Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында[1], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында[3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде адамгершілігі мол шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................7
«Адамгершілік», «адамгершілік тәрбие» түсініктері....................................7
1.2 Жоғары сынып оқушысының психологиялық сипаттамасы мен оларға адамгершілік тәрбиесін беру маңызы..................................................................12
1.3 Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі Абайдың дидактикалық мұралары................................................................................................................20

2 АБАЙДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.......................................................................36
2.1 «Ұлы Абай» бағдарламасының мазмұны мен мақсаты...............................36
2.2 Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері..............................................................................................................50

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................61
ҚОСЫМША..............................................................................................................

Файлы: 1 файл

Абдрахманова Шолпан.doc

— 504.00 Кб (Скачать файл)

Он тоғызыншы сөзінде Абай: “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады”. Бұл да адамға өте қажетті, пайдалы ескерту емес пе?!

Абай жиырма бесінші сөзінде қазақ халқынан қадірлі, қоғамға пайдалы қайраткер шығару үшін орыс оқуының ерекше бағасын қадірлеп айтады. Оқушы өзі үшін емес, халқы үшін еңбек ететін адам болсын дейді. “Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да- бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады... Орыстың ғылымы, өнері- дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі”,-деп түсіндіре келе: “Турасын айтқанда, балаңа қатын әперме..., барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Балаң бала болсын десең –оқыт, мал аяма!”- деп ұсыныс жасайды, талап қояды.

Адамгершілік жөніндегі тәрбиелік тақырыпты Абай 32-ші сөзінде де 44-ші сөзінде де қайталап толық дәлелдеп өтеді. Бұларда ғылым басқа есеп үшін емес, адамның бас қасиеті өсуі үшін, арлы, мінезді толық мағыналы адам болу үшін жәрдем етсін дейді.

Отыз үшінші сөзінде Абай халықты өнерге үгіттейді: “Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол”, -дейді.

Абай отыз жетінші сөзінде қысқаша нақыл сөздер келтіреді. Солардың ішінен, мысалы, мыналарды келтіруге болады:

  1. Мен егер закон, қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
  2. Бақпен асқан патшадан 
    Мимен асқан қара артық. 
    Сақалын сатқан кәріден  
    Еңбегін сатқан бала артық. 
    Міне, бұл нақылдардың тәрбиелік мәні зор.

Қырық бірінші сөзінде Абай: “Қазақты я қорқытпай, я параламай ақылменен, не жырлап, не сырлап айтқанменен еш нәрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген... Енді не қылдық, не болдық! ”- деп назаланады. Бұл ақынның туған халқына жаны ашығандығы, қараңғы халықты қайтсек түзетеміз деп ылғи ойлап жүретін нағыз патриоттығы.

Ақын бұл жайды өзінің “келдік талай жерге енді” деген өлеңінде былай келтіреді:

Осы жасқа келгенше,

Өршеленіп өлгенше,

Таба алмадық еш адам

Біздің сөзге ергенді.

Өмірдің өрін тауысып,

Білімсізбен алысып

Шықтық, міне белге енді.

...Көңілде  қайғы, қасың зар,

Айтатұғын сөзім бар,

Салсың құлақ ұққандар

Өрбі сөзім, өрбі енді!

Мұнда көп өкініш, торығу бар.

Қорыта келгенде, Абайдың қара сөздері- оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына деуге болады. Бұл қарасөздердің құндылығы сол замандағы жағдайды, тарихтың шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып беруінде. Әрине, қазіргі заман үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы және Абайдың сол кездегі күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныстары - ескірген. Қазіргі қоғам үшін Абай өмір кешкен тарихтық орта мен қоғамдық байланыстар мүлде артта қалған дүние. Бұл тұрғыдан қарасақ қарасөздердің мазмұны мен мұраттары тек тарихи жағынан бағалы болмақ. Ал, Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес.

Бұлардан басқа Абайдың қарасөздерінің тілі де ғажап. Ол мұнда да поэзиясындағы сияқты көркемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының бастуымен “Бір ел- бір кітап” акциясына байланысты жыл кітабы болып ұлы Абайдың “Нақыл сөздері” (“Қара сөздері”) жариялануы өте құптарлық шешім. Өйткені Абайдың бұл еңбегінің тәрбиелік мәні зор. Бұл еңбекті әсіресе оқушылар, студент және жұмысшы жастар зейін қойып оқығаны дұрыс. Сонымен қатар бұл еңбекті оқытушылар, кітапханашылар, басқа да тәрбие жұмысымен айналысатын зиялы адамдар өздерінің күнделікті жұмыстарында пайдаланулары қажет. Абайтану мен Абайдың ортасы деген мәселелер тек бір-бірімен біте қайнасып жатқан дүниелер ғана емес, Абайды тану ең алдымен осы әдеби ортаның, нақтырақ айтсақ сол ортаны құрайтын әдеби топ – Абайдың ақын шәкірттерінің еншісінде. Ең алғаш Абай шығармаларын елге таратушы, жинап, кітап етіп бастырушы, ақын туралы құнды деректер беруші Абайдың айналасындағы көзі ашық ақындар мен өнерлі жастардың абайтану ғылымының іргетасын қалауға қосқан үлесі орасан.

Абай ортасы туралы ой түйіндерін ақын жайында айтылған алғашқы пікірлердің астарынан іздеген жөн. Абай айналасы туралы ой-пікір ұшқындарын Ә.Бөкейханов [51], М.Дулатұлы [18], А.Байтұрсынұлы [17], С.Ғаббасовтың [52] тағы басқа әдебиет пен мәдениет қайраткерлерінің мақалаларында көрініс тауып, бұл тақырып төңкерістен кейін кеңірек сөз бола бастады. 1918 жылы «Абайдың өмірі һәм қызметі» деген мақалада (мақала авторлары Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов) Абай дәстүрі, оның тікелей мұрагерлері турасында сөз болса, «Екеудің» «Абайдан соңғы ақындар» деген екінші мақаласы – шын мәнінде Абайдың дәстүрі, Абай мектебі тақырыбына арналған тырнақалды ғылыми дүние болуымен құнды [31]. Сыншы ғалым Д.Ысқақұлының сөзімен айтсақ: ««Абайда» жарияланған материалдардың ішінде «Абайдан соңғы ақындар» атты мақала ұстанған бағытының дұрыстығымен, көтерген мәселенің маңыздылығымен, айтқан пікірлерінің өміршеңдігімен ерекшеленеді» [53].

Ақын өлеңдерінің ішкі идеялық мәнін ден қоя зерттеп, оның заманымен қабыстыра талдау жүргізген татар зерттеушісі А.Сағди Абайдың өскен ортасы, оның ақынға әсері туралы 1923 жылы «Ақжолда» төмендегідей құнды ой айтады: «Абайдың һәм барлық қазақ халқының отырған орны, қонып жүрген шеті көрінбес кең шөлдер, меңіреу үнсіз далалар болғандығы белгілі. Абай, міне, сол заманда, сол елдің ішінде сондай тіршілік орындары, сондай табиғат орындары ортасында туған, сонда өскен, бар өмірін сонда жасап, сонда өлген бір кісі. Кісіге сол ел, сол тұрмыс қандай әсер, қандай ғибрат бере алса, Абай да сол бізге өзі арқылы өлеңдерімен соны береді. Сол тұрмыстан алған жүрек толқындарын шығарады» [53],- деген пікірінде ақынға өз ортасының, айналасының әсер-ықпалын баса көрсету бар.

Төңкерістен кейін Абай ортасы тақырыбының бір саласын құрайтын ақынның өзгеге берген нәрі, яғни, ұстаз – Абайдың қарекетін айқындайтын Абай мектебі деген тақырыпқа баса назар аударылып, бұл мәселе ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты еңбектерде бөлініп атала бастады. Дегенмен, өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Абайдың әдеби айналасы деген мәселеге социалистік идеология сынды күшейтті. Осы жылдары сол кездегі жаттанды ой, социалистік қалыпқа түскен көзқарастардан ада, Абай мен оның дәуірін қосақабат қарастырып, көкейкесті пікір түзген М.Әуезов пен Қ.Жұбановтың мақалалары болды. М.Әуезовтің 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш өмірбаянында ақынның әдеби ортасы алғаш рет кең көлемде сөз болса, Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында автор Абайды оқшау күйде алмай, Шағатай әдебиетімен, қазақтың төл ауыз әдебиетімен байланыстыра қарастырылды [54].

Қырқыншы жылдардың басында Абай мектебі тақырыбын зерттеуді Әуезовтің кеңесімен Қ.Мұхамедханұлы қолға алды. Әуезов жетекшілік жасаған тақырыптың іргетасы қаланып, алғашқы қадамдар жасалды. Қ.Мұхамедханұлының Абайдың ақындық мектебі жайлы ізденістері жинақталып, жүйеленіп 1951 жылы кандидаттық диссертация ретінде қорғалды. Бірақ бұл тақырып тек абайтануда ғана емес, жалпы қазақ әдебиетінде үлкен дау туғызып, Абай тақырыбына айтарлықтай «зор кесірін» әкелді. Қанша қиын-қыстауды басынан өткергенімен ғалым «Абай шәкірттерінен» бас тартпады. «Абай мектебі» деген атау кеңестік әдебиеттің қалыбына сыймағандықтан, 1959 жылы алғашқы тақырыбын ауыстырып «Абай төңірегіндегі ақындар» (Поэты Абаевской поры) деген атпен диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана  Қ.Мұхамедханұлының Абай шәкірттері жайындағы «Абайдың ақын шәкірттері» деген төрт кітаптан тұратын, сондай-ақ, «Абай мұрагерлері» атты ғылыми еңбектері жарыққа шықты. Негізінен, осы тақырыпты қазақ әдебиетінің тарихында мәселе етіп көтерген М.Әуезов болып, әсіресе, Абайдың өзгеден алған нәрі жайын тек ғылымда емес «Абай жолы» эпопеясында да мейілінше қамтуға тырысты.

Абайдың әдеби ортасы тақырыбын арнайы зерттеу нысанына алған ғалым М.Мырзахметұлы «М.Әуезов және абайтану проблемалары» деген зерттеу еңбегінің төртінші тарауын «М.Әуезов және Абайдың әдеби ортасы» деп атап, Әуезов зерттеулеріндегі Абай ортасы тақырыбын зерттеу нысанына алған. Осы тақырыпқа қатысты Әуезовтің тезистік тұрғыда бізге жеткен ой-тұжырымдары басшылыққа алына отырып, Абай ортасы тақырыбы «Абай ақындығының айналасы немесе «өзі алған нәрлері» және Абайдың ақындық дәстүрі немесе «өзгеге берген нәрі» деген екі үлкен салаға бөлініп, жан-жақты зерттелді.

Абайға әсер еткен Дулат, Сабырбай, Жанақ, Біржан сал т.б. ақындар, би-шешендермен кемеңгер ақынның байланысы жайында кешенді зерттеу болмағанмен, жекелеген зерттеушілердің ғылыми мақалалары, көзі қарақты қарттардың, журналистердің естелік-әңгіме, ел аузынан жиған мұралары бұл тақырыптың мүлде тоқырап қалуына жол бермеді. Бұл орайда Абайды тәрбиелеп өсірген әкесі Құнанбай Өскенбайұлы туралы Б.Сапаралының, Т.Жұртбайдың еңбектерін атап өткен жөн.

Ә.Тәңірбергенұлы, Ә.Найманбайұлы сынды ақындар мұрасының тек кеңестік саясатқа жаққан беті ғана сөз болса, Шәкәрім, Көкбай, Тұрағұл есімдері тек сексенінші жылдардың соңына қарай ақталып, шығармалары елдің тәуелсіздігі орнаған күннен бастап қана шын мәнінде зерттеле бастады. Жоғарыдағы зерттеу еңбектердің, мақалалардың ғылыми мәнділігінде, абайтануға қосылған қомақты үлес екендігінде дау жоқ.  Әйтсе де, бұл еңбектер көп уақыт зерттеу нысанынан тысқары қалған тың жатқан тақырыпқа енді салынған сүрлеу-жол іспетті. Қаншама жыл Абай ортасы туралы сөз ауыздықталып келгендіктен, зерттеу ісі көсіліп кете алмай, тек кейінгі жылдары ғана қолға алына бастауымен түсіндіруге болады бұл олқылықты.

Осыған қатысты Абай «ғылым білім» ұғымдарының маңыздылығына қандай баға береді? Абай көзқарасындағы ізгілік, тәлім – тәрбие дегеніміз не? Әрине, бұлар өз кезеңінде, әр уақытта сөз болған мәселелер. Дегенмен, қазіргі білім беру мақсатын жүзеге асыруда, біз дәл осы мәселелерге жаңаша көзқаарспен қарап, Абай шығармашылығын осы заман келбетімен зерделеп, терең тани таныта білуіміз керек. Мәселен, Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген 14 жолдық шағын өлеңінің барлық сөзі, барлық тіркесі сырт қарағанда өте түсінікті болып көрінеді. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген жолдағы ғылым сөзі осы күнгі біздің түсінігіміздегі ғылым болып қолданып тұр ма? Абай арабтың бұл сөзін екі мағынада пайдаланылған: біріншісі – оқу, білім, синонимі ретінде келуі, екіншісі – тра мағынасында қолданылуы. Ақын бұл сөзді жалпы білім, оқу мағынасында қолдану үстінде ғылым оқу, ғылым бағу, ғылым іздеу деген тіркестерді өзі жасаған. Атақты «ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінің осы жолындағы ғылым сөзі, жалпы оқу оқып, сауатты болу, білім алу дегенді білдіреді. 
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңінде ақын өз балаларын оқытуды өзгелерге үлгі етіп ұсынады. 
Қазіргі нарық қыспағына қарамастан, «Интернатта оқып жүр» өлеңіндегіндей, «жаңа өспірім, көк өрім», «талай қазақ баласының» жоғары оқу – орнына түсуге талпынысы азайған жоқ. Бірақ көпшілігінің мамандық таңдаудағы ой - өрісі Абай заманында: «Я тілмаш, адвокат – болсам деген бәрінде ой», - деп бас қамынан аспайтын мұндай тар мақсаттың мұрат бола алмайтынын айтса, оған енді келіп нарық заманының бизнесімен, маркетинг, менеджмент сияқты «модный» мамандықтары қосылды. Ал бүкіл ел экономикасының негізін құрайтын ауыр және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы қажет, материалдық дүние өндіретін салалардың инженер технологтары мен агрономдарын «таңдауды» артынша оқығандардың үлесіне қалдырып кеткен жоқпыз ба? Ұлы Абай шығармашылығының тағы бір қозғайтын мәселесі – адам тәрбиесі, содан туындайтын бүкіл халық тәрбиесі. Қазақ халқының болашығы оның өз бетінше ел боуына, саяси бостандыққа қол жеткізуіне, экономикалық және мәдени кешеулеуден шығуына, қараңғылық пен кедейшіліктен құтылуына апаратын бірден eszадамгершілікке тәрбиелеу, өнер мен еңбекке баулу деп анық айтты. Ақыл - ойдың, сауаттылықтың дамуы үшін дүниеге шын көзбен қарап, нақтылы сезінудің қажетілігін барынша қорғап бақты. Абай қоғамның тәрбиесі жеке адамнан басталатынын көрсетті. Өйткені «Адам түзелмей - заман түзелмейді», - деп ашық айтып, тобырдың ішінде тұлға жүрмесе мәнінен айырылатын мезгеп, «не болады өңкей нөл» деп налыды. Сонда адам мұраты мен халық мүддесі ұшырастырытын тәрбиедегі басты нұсқа қандай десек, ұлы ақын: «ақыл сенбейтін іске сенбе, ондай іске кіріспе, әуелі білім, ғылым, өнер жолын таңдап алып, естілерден үлгі ал, еңбекпен ғана мал тап». 
Ұлы ұстаз жан – жақты, кемел тәрбиелі адам ғана «толық адам» санатына қосылады деп есептейді. Ал кемелдікке жетудің тура жолы – адам бойында имандылық қасиеттердің туындауынан басталады. Тәрбиенің қалған түрлері – адамгершілік, ақыл – ой, еңбек, дене тәрбиесі, бәрі де осындай мұсылмандыққа ден қойған жастың бойына тез үйіріледі деп пайымдайды. Осы тұста Абай өз заманындағы мектеп – медреселердің қызметіне көңілі толмайтындығын үнемі байқатып отырады. Әсіресе, дүние молдалардың баланың дұрыс уағыздап, теріс жолға салатынын айта келе, ұстаздардың тұлғасын ерекше жоғары қояды оларға үлкен сеніммен қарайды. 
Абай туындыларындағы басты орын алып отырған мәселе – еңбек тәрбиесі. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына кәміл сенеді, ал еңбекпен, саналы оймен, ақылмен істелген істің ғана нәтижесі оны: 
Өзіңе сен, өзіңді алып шыған, Еңбегің мен ақылың екі жақтап, - деп жырлайды. Адамның бойында жағымсыз қасиеттердің тууына қарсы тұру үшін оның ғылым мен білімге деген құмарлығын арттырып, дамыта түсуді өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып, оларды адамның жеке басының (дара тұлғаның) басты құдіреті деп түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АБАЙДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ

2.1 «Ұлы Абай» бағдарламасының мазмұны мен мақсаттары

 

Зерттеу жұмысының келесі кезеңінде жоғары сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде Абайдың дидактикалық мұраларын пайдалану маңызын дәлелдеу мақсатында жоғары сынып оқушыларына арналған «Ұлы Абай» бағдарламасын құру қажеттігі тұрды. Сол мақсатпен біз мектеп психологымен, сынып жетекшісімен, ғылыми жетекшімізбен біріге отырып бағдарлама мазмұнын құрастырдық.

Бағдарлама құрастыру барысында жоғары сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктері, оларда кездесетін проблемалардың түрлері, олардың қызығушылықтары мен бейімділіктері, зерттеушінің жұмысты ұйымдастыру шеберлігі, оқушының жеке тұлғасына нұқсан келтірмеу сияқты мәселелерге көңіл бөлінді.

"Жазғытұры қалмайды кыстың  сызы" сияқты өлеңдерге назар  салсақ.Абайдың өмір кұбылыстары  сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге  айналдырып сипаттауда алдына  жан салмайтын суреткер ақын  екеніне ден қоямыз.. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға карап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп,  әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлендердің  қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" окығанда мұнда терең сыршылдық. ғиратты насихатшылыдқ, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те  бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлаү, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды, Осының өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі. қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығыні терең ашып көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалык мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік  жаңа  сапаға  көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің "Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға" өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан дүниеге келген туындылар еді. Мыс., Абайдың Лермонтов мәтінін казақша жеткізу әдістері әр түрлі.

Информация о работе Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері