Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында[1], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында[3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде адамгершілігі мол шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................7
«Адамгершілік», «адамгершілік тәрбие» түсініктері....................................7
1.2 Жоғары сынып оқушысының психологиялық сипаттамасы мен оларға адамгершілік тәрбиесін беру маңызы..................................................................12
1.3 Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі Абайдың дидактикалық мұралары................................................................................................................20

2 АБАЙДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.......................................................................36
2.1 «Ұлы Абай» бағдарламасының мазмұны мен мақсаты...............................36
2.2 Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері..............................................................................................................50

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................61
ҚОСЫМША..............................................................................................................

Файлы: 1 файл

Абдрахманова Шолпан.doc

— 504.00 Кб (Скачать файл)

1 тақырып. Кіріспе.  Бұл алғашқы сабақтың мақсаты оқушыларға ой салу. алғашқы сабақтың мақсаты оқушыларға ой салу.  Алғашқы сабақ болғандықтан бұнда тек танысу, бірін-бірі жақын тану мақсатында жүзеге асырылады.  «Алғашқы танысу»,

«Мен кіммін?» жаттығуларын пайдалануға да болады.

Қатысудың қызметі – тұлғаның өзін тануы. Бұл жердегі  педагогтың міндеті – оқушының өзіндік «Менін» тануға көмектесу, өзінің қажет екендігін сезіндіру, өз-өзін бағалай білуін қалыптастыруға ықпал етеді. Мұғалім мен оқушы қатынасының өзіндік  мақсаты  бірін-бірі түсінуі.  Балалармен  дұрыс қарым – қатынас орнату  үшін олар туралы мынадай деректерді білуі қажет:

  1. Оқушы туралы жалпы мәліметтер /аты – жөні, мекен – жайы, отбасы/;
  2. Сыртқы келбеті, сөйлеу ерекшеліктері;
  3. Ақыл мен дарындылық құрылымы;
  4. Эмоционалды сезімдік сферасы, іскерлік сапалары;
  5. Адамдармен қатынасының сипаты:
    • қатынас формалары;
    • ұжым мүшелерінің қатынасы;
  6. Өзі - өзіне қатынасы.

Шараны сынып жетекшісі ашып, шара мазмұнымен таныстырды. Әрі қарай жүргізуші Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында мазмұнды баяндама жасады. Акцияға М. Жұмабаев атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары қатысып, Абайдың қара сөздерін нақышына келтіре оқыды. Кітапханашы А. Жүнісова Абай өлеңдері туралы мазмұнды баяндама жасады. Университет студенттері ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.

 

Формасы: әңгімелесу

 

Кесте – 1 «Ұлы Абай және адамгершілік тәрбиесі» бағдарламасы

 

Тақырыптары

Жұмыс мазмұны

 формасы

1

Кіріспе

«Абай мұрасы - асыл қазына»

 алғашқы сабақтың мақсаты оқушыларға  ой салу.  Алғашқы сабақ болғандықтан бұнда тек танысу, бірін-бірі жақын тану мақсатында жүзеге асырылады.  «Алғашқы танысу»,

«Мен кіммін?» жаттығуларын пайдалануға да болады

 

  әңгімелесу

2

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...».

Шараның мақсаты – жас оқырмандарға Абай өлеңдерінің шығу тарихын түсіндіру, олардың бойындағы ақпараттық мәдениет пен тиімді оқу дағдыларын күшейту.  Кеш соңында «Абай мұрасы – мәңгілік қазына» деген тақырыптағы кітап көрмесін ұйымдастыру.

 поэзия сағаты 

3

«Біз Абайды білеміз бе?»

  Сауалнама оқырмандарға алдын-ала таратылып қойылды. Оқырмандар жауаптарын сараптай келе олардың Абай жайында білімдері көңіл қуантарлық екеніне куә болдық.

сауалнама

4

«Адамгершілік – азаматтың парызы»

Адамгершілікті адам бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсыз?

Талапқоюшылық мейірімділіктің белгісі бола ала ма? Эгоизм дегенді қалай түсінесіз? Қандай адамды эгоист деп айтуға болады? Көпшіл болу тиімді ме? Сіздің сыныпта эгоистер бар ма? Тұрақсыз және немқұрайды адамдар туралы не айтар едіңіз? Қайырымдылық пен қатыгездіктің адамгершілік мәні туралы сіздің ойыңыз? Және т.б. сұрақтарға жауап беру

 сауалнама

5

 «Ұлы Абай және адамгершілік тәрбиесі»

 Мерзімді баспасөз беттеріндегі мақалаларға шолу жасау

 шолу

6

 Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

 Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі идеяларын бөліп қарастыру.

 Әдеби-монтаж

7

Абайдың өлеңдеріндегі адамгершілік тәрбиесі

 

Абайдың өлеңдеріндегі адамгершілік тәрбиесі идеяларын бөліп алып талдау.

 Пікірсайыс, ойқорыту

8

«Бала Абай»

Абайдың бала күнінен үзінді

қойылым

9

Абай және Шәкәрім

 Абай және Шәкәрім шығармашылықтарының ұқсас тұстарын талдау

 Диспут

10

«үлкенге сый-құрмет, кішіге жол көрсет»

 Идеология және әлеуметтік жаңару. Үлттық идеология астарлары. Қазақстандық патриотизм: ұлттық және азаматтық адамгершіліктің диалектикалық бірлігі 

 Топсаяхат

11

Біз не үйрендік

 «менің түсінігімше адамгершілікті тұлға, ол...» эссе жазу

 эссе


 

 

2 тақырып. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...». Шараның мақсаты – жас оқырмандарға Абай өлеңдерінің шығу тарихын түсіндіру, олардың бойындағы ақпараттық мәдениет пен тиімді оқу дағдыларын күшейту.  Кеш соңында «Абай мұрасы – мәңгілік қазына» деген тақырыптағы кітап көрмесін ұйымдастыру.

Формасы: поэзия сағаты

  1. тақырып «Біз Абайды білеміз бе?»

 Сауалнама оқырмандарға алдын ала таратылып қойылды. Оқырмандар жауаптарын сараптай келе олардың Абай жайында білімдері көңіл қуантарлық екеніне куә болдық.

4 тақырып «Адамгершілік – азаматтың парызы». Оқушылардың адамгершілік және Абай тақырыбына қызығушылығын, ой-ниетін анықтауда түрлі әдістерді пайдалануға болады. Адамгершілікті адам бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсыз? Талапқоюшылық мейірімділіктің белгісі бола ала ма? Эгоизм дегенді қалай түсінесіз? Қандай адамды эгоист деп айтуға болады? Көпшіл болу тиімді ме? Сіздің сыныпта эгоистер бар ма? Тұрақсыз және немқұрайды адамдар туралы не айтар едіңіз? Қайырымдылық пен қатыгездіктің адамгершілік мәні туралы сіздің ойыңыз? Және т.б. сұрақтарға жауап беру

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстен күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңарулар тұсында тұр. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп тұр. Сондықтан біз өзіміздің зерттеуге алған адамгершілік тәрбие беру проблемасының мәні мен мазмұнын ашуды жөн көрдік. Философиялық сөздікте генезис ұғымына – шығу, пайда болу ретінде анықтама берілген. Бастапқыда «генезис» термині ежелгі грек мифологиясында қолданылған. Кейіннен философияда, жаратылыстануда  етек жайды. Сонымен жалпы философияда көбіне ескінің қойнауында жаңаның пайда болуы мен алғышарттардың негізінде жаңа затттың қалыптасуы «генезис» ұғымымен белгіленеді.  Педагогика және психология ғылымының түсіндірме сөздігінде «Адамгершілік тәрбиесі – тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие. Адамгершілікке негізделген қарым-қатынас тәжірибесін игертеді. Адамгершілік тәрбиесі білім, білік, дағдыларды игерумен бірге, тұлғаның ар-ұжданын, танымдық қызығушылықтарын кешенді түрде дамытады. Адамды сүюді, оның бостандығын, құқығын, қадір-қасиетін құрметтеуді, рақымшылдық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады»- деген анықтама беріледі.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік  тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рольатқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалынан, екінші жағынан – оқушылардың белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, оқушылардың жетіктістерін зер салып талдау керек. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады.

  Формасы: сауалнама

5 тақырып. «Ұлы Абай және адамгершілік тәрбиесі» Абай көзқарасындағы ізгілік, тәлім – тәрбие дегеніміз не? Әрине, бұлар өз кезеңінде, әр уақытта сөз болған мәселелер. Дегенмен, қазіргі білім беру мақсатын жүзеге асыруда, біз дәл осы мәселелерге жаңаша көзқаарспен қарап, Абай шығармашылығын осы заман келбетімен зерделеп, терең тани таныта білуіміз керек. Мәселен, Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген 14 жолдық шағын өлеңінің барлық сөзі, барлық тіркесі сырт қарағанда өте түсінікті болып көрінеді. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген жолдағы ғылым сөзі осы күнгі біздің түсінігіміздегі ғылым болып қолданып тұр ма? Абай арабтың бұл сөзін екі мағынада пайдаланылған: біріншісі – оқу, білім, синонимі ретінде келуі, екіншісі – тра мағынасында қолданылуы. Ақын бұл сөзді жалпы білім, оқу мағынасында қолдану үстінде ғылым оқу, ғылым бағу, ғылым іздеу деген тіркестерді өзі жасаған. Атақты «ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінің осы жолындағы ғылым сөзі, жалпы оқу оқып, сауатты болу, білім алу дегенді білдіреді. 
Қазіргі нарық қыспағына қарамастан, «Интернатта оқып жүр» өлеңіндегіндей, «жаңа өспірім, көк өрім», «талай қазақ баласының» жоғары оқу – орнына түсуге талпынысы азайған жоқ. Бірақ көпшілігінің мамандық таңдаудағы ой - өрісі Абай заманында: «Я тілмаш, адвокат – болсам деген бәрінде ой», - деп бас қамынан аспайтын мұндай тар мақсаттың мұрат бола алмайтынын айтса, оған енді келіп нарық заманының бизнесімен, маркетинг, менеджмент сияқты «модный» мамандықтары қосылды. Ал бүкіл ел экономикасының негізін құрайтын ауыр және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы қажет, материалдық дүние өндіретін салалардың инженер технологтары мен агрономдарын «таңдауды» артынша оқығандардың үлесіне қалдырып кеткен жоқпыз ба? Ұлы Абай шығармашылығының тағы бір қозғайтын мәселесі – адам тәрбиесі, содан туындайтын бүкіл халық тәрбиесі. Қазақ халқының болашығы оның өз бетінше ел боуына, саяси бостандыққа қол жеткізуіне, экономикалық және мәдени кешеулеуден шығуына, қараңғылық пен кедейшіліктен құтылуына апаратын бірден eszадамгершілікке тәрбиелеу, өнер мен еңбекке баулу деп анық айтты. Ақыл - ойдың, сауаттылықтың дамуы үшін дүниеге шын көзбен қарап, нақтылы сезінудің қажетілігін барынша қорғап бақты. Абай қоғамның тәрбиесі жеке адамнан басталатынын көрсетті. Өйткені «Адам түзелмей - заман түзелмейді», - деп ашық айтып, тобырдың ішінде тұлға жүрмесе мәнінен айырылатын мезгеп, «не болады өңкей нөл» деп налыды. Сонда адам мұраты мен халық мүддесі ұшырастырытын тәрбиедегі басты нұсқа қандай десек, ұлы ақын: «ақыл сенбейтін іске сенбе, ондай іске кіріспе, әуелі білім, ғылым, өнер жолын таңдап алып, естілерден үлгі ал, еңбекпен ғана мал тап». 
Ұлы ұстаз жан – жақты, кемел тәрбиелі адам ғана «толық адам» санатына қосылады деп есептейді. Ал кемелдікке жетудің тура жолы – адам бойында имандылық қасиеттердің туындауынан басталады. Тәрбиенің қалған түрлері – адамгершілік, ақыл – ой, еңбек, дене тәрбиесі, бәрі де осындай мұсылмандыққа ден қойған жастың бойына тез үйіріледі деп пайымдайды. Осы тұста Абай өз заманындағы мектеп – медреселердің қызметіне көңілі толмайтындығын үнемі байқатып отырады. Әсіресе, дүние молдалардың баланың дұрыс уағыздап, теріс жолға салатынын айта келе, ұстаздардың тұлғасын ерекше жоғары қояды оларға үлкен сеніммен қарайды. 
Абай туындыларындағы басты орын алып отырған мәселе – еңбек тәрбиесі. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына кәміл сенеді, ал еңбекпен, саналы оймен, ақылмен істелген істің ғана нәтижесі оны:Өзіңе сен, өзіңді алып шыған, Еңбегің мен ақылың екі жақтап, - деп жырлайды. Адамның бойында жағымсыз қасиеттердің тууына қарсы тұру үшін оның ғылым мен білімге деген құмарлығын арттырып, дамыта түсуді өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып, оларды адамның жеке басының (дара тұлғаның) басты құдіреті деп түсінеді.

Формасы: Мерзімді баспасөз беттеріндегі мақалаларға шолу жасау

6 тақырып. Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі. Абайдың қара сөздері жалпы тақырып мазмұны жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі ойлар, пікірлер өлеңдерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап, пысықтап, әрі қарай жалғастыра дамытып отырады.  Бұл қара сөздер жанрлық, стильдік жағынан әр алуан. Мұнда терең публицистикалық тебіреністер де, жүйелі философиялық толғаулар да, ойға оралымды нақыл сөздер де, ғибрат ретінде жазылған аңыз-хиқая да, тарихи эссе- очерк те табылады. Қара сөздерді алғаш жазуға кіріскенде ақын: «… Ойыма келген нәрселерді жаза берейін … кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым», - деп қарапайымдылық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуға баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылады.

Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Қара сөздердегі бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көбін заманындағы оқушы ме тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді: Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларынын бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қарасөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдармен қайта айтылады. Бұл жөнініде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелеседі. Сол әңгіме үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Сонымен қатар осылардай адамдық сипаттың жауы болатын аярлық, жалғаншылық, бәлекұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекшілік, еріншектік, арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағынан алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдарымен келтіреді. Сөйтіп отырып, үгіт-өсиет жасайды. Сонда тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі де көп. Оның байқауынша, кейбір терең өсиет, озық ойлар тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін.

Сол себепті өлеңдерінде ұзақтан, тереңдетіп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын мынау қарасөзерінде оңайлатып, қысқартып айтатыны да кездеседі. Бұл ретте кейде ақынның өлеңінде кездесетін қайшылықтар және тарихтық тар көлемді түсініктер көбірек көрінетін кездері де болады.

Бірінші сөз мазмұны жағынан өзге «сөздерге» кіріспе ретінде жазылған. Абай өз заманының адамдары атқарған негізгі харекеттерге талдау жасаған. Олар: ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, бала бағу. Ел бағудан түңіліп, мал бағу қолынан келмейтінін айтады. Неліктен ғылым бағу мүмкін еместігіне нақты дәлелдер келтіреді. Өз ортасында ғылым сөзін сөйлейтін адам жоқ, олай болса білмегенді кімнен сұрайсың, білгенің кімге дәрі. Жағдай осылай болған соң ғылымның өзі - жан азабы,- дейді.

Формасы:  Әдеби-монтаж

7 тақырып. Абайдың өлеңдеріндегі адамгершілік тәрбиесі. Ақын өлеңдерінің ішкі идеялық мәнін ден қоя зерттеп, оның заманымен қабыстыра талдау жүргізген татар зерттеушісі А.Сағди Абайдың өскен ортасы, оның ақынға әсері туралы 1923 жылы «Ақжолда» төмендегідей құнды ой айтады: «Абайдың һәм барлық қазақ халқының отырған орны, қонып жүрген шеті көрінбес кең шөлдер, меңіреу үнсіз далалар болғандығы белгілі. Абай, міне, сол заманда, сол елдің ішінде сондай тіршілік орындары, сондай табиғат орындары ортасында туған, сонда өскен, бар өмірін сонда жасап, сонда өлген бір кісі. Кісіге сол ел, сол тұрмыс қандай әсер, қандай ғибрат бере алса, Абай да сол бізге өзі арқылы өлеңдерімен соны береді. Сол тұрмыстан алған жүрек толқындарын шығарады»,- деген пікірінде ақынға өз ортасының, айналасының әсер-ықпалын баса көрсету бар.

Төңкерістен кейін Абай ортасы тақырыбының бір саласын құрайтын ақынның өзгеге берген нәрі, яғни, ұстаз – Абайдың қарекетін айқындайтын Абай мектебі деген тақырыпқа баса назар аударылып, бұл мәселе ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты еңбектерде бөлініп атала бастады. Дегенмен, өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Абайдың әдеби айналасы деген мәселеге социалистік идеология сынды күшейтті. Осы жылдары сол кездегі жаттанды ой, социалистік қалыпқа түскен көзқарастардан ада, Абай мен оның дәуірін қосақабат қарастырып, көкейкесті пікір түзген М.Әуезов пен Қ.Жұбановтың мақалалары болды. М.Әуезовтің 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш өмірбаянында ақынның әдеби ортасы алғаш рет кең көлемде сөз болса, Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында автор Абайды оқшау күйде алмай, Шағатай әдебиетімен, қазақтың төл ауыз әдебиетімен байланыстыра қарастырылды .

Қырқыншы жылдардың басында Абай мектебі тақырыбын зерттеуді Әуезовтің кеңесімен Қ.Мұхамедханұлы қолға алды. Әуезов жетекшілік жасаған тақырыптың іргетасы қаланып, алғашқы қадамдар жасалды. Қ.Мұхамедханұлының Абайдың ақындық мектебі жайлы ізденістері жинақталып, жүйеленіп 1951 жылы кандидаттық диссертация ретінде қорғалды. Бірақ бұл тақырып тек абайтануда ғана емес, жалпы қазақ әдебиетінде үлкен дау туғызып, Абай тақырыбына айтарлықтай «зор кесірін» әкелді. Қанша қиын-қыстауды басынан өткергенімен ғалым «Абай шәкірттерінен» бас тартпады. «Абай мектебі» деген атау кеңестік әдебиеттің қалыбына сыймағандықтан, 1959 жылы алғашқы тақырыбын ауыстырып «Абай төңірегіндегі ақындар» (Поэты Абаевской поры) деген атпен диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана  Қ.Мұхамедханұлының Абай шәкірттері жайындағы «Абайдың ақын шәкірттері»деген төрт кітаптан тұратын, сондай-ақ, «Абай мұрагерлері» атты ғылыми еңбектері жарыққа шықты. Негізінен, осы тақырыпты қазақ әдебиетінің тарихында мәселе етіп көтерген М.Әуезов болып, әсіресе, Абайдың өзгеден алған нәрі жайын тек ғылымда емес «Абай жолы» эпопеясында да мейілінше қамтуға тырысты. Өткен ғасырдың 40-80 жылдар аралығында Абай ортасы, айналасына қатысты мәселелер негізінен ақынның дәстүрін жалғастырушы шәкірттері жайына болып, бұл тақырып төңірегінде  Ә.Жиреншин, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, А.Нұрқатов, М.Бөжеев, Ш.Сәтбаева сынды ғалымдар пікір білдіріп, ғылыми еңбектерінде сөз етті. Бұл ғалымдар өз еңбектерінде негізінен сол кездегі сыннан аман қалған Абайдың балалары Ақылбай, Мағауия, сондай-ақ, Ә.Тәңірбергенұлы, Т.Жомартбайұлы, Б.Айтқожаұлы сынды ақындардың кеңестік көзқарастар қалыбына сыятын шығармаларын ғана зерттеуге мүмкіндік алды. Осы арада ескеретін бір мәселе, саяси қысымға қарамастан, тиым салынған тақырыптарға қалам сілтеп, өткір ой айтқан, ғылыми пікір түзген зерттеушілерге бүгінгі таңда ерекше құрметпен қараған абзал. Абайдың ақын шәкірттеріне араша түсіп, жанкешті қадамдарға барған М.Әуезов пен Қ.Мұхамедханұлы ғана емес-тін. Абай шәкірттерінің ішінде «социалистік» қоғамға ерекше үрей әкелген Шәкәрім есіміне қатысты бірер деректі алға тартсақ, С.Сейфуллин, Б.Кенжебаев, М.Базарбаев, Ы.Дүйсенбаев, С.Қирабаев  сынды әр кезеңдегі ұлтжанды ғалымдардың батыл қадамдарына назар аударған жөн. Мәселен, кезінде Абай шәкірттерін айтқанда мүлде есімі атаусыз қалған есім Шәкәрім десек, С.Сейфуллин 1935 жылы Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын жарыққа шығарса, дәл осы жылы Б.Кенжебаевтың алғы сөз жазып, құрастыруымен шыққан А.Пушкиннің қазақ тіліндегі «Таңдамалысында» Шәкәрім аударған «Дубровскидің» енуі – батыл қадам болатын. Арада отыз жыл өткенімен әлі де аты аталуы әдеби қауымға үлкен қорқыныш туғызып тұрған шақта, яғни 1961 жылы С.Қирабаев Қ.Бейсембиевтің еңбегіне тоқтала келіп, Шәкәрімнің қоғамдық көзқарастарына сол кездің ықпалымен біржақты баға берген автор пікіріне орай: «Мүмкін Шәкәрімнің діни мистикасы өзімен бірге кеткен шығар да, оның әдеби мұрасы тарихта қалған болар. Ақын-жазушылардың әдеби мұрасын жалаң тұрпайылықпен емес, сүйе құрметтей отырып зерттеу орынды емес пе? Шын Шәкәрім сіз айтқандай болса, оны оқудың, зерттеудің керегі не? Жоқ, Шәкәрімді біз олай деп ұқпаймыз: оның қоғамдық көзқарасындағы қайшылығымен бірге өмірді көркемдікпен танудағы табыстары да сөз болуы керек дейміз» ,- деген пікірінің қажының құр құдықтағы сүйегін ұлы Ахат жападан-жалғыз жасырынып барып, қазып алатын ызғарлы уақыттың кезінде айтылғанын естен шығармаған жөн.

Информация о работе Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері