Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында[1], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында[3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде адамгершілігі мол шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................7
«Адамгершілік», «адамгершілік тәрбие» түсініктері....................................7
1.2 Жоғары сынып оқушысының психологиялық сипаттамасы мен оларға адамгершілік тәрбиесін беру маңызы..................................................................12
1.3 Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі Абайдың дидактикалық мұралары................................................................................................................20

2 АБАЙДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.......................................................................36
2.1 «Ұлы Абай» бағдарламасының мазмұны мен мақсаты...............................36
2.2 Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері..............................................................................................................50

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................61
ҚОСЫМША..............................................................................................................

Файлы: 1 файл

Абдрахманова Шолпан.doc

— 504.00 Кб (Скачать файл)

Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген,  коркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын, жаңаша сипатты  дүние  болып келетіні. Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын қлендерініңі де әрқақайсы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күЙДІҢ мәнін. ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің  патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр шартарапқа". ••Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абай ойшыл акын екен деп танысак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсін. көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай аскан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші  шығады аңға". Жаздыгүн шілде болғанда". "Желсіз түнде жарык, ай".

Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Мыс., "Ой", "Теректің сыйы" сияқты елеңдер. Абай жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегеңде, көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: "Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып", - деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы "айдаһардай бүктеліп" дегенін еркіндікке жатқызсақ та, "арыстанның жалындай" дегені Лермонтовтың баска бір шығармасындағы: "И Терек, прыгая как львица, Абайдың замандастары - Дүтбай Уандыкұлы, Ысқақ. Солтабайүлы және інісі Оспан Құнанбайұлы  аударманың түп нұсқаға жақындық. дәрежесі ылғи бірдей емес. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында Абай  Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын лебізін, жаңа саласын казақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізеді. Барлық жарастық сәнімен казақ тілінде қайтадан туғызады. Солардың катарына "Альбомға", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз" сияқгы өлеңдерін жатқызуға болады.

"С косматой гривой на хребте,"- деп келетін сөздермен үндес екені байкалады. Және жал арыстанда ғана болатынын Абай  дұрыс ескерген ("львица" деп жаңылыс айтылған ғой). Абайдың аударма жасауға тереңдікпен, шеберлікпен, жауапкершілікпен келгенін байқайсыз. Абай аудармалары казақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табысы болды. Абай - мысал өлеңдердің де шебері. Қазак, халқының сол дәуірдегі өмірінің шыншылдықпен суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан аскан көркемдік құрал жок, Абайдың мысал өлендері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлендерді талдап танығанда мысалдың өзіндік жанрлық ерекшелігін ескеру қажет. Мысалдары толық мағанасындағы аударма емес, көбінесе, белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай  мысалдарының тағы бір дені ауыз әдебиетінен бастау алып, әлем халықтары әдебиетіңде кеңінен тараған ежелгі танымал мотивтерден тұратындығы. Ортақ сюжетке жазыла берер мысал жанрының типологиялық дәстүрін сақтай отырып, сол сюжетке мысал жазған ақындармен жарыска түскен: "Қарға мен түлкі" ( Эзоп, Федр, Бабрий, Крылов, Абай, Ыбырай, Әлихан, Ахмет, т.б.), "Құмырсқа мен шегіртке" (Эзоп, Федр, А. Құрманбаев, Абай, Әлихан, т.б.). Бұдан, Аарне және Томпсонның дүние жүзілік ертегілер каталогындағы сюжеттердің (сюжет ауысу теориясы) мысал жанрында әлем жазушыларының шығармаларында көрініс тапқанын байқап отырмыз. Абай мысалдары Крыловтан аударма емес, ортақ сюжетке жазылған төл шығармалар. Абай "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" атты көлемді прозалық шығармасын және "Демон" поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескерсек, поэма жанрындағы акынның шығармашылық ізденістері аз болмағанын көреміз. Бұл екі аудармасы мен "Әзім" поэмасы бізге толық жетпегендікген, нақтылы байлам жасау қиын. Ал "Масғұт" пен "Ескендір" туралы айтсақ, олардың өзгешелігі, бұрынғы осы сюжетке жазылған поэма-дастандар ізін кумай, баскд калыпта жазылуы поэмаларға даралық сипат берген.  Абай - әлемге көзкарасы калыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ақынның рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық  идеяларға толы. Ол күллі Шығыста филосфияның негізгі мәні болып табылатын "жетілген адамды" өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартты. Адамның шексіз танымдық мүмкіндіктері жөнінде, білім мен ғылымның әлеуметтік  рөлі туралы, адамтану мәселелерін көтерді.

Жоғары сынып оқушыларына «Ұлы Абай және адамгершілік» бағдарламасын құрастырудың негізгі мақсаты – психологтың көмегімен, қолда бар теориялық материалдар негізінде жоғары сынып оқушыларына  «адамгершілік», «адамгершілік тәрбиесі», «Абай шығармашылығы» жөнінде түсінік беріп, өзін-өзі анықтауларына көмектесу, бағдар беру.

Жоғары сынып оқушыларына «Ұлы Абай және адамгершілік» бағдарламасын құрастырудың негізгі міндеті:                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

-адамгершілік қасиеттер туралы  түсінік беру;

-Абайдың шығармашылығындағы адамгершілік тәрбие беру идеяларын ажырату;

- оқушының жеке тұлға ретінде жетілу жолында өз мінездерінің күшті де әлсіз жақтарын тануға бағыт беру;

- шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өзара қарым-қатынастық пен сыйластық, достықтың, бірліктің жағдайын жасау.

Жоғары сынып оқушыларына «Мен қазақпын мың өліп мың тірілген...» бағдарламасын құрастырудың негізгі міндеті:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     Адамгершілік, ізгілік бойынша ақпарат берудің өзектілігі.

    • Адамгершілік тәрбие теориясы.
    • Адамгершілік тәрбие беру принциптері.
    • Адамгершілік тәрбие қалыптастыру әдістері.
    • Адамгершілік және оқу-тәрбие үрдісі.
    • эксперимент өткізу мақсатындағы күтілетін  нәтижелерді бағалау.                                                                                                                                                                                                

 Жаңа адамды, болашақ қоғам адамын рухани, интеллектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі уақыттың күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе.

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстен күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңарулар тұсында тұр. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп тұр. Сондықтан біз өзіміздің зерттеуге алған адамгершілік тәрбие беру проблемасының мәні мен мазмұнын ашуды жөн көрдік. Философиялық сөздікте генезис ұғымына – шығу, пайда болу ретінде анықтама берілген. Бастапқыда «генезис» термині ежелгі грек мифологиясында қолданылған. Кейіннен философияда, жаратылыстануда  етек жайды. Сонымен жалпы философияда көбіне ескінің қойнауында жаңаның пайда болуы мен алғышарттардың негізінде жаңа затттың қалыптасуы «генезис» ұғымымен белгіленеді.  Педагогика және психология ғылымының түсіндірме сөздігінде «Адамгершілік тәрбиесі – тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие. Адамгершілікке негізделген қарым-қатынас тәжірибесін игертеді. Адамгершілік тәрбиесі білім, білік, дағдыларды игерумен бірге, тұлғаның ар-ұжданын, танымдық қызығушылықтарын кешенді түрде дамытады. Адамды сүюді, оның бостандығын, құқығын, қадір-қасиетін құрметтеуді, рақымшылдық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады»- деген анықтама беріледі.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік  тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рольатқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалынан, екінші жағынан – оқушылардың белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, оқушылардың жетіктістерін зер салып талдау керек. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады.

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді: «Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазған кітабы екен».

Қара сөздерінде Абай  әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.

Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М.Әуезов еді. «...Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді».

Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез-құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.

Ұлт болашағы – ұрпағында. «Елімізді 2030 жылы Кіндіказия Барысына айналдыратын күш бүгінгі мектеп партасында  отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» - деген Елбасы мемлекет тағдыры  мен ұрпақ тағдырырын қатар қояды. Сондықтан, мемелекетіміздің бүгінгі стратегиясы - өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, парасатты, ата-бабаның әдет -ғұрпы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген, ғылыми жұмыстарға бейім, өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды, білімді де салауатты тұлғаны тәрбиелеу.

Қазіргі кезде жас ұлпақты адамгершілікті тұлға ретінде қалыптастырудын психологиялық аспектісі көптеген психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық зерттеулердің көптеп қарастырылып келеді. Жасөспірімдердің даму кезеңдерінің бір нәтижесі психологиялық жеке бастық қасиеттерді қалыптастырырумен сипатталады, яғни, жеке бастық, азаматтық қасиеттері, ұжымдық бағыттылық, сенімділік, еңбекке және еңбек етушілерге жағымды қатынастар, кәсіби өмірлік жолдарына сенімділік, жалпы қабілеттер (ақыл-ой сапасы, белсенділігі, өзін-өзі реттеушілігі), арнайы қабілеттер, базалық еңбекке деген ептілік, дағдысы, білімі және т.б. Бұл жағдайларды мектеп оқушылары меңгеру үшін тұтастай комплексті зерттеу жүргізуді талап етеді. Біздің зерттеуімізде негізгі қаралатын мәселелердің бірі, жоғарғы сынып оқушыларының   өзіндік анықталуында олардың,  этнос дүниесіне жалпы бағыт -бағдарды, еңбекке деген жағымды қатынас құруы, теориялық білімді өзбетінше меңгеру ептілігі, этнос мүшесі ретінде  даму жолын тандауда өзінің жеке тұлғалық қасиеттерімен шешім қабылдаушылығы, ішкі және сыртқы дайындықгардың қалыптасуы процестерін зерттеу болып отыр.

Сонымен, жоғары сынып оқушыларына «Ұлы Абай және адамгершілік тәрбиесі» бағдарламасын   құрастыруда жоғарыда келтірілген теориялық білімдерді практикада пайдалануға күш салдық. Бағдарлама мазмұны 1 кестеде берілген.

Информация о работе Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері