Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:13, дипломная работа

Описание работы

Зеттеудің міндеттері:
- ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
- ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- ұлттық білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.

Содержание работы

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы
1.2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ
2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломная работа Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.doc

— 400.50 Кб (Скачать файл)

     Орта білім берудің жоғары сатыларында кәсібилендірудің жеткіліксіздігінен мектеп бітірушілер еңбек рыногында талап етілмей отыр.

    “Кәсіптік бастауыш және орта білім берудің” мазмұны мен атауының сәйкессіздігі 1997 жылғы ISKED Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімнің өлшемдеріне қарсы келеді.

      Техникалық және кәсіби білім беру жұмыс берушілер мен еңбек рыногының қызметкерлердің біліктілік деңгейіне қоятын жаңа талаптарына байланысты “кадрлық ашығу” проблемасын толық көлемінде шеше алмайды.

      Жоғары білім жүйесінде де жағымсыз үрдістер қалыптаса бастады.

       Жекелеген жоғары оқу орындары мен олардың көптеген филиалдарының қазіргі талаптарға сәйкес келетін интеллектуалдық, кадрлық, материалдық-тахникалық әлеуметінің жоқтығынан, жоғары оқу орындарына түсудің жалпыға бірдей қол жетімділігі мамандарды қайта өндіруге және еңбек рыногын талап етілмеген кадрлармен тотығуға әкеліп соқтырды. Бұған сондай-ақ бұрыннан қалыптасқан, тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдар ұстанған тар шеңбердегі мамандықтар бойынша жаппай даярлау да ықпал етті. Біздің білім беру бағдарламалары мен олардың шетелдік балаламаларының өзара есептесу, білім туралы құжаттарды өзара тану тетігінің жоқтығы студенттердің, оқытушылардың және жұмысшы күшінің академиялық  ұтқырлығын тежеп отыр.

       Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы тұтастай алғанда білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Жаңа мектептер салу ісі жандандырылды. Білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасын нығайтуға қаражат бөліне бастады. Алайда бұл білім беру жүйесіндегі жағдайды түбірімен өзгертуге жеткіліксіз. Білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың, ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктерінен  қалыс қалуы  айқын көрініп отыр.

        Білім беру жүйесіндегі мұндай жағдайдың негізгі себептері мыналар:

  • Жүйеде білім берудің барлық денгейлерінде келеңсіз сәттерді тудыратын білім берудің сапасын субъективті түпкілікті бағалаудың басым болуы;
  • Білім беру жүйесінің жаңа енгізілімдерді қабылдауға қауқарсыздығы және оқыту сапасының жүйесін енгізуге дәлелдемелердің болмауы;
  • Материалдық-техникалық базаның, оқу лабораториялық жабдықтың, оқу және әдістемелік әдебиеттің қазіргі талаптарға сәйкес келмеуі;
  • Мамандар даярлау жүйесінде білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етуде дәлелдеменің жоқтығы.

      

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық  білім беру жүйесін дамытудың

негізгі тенденциялары

 

Қазіргі қоғам  дамуының жалпы білім беру мазмұнына  қоятын  талабы жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым – қатынас нормаларын қалыптастыру болып отыр.

Еліміздің экономикалық әлеуметтік мәдени саласы өскен сайын  қоғам дамуының барлық саласындағы  болып жатқан  өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп, жаңаруда. Білім және ғылым қызметкерлерінің  III съезінде Елбасы Н.Назарбаев: «... білім беруді дамытудың таяу жылдарға арналған жаңа бағдарламасында біз әлемдік тәжірибені ескеруге, кейбіреулер аңсап жүргеніндей, кеңестік үлгідегі бұрынғы жүйеге  оралу емес, әлемдік тәжірибені негіз етіп алуға тиіспіз. ... Сондықтан жаңа бағдарламада әлемдік үрдістерге бағдарлану, оза жүру әдісімен жұмыс істеу керек»  - деп атап көрсетті.

Білім мазмұны  әрбір тарихи кезеңдердегі  мектеп реформасының негізіне жатады. Білім  беру саласына қатысты реформаларда  заман талаптарына сай білім  мазмұны өзгерістерге ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі. Қазақстан Республикасының  «Білім туралы Заңында», «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін  мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» және т.б. құжаттарда бүгінгі білім берудің алдына қойылатын талаптар, іске асыру шаралары анықталған .

Білім мазмұны  мен материалдық  - техникалық базасын  жаңарту, білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне  ықпалдастыру білім беруді дамытудың  стратегиялық обьективті  заңдылығы. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды. Олай болса, әр халықтың әлеуметтік – экономикалық, тарихи – мәдени ерекшеліктері диалектикалық бірлікте негізделіп, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың басты көзі болып табылады.

Білім беру –  күрделі, әрі кең әлеуметтік –  мәдени, саяси – педагогикалық, экономикалық құбылыс. Міне сондықтан да білім  беру ісі – көптеген ғылым салаларымен  қоғамдық әрі  жаратылыстану ғылымымен  тығыз байланысты, олардың обьектісі. Әр түрлі  ғылым салалары  өзіндік ерекшеліктерімен  анықталады, түрлі деңгейде педагогика проблемасын шешуге қатысады. Ал бүгінгі таңда осы мәселені  осылай саралап, талдау тұрғысынан қарастыру жеткіліксіз. Өйткені XXI ғасырдағы білім беру қазіргі дүниенің жалпы рухани бағыттылығын, білім саласының  маңызды құндылықтары мен мақсаттылығын, басымдылық рөлін айқындау үшін білім беру жүйесі тұтас, жүйелі, синтезделген, интегративті процесс болуымен қатар, жеке тұлғаның өзін – өзі  жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымдық сапаларын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған іс – әрекеті деп түсінеміз.

Әлем  мемлекеттерінде  (АҚШ, Канада, Ұлыбритания ) білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны  мен технологияларын оның нәтижелеріне қарап бағалайды. Сонымен қатар  бұл мемлекеттердегі тарихи білім беру стандарты және нормативті құжаттары негізінде  мынандай ерекшеліктерді  атап өтуге болады.

- cтандарт бойынша, ең алдымен, оқушыларды тәрбиелеу мен ой –

өрісін дамыту міндеттері анықталып, тарихи білім  мазмұны  мұғалімнің, мектептің және  жергілікті әкімшіліктің құзырында шешіледі;

- стандарт – оқытудың нәтижесіне бағытталған. Білім тексеру белгілі бір

ережеге бағындырылып, оқыту әдістері  туралы тек жалпылама  ұсыныстар ғана  беріледі;

- оқытудың нәтижесі мен сапасын талап ете отырып, мұғалім мен оқушыға кеңінен еркіндік беріліп, мұғалім курстың мазмұнын, оқыту құралын таңдауда еркіндікке ие болады.

Бұл білім беру тармағындағы әлемдік білім кеңістігіне  толығымен кірігу үшін үлкен міндеттерді  шешу қажеттігін ескерудің алдын  алады. Соңғы нәтижеге бағытталған орта білімді дамытудың негізгі мақсаты, міндеттері мен бағыттарында үздіксіз білім беру жүйесінің қорытынды нәтижесі болып табылатын өзекті үш іргелі  білім беру мақсатын белгілейді:

біріншіден, дүниетанымдық;

екіншіден, шығармашылық;

үшіншіден, құзіреттілік көзқарастар.

Қазіргі мектептің  құрылымы мен білім беру мазмұнында  болып жатқан бетбұрыстар оқу  - тәрбие процесін жаңашаландыру талаптарын қоюда. Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың  2005 – 2010  жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында:« ... Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған ...  деп көрсетілген7

Демократиялық өзгерістерге  бағытталған Қазақстан  Республикасының білім беру саясаты сапалық жоғары  деңгейді мақсат етеді. Сондықтан қазіргі кездегі жалпы білім беру жүйесін түбегейлі қайта құру  деген өткен жолды сапалық жағынан қайта бағалау, жалпы білім беретін  мектептің өткендегі жетістіктерін, кемшіліктерін, қайшылықтарын түсіну болып табылады.

Қоғамдағы болып  жатқан демократиялық өзгерістер қазақ  бастауыш мектептеріндегі білім  беру мазмұнына тікелей  әсерін тигізді.  Егеменді мемлекет құрып  республиканың  әлемдік білім беру кеңістігіне  енуі білім берудің ұлттық жүйесінің моделін жасауды қажет етті. Қазіргі жағдайда қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұны жаңа мазмұнмен толықтырылды, тұлғаны қалыптастыруға әлеуметтік сұраныс өзгерді. Жаңарған Қазақстандағы адамның міндеттері, оның саяси және рухани көзқарастарының өзгеруі қоғамның болашақ мүшесіне жаңа талаптар қояды. Қазіргі қоғамға  шығармашыл, ынталы, белсенді, іскер тұлға қажет. Мұндай тұлғаны қалыптастыру феномен ретіндегі білім беру мазмұнымен, оның  мазмұндық сапасымен тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде жаңа білім беру жүйесі, онымен бірге білім беру мазмұны жаңа  құндылықтарға негізделеді.

Бүгінгі таңда  қазақ бастауыш мектептеріндегі  білім беру мазмұны  қоғамның алға қойған жаңа талаптарына сай реформалануда.  Бұл талаптар Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында,  «Қазақстан Республикасында  Білім беруді дамытудың 2005–2010     жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында», «Білімді дамыту тұжырымдамасында» және басқада заңнамалық құжаттарда айқындалған.

Оларға сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамытуға жағдай жасау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылды. Ал білім берудің ұлттық үлгісінің негізгі өзегі оның құрылымдық бөлімдерінің сабақтастығы мен үздіксіздігінде болып тұр.

Білім беру саясаты  аясында  нәтижеге бағдарланған білім  моделін құру, білім сапасын анықтау, мониторинг жүйесі, білім стандарты,  тұжырымдама жасаудың теориялық - әдіснамалық негіздерін  А.В.Хуторской, А.А.Семченко, М.Ж.Жадрина, А.А.Жайтапова, Н.Нұрахметов, К.Жүнісова және тағы басқа ғалымдар тереңірек пайымдайды.

Білім беру мазмұны  және оқыту мазмұны педагогиканың, оның ішінде, әсіресе дидактиканың жекелеген пәндерді оқыту әдістемесінің  негізгі ұғымдарының бірі. Бұлар  педагогқа өзінің зерттеу обьектісі  мен пәнін анықтап өз алдына дербес ғылым саласы ретінде дами бастағаннан бері қолданылып келе жатқан байырға ұғымдардың қатарына жатады. Білім беру ұғымы Үлкен Кеңес Энциклопедиясының екінші басылымында: «... білім және оқумен байланысты практикалық қызметке қажетті дағды мен біліктердің жиынтығы деп анықталса, аталған еңбектің келесі басылымында» «... жүйеге келтірген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі» деп анықталады. Қазіргі педагогикалық, дидактикалық еңбектерде оқыту ұғымы «білім, білік және дағдыны үйрету және меңгеру барысы адамды өмірге, еңбекке дайындаудың негізгі құралы» ретінде анықталады.

Демек, білім  беру мазмұны - мектепке бағытталған  әлеуметтік тапсырыстың педагогикалық  моделі. Яғни білім беру мазмұны  қоғамның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге  қойып отырған әлеуметтік тапсырысын педагогика тіліне аударуды қажет етеді. Бұл дегеніміз – жеткіншек ұрпақ қоғам талабына сай болуы үшін адамзат баласы жинақтаған мол тәжірибенің оқушы игеруге тиісті деңгейін, көлемін айқындау деген сөз. Сондықтан білім беру мазмұны бірнеше деңгейде анықталады. Оның жоғарғы деңгейде жалпы тұлғаның қызметі, адам тәжірибесінің мазмұны мен іс-әректінің түрлері айқындалса, келесі кезеңдерінде оқушылар меңгеруге тиісті пәндердің тізімі реті, мазмұны, т.б. айқындалады. Сол себепті білім беру мазмұны ұғымы оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқу пәндері, оқу материалдары ұғымдарын қамтиды. «Жалпы білім беретін мектептің білім мазмұны тұжырымдамасының» қағидаларын, сол сияқты қазіргі қоғамның ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын іріктеудің және материалдардың орналасу жүйесін анықтаудың принциптерін төмендегідей  тұжырымдайды.

Біріншіден, жалпы  қоғам дамуының қазіргі ерекшеліктерінің бірі – ғылыми-техникалық прогресстің  тездеп дамуы және оның нәтижесінің  өндіріске енгізілуі болып отыр. Яғни қандай да мәселені шешуге өткен ғасырларда ондаған, тіпті жүздеген жылдар өтсе  қазір ол санаулы жылдардың ішінде жүзеге асуда.

Демек алдыңғы  ұрпақтың игерген тәжірибесін кейінгі  ұрпақтың меңгеріп қоюымен ғана шектелуі оның ертеңгі күнгі қызметі үшін жеткіліксіз болып қалды.  Бүгінгі мектеп оқушыларын қандай да білім, білік және дағдылармен қаруландырып қана қоймай, оларды «... өз бетімен тұжырым қабылдай алатын стандартты емес мәселелерді шығармашылықпен шешетін қоғамның белсенді мүшелерін ...» тәрбиелеу керектігі туындайды .

Екіншіден, Қазақстан  Республикасының тәуелсіздікке  ие болуы, соның арқасында оның әлемдік–экономикалық геосаясатқа дербес араласуы елімізге көптеген адамдардың келуіне, сол сияқты біздің азаматтардың басқа елдерде  жұмыс жасауына, оқуына әсер етіп отыр. Осыған байланысты біз Қазақстан мектептерінде берілетін білім деңгейі өркениетті елдердегі оның мөлшері мен деңгейінен төмен болмау керек деп есептейміз.

Үшіншіден, әлем халықтарының арасындағы қатынастардың  қазіргідей деңгейге көтерілуі әр ұлттың өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалуына қауіп төндіруде.

Мұндай жағдайда біз де өзімізге тән ерекшеліктерімізді (тілімізді, дінімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетінімізді, және т.б.) сақтап қалу үшін жеткіншек ұрпақты “ұлттық  және патриоттық санасын жоғары етіп тәрбиелеуіміз қажет”.

Оның бірден-бір  жолы, біздің ойымызша, мектеп пәндерінің мазмұнын тарих пен мәдениеттен, әдет- ғұрпынан мәлімет беретіндей етіп құрастыру болып табылмақ.

Төртіншіден, бастауыш білім берудің мазмұны бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға ғылыми білімдердің негізін хабарлауға, қоғамдық-тарихи тәжірибелер негізінде дамытуға жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт алады.

«Білім беру  - жүйеге келтірген, практикалық маңызы бар, белгілі бір қорын игеру  барысы, нәтижесі», - деп анықталған педагогикалық сөздікте. Ал белгілеген білім қорының мазмұнында қоғам дамуының обьективті талаптары, жалпы білім беруде іске асатын мектептің оқу мазмұны да уақыт, қоғам талабына сай анықталып отырады. Дегенмен әр уақыттағы білім берудің мақсаты адам баласын білім, тәрбие арқылы үйлесімді дамытып қоғам өмірінде, еңбекте өз бетімен табыстарға жетудің құралы - білім, білік, дағдымен қаруландыру болған.

Білім беру барысы, оның мазмұны оқу бағдарламаларында  қарастырылатын оқу пәндерінің өзара  байланыстарының ашылуымен сипатталады. Әрбір оқу пәні белгілі бір ғылымның мәліметтерін, түсінік – ұғымдарын, болса жасының даму ерекшеліген, білімді игеру мүмкіндіктерін ескере отырып, «Қарапайымнан күрделіге деген қағидаға құрылады және арнайы мақсат міндеттерді шешуді белгілейді».

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы