Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 16:48, дипломная работа

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысының халық шаруашылығына сипаттама дайындау жұмыстың мақсаты болып саналады. Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Республикасінің негізгі әкімшілік бөлінуі болған әр бір облысқа, оның даму перспективаларына талдау жасау жұмыстың міндеттеріне жатады. Әр бір облыстың өзінше ерекшелігі, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын құрылымы басқаша болғандықтан оның даму ерекшелігі, жоспарлары тек бір облысқа арналған болады. Оның даму перспективалары өз территориясының табиғат ресурстары, жағдайлары мен байланысты болып оны талдау жұмыстың актуалдығы болып есептелінеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ........................................................................................ 3
1- ТАРАУ. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық- географиялық
сипаттама .................................................................................
1.1.1.ОҚО-ң территориясының физикалық географиясы, орны, және шекаралары сипаттамсы. ............................................................6
1.1.2. Облыстың жер бедері.............................................................................9
1.1.3 Оңтүстіктің территориясының геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалар............ .........................................................16
1.1.4 ОҚО территориясының климаты және агроклиматологиялық жағдайлары..............................................................................22
1.1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік жамылғысы
және жануарлар әлемі...............................................................26
2 –ТАРАУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. ОҚО–ң экономикалық ерекшеліктері проблемалары және болашағы..........................................................................36
.2.1 ОҚО–ң экономикалық географиялық орны, әкімшілік территориялық бөлінуі..............................................................38
2.2 ОҚО – ң тұрғындар географиясы................................................40
2.3 ОҚО-ң қалалары........................................................................44
2.4 ОҚО-ң өнеркәсібі.......................................................................49
2.5 ОҚО-ң Көлік кешені. .................................................................57
2.6 ОҚО –ң ауыл шаруашылығы......................................................59
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дип.-Оңтүстік-Қазақстан-облысының-экономикалық-географиялық-проблемалары-және-болашағы.doc

— 1.79 Мб (Скачать файл)

«Адал»ЖШС тоқыма өнімдері, қазіргі кезде кәсіпорын мақта талшығын өндіруден бастап, дайын өнім шығарумен аяқталатын цикл бағдарламасын жасау үстінде.

«Эластик и К» АҚ - фабрика ай сайын 200 мың жұп жылы шұлық шығарады, бұл бұйымдар мақта - мата және жартылай жүн, махрадан жасалады, ерлерге, балаларға, әйелдерге арналған. Құрылыс материалдарын «Шымкентцемент» ААҚ («портлэнд» маркалы цемент), «Құрылыс материалдары» ААҚ (құрылыстық кірпіш) және басқа да кәсіпорындар шығарады.

«Шымкент май» ААҚ өсімдік майын, тропиктік стеарин (пальма майы), кірсабын шығарады, «Шымкент сыра» ЖАҚ - сыраны сыйымдылығы 50 литрлік КЕГ-ке құюға арналған, қуаттылығы 240 КЕГ/сағаттық жоғары технологиялық желі іске қосылды, ол өнімді 1777 мың декалитрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Шетел шикізаты негізінде жұмыс істейді. Өнімді өткізу, коммерациялық – делдалдық фирма «КиМ» ЖШС арқылы іске асырылады «Визит»АҚ салқын сусындар шығарады.

«Шымкент макарон фабрикасы» ААҚ әртүрлі ұн және макарон өнімдерін береді. «Теріден аяқ киім тігу зауытық ЖШС - ірі қараның терісін өңдеумен айналысатын, дамып келе жатқан кәсіпорын. Аталған кәсіпорындардан басқа қала шаруашылығының әртүрлі саласында көптеген ұсақ және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді.

Коммуналдық қызмет, қалалық және қалааралық жолаушы таситын көлік шаруашылығы дамыған.

ҚР үкіметі қабылдаған іс - шараларға сәйкес келешекте эспортқа бағытталған және импорттың орнын басатын өнімдерді шығарушы кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсетуге басты назар аударылмақшы.

Экономика саласындағы жағдайды барлығынан бұрын облыстың қалалары мен селоларының сыртқы пішіндеріндегі өзгерістерден байқауға болады. Соңғы бір - екі жылдың ішінде Шымкенттің, басқа да қалалары мен аудан орталықтарының көшелері мен алаңдары күрт өзгерді.

Соңғы жылдары еліміздің өмірінде болып жатқан күрделі өзгерістер қоғамның әлеуметтік бейнесінің өзігеруіне де әсер етті. Бірақ біздің адамдарымызды танымал еткен негізгі қасиет – ерекшелік өзгеріссіз қалды.

Ия, біздің берекелі өлкеміздің тұрғындарына тән ерекше «түстік» ділі соңғы жылдардағы қол жеткен елеулі жетістіктеріміздің негізі болып табылады. Ол ерекшелік ғасырлар бойында Ұлтаралық қатынастардың қара қазанында қайнап пісті. Нәтижесінде оңтүстік қазақстандықтардың мінез -құлқында бірден көзге түсетін сипаттар қалыптасты, ол ақкөңілділік пен қонақжайлылық, еңбекқорлық пен ерекше «түстіктік» белсенділік. Мұның барлығы қосылып, өлкенің табиғат сыйлаған бірегейлігін сақтауға және аға ұрпақтың мұраға қалдырып кеткен байлығын көбейте түсуге қабілеттілігінің дәлелі бола алады.

Құрылыс. 2004 жылы тұрғын үй құрылысына жалпы алғанда 2043750 теңге бөлінді. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар үшін коммуналдық тұрғын үй құрылысына қайтарымсыз негізде 393750 теңге, ал несие негізівде 1650000 теңге ипотекалық несиелеу жолымен іске асырыла-тын тұрғын үй құрылысына бөлінген.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің басшылығымен коммуналдық тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы есебінен Шымкент қаласында Желтоқсан көшесіндегі жалпы алаңы 8100 м2 тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталды. Пәтерлер тұрғындардың әлеуметтік қорғалған бөлігіне бөлінді.

Облыстың аудан, қала, ауылдық әкімгершіліктерімен бірлесіп, ипотекалық несиелеу жүйесіне оңтайлы қатысушылар санын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сол жұмыстар барысында 8 аудан анықталып, 2004 жылдың өзінде жалпы алаңы 87387 шаршы метр бір қабатты 70 тұрғын үйдің және 16 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылыстары басталып кетті.

Тұрғын үйлерді жобалау мен құрылыс жұмыстарына Оңтүстік Қазақстан облысының 96 кәсіпорны және мекемелері тартылған Құрылыста жұмыс істеушілердің саны 300( адамға жетті / 1,2 /.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петроказахстан компаниясының «Шымкенторгсинтез» зауытының көрінісі

                                                                 10 -сурет

 

«Адал» ЖШС тоқыма өнімдері шығаратын фабрика цехі

 

11-сурет

.

Оңтүстік Қазақстанның экономикалық картасы

12-сурет

 


2.5. ОҚО-ң көлік кешені

 

Автомобиль көлігі. Облыс жері арқылы 445,0 км қос бағыттағы темір жол 5,3 мың км автомобиль жолы, азаматтьи авиация жұмыс істейтін 27 мың км әуе жолы өтеді.

Облыс орталығында Орынбор — Ташкент және Түркістан — Сібір халықаралық магистралі түйіседі. Сонымен қатар, Таш кент — Шымкент — Тараз — Алматы және Ташкент — Шымкент — Түркістан — Самара автомагистралі өтеді. Облыс тұрғындарына барлық меншік нысанындағы                    5 автокөлік кәсіпорыны қызмет көрсетеді олардың 21 кәсіпорыны қалааралық және ауданаралық бағыттарда, 17-і Шымкент қаласының тасымалдау бағыттарының барлық түрлеріне қызмет етеді. Облыстың автомобиль жолдар желісі 525 бағыттан тұра ды, олардың 175-і қалааралық және 199-ы қала маңы бағыттары. Шымкент қаласын да 1282 кестеден тұратын 126 автомобилі бағыты және 30 кестеден тұратын 4 троллейбус бағыты негізінде қызмет көрсетіледі. Жалпы автомобиль жолдарының ұзын дығы 4467,7 км.

Әуе көлігі. "Шымкент" әуежайы 193 жылдың наурыз айында іске қосылды. Ол уақыттағы ұшақтардың барлығы "ПО-2" машиналары болатын. Бүгінде әуежайды "Ту-154", "Ту-204", "Ил-96-300", "Ил-76" "Ан-124", "Боинг-7478Р", "Боинг-300ЕР" типті ұшақтарды, басқа да әуе кемелері және тікұшақтардың барлық түрлері қабылдауға мүмкіндігі бар.

"Шымкент" әуежайы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға, Таяу және Қиыр Шығыс елдеріне баратын әуе көлігі жолдарының қиылысында орналасқан. Сондықтан да тікелей және транзитті халықаралық әуе рейстерін орындауға өте қолайлы. Қазіргі уақытта Шымкент әуежайынан Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Армения және Сирия елдеріне ұшатын әуе қатынасы орнатылған. Рейстерді "Аэротранс", "СКАТ", "Трансаэро", "Аіr Аsianа", "С8Т Аего" авиакомпаниялары атқарады.

"Шымкент" әуежайы тәулік бойы  жұмыс істейді, мұнда кедендік, шекаралық және санитарлық-карантин бақылауы орнатылған. "Сирена", "Габриэль" бронь жүйелерінің көмегі арқылы әуе билеттерін сатады. Жүк терминалымен және 500 шаршы метр алаңға орналасқан уақытша жүк сақтау қоймасымен жабдықталған.

Теміржол көлігі. "Темір жол бөлімшесі" тасымалдау процесін басқарушы құрылым ретінде облыс аумағында 1949 жылдың 1 қазанында Ташкент темір жолының құрамындағы Арыс стансасы басқармасында құрылды. 1959 ж. Қазақ темір жолының құрылуына байланысты Ташкент темір жолының құрамындағы Арыс стансасы қазақ темір жолының құрамына кірді.

Шымкент темір жол бөлімшесі арқылы тәулігіне әр түрлі бағыттарға (Өзбекстанға, Қырғызстанға, Ресейге және республика ішінде) қалааралық поездар жүреді. "Шымкент — Шеңгелді" қала маңы поезы 2004 жылдың қыркүйек айынан басnап Сарыағаш стансасына дейін ұзартылып, бұрынғы ескі вагондардың орнына жаңа және экологиялық таза электр поезд қатынайтын болды.

Шымкент тасымалдау бөлімшесі орташа есеппен тәулігіне 30 жұп жүк поездарына қызмет көрсетеді. Темір жол желісінің пайдаланылатын ұзындығы 497,3 км, орың ішінде екі және одан да көп желілердің ұзындығы 415,7км./ 5,7 /

Қазақстан темір жолының» Шымкенттегі вокзалы


13-сурет

 

2.6. ОҚО –ң ауыл шаруашылығы

 

2006 жылы облыс бойынша ауыл  шаруашылығының жалпы өнім көлемі (республиканың ағымдағы орташа бағамен), 97506,7 млн. құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 0,1% артық, оның ішінде өсімдік шаруашылығы -тиісінше -5709553 млн. теңге және 3,8% кеміген, мал шаруашылығы - 40411,4 млн. теңге 6,4% артық.

Мал шаруашылығындағы өндірілген жалпы өнім көлемінің 54,5% - мал мен құс еті, сүт -34,8%, жұмыртқа 4,6%, жүн — 1,3% және басқа өнімдер 4,8% құрады.

Өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемінің негізгі бөлігі (36,5%) картоп, бақша, көкөніске, мақтаға- 33,1%, 8,6% - дәнді дақылдарға тиесілі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің басым бөлігі Мақтаарал -18,9% немесе 18426,0 млн. теңге, Сарыағаш – тиісінше - 17,1%, немесе 16684,1 млн. теңге және Сайрам аудандарында 10,3% немесе 100013,9 млн. теңге тиесілі.

Өсімдік шаруашылығы

2006 жылы алдын ала мәліметтер бойынша 2005 жылғыдан облыста бақша өнімдері -33,4 мың тоннаға артық жиналды. Ал, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 7,2%, мақта – 6,2%, майлы дақылдар -27,1%, картоп -17,6%, көкеністер-0,7% жеміс-жидек-4,0%, жүзім - 1,4% аз жиналды.

Облыс бойынша 2006 жылғы жиналған жалпы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың (206,2 мың тонна немесе жалпы көлемінің 55,5% ), шитті-мақтаның (411,4 мың тонна немесе 94,5%), майлы дақылдардың (28,4 мың немесе 69,6%), бақша дақылдарының (272,4 мың немесе 83,1%) көбірек үлесі шаруа (фермер) қожалықтарының үлесінде; жұртшылық шаруашылықтарында негізінен, картоп - (80,8 мың тонна немесе 65,9 %), көкөніс (244,4 мың немесе 51,3%) және жеміс-жидек (43,2 мың тонна немесе 72,4%) өндірілді.

Мал мен құстың өнімділігі. 2006 жылы облыс шаруашылығының барлық санаттарында бір сиырдан орташа сауылған сүт 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,2% артып, 1990 кг құрады, ал бір мекиен тауықтан орташа алынған жұмыртқа – тиісінше -4,5% және 184 дананы, қой жүні өткен жылдың деңгейінде қалып-2,7 кг құрады.

Орташа облыстық дейгейімен салыстырғанда бір сиырдан сауылған сүт-Түлкібас-25,2% (25,3 кг), Мақтаарал-14,9% (2354 кг), Сайрам ауданында -6,7% (2124 кг) және Түркістан қ.ә. - 4,1% (2071 кг), бір мекиен-тауықтан алынған жұмыртқа - Сайрам ауданында -19,0% (219 дана) бір қойдан қырқылған жүн - Қазығұртта -22,2% (3,3 кг) және Түлкібаста -14,8% (3,1 кг) жоғары алынды.

Мал мен құс саны. 2007 жылдың 1 қаңтарына 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда облыс шаруашылығының барлық санаттарындағы ірі мүйізді қара малдың саны-7,1% артып, 650,8 мың басты құрады, соның ішінде сиыр - тиісінше -1,2% және 272,6 мың, қой мен ешкі 6,8% және 3180,7 мың, жылқы -4,8% және 126,1 мың, түйе -7,9% және 15,6 мың, шошқа -0,6 % және 29,7 мың басты, құс -5,2% және 2203,1 мың басты құрады.

Шаруашылықтың ішінде ірі қара мал (33,1%-ға), оның ішінде сиыр (27,1%-ға), сонымен қатар, қой мен ешкі (17,0%-ға) және түйе (39,9%-ға) басының өсуі - фермерлер қожалықтарында, жылқы (52Д%-ға) және құс (5,5%-ға)-ауылшаруашылық кәсіпорындарында байқалды

2007 жылдың 1 қаңтарында 2006 жылдың осы  күнімен салыстырғанда облыстың  барлық дерлік қалалық әкімшіліктері мен аудандарында түйе саны артқаны байқалады. Ірі қара мал саны Шымкент қ.ә. (13,5%-ға), қой мен ешкі саны – Көктау қ.ә. (9%-ға), жылқы саны - Созақ ауданында (3,8%-ға), шошқа саны - Сайрам (20,9 %-ға) және Шардара аудандарында (20,3% -ға) жеткен           / 1,2 /.

 

                                         

 

 

 

 

Шымкент құс фабрикасы

 

14-сурет

 

14-сурет 
Егін шаруашылығы. Үстіміздегі жылы облыс бойынша ауыл шаруашылық дақылдары 748,3 мың гектарга орналастырылды.

Дәнді дақылдар 247,7 мың гектарға, оның ішінде бидай 210,4 мың гектарға егілді.

Масақты дәнді дақылдар әр гектардан 12,5 центнерден барлығы 283,7 мың тонна, оның ішінде бидай әр гектардан 12,8 центнерден 259,2 мың. тонна өнім алынды.

Дәндік жүгері әр гектарьнан 37,5 центнерден, барлығы 63,8 мың тонна өнім жиналды.

Майлы дақылдар 46,4 мың гектарға орналастырылып, 40,1 мың. тонна өнім алынды.

Мақта дақылы облыс бойынша 200,0 мың гектарга орналастырылып, оның 196,3 мың гектарынан 435,3 мың тонна шитті мақта жиналды.

2006 жылы көкөністен 476,8 мың, картоптан 122,7 мың, бақшадан 327,9 мың, жеміс-жидек 59,6 мың, жүзімнен 29,9 мың, тонна өнім  жиналды.

Бүгінгі күнде облыста 7 элита тұқымын өндіретін шаруашылық ұйымдастырылған. Оның 4 дәнді дақылдар, 3-і мақта тұқымын өндірумен айналысады. Элиталық тұқым шаруашылықтарында өндірілген тұқымды одан әрі қарай көбейту үшін 26 шаруашылық арнайы тұқым шаруашылығы мәртебесін алды, оның 8-і мақтадан, 18 дәнді дақылдан.

Мал шаруашылығы. 2006 жылы облыс бойынша шаруашылықтың барлық санаттарында 137,7 мың тонна – мал мен құс еті (тірідей салмақпен), 526,8 мың тонна – сүт, 215,5 млн. дана жұмыртқа, 5,5 мың тонна қой жүні өндірілді. 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру-5,4 % , сүт-8,5%, жұмыртқа -5,5%, қой жүні-10,2 жоғары.

Үстіміздегі жылы шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 137,7 мың тонна ет, 526,8 мың тонна сүт, 215,4 млн. дана жұмыртқа, 5,5 мың тонна жүн өндіріліп, ірі қара саны 650,8 мың, кой мен ешкі 3180,6 мың, жылқы 126,1 мың, түйе 15,5 мың, шошқа 29,7 мың, құс 7203,1 мың басқа жетіп отыр. Мал шаруашылығы өнімдерін арттырумен бүгінгі таңда 83 асыл тұқымды мал шаруашылықтары мал тұқымын асылдандыру қызметімен айналысуда. «Оңтүстік-құс» АҚ-на жұмыртқа бағытындағы «Родонит» кросс асыл тұқымды жұмыртқаларын және балапандарын Германиядан алып келу үшін облыстық бюджеттен 10 млн. теңге қолдау қаржы (субсидия) бөлініп, игерілді.

Асыл тұқымды малдың үлес салмағын көбейту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша 30 шаруашылық құжаттарын дайындап, ведомство аралық сараптау комиссиясында қаралуда.

2006 жылы облыс бойынша 233 қолдан ұрықтандыру бекетінің 197-і жұмыс істеп, барлығы 84,5 мың бас сиыр қолдан ұрықтандырылды немесе жалпы сиырдың 36,7 пайызын құрады.

Ветеринариялық қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен жыл сайын 23 түрлі ауруға қарсы қаржы бөлініп, емдеу алдын алу және диагностикалық жұмыстар атқарылуда. 2006 жылы осы мақсатқа 277,6 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Диагностикалық анықтау іс-шараларына 218,2 млн. теңге бөлінген, 12 айда 218,2 млн. теңге игерілді.

Облыста орталықтандырылған 46 ветеринарлық қызмет көрсету орталықтары, 93 мал соятын орындар, 40 «Беккари» шұңқыры, 191 мал шомылдыратын ванналар салынды.

Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы