Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында[1], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында[3] көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде адамгершілігі мол шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................7
«Адамгершілік», «адамгершілік тәрбие» түсініктері....................................7
1.2 Жоғары сынып оқушысының психологиялық сипаттамасы мен оларға адамгершілік тәрбиесін беру маңызы..................................................................12
1.3 Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі Абайдың дидактикалық мұралары................................................................................................................20

2 АБАЙДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.......................................................................36
2.1 «Ұлы Абай» бағдарламасының мазмұны мен мақсаты...............................36
2.2 Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері..............................................................................................................50

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................61
ҚОСЫМША..............................................................................................................

Файлы: 1 файл

Абдрахманова Шолпан.doc

— 504.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау адамның іс-әрекетінің тиімділігіне және оның тұлға ретінде дамуына ықпал етеді. Өзіне-өзі баға беру ең алдымен, адамға басқалардың беретін бағасына қарай қалыптасады. Адам өзін айналасындағылар қалай бағалайтындығына қарай өзін-өзі бағалауға бейім келеді» деген анықтама берілген.Оның кең мағынасы өмірлік құнды шешімдерді қабылдаудан бастап бір актілі өзіндік әрекеттерді орындауға дейін жетеді. Осының нәтижесінде бір ұғыммен әртүрлі мазмүнды құбылыстар жалпыланады. Бұған сәйкес синонимдер өзбеттілікті, тәуелсіздікті береді. Мұндай көп мәнді ұғым қиындыққа әкеліп соғады. Сондықтан мұны нақтылау қажет. «Өмірлік» сияқты өзіндік анықтаулар біршама тұрақты сипатқа ие. Дегенмен оның әрқайсысы әртүрлі құбылысты бейнелейді және оның әрқайсысы ғылыми түсіндіруді қажет етеді.

Қазіргі кездегі орыс тіліндегі түсіндірмелі сөздіктерінде «өзіндік анықталу» өзін-өзі анықтау етістігі бойынша түсіндіріледі, яғни өзін-өзі ұғыну, өзіндік қоғамдық кызығушылықтарын ұғыну өзінің бар екенін анықтау, өмірде, қоғамда өз орынын білу, өз бетінше өмір сүре бастау деп түсіндіріледі [44].

Бұл үғымды әртүрлі психологиялық әдебиеттерде де түсіндіреді. А.В. Петровскийдің айтуы бойынша: «Топтағы тұлғаның өзіндік анықталуы — топтың құңдылық бағдарларына сәйкес еркін әрекет ету және топтық қысымның әсерінен тәуелсіз өзіндік үғыну" [40].

Ұжымның негізгі стратометрикалық теориясын жасау барысында А.В. Петровский «Ұжымдық өзіндік анықталу» ұғымын кіргізді. Мінез-қүлықтың бірыңғай бейнесін ұжымдардың міндеттерінен және тұлғаны бағалауы мен саналы ынтымақтастыру нәтижесі ретінде мінез-құлықтың бірыңғай бейнесін бірлік ретінде жалпылайды және топтың мақсаттары мен идеалдарын біріктіретін, оның қоғамдық идеологиясы мен арақатынасын біріктіреді [40].                                         

Тұлғаның    ұжымдық    өзіндік    анықталу    феномені    әлеуметтік психологиялық шындық болып табылады. И.С. Кон «өзіндік анықталудың» әлеуметтік және тұлғалық аспектілерін өзгешелей отырып, олардың автономиясын қарама-қарсы қояды. Ол өзіндік анықталудың әлеуметтік аспектісін «ересектер әлемінде өз орнын анықтау және нақты бағдарлау» - деп есептейді [36].

К.А. Абульханованың айтуы бойынша, өзіндік анықталу - қатынастар жүйесінде ішкі координаторда қалыптасатын тұлғаның өзіндік позициясын саналы ұғынуы. Осыған орай, ол қатынастар жуйесінің қалай қалыптасатындығы өзіндік тұлғаның анықталуымен қоғамдық белсенділігіне байланыстылығын көрсетеді [45].

А.В. Мудрик бұл ұғымға нақты анықтама бермесе де, өзіндік анықталудың, психологиялық механизмі мен қалыптасу деңгейін қарастырады. Ол өзіндік анықталудың қалыптасу деңгейін топта, ұжымда, құрбылар тобында ішкі ұжым мен топ құрамында көрсетеді [38].

А.А. Филиппов жөне М.Л. Кондратьева бұл үғымды кәсіби бағдар мен мамандықты таңдау теориясы төңірегінде қарастырады. Олардың айтуы бойынша, өзіндік анықталу тұлғаның өзіндік мүмкіндіктерін саналы үғынуға байланысты тұлғаны әлеуметтендірудің бір формасы ретінде қарастырылады[46].

А.М. Кухарчук және А.В. Ценциппер тұлғаның өзіндік анықталуының бір түрі кәсіби өзіндік анықталу жайлы былай деп жазады: «Ішкі күштерде (ресурстарда), соның ішінде қабілеттерді талдау нәтижесінде жүзеге асқан мамандықты өз бетінше таңдау және оларды мамандықтың талаптарымен арақатыстыру кәсіби өзіндік анықталу деп аталады» [47].

Жоғары сынып оқушыларының өзіндік өмірлік анықталулары философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық аспектілері бар мәселе. Бұл - «Мектеп және мектептен кейінгі кезеңдерді қамтитын процесс болып табылады және әлеуметтік педагогикалық факторлармен реттелінеді. Бұл процесте тұлғаның өндірістік іс-әрекет жүйесіне өтуі кәсіби бағдарланудың      әлеуметтік - педагогикалық,      құқықтық     жағдайларымен үйлесімділік табады».

Қандай тұлғаны өзіндік анықталған деп санаймыз? Нормативті жоспарда бұл - әлеуметтік жетілген, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алатын және адекватты түсінуге қабілетті орнықты тұлға. Бұл ықпал өзіндік сана-сезімдердің өз «менін» үғынудың субъективті жақтарын аша алмайды. Психологиялық жоспарда тұлғалардың өзіндік анықталу мәнін ашу әлеуметтік пісіп-жетілудің ішкі себептері ретіндегі өзіндік сана-сезімге ғана сүйене алмайды. Әлеуметтік жетілген тұлғалардың мінез-құлқы қоғамда қабылданған нормаларды сақтаумен ғана сипатталынбайды. Ол белгілі бір ұжымдық, топтық құндылықтарға бағдарлануы қажет. Құндылықтар, мақсаттар, өмірлік жоспарлар түрінде бола отырып, индивидтердің даму барысында «міндеттің мақсатқа айналуы» мәселесіне айналды[35]. Сондықтан да, жеке адамның, әлеуметтік пісіп жетілуінің мәнді керсеткіші, мағыналы құрылуы болып табылады. Әлеуметтік пісіп жетілген тұлғалардың басты белгісі — мақсатқа байланысты өзін анықтау, құндылықтарды топтау, ұжымдык, коғамдық талаптарын ескеріп қалыптастыру, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін индивидуалды сапаларын ортаның шартын ескере отырып, өзін табу және соларды тарату үшін белсенді сапалы іс-әрекетті жүзеге асыру болып табылады.

Алайда тұлғаның өзіндік анықталуы өзіндік сана-сезімге апару оның тәуелсіздігін қамти алмайды. Кезінде С.Л. Рубинштейннің өзі көрсеткендей тұлғаларды оны сана-сезімдеріне апару мүмкін емес деген идеясы өз күшін жоймайды [48].

Сонымен өзіндік анықталу дегеніміз - әлеуметтендірудің тәуелсіз сатысы. Оның мэні мынада: индивидте өз мақсаты мен өмірлік мағынаны ұғынуды қалыптастыру, өз тілектерімен, мүмкіндіктерімен, талаптарымен арақатысты тәуелсіз өмірлік іс-әрекетке дайын болу, қоғам жэне қоршаған ортаның қойған талаптарына дайын болу деген сөз деп ойлаймыз.

Тұлғаның өзіндік анықталуы-жинақталған адамзаттық тәжірибені меңгеру болып табылады. Соның негізінде "Менің" жоспарында еліктеу және идентификация өтеді. Сөйтіп индивидте өзіне тән қайталанбайтын касиеттер калыптасып, персонификация процесі өтеді. Еліктеуден кейінгі идентификация жөне конформдылық тұлғаның персонификациясын қанағаттандыратын жетекші бастау болып табылады. Әлеуметтік тәжірибенің жинақталуы бойынша персонификация жетекші рөл атқарады, сырттай конформ сияқты болады. Сондықтан, идентификация мен персонификация жеке адамның өзіндік анықталу механизмімен біріккен екі процесс болып табылады. Тұлғаның өзіндік анықталуының қозғаушы күші - «қалаймын», «жасай аламын», «бар», «сен міндеттісің» арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Сөйтіп, олар «мен міндеттімін», «басқаша жасай алмаймын» деген мәселелерге айналады. Осыған байланысты мына жағдайды нақтылауға болады: өзіндік бағалау идентификацияға карағанда тұлғадағы өзіндік анықталу үшін екінші механизм болып табылады және онсыз персонификацияның жүзеге асуы мүмкін емес   [46; 47; 48].

Олардың өзара әрекетінде мәні жағынан бірінші механизм өзіндік анықтаудың мінез-құлық аспектісін, екіншіден когнитивті аспектісін қамтиды.

Өзіндік анықталудағы ең күрделі мәселелердің бірі одардың сатылары мен   шекараларын   анықтау.   Біздің  пікірімізше:   мұндағы  негізгі   критерия тұлғаның өмірлік мағынаны түсіну деңгейін ескеру қажеттіліп жатады, сонымен қатар тұлғаның өзінің өмірлік анықталудағы өзбеттілік сипаты және «қалаймын» - «жасай аламын»- «бар» - «талап етемін» деңгейлерін арақатынастыратын іс-әрекеттің түрлері жатады.

Бірінші сатыда индивид үшін жетекші формаға теориялық үғынуды қалыптастыратын шарттар болып табылатын мақсатты бағытталған оқу іс-әрекеті жатады. Тұлғаның қалыптасуының негізгі механизіміне еліктеуді кіргізетін идентификация жатады. Өзіндік бағалаудың объектісіне ұжымдық іс-әрекет шеңберіндегі оқудағы сәттіліктер жатады. Бала өзінен не талап ететінін, қолынан не келетінін бірақ, өмірлік мағынаны түсіну жайлы әлі ойламайды. Бұл саты кіші мектеп жасына сәйкес келеді.

Екінші саты оқу іс-әрекетіндегі қарым-қатынаспен сипатталады. Бұл процесте оқушыларды өзін қоршаған және өзінің сапаларына бағдарлану қабілеті қалыптасады. Оқушылар өзінің мінез-құлқын қоғамда, ұжымда қабылданған өнегелік нормаларға бағындыру қажет екенін саналы түсініп сол мүмкіндіктерін меңгереді. Яғни, қарым-қатынаста қоғамдық пайдалы және оқу іс-әрекетінде өзіндік сана - сезімнің негізгі аспектілері қалыптасады. Басқаша айтсақ, өзіндік бағалау бірінші кезекте басқалардың ішінде мен қандаймын, оларға қаншалықты ұқсаспын деген сұрақтарға жауап табуына бағытталады. Бұл жерде «қалаймын» дегені «істей аламын» дегенімен алмастырылады.

Өзіндік анықталудың қүрылымындағы «бар» деген құрылымын балалар ұғынады және өзінің кейбір тәндік, өнегелік-еріктік, интеллектуалды сапаларын адекватты бағалай алады. Тұлғаның қалыптасуының механизмі ретінде персонификация идентификациямен бақталасады. Соның негізінде негативизм формасын алады. Екінші саты тұлғаның жеткіншек жасына сәйкес келеді.

Үшінші саты - іс-әрекеттің жаңа сапалы формасымен сипатталады, яғни болашақ мамандықты таңдаумен қоғамдық әлеуметтік құрылымдағы орнын  анықтаумен байланысты болады.  Соның негізінде зерттеу ептілігі, кәсіби қызығулар, өнегелі идеалдары, өмірлік жоспарлары оқу іс-әрекеттің күрделенуімен қалыптасады және іс-әрекеттердің әлеуметтік мәнді формасыңда дер кезінде қатыса алуына дайындығы туындайды. Бұл жағдайда жоғары сынып оқушысының өз бағалауы мына сұрақтарға қатысты бағдарланады:

- Өз идеалдарына қаншалықты  ұқсайды, қаншалықты жақын?

- Жоғары   сынып   оқушыларының   өзі  үшін  кім   болып  табылады? Басқаларға    қаншалықты    мәнді?    Қоршағандар     оның    өз     «Меніне»  қаншалықты эсер ете алады? Міне, осы сұрақтар төңірегінде өрбиді. Өмірлік   мағынаны   іздеудің   ішкі   жоспары   негізгі   өмірлік   мақсаттарды қабылдау    тұлғаның    өзіндік    қабылдауының    барлық    сатыларын арақатыстырады.

Үшінші саты тұлғаның жасөспірімдік (жоғары сынып оқушыларының) даму сатысына сәйкес келеді. Әрбір жас даму сатылары ішінде сынаушылар өзіндік анықталудың әртүрлі деңгейінде кездеседі. Осы жағдай берілген белгілер бойынша оқушылардың индивидуалды ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Тұлғаның, өзіндік анықталуының салыстырмалы аяқталуы ересек жасөспірім кезеңінде тіпті кеш жас кезеңінде де аяқталады. Себебі, адам өз өмірінде мамандығын, өз отбасын өзгертеді, әлеуметтік статусын өзгертеді, көзқарасын өзгертеді, дінін өзгертеді. Осы жағдайлар арқылы өзіндік анықталуы жалғаса береді. Алайда өзіндік анықталуды көпшілігі 18-25 жас аралығында нақтылап, адаптациядан өтіп ары қарай жетіле береді.

Жас еспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жас өспірімге өзін керсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. Бірақ адам практикалық іс-әрекетте өз орнын әлі таппаған кезде онын өзі туралы түсінігі біршама диффузиялы әрі орнықсыз болмай қоймайды. Осыдан келіп ол бөтен «рольдерді атқарып, өзін тексергісі келеді, кұбылады, өзін әдейі болсын, ұғынбай болсын бекерге шығарады. Жас өспірім аяғына дейін ағынан жарылғысы келеді, өзін жұрт түсінсе екен дейді («Дүйсенбіге дейін жетіп алайық» фильмінің жасөспірім кейіпкерлерінің «Бақыт — сені басқалардың түсінуі»,— деген ,,сөздері ерекше типтес), өзінің ішкі жан дүниесін аша алмайтынына қиналады. Өзіңе сенімсіздік өз кезегінде қарым-қатынаста «өзін жоғалтып алу», күлкі боламын деген қорқыныш туғызады.

Осы себептен де толғаныстарын, арман-мұраттарын салыстырғанда, өзі туралы айтуға мүмкіндік беретін интимдік достықтың маңызды мәні бар. Қазіргі жас өспірімдер биік сөздер мен мейірімділік көріністерінен қашқақтайды. Олардың достық қарым-қатынасы көбіне әдейі бүркемеленіп, дөрекілендірілген, Бірақ мұны шынында осылай екен деп жанылысуға болмайды. Адамдардың қарым-қатынасында коммуникацияның объективті мағыналық мазмұны мен оның эмоциялық маңыздылығы арасында тікелей байланыс бола бермейді. Оныншы-он бірінші сыныптарда оқитын екі адамның арасындағы телефонмен сөйлесудің кілең бір одағайлардан тұратын мағынасыздығына шамданатын үлкендер мұндай әңгімелесудіқ логикалық емес, эмоциялық өмірлік мазмұны болатынын және бұл мазмұн сөздер мен сөйлемдерден гөрі дауыстың ырғақ, құбылыстарымен берілетінін, бөгде тыңдаушы үшін мағынасыз әрі түсініксіз болғанымен (олар мұны кейде әдейі осылай істейді) мұның бір-біріне көңіл күйінің ең нәзік өзгерістерін дәл жеткізетінін аңғара бермейді.

15—16 жастарында балаң  жігіттер  де, қыздар да достықты адамдардың  қарым-қатынасының ең маңыздысы  деп санайды. Жас өспірімдер достығының  көтеріңкі эмоциялылығы оны ішінара  қиялдағы достыққа айналдырады. Жас өспірім достықта өзін ғана емес, өзіндегі достықты да қиялға айналдырады. Оның дос туралы түсінігі көбіне нақтыдан гөрі өзінің мұратындағы «меніне» жақын. Өзіне ұнаған адамдар оған шындық болмыста солай болғанынан гөрі өзіне неғұрлым ұқсас болып көрінеді. Достыққа қойылатын талаптар деңгейінің жоғары болатыны соншалық нақты өзара қарым-қатынастар онша жақын еместей көрінеді. Күшті эмоциялық ұнамдылықты қажет еткен жас өспірім бұл сезімдерді туғызған объектінің нақты қасиеттерін кейде аңғармайды да. Кейде басқа құрдасына не өзінен үлкен адамға деген бір жақты сезім достық деп ұғынылады.

Көпшілік жағдайларда басқа жастардағы адамдардың бәрі секілді жоғары сынып оқушылары да өз жынысына қарай кұрдастарымен достасуды жақсы көреді. Жас айырмашылығы бір-екі жылдан асатыны сирек кездеседі. Алайда бірқатарында, әсіресе қыздарда, өзінен үлкендермен достық қарым-қатынаста болу қажеттігі кездеседі. Көптеген жас өспірім жігіттер мен қыздар өзінен кіші балаларды шын ықыласымен бағыпқағады, одан үлкен қанағаттылық табады. Бірақ жасы кішілермен қарым-қатынас достықтың орнын баса алмайтын қосымша бірдеңе деп қаралады. Егер жалпы дамуы дұрыс жігіт не қыз жақын достар таңдағанда өзінен кіші жеткіншектерден ғана таңдайтын болса, мұндай таңдау көбіне мәжбүрлік сипатта болады да, құрдастарымен қарым-қатынастардағы қиыншылықтардың есесін толтырады. Бұған ұялшақтық, тым көтеріңкі талаптар не басқа бір жайлар себеп болуы мүмкін. «Топ, ұжым  мүшелерінің  көпшілігі  бір – бірімен  өзара  жарасымды  қарым – қатынаста  болады. Ондай  адамдар  бір – бірімен  мүдделес, ортақ істері бар, әнгімелері де ылғи жарасып жатады, көпшілік адамдарда мұндай дос – жаран онша көп болмайды (3-5 адам). Ұжым ішінде  мұндай шағын  топтардың  болуына қарамастан, ол өзінің бірлігің сақтап  бірынғай бірлестік ретінен өмір сүре береді»-дейді В.В.Богославский өзінің «Жалпы психология» атты еңбегінде [49].

Информация о работе Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мазмұны және нәтижелері