Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:20, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында[1], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында[3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде адамгершілігі мол шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................7
«Адамгершілік», «адамгершілік тәрбие» түсініктері....................................7
1.2 Жоғары сынып оқушысының психологиялық сипаттамасы мен оларға адамгершілік тәрбиесін беру маңызы..................................................................12
1.3 Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі Абайдың дидактикалық мұралары................................................................................................................20
2 АБАЙДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.......................................................................36
2.1 «Ұлы Абай» бағдарламасының мазмұны мен мақсаты...............................36
2.2 Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері..............................................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................61
ҚОСЫМША..............................................................................................................
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................
1 ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК
1.2 Жоғары сынып оқушысының
1.3 Оқушыларға адамгершілік
тәрбие берудегі Абайдың
2 АБАЙДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ
ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ..........................
2.1 «Ұлы Абай» бағдарламасының
мазмұны мен мақсаты...........
2.2 Анықтау және қалыптастыру
эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМША.......................
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында[1], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында[3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде адамгершілігі мол шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.
Бүгінгі таңдағы Егеменді еліміздің
ең басты мақсаты - өркениетті елдердің
қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен
орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық
білім беру жүйесінің даму бағыттарын
тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін
алға тартады. Осымен байланысты қазіргі
уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік
ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс
білім парадигмасының өзгеруімен қатар
жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші
орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын
емес, оның тұлғасын жан – жақты дамыту,
ұлттық тәлім – тәрбиені сіңірту, рухани
жан дүниесін қамықтыру міндеті қойылады.
Бұл мәселені шешу жас ұрпаққа туған тіл
табиғатын жете меңгертумен байланысты.
Себебі ХІХ ғ. Екінші жартысында өмір сүрген
неміс философы, лингвисі В. фон Гумбольдт
айтқандай «Тіл дегеніміз – ұлттық рух»
болып табылады.
Адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық даму сатысында зерттеу объектісі болғаны баршаға бергілі. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық, теориялық, философиялық негіздері Ж. Баласұғни[4], М. Қашқари[5], Я.А. Коменский[6], К.Д. Ушинский[7], В. А. Сухомлинский[8], Ж. Әбділдин[9], Д. Кішібеков[10], Ә. Нысанбаев[11] және т.б. зерттеулерінде орын алған.
Жеке тұлғаның адамгершілік дамуы мен ұлттық мәдениеттің қалыптасуын Ш. Уәлиханов[12], А. Құнанбаев[13], Ы. Алтынсарин[14], Ш. Құдайбердиев[15], Ж. Аймауытов[16], А. Байтұрсынов[17], М. Дулатов[18], М. Жұмабаев[19] және т.б. зерттесе, психологиялық негіздерін Б.Г. Ананьев[20], Л.И. Божович[21], Л.С. Выготский[22], В.В. Давыдов[23], Қ.Б. Жарықбаев[24], Ж. Намазбаева[25] және т.б. зерттеген.
Адамгершілік тәрбиесін ұлттық педагогика негізінде зерттеген еңбектер де С.А. Ұзақбаева[26], С.Қ. Қалиев[27], К.Ж. Кожахметова[28], Р.К. Төлеубекова[29] және т.б. баршылық.
Жеке ақынның әдеби ортасын, тікелей әсер еткен рухани айналасын танып, біліп болмай, сол тұлға туралы толымды пікір айту мүмкін емес деген пікірді басшылыққа алсақ, Абайдың әдеби ортасы тақырыбы – абайтану ғылымында зерттелу жағынан кенжелеп жатқан сала. Көп жылғы бодандық құрсауындағы Абай тұлғасы енді ғана өз биігінен көрініп, жаңа зерттеулерге бой ұсынып абайтануға тың міндеттер артқанына да аз уақыт болған жоқ. Десек те, Абайды ұлттық таным тұрғысынан бағалап, оның кемеңгерлігіне толымды баға беру ондаған жылдардың еншісіне сыя қоймайды. Әсіресе, кеңестік кезеңде өз заманынан, ортасынан, тіпті ұлтынан бөлініп, жеке-дара қарастырылған Абай есімі қайта, қайыра қарастырар жаңа пайымдауларға зәру. Академик З.Ахметов айтқандай: «Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнеріне не жаңалық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде, қазіргі заманда қоғамдық ой-сананың, әдебиеттің өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз» [30].
Елбасының «Бір мүдде,бір мақсат, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Астанада «Оқитын қоғам – бәсекеге қабілетті ел негізі» деген атпен Халықаралық Оқу Конгресі өткені белгілі. Конгресс жұмысы барысында кітап оқу мәдениетін ілгерілетудің әлемдік тәжірибелері кең талқыланып, оқудың ұлттық бағдарламаларына қолдау көрсету мен дамыту ынтымақтастығының болашағы мен кітапхана ісін ілгерілетудің жаңа амалдарын игеру жөнінде сөз болды. Конгресс барысында «Бір ел – бір кітап» атты маңызды акция жария етілді. Акция шартына сай қазақстандықтардың ортақтаса оқуына Абайдың «Қара сөздері» таңдап алынды. Бұл жайдан-жай емес. Өйткені Абайдың «Қара сөздері» - терең философияға толы, тіршілік түйткілдерін дәл болжай білген құнды мұра. Онда айтылған даналық ойларды жыл сайын оқысақ та, қайта-қайта оқысақ та зерікпейміз. Әр оқыған сайын көңілдегі көп сұраққа жауап алып, жаңа ой түйіндеп, басқаша тұжырым жасаймыз. Ұлттық рухымыздың ұлы тіні, ұлағатты ұлы ұстазы, қазақ жұртының ар-ожданы атанған Ахмет Байтұрсынов: «Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес,олардың сөзінен басқашалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсақ, азына түсініп, көбінің мағынасына түсінбей қаласың. Кей сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса мың қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағандығынан болатын кемшілік», - деген болатын. Соның бәрін таратып, танып, тағылым еткенге: таусылып, бітпес, түгесілмес қазына азық жатыр. Абайды тану, абайтану бір ғана әдебиеттің, ғылым мен өнертанудың, мәдениет, білім қызметінің ғана ісі емес, мемлекеттік іс болатыны да сондықтан. Алайда бұл әдебиеттерде оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беруде Абайдың дидактикалық мұрасын қолдану арнайы мәселе ретінде көтерілмейді. Сондықтан да, ендігі жерде педагогика және психология ғылымдарының Абай шығармашылығы мәселесіне қатысты еңбектерінің мүмкіндігін пайдалана отырып, оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру ісіне көңіл бөлуіміз қажет. Бұл біздің болашақ ұрпағымыздың адамгершілік қасиеттерін жоғарылатып, қоғамдық өмірдегі белсенділік деңгейін арттыруға көмектесетін маңызы бар мәселе. Мектеп оушыларына Абайдың дидактикалық мұралары арқылы адамгершілік тәрбиесін беру мен осы проблеманы шешудегі ғылыми әдістемелік ұсыныстар және тәжірибелік нұсқаулардың жетіспеушілігі арасындағы қарама-қайшылықтың болуы зерттеу тақырыбын «Абайдың дидактикалық мұрасы негізінде оқушыларға адамгершілік тәрбие беру» ретінде анықтауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Абайдың дидактикалық мұрасы негізінде оқушыларға адамгершілік тәрбие беру маңызын анықтау, әдістемесін ұсыну.
Зерттеу обьектісі: жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Абайдың дидактикалық мұрасы негізінде оқушыларға адамгершілік тәрбие беру.
Теориялық және әдіснамалық негіздері:
Жұмыстың әдіснамалық мазмұны Баласұғни Ж. [4], Уәлиханов Ш.Ш. [12], Құнанбаев А. [13], Ахметов З.[30], Әуезов М. Абай Құнанбаев. [31], ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жазылды.
Зерттеу болжамы: егер Абайдың дидактикалық мұраларының тәрбиелік маңызы анықталып, тиімді әдістемесі ұсынылса, онда адамгершілікті тұлға қалыптасқан болар еді.
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеу әдістері: педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, психологтер мен педагогтардың озық тәжірибелерін зерттеп жалпылау, тәжірибелік-эксперимент жүргізу, тест, бағалау, сұхбаттасу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, статистикалық, математикалық әдістер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы:«Адамгершілік», «адамгершілік тәрбие» ұғымдарына берілген анықтамалар жүйеленді, жоғары сынып оқушысының психологиялық сипаттамасы мен оларға адамгершілік тәрбиесін беру маңызы анықталды, жоғары сынып оқушыларына Абайдың дидактикалық мұрасы негізінде адамгершілік тәрбиесін беру негізделді, жоғары сынып оқушыларына Абайдың дидактикалық мұрасы негізінде адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі ұсынылды.
Зерттеу базасы: тәжірибелі эксперимент жұмысы Талдықорған қаласы А.С.Макаренко атындағы №6 мектебінде өткізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тарау, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстен күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңарулар тұсында тұр. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп тұр. Сондықтан біз өзіміздің зерттеуге алған адамгершілік тәрбие беру проблемасының мәні мен мазмұнын ашуды жөн көрдік.
Философиялық сөздікте генезис ұғымына – шығу, пайда болу ретінде анықтама берілген. Бастапқыда «генезис» термині ежелгі грек мифологиясында қолданылған. Кейіннен философияда, жаратылыстануда етек жайды[32].
Сонымен жалпы философияда көбіне ескінің қойнауында жаңаның пайда болуы мен алғышарттардың негізінде жаңа затттың қалыптасуы «генезис» ұғымымен белгіленеді.
Педагогика және психология ғылымының түсіндірме сөздігінде «Адамгершілік тәрбиесі – тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие. Адамгершілікке негізделген қарым-қатынас тәжірибесін игертеді. Адамгершілік тәрбиесі білім, білік, дағдыларды игерумен бірге, тұлғаның ар-ұжданын, танымдық қызығушылықтарын кешенді түрде дамытады. Адамды сүюді, оның бостандығын, құқығын, қадір-қасиетін құрметтеуді, рақымшылдық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады»- деген анықтама беріледі[30].
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі
жас ұрпаққа – адамгершілік тәрбие беру.
Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай
адамды қалыптастыру оның туған кезінен
басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу
үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,
ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»
деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың
бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды
қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті
тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші
рольатқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие
– екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің,
ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді
ықпалынан, екінші жағынан – оқушылардың
белсенділігін қамтитын қылықтарынан,
сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.
Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады.
Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті
өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты
ұйымдастыру процесінде, оқу ісінде жоспарлы
түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары
педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында,
жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің
құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы – ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, қойылымдар арқылы беріледі[33].
Информация о работе Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері