Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:20, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында[1], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында[3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде адамгершілігі мол шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................7
«Адамгершілік», «адамгершілік тәрбие» түсініктері....................................7
1.2 Жоғары сынып оқушысының психологиялық сипаттамасы мен оларға адамгершілік тәрбиесін беру маңызы..................................................................12
1.3 Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі Абайдың дидактикалық мұралары................................................................................................................20
2 АБАЙДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.......................................................................36
2.1 «Ұлы Абай» бағдарламасының мазмұны мен мақсаты...............................36
2.2 Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері..............................................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................61
ҚОСЫМША..............................................................................................................
Көрнекілік: күлімдеген күн, түнерген бұлт, кемпірқосақ суреттері.
Нақыл сөздер:
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Шәкәрім.
Абай.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру. Баяу күй («Қайырлы таң») орындалып тұрады, оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдескеннен соң, тәрбие сағаты басталып кетеді.
2.Оқушылар орындарына отырып, музыка әуені тоқталады.
3.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Адамшылықтың шуағы сөнбесін». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.
4.Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітемін.
Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі. Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрініс болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.
Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі. Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.
Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген Күннің суретіне қараңдаршы,ол бірінші суреттен көресіздер.
Сурет №4 Күннің суретінен фрагмент
Жарық-күн – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Кәне бірінші бұлт. Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?
Бұлттағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығынана бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. (Бірнеше оқушыдан ойлаған ойлары сұралады).
Эксперименттік топ |
Бақылау тобы | |||
1- кесінді |
4 - кесінді |
1- кесінді |
4 - кесінді | |
Жоғары деңгей |
5,4% |
51,4% |
4,2% |
15,2% |
Орташа деңгей |
43,3% |
21,6% |
48,6% |
44,5% |
Төмен деңгей |
51,3% |
27,0% |
47,2% |
40,3% |
Эксперименттік топты анықтау тапсырмаларын орындаудағы сандық нәтиже көрсеткіші
Бақылау тобында жоғары сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесінің қалыптасуының деңгейінде аса өзгерістер болған жоқ.
Сондықтан, жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыс жоғары сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесінің қалыптасуының деңгейлерінің біз анықтаған көрсеткіштері мен өлшемдерінің объективтілігін дәлелдейді.
5- сабақ Прозасы. Шәкерім шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Сабақ типі- аралас сабақ
Жаңа сабақты меңгерту кезінде проза жанрының роман,әңгіме түрлеріне,
публицистикалық жанр бойынша мақаланың ерекшеліктеріне қысқаша тоқтала
кету керек болады.
«Әңгіме ұзын-қысқалығына
Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да болмайтын етіп жазу керек»
«Әңгіме-ең парасатты проза-дәл және қысқа жазылған проза»
«Әңгіменің елеулі ерекшелігі – жинақылығы, одан басы артық айтпауға болатын жайдың бәрі алынып тасталған да тек айтпауға болмайтын шындық қана қалған нағыз күшті және құдіретті проза
Әңгіме:
З, Қабдолов.
«Роман ойдан өрбіте баяндалған тарихи дәуір ұғымын береді»
Романның:
1 Көлемі үлкен
2. Мазмұны қат-қабат
3. Сюжеті мен композициясы орасан күрделі болады.
«Мақала дегеніміз- белгілі бір көкейкесті мәселе бойынша жазылған шығармашылық жұмыс.Ол публицистік стильде жазылады. Мақала белгілі бір тақырып бойынша жазған адамның ойын білдіреді.
Мақаланың жазылу мақсаты көбінесе көпшілікті үлгі-өнегеге, жақсы дәстүрге үйрету, жақсылықты, адамгершілікті насихаттау.
Мақаланың:
Мақаланың түрі көп: үлгі-насихаттық, проблемалық т.б.
Проза жанрын оқытуда көбінесе өзіміз құрастырған «Тарихи талдау» мен «Стильдік талдауды» ұсынамыз.
Стильдік талдау үлгісі
А) Ерекше детальдар
Ә) Суреттеу тәсілдері
Б) Троп түрлері
В) Фигура түрлері
Г) Баяндау тәсілі
Ғ) Сөз байлығы
Е) Ажарлау түрлері
6. Қорытынды.
Бақылау тобында аса көп өзгерістер болған жоқ.
Тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың қорытынды бақылау кезеңінде анкетаны қайта жүргізу көмегімен біз кезеңде жоғары сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесінің қалыптасуының деңгейлерін анықтадық. жоғары сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесінің қалыптасуының деңгейлерінің эксперимент басындағы және эксперименттен кейінгі көрсеткіштері көрсетілді.
Кестеде көрсетілген нәтижелер жоғары сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесінің қалыптасуының деңгейлерінің эксперимент барысындағы қарқынын көрсетеді. Экспериментальды топ балаларының мәдениет, өз елінің тарихы, ана тілін үйренуге деген ұмтылысы деңгейлері өсті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Абайдың сарқылмас
Ал «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Жаздыгүн шілде болғанда», «Желсіз түнде жарык, ай», «Жазғытұры қалмайды кыстың сызы» сияқты өлеңдерге назар салсақ Абайдың өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз.
«Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Бөтен елде бар болса», тағы сондай туындыларға карап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек, «Мәз болады болысың» атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» атты өлендердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал «Сен мені не етесің», «Ем таба алмай», «Қор болды жаным» секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.
Абайдың әр өлеңінде оның
осындай ақындық тұлғасына
Халықтың сөйлеу тілінің қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетілдірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалық байлығың терең ашып көрсетті, жаңа ырғақты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалық мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің «Евгений Онегинінен» бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, «Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі» атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың «Ой», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Қанжар», «Теректің сыйы», «Асау той, тентек жиын, опыр-топыр», «Жартас», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Альбомға» өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан дүниеге келген туындылар еді.
Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедця секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық, саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толык мағлұматтар алуға болады.
Сонымен ұлы Абайдың кез-келген шығармасын алсақ та, адамгершілікке толы екендігін аңғарамыз. Жоғары сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін беруде Абайдың дидактикалық мұраларын пайдалану үлкен нәтижеге жетуге мүмкіндік беретіндігіне көзімізді жеткіхдік. Алайда бір ғана зерттеу жұмысының барысында бұл тақырыпты толығымен ашу мүмкін емес, бұл басқа да зерттеу жұмысына арқау болары анық.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері