Шымкент» сөзі екі бөліктен тұрады: түрікше «шым» - алқап, қойнау және иранша «кент» - «елді мекен» ,яғни «Жасыл қала».

Ғасырлар барысында Шымкент көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болды, олардың көпшілігі осы жерлерде өтті. Қала талай рет басқыншылардың шабылуына ұшырады. Шыңғысхан әскерлері көне Шымкент жерін талай рет басып өтті. Шымкент бірнеше ғасыр бойы оның ұрпақтарының иеліктерінің құрамында болып келді. Ақ орда және Көк орда хандықтарына қарсы табыспен аяқталған әскери жорықтардан соң Шымкент Темір мемлекетінің құрамына енді. ХҮ ғ. Басында Шымкент ойрат (батыс моғолдық) тайпаларының, ал ХҮІІ ғ. Ортасынан бастап ХҮІІІ ғ. Дейін жоңғар басқыншыларының шабуылдарына жиі ұшырап отырды.

Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы