Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:13, дипломная работа
Зеттеудің міндеттері:
- ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
- ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- ұлттық білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы
1.2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ
2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға».
Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті , зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі , қимылы, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Сонда 12 жылдық мектеп тек бұрынғы 11 жылды бір жылға созу ма? Бұрынғыша оқыта берсе не болады? 12 жылдық мектеп бізге не береді? Немесе хан Абылай айтқандай:
«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмелік» деген пікірден аулақ болып, 12 жылдық білім берудің мақсаты: өзінің жеке қоғамның мүддесінде өзіне-өзі белсенді етуге дайын,өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту мен қалыптастыруды жүзеге асыруға бір адамдай жұмылып еңбектене білсек, барлық қиыншылыққа бірден төтеп бере алатынымыз анық.
Қазақта «Тамызығын тапсаң, тас та жанады» деген сөз бар.Меніңше, басты идеясы «Тұлға жетістігі» болып табылатын 12 жылдық мектептің мән-мағынасы мен философиясы осы сөздермен үндеседі.Өйткені, оның мақсаты - әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық оқытуға
көшу жалпы алғанда
Қазақстан әлемдік
қауымдастық қатарында басқа
елдермен терезесі тең дәрежеге қол
жеткізуі үшін, жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін
осындай батыл қадамдарға бару қажет.
Қоғам игілігі, елдің өркендеп дамуы үшін
жасалып жатқан осы маңызды бастамаға
білім беру және ғылым саласы қызметкерлерінің,
жалпы барша халықтың қолдау көрсетіп,
барынша ат салысатынына сенеміз. Сол
сенім бізді алға жетелейді.
Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі
ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты
ол біздің – тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының
мықты болып ,нығаюы жас ұрпақтың терең
білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты
болмақ. Ендеше 12 жылдық білім беруге көшуде
барлығымыз біріге күш жұмсап, ел ертеңіне
сеніммен қарайық, аяулы да ұлағатты ұстаздар!
Қазіргі заманда, азаматтық қоғамда өмір сүріп, оның даму жолдарында еңбек ету үшін, қажырлы, қайратты, алдына бір мақсаттар мезеп, оларды орындауға ат салыса отырып, өз бетінше іздене алатын, жаңалықтарға құштар, білімді, өзінің іс-әрекеттері үшін жауап бере алатын, қиындықтардан қорқып, қажымайтын, белсенді, парасатты тәуелсіз тұлға қоғамға оның әлеуметтік және экономикалық дамуына, өркениет елдер қатарында өмір сүру үшін өте қажет.
Педагогика ғылымында осындай қасиеттерді оқушы бойында қалыптастыру мен дамытуды бір-бірімен тығыз байланысты тәрбие теориясы және дидактика бөлімдері қарастырады. Сондықтан қоғамдық-саяси және мәдени-рухани өмірімізде демократиялық бағыт кең өріс алған бүгінгі таңда болашақ ұрпақтың оқыту мен білім беру мазмұнының сұрақтарын қарастыратын зерттеушілер үшін Қазақстандағы дидактика мәселесінің дамуын зерттеу қажеттігі туындайды. Айтылған мәселелер бірінші кезекте жас ұрпақтың білім деңгейінің өте жоғары болуының арқасында іске асырылатынын ескерсек, мектептің мемлекет алдындағы міндетінің жоғары екендігін түсінеміз. Осы жүктелген міндет әрбір тарихи кезеңде білім беру ісіндегі оқыту принципі, оқыту әдісі, оқытуды ұйымдастырудың формалары, сабақ беру, оқу, оқыту, оқу материалдары, білім беру, өздігінен білім алу т.б. білім мазмұнына қатысты сұрақтарды қарастыруды талап етеді.
Қазіргі кезде дидактика педагогика ғылымның дамыған неғұрлым қалыптасқан маңызды да күрделі саласы ретінде қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде мектеп алдына қойылатын жаңа аса жауапты міндеттерді ойдағыдай шешу барысында үнемі дамып отыратын жеке ғылыми пән.
Қазақстанда дидактика мәселесінің қалыптасуы мен дамуына еліміздің басынан өткізген түрлі тарихи жағдайлардың елеулі әсер еткенін көптеген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінен көруге болады:«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының» негізгі мақсаты білім берудің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сай сапалы азаматтар дайындау.
«Сапалы азамат»
дайындау яғни оқушы жастардың
интеллектуалдық
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында былай деп көрсетілген: «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу». Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде жаңа технологияларды өңдеу мен енгізуде инновациялық тұрғыдан қайта қарауды жүзеге асыру керектігі қарастырылған.
Бағдарламада
жаңа оқыту принциптері
«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтармен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау мен басып шығарудың мақсатты бағдарламасы туралы қаулысында» жалпы орта білім беретін мектептерде – оқу мен оқытуды жетілдіруде көптеген дидактакалық мәселелерді шешу міндеті қойылған.
Қазақстан
Республикасының жалпы орта
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі», - екенін айтты.
Ал 2009 жылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа жолдауында қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткізіп жатқанын айта отырып былай деді «Дағдарыс өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәнгі қалады.....Біздің адамдарымыз оқып-үйренуге тиіс, бүкіл әлемде адамдар өмір бойы оқумен өтеді. Мына жағдайда қайта оқуға, сөйтіп бүгін қажет болып отырған мамандықты игеруге мүмкіндік те бар, қажеттілік те бар...». Бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, ғылыми өзінше тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, оқушының өзінің іс-әрекетінің субьектісі болуына мүмкіндік туғызу – көкейтесті мәселе. Өйткені, терең жан-жақты біліммен қаруланған азаматтары бар қоғам ғана экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.
Қазақстан Егемендігін алғаннан кейін кең ауқымды ізденістерге бағыт-бардар берерлік нормативтік – құқықтық база құрылып, білім беру саясаты айқындалды. «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Тілдер туралы» Заңдар мен оларды жүзеге асыруға бағытталған Үкімет қаулылары қабылданды. Аталған заңдар мен қаулыларды жүзеге асыру шаралары аясында «Білім беруді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының» жобасы дайындалды. Сонымен қатар, кейінгі кезде мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарларында білім саласының дамуына да үлкен мән берілуде. Білім беру жүйесін реформалауға қатысты жоба деңгейінде дайындалған құжаттарда білім беру салаларының мақсат, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын бүкіл әлемдік талаптар тұрғысынан жаңа сапалық деңгейге көтеру және ұлттық болмысқа сай жаңарту көзделген.
Осындай аса маңызды да күрделі істі жауапкершілікпен шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, оқыту принциптері іске асырылып, оқушының жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, шығармашылығын арттыратын жағдайлар ұйымдастырылуы қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстанда дидактиканың рөлін, мәнін, мазмұнын жаңаша ғылыми-педагогикалық тұрғыдан қарастыру мақсатында Қазақстан педагогика ғылымында дидактиканың қалыптасуы мен даму тарихына терең бойлап, оларға ғылыми талдау жасап құнды ой-пікірлермен тиімді тәжірибелерді бүгінгі күнгі білім беруде дұрыс пайдалана білу керек.
Тарихи құжаттар
мен әдебиттерге, оқу-
Білім беруді дамыту
тұжырымдамасы /бұдан әрі –Тұжырымдама/
мемлекеттік тәуелсіздікті қалы
Тұжырымдама Қазақстан
Республикасының Конститутциясына,
“Білім туралы” Қазақстан
Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық ретінде белгілейді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Осы Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жөніндегі бағдарлама әзірленетін болады.
Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:
Қазіргі кезде
әлемдік қауымдастық Қазақстанды
нарықтық экономика елі ретінде
танып отыр.Тәуелсіздік алған қ
Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын, қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде, қазіргі білім беру жүйесінің, адам капиталының рөлі мен мәніи арта түседі.
Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістер өз кезегінде білім беру ісіне ықпал етеді және одан жаңа тарихи кезеңнің шақыруларына жұмыла үн қосуды әрі соған сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай алғанда экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. Қазақстандық білім беру жүйсін дамыту оның әлемдік білім беру кеңестігіне кезең-кезеңімен енуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында өтіп жатыр
Білім беру саласының жай-күйін талдау бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларымен нашар қамтылғанын көрсетеді.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдық тұрғыдан ескірген.Оқушының даралығына бағдарланған білікті көз қарас жоқ. Мектепте оқу оқушының өмірлік жолын, мүдделері мен перспективаларын таңдауына нақты дәлелдемелер бермейді. Жоғары сынып оқушыларының тек 30 пайызы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіби қызметті таңдайды. Демек, бұл жоғары сынып оқушыларының 70 пайызының өмірден өз орындарын табуға мүмкіндігі аз деген сөз.
Соңғы бес жылдағы ЮНЕСКО-зерттеулері мен жалпы білім беретін мектеп бітірушілерді тестілеудің нәтижелері білім сапасының ұдайы төмендеп келе жатқанын көрсетеді.
Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы