Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 16:48, дипломная работа
Оңтүстік Қазақстан облысының халық шаруашылығына сипаттама дайындау жұмыстың мақсаты болып саналады. Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Республикасінің негізгі әкімшілік бөлінуі болған әр бір облысқа, оның даму перспективаларына талдау жасау жұмыстың міндеттеріне жатады. Әр бір облыстың өзінше ерекшелігі, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын құрылымы басқаша болғандықтан оның даму ерекшелігі, жоспарлары тек бір облысқа арналған болады. Оның даму перспективалары өз территориясының табиғат ресурстары, жағдайлары мен байланысты болып оны талдау жұмыстың актуалдығы болып есептелінеді.
КІРІСПЕ ........................................................................................ 3
1- ТАРАУ. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық- географиялық
сипаттама .................................................................................
1.1.1.ОҚО-ң территориясының физикалық географиясы, орны, және шекаралары сипаттамсы. ............................................................6
1.1.2. Облыстың жер бедері.............................................................................9
1.1.3 Оңтүстіктің территориясының геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалар............ .........................................................16
1.1.4 ОҚО территориясының климаты және агроклиматологиялық жағдайлары..............................................................................22
1.1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік жамылғысы
және жануарлар әлемі...............................................................26
2 –ТАРАУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. ОҚО–ң экономикалық ерекшеліктері проблемалары және болашағы..........................................................................36
.2.1 ОҚО–ң экономикалық географиялық орны, әкімшілік территориялық бөлінуі..............................................................38
2.2 ОҚО – ң тұрғындар географиясы................................................40
2.3 ОҚО-ң қалалары........................................................................44
2.4 ОҚО-ң өнеркәсібі.......................................................................49
2.5 ОҚО-ң Көлік кешені. .................................................................57
2.6 ОҚО –ң ауыл шаруашылығы......................................................59
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Арыс өзені 3500м биіктіктегі Талас Алатауы мен Қаратаудың арасындағы ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынан бастау алады. Бассейнінің ауданы — 14530 км, оның 50 %-ы таулы бөлікке кіреді. Бастаудың жоғарғы жағындағы өзен арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста баурайы тік болып келеді, аңғардың ені 1 км және оданда үлкен болады. Балықшы ауылының төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу және Бадам (сол жақ) сияқты ірі салалары қосылады.
Ақсу өзені - Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 км2 ұзындығы 120 шақырым.
Бадам өзені - Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бассейннің ауданы – 4300 км2 ұзындығы -137 шақырым.
Боралдай өзені — Арыс өзенінің Оңтүстік - шығыс ірі саласы. Бассейні Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы -130 км2. Боралдай өзені - кіші Боралдай, үлкен Боралдай өзендерінің қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен және жерасты қоректенеді. Арыс өзені өзінің барлық салаларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шаруашылығында пайдаланылады.
Машат өзені - Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500м биіктіктен алады. Өзеннің ұзындығы 75 км. су жинайтын ауданы 579км Өзеннің жоғарғы жақ бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді. Бастаудан 25 км қашықтықта Ү тәріздес өзен аңғары тереңдігі 150-200 м. болатын тік жартасты каньонға айналады. Жартастар желден мүжілген әртүрлі жыныстар мен әк тастардан құралған. Бастаудан 45 км. оң жақтан Дәубаба өзені қосылғаннан кейін каньон біртіндеп кеңейе бастайды да, төменгі ағыс бөлігінде 100-150 км болады.
Келес өзені шамамен 1800 м. биіктіктегі Қаржантау жотасының солтүстік-батыс баурайларынан бастау алады. Өзеннің ұзындығы - 236 км., бассейнінің ауданы — 3310 км2. Өзен бастауының жоғарғы жағындағы жер бедері қыратты болып келеді. Таулы бөлігіндегі өзеннің аңғары кең болып келеді және төмен қарай одан әрі кеңейе түсіп 1,5 км-ге дейін жетеді. Өзен аңғарының жағалаулары жазық. Өзен арнасы тау аңғарынан шыққаннан кейін ағысын күшейтеді. Нәтижесінде арна жағасының опырылуына апарып соқтыратын күшті эрозиялар болады.
Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұрғылт түсті саздақтан, құмдақтан, малта тастар мен конгломераттардан тұрады.
Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары судың деңгейі 1 м және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен жайылмасы негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар өте түзды және саяз болып келеді. Жазық аймақтарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды сулар шығады, оны емдік бағытта пайдаланады. Сарыағаш курортындағы минералды су
Облыста су қорына өзен және көлдерден басқа - жер асты сулары да жатады. Жер асты сулары халық шаруашылығына пайдаланады. Артезиан суы шөлдегі аймақтар үшін егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиімді. Елді мекендер ол суларды негізгі ауыз су ретінде пайдаланады.
1-кесте
Облыс территориясындағы ірі өзендер.
№ |
Өзендер |
Ұзындығы |
Су жинау алабының көлемі км2 |
Бастау биіктігі, м. |
Жылдық орташа шығыны м3/с |
Қорек-тенуі |
Негізгі салалары |
1 |
Арыс |
378 |
14530 |
3500 |
40,2 |
Жаңбыр,жерасты суы |
Боралдай, Қараүңгір, Машат, Ақсу, Бадам |
2 |
Келес |
23,6 |
3310 |
1800 |
5,9 |
Қар, жерасты суы |
Ұя, Қаржан, Аңырақ, Көкпақ. |
3 |
Ақсу |
133 |
766 |
4042 |
4,02 |
Қар суы, жаңбыр, жерасты суы |
Балаақсу, Бұғылтұр, жаңбырлы-сай. |
4 |
Бадам |
138 |
4380 |
2700 |
4,51 |
Жаңбыр, жерасты суы |
Ермек-бадам, Ленгір, Сайрамсу, Текесу. |
5 |
Сайрам |
76 |
1010 |
3400 |
2,2 |
Жаңбыр, жерасты суы |
Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. |
6 |
Машат |
75 |
579 |
2500 |
2,1 |
Қар, жерасты суы |
Дәубаба. |
7 |
Қантағы |
102 |
1210 |
1460 |
1,8 |
Қар, жерасты суы |
Біресек. |
Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік жерін шөлдер алып жатыр. Шөлді жердің ерекшелігі жауын-шашынның өте аз мөлшері (жылына 300 мм-ден жоғары емес) және жазының ыстық (шілде айының температурасы +30° жоғары) болып келуі өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Шөлдік зонада өсімдік дала аймағындай қаулап шықпайды, сирек, селдір өседі. Бұл судың тапшы болуына байланысты болады. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құмды төбешіктердің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. Ағаш текті өсімдіктерден сексеуіл, жүзген, қияқ, құмқараған, селеу өседі. Шөлді аймақта өсетін өсімдіктер табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олардың бойындағы ылғалды тікенді қабыршаққа айналған жапырақтары немесе түктері сақтайды.
Ең үлкен массив Қызылқұм территориясында өсімдік жамылғысы жартылай, облыстың оңтүстік бөлігін алып жатыр. Мұнда жусан, сораң, еркек шөп, жантақ, күйреуік, бүйірген, сексеуіл. Сырдария аңғарында жиде, жыңғыл, шеңгел, жал тау етегінде бетеге, жусан, таулы өңірде бұта, жеміс ағаштары, арша, ырғай және тағы басқа өсімдіктер өседі.
Облыс аймағында грек жаңғағы сақталған. Облыста ксерофитті сирек ормандар кездеседі. Өзен аңғарларында кездесетін орман-тоғайлар әлі де болса бар. Батыс Тянь-Шань тауларында, Өгем шатқалдарында, Талас Алатауында ксерофитті сирек ормандар кездеседі. Бұл негізінен арша, бұталар, шөптесін өсімдіктерден тұрады. Шөлді жерлерде сексеуіл өседі. Мұның қара және ақсексеуіл деген түрі болады. Ақсексеуіл әсіресе, құмды аудандарда кең тараған. Шөлде жусанның көптеген түрлері бар. Мұнда басқа ешқандай облыста өспейтін жусанның дермене деген түрі медицинада пайдаланылады. Облыстың Өгем, Піскем, Талас Алатауы жоталарының белдеуінде май қарағай жаңғақ ормандары, бүталар, шалғындар өседі.
Топырақ өте күрделі табиғи түзіліс. Топырақтың пайда болуы тау жыныстарының бөлшектеніп, қопсуынан басталады. Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер етеді. Табиғатта жылу мен суықтың, ылғал мен тірі жәндіктердің әрекетінен үгілген тау жыныстарының үстіне өсімдіктер өсе бастайды. Күзге қарай қураған шөп, өсімдік, ағаш жапырақтары, шіріген бүтақтардан топыраққа органикалық зат беріледі. Органикалық қалдық заттарды бактериялар шірітіп, жаңа затқа - қара шірікке айналдырады.
Солтүстік шөлді аймақта (Бетпақ-дала) негізінен қарашірігі 1% қоңыр және сүр қоңыр топырақты атырап болып келеді. Оңтүстікке қарай шөлді аймақ тау беткейі аймағына ауысады. Оларды қара шірінді 3-4% құрайды. Бұл жерлердің топырағы сұр, қоңыр, қызыл шалғынды далалық болып келеді.
Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт зоналарында құмды және құмдақты топырақ таралған. Көп жерлердің топырағы сортаң топырақ. Қызылқұм және Мойынқұм топырақтарында бар-жоғы қарашірік 1% - дан да төмендеу келеді. Жер асты суларының минералды тұздары жоғары көтерілуіне байланысты және су ресурстарын дұрыс пайдаланбау себебінен топырақ құрамында тұзды аймақ пайда болады. Бұл әсіресе, Шу өзенінің төменгі саласында айқын білінеді, бұл жерлерде топырақ беті 1-1,5% көлемінде жұқа тұз қабаттарымен көмкерілген. Сырдария, Арыс, Шу өзендерінің аңғарларында өзендердің су режимдерінің әсерінен құралған шалғынды-аллювиальді топырақтар таралған.
Оңтүстік Қазақстанда топырақ жамылғысы биіктік белдеулік бойынша жақсы байқалады. Бұл аудандарда топырақ жамылғысының белдеулік шекарасы мұндағы табиғат зоналарымен абсолюттік биіктікте, орграфиялық ерекшеліктеріне және ылғал алып келетін территориясында топырақ биіктігі белдеулік бойынша бөлінеді:
1. Тау алды және тау етегіндегі шөлейтті сүр қоңыр топырақ белдеуі.
2. Таудың құрғақ шалғынды қоңыр топырақ белдеуі.
3. Биік тауда альпілік және суьальпілік тау шалғынды топырақ белдеуі. Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аудандарында сортаңдар кездеседі. Ең
төменгі вертикальдық белдеу Тянь-Шань жазықтық ашық қоңыр топырақ таралған. Бұлар Қазақстан бойынша аз таралған. Бұл топырақта қара шірік 0,7-1,5%. Қоңыр топырақ Қаратаудың етегінде, Талас Алатауының етегінде таралған. Осы топырақ 600-700 м. абсолюттік биіктікке дейін жетеді. Мұның құрамында органикалық заттар, қара шіріндісі жоғары болып келеді. Мұндай топырақтар егін егуде бағалы, құнарлы болып келеді. Талас Алатауының батыс бөлігінде, Өгем, Піскем жоталарында сұр топырақтар, қоңыр топырақтар кездеседі.
Адам тіршілігінде топырақтың атқаратын
қызметі мен маңызы өте зор. Топырақтың
құнарлы қабаты ұлттың байлығы болып табылады. Топырақ
тозып кетпес үшін үнемі байытып, оның
құнарлылығын арттырып отыру ертеңгі
ұрпағымыз үшін өте қажет, Топырақты эрозияға
ұшыраудан сақтау үшін ағаш отырғызып,
ауыспалы егін егу керек.
Бор дәуірі тау жыныстарын үгілу формалары
5-сурет
Өгем тауның оңтүстік- шығыс беткейі
6-сурет
7-сурет
Жануарлар дүниесі. Облыстың кең-байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі. Ал балықтардың 8 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың 240-тан астам түрі, сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50-ден астам түрлері мекендейді.
Жоғарыда айтылғандай, құстардың 128 түрі облыс жерінде ұялайды, ал 38 түрі тұрақты мекендейді, 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде кездеседі.
Балықтар класы бойынша оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде жайындар, сазан, майшабақ, табан балық, жылан балық, үкішабақ сияқты сирек түрлері кездеседі. Қосмекенділер класы бойынша шөлді-далалы жерлерде құрбақа, сулы жерлерінде жасылкөл балықтары кездеседі. Таулы аймақтарда бақалар 2800 м биіктікке дейінгі ендіктерде тіршілік ете алады. Құрбақалар «Қызыл кітапқа» енген. Жорғалаушылардың 9-ға жуық түрлері кездеседі: ұзынсирақ сығыркөз, сүр кесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке. Жыландардың 6 түрі кездеседі: оның ішінде оқжылан, қарашұбар жылан, далалық сұржылан, жолақты шұбар жылан - улы жыландарға; қалқанбас шұбар жылан, сарыбас жылан, сарықарын жылан улы емес түрлеріне жатады. Сарлан, оқжылан, төртжолақты шұбар жылан, сарықарын шұбар жыландар «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Мұнда құстардың 240-тан астам түрі кездеседі. Оның 14 түрі Қазақстан «Қызыл кітабына» енгізілген. Олардың ішінде қара дегелек, сақалтай, бүркіт, жыланжегіш, ителгі, лашын, ақ дегелек, кіші құтан, жамансары сияқты жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50-ден аса түрлері мекендейді. Көпшілігінің кәсіптік мәні бар, 1996 жылы Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелгендері де кездеседі
/ 3 /.
Облыстың жануарлары: лашын, шымшық, архар
8-сурет
8-сурет
2- ТАРАУ. ОҚО–ң экономикалық ерекшеліктері
проблемалары және болашағы
Оңтүстік Қазақстан облысының Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.
Барлық салалар 3 топқа бөлінеді.
Көбінесе ірі салалар көрсетілген. Олар бөлшек салаларға бөлінеді. Мысалы, отын өнеркәсібі мұнай, мұнай өңдеу, көмір жөне газ салаларын біріктіреді. Ал жеңіл өнеркәсіптің кұрамына токыма, тігін, тері өңдеу, аяқ киім және т. б. салалар кіреді.
Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т. б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр енеркәсіп деп атайды («А» тобы). Өсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы.
Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халык тұтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше орында.
Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80%-ға жетті. «Б» тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркөсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.
Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркөсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (таукен өнеркөсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері соларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты құрайды.