Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:13, дипломная работа

Описание работы

Зеттеудің міндеттері:
- ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
- ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- ұлттық білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.

Содержание работы

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы
1.2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ
2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломная работа Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.doc

— 400.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

Мазмұны

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ     ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 Қазақстан Республикасында  ұлттық білім беру жүйесінің  даму жағдайы

1.2   Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері

 

2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ  ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ

2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық  білім беру жүйесін дамытудың

негізгі тенденциялары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің  көкейтестілігі: 2005-2010 жылдары «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында», «Білімді дамыту Тұжырымдамасында», Қазақстан Республикасының «Білім беру Заңында» приоритеттік міндеттер қатарында қазақ мектептері және оның білім беру мазмұнын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Себебі, біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне ену үшін жалпы бастауыш білім беретін мектептеріне арналған білім беру мазмұнын реформалау қажеттілігі туындап отыр. Осы алға қойылған көкейтесті мәселелерді шешу жолдарының бірі өткен уақыттағы бай теориялық мұраны және тәжірибені ұғынып түсіну  және қолдану болып табылады.

Бірақ, бұл уақыт  жіберілген қателерді жою, сынау, мәселені шешудегі жаңа жолдарды іздестіруге  т.б. оқиғаларға толы уақыт болды. Сол  мәселелер ішінде өз шешімін күтетін  білім беру мазмұнына қатысты  проблемалар да бар.

 Қазақ мектептері, ондағы білім беру мазмұнына қатысты мәселелер педагогика ғылымы мен теориясының өте көкейтесті проблемаларының бірі.  Педагогика ғылымында оған байланысты көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аталған феноменге қатысты проблемаларды зерттеудің түп тамыры, бастауы тереңге кетеді. Бұл мәселе әлемдік педагогика классиктері Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Гербарт, К.Д.Ушинский т.б. ғалымдардың есімдерімен және олардың еңбектерімен тығыз байланысты.

Қазақстан педагогика ғылымында мектептің даму тарихы мәселесімен бір қатар ғалымдар шұғылданып түрлі аспектілерден:

  • ХІХ ғ. екінші жартысында халық ағарту ісі мен мектеп тарихын (Т.Тажибаев, Г.М.Храпченков т.б.);
  • қазақ кеңес мектебінің тарихын (А.И.Сембаев т.б.);
  • халық ағарту саласындағы орыс-қазақ достастығын (К.Б.Бержанов);
  • кәсіптік білім беру тарихын (Г.А.Уманов т.б.) қарастырды.

Бастауыш мектептегі білім беру мазмұнын теориялық тұрғыдан Ресей және қазақстандық ғалым-педагогтар И.П.Подласый, Т.С.Сабыров, Р.М.Қоянбаев, Қ.Т.Ыбраимжановтар зерттеді. Оның ішінде оқулықтарды құру мәселесімен Ю.К.Бабанский, Т.А.Ильина, И.О.Харламов, Н.А.Сорокин,    В.В.Краевский, М.Н.Скаткин, Д.Д.Зуев, И.Я.Лернер, В.П.Беспалько, А.Е.Абылкасымова, Ж.А.Караев, К.А.Аймағамбетова т.б. зерттеді.

Біздер зерттеуге  алған мәселелер бойынша:

  • бастауыш мектепке мұғалім кадрларын даярлайтын оқу орындарының даму тарихын (Р.К.Бекмагамбетова);
  • бастауыш мектептің даму тарихын (Қ.Т.Ыбраимжанов);
  • кіші жастағы оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін (А.К.Аренова);
  • музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыруды (Ж.Таубалдиева);
  • бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытуды (А.Б.Медешева);
  • жалпы білім беретін ауыл мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларына экономикалық тәрбие беру (Ж.А.Жүнісбекова);
  • педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру (К.І.Аманқұлов);
  • бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану (Б.С.Сайдахметов);
  • бастауыш мектепте математиканы оқыту жөніндегі  әдістемелік ой-пікірдің қалыптасуы (Б.М.Қосанов);
  • бастауыш мектепте математиканы оқытудың мазмұны мен оның құрылымының ерекшеліктері (Ж.Т.Қайынбаев);
  • инновациялық бастауыш мектептің дамуы (И.Н.Шевченко);
  • жаңа типті мектептерде оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру (Найманбаева К.Қ)

Аталған еңбектер мектепке катысты болып, оның білім беру мазмұны туралы кейбір ерекше аспектілері қарастырылғанмен тікелей кешенді мәселе ретінде қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының даму тарихы дербес проблема болып зерттелмегенін көрсетті

Жүргізілген зерттеу  жұмысының нәтижесінде біздер Қазақстан  Республикасы өз егемендігін алған  кезеңнен бергі педагогика ғылымының  дамуына елеулі үлес қосатын мәселелердің бірі мектептің білім беру мазмұнының тарихын педагогикалық аспектіден зерттейтін тұжырымдалған жұмысты жасау қажеттігі ғана туындаған жоқ, сонымен қатар оны жүзеге асыратын қолайлы жағдайда туындады.

Ал біздер зерттеуге  алған  кезеңдегі қазақ  мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму тарихына байланысты материалдармен шынайы мәліметтердің толық болмауы, оның дамуы туралы тұтас түсініктің қалыптаспауы бұл мәселені теория және тәжрибе жүзінде деңгейін көтеру және әрі қарай жетілдіру туралы мәселені шешу мүмкін емес.

Бұл жерде бүгінгі  таңда біздің республикамыздың жүргізіп отырған білім беру саясатына лайықты қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнын жаңартып жетілдіру қажеттігі, теория және тәжірибенің сұранысы мен тарихта жинақталған болашақта қолдануға болатын бай мұраның өз дәрежесінде зерттелмеуі, тәжірибеде жеткілікті пайдаланбауы арасында қарама-қайшылықтың бар екенін байқадық.

Тарихи-педагогикалық  әдебиеттерде біздер зерттеуге алған  проблеманың өз дәрежесінде зерттелмеуі, қазақ мектептерінің білім беру мазмұнының дамуын баяндайтын жұмыстың жоқтығы оның көкейтестілігін көрсетіп тақырыпты «Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы«  деп алуға мүмкіндік берді.

Зерттеудің  мақсаты: бүгінгі таңдағы қоғамдағы болып жатқан демократиялық өзгерістер позициясынан ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуының тарихи жағдайлары мен әрі қарай даму тенденцияларын айқындау.

Зерттеудің нысаны: ұлттық білім беру жүйесі

Зеттеудің пәні:  Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы 

Зеттеудің міндеттері:

  • ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
  • ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
  • ұлттық білім беру мазмұнының  әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.

Зерттеудің  әдіснамалық негізі ретінде философтардың, тарихшылардың, педагогтардың халық ағарту ісі мен мектептер тарихы, оның ішінде білім беру мазмұны туралы идеялары, тарихи байланыс және детерминация тұрғысынан қоғамдық құбылыстарды талдау туралы ережелер, қоғам мен құбылыстардың дамуы туралы философиялық ілім, тарихи-педагогикалық құбылыстар мен процестерді талдауда аксиологиялық, жүйелілік келістер, бүгінгі таңдағы  ұлттық білім беру мазмұнының дамуы туралы теориялар болып табылады.

Зерттеу көздері:

  • білім беру мазмұнының даму мәселелеріне арналған философтардың, тарихшылардың, педагогтардың еңбектері;
  • ресми құжаттар: ҚР «Білім беру туралы» заңы, «Жалпы орта білім беру мазмұнының Тұжырымдамасы» (1995 ж), Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының Тұжырымдамасы, ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2007 ж), «2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы»;
  • нормативтік құжаттар: ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, қазақ бастауыш мектептерінің оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен танысып оларға талдау жасау, жүйелі-құрылымдық, талған нәтижелерді талдап қорыту.

Зерттеу кезеңдері.

Бірінші кезеңде зерттеуге алынған мәселе бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен танысып, мұрағат, оларға талдау жасалды, ғылыми және ұғымдық аппарат анықталды, ұлттық білім беру мазмұнының  даму негіздері мен қалыптасу тарихы туралы шынайы деректік материалдар жинақталды.

Екінші  кезеңде шынайы деректік материалдарға теориялық талдау жасалды,  ұлттық білім беру мазмұнының даму кезеңдеріне сипаттама берілді.

Үшінші  кезеңде  зерттеу барысындағы қол жеткізген нәтижелер талданып қорытындыланды, тұжырым жасалды, зерттеу материалдары әдеби және редакциялық тұрғыдан рәсімделді.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық  маңызы:

  • ұлттық білім беру мазмұнының даму кезеңдері анықталып, оларға сипаттама берілді;
  • Қазақстан ғалым-педагогтарының  ұлттық білім беру мазмұны туралы құнды пікірлері мен жасаған тұжырымдары жүйеге келтірілді. 
  • ұлттық білім беру мазмұнының даму тенденциялары  анықталды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: зерттеуде талданып қорытындыланған білім беру мазмұнының дамуындағы жағымды тәжрибесі болашақта оны әрі қарай жетілдіруге ықпалын тигізеді;

зерттеу жұмысындағы  жинақталған материалдар, теориялық  тұжырымдар мен ұсыныстар «Педагогика  тарихы», «Педагогика» курсының дидактика бөлімі бойынша оқылатын лекциялар мен семинар сабақтарында қолданылуы мүмкін;

Зерттеу базасы:  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика-психология факультеті.

Диплом  жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеуге алынған мәселенің көкейтестілігі дәлелденіп, қарама-қайшылығы, проблемасы, мақсаты, объектісі, пәні ғылыми болжамы, міндеттері, әдістері анықталды, әдіснамалық және теориялық негіздері,   практикалық маңыздылығы анықталды.

«Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының алғышарттары» атты бірінші  бөлімде Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім берудің басты  педагогикалық бағыттары мен ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының алғы шарттары қарастырылды.

 «Қазақстан  Республикасының ұлттық білім  беру жүйесінің әрі қарай дамуы» атты екінші  бөлімде Қазақстан Республикасындағы ұлттық  білім беру жүйесін дамытудың негізгі тенденциялары мен Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму болашағы айтылады

 Қорытындыда зерттеу нәтижелері талданып қорытындыланды, негізгі тұжырымдар баяндалды, ұсыныстар жасалынды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ     ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 Қазақстан  Республикасында ұлттық білім  беру жүйесінің даму жағдайы

 

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында - «Білім беру жүйесінің басты міндеті –  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау ...» делінген.

Әрбір тарихи кезеңде  қоғамда туындаған талаптарға сай  жасөспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы  сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты болады.

Қоғам дамуының әр кезеңінде жас ұрпаққа берілетін білімнің құрамы мен құрылымына қойылатын жаңа талаптар мен соған сай енгізілетін өзгерістердің сипаты сыртқы  және  ішкі факторлардың негізінде айқындалады. Осы тұрғыдан жалпы білім беру жүйесіндегі бетбұрыстардың себепшісі болып жатқан саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер әлемдік деңгейдегі білім берудің жаңашыл үрдістері жатады.

«Білім» сөзі - өте күрделі және көпмағыналы  ұғым. Жалпы мағынасында білім  – адамның жүйеленген білік, дағдыларын меңгеру үрдісі мен нәтижесі.

Соңғы уақытта білімге деген көзқарастың түбегейлі өзгергені «XXI ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болуы керек?» деген сауалға жауап берері анық. Демек еліміз бен өркениетіміздің даму деңгейі осы сапалы білім нәтижесінің  нақты көрсеткіші болмақ.

Білім берудің  бағыт-бағдары «Қазақстан Республикасының Конституциясында», «Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасында», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың  Мемлекеттік құжаттарында» негізделген.

Қазақстан Республикасының  білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, нарықтық экономика, қоғамдық экономика қатынастарының ғаламдануы, қоғам дамуының ақпараттық кезеңге өту жағдайында сапалық  тұрғыда қайта қарауға бағытталған. Республикадағы осындай қайта құрулардың нәтижелілігі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнына тәуелді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы