Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:13, дипломная работа

Описание работы

Зеттеудің міндеттері:
- ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
- ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- ұлттық білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.

Содержание работы

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы
1.2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ
2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломная работа Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.doc

— 400.50 Кб (Скачать файл)

- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасының қабылдануы (1992 ж.);

- Қазақстан республикасы Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясында Ата Заң - Конституцияның қабылдануы  (1993 ж. 28 қаңтар);

- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасының қабылдануы (1993 ж.);

- «Білім беруді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы» дайындалуы (1993 ж.);

-  саяси реформалардың қарқынды өрістеуі, демократия, сөз бостандығы, жариялылық үрдістерінің етек жаюы (1993-1994 жж.)

- қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнын  жасауда                    тәжірибелік сипаттағы инновациялық ізденістер тән болуы;

- жаңадан ұйымдастырылған лицей мен гимназиялар негізінен қабілеттері жоғары оқушыларға бағытталған жұмыстың жаңа ұйымдастыру формаларын іздестіруі;

- көптеген мектептер профильдік іріктеуге бағытталуы;

- профильдік оқыту кейбір пәндерді тереңде оқытуға негізделуі;

- басым көпшілігінде білім беру мазмұнын өзгертуге емес  оқу процесін ұйымдастыру мен байланысты жаңалықтар кеңінен таратылуы;

- білім мөлшерінің өсуі және күрделенуі  оқушылардың шамасынан тыс болып денсаулықтарына кері әсерін тигізуі;

- осы кезеңде бірқатар тұжырымдамалар мен мемлекеттік бағдармалар қабылданып бекітілуі. Олардың қатарында:

-  «Білім беруді мемлекет тарапынан қолдайтын Ұлттық бағдарлама»;

- Казақстан Республикасындағы гимназия және мектеп-лицей туралы Үлгі Ережелер (1991 ж.)  болды.

2. «Қазақстан Республикасындағы қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының әрі қарай дамуы»  (1995-2007жж.):

- «Қазақстан Республикасы  жалпы білім беретін мектебінің даму тұжырымдамасы» қабылдануы  (1995 ж.);

- «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді дайындау мен басып шығарудың мақсатты  бағдарламасы туралы» қаулысының қабылдануы (1996 ж.);

-  «Гимназия туралы Ереже», «Лицей туралы Ереже»  жариялануы     (1996 ж.);

- «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасының» қабылдануы  ( 1997 ж.) ;

- Қазақстан Республикасы  жалпы білім беретін мектебінің мемлекеттік базистік оқу жоспары жасалуы (1997 ж.);

       - бастауыш білімнің мемлекеттік тұңғыш стандартының жарық көруі (1998 ж.);

- мемлекеттік базистік оқу жоспарының, тұңғыш бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының құрылымы (1998 ж.),  өзгертілген жаңа құрылымы  (2001 ж.) ұсынылуы;

- қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу өнері, музыка, сауат ашу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлеміне өзгерістер енгізілуі;

- оқушылар дайындығының деңгейін  анықтау өлшеуіштері айқындалуы;

- оқушылардың дайындық деңгейін бақылайтын көрсеткіш ретінде тест тапсырмаларының үлгісі жасалуы т.б.

- төрт жылдық бастауыш мектептің білім мазмұнын жаңарту барысында тұңғыш рет бастауыш сыныпқа арналған:

 Ш.Әуелбаев, Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова, А.Құлжановала. Жалпы білім беретін мектептің 1 – сыныбына арналған «Әліппе» оқулығы;

  Г.И.Уәйісова, Р.С.Әміров, Ә.Е.Жұмабаева.Жалпы білім  беретін мектептің 2 – сыныбына  арналған  «Қазақ  тілі» оқулығы; 

 С.Рахметова,  П.Жаманқұлова, Б.Қабатаева.Жалпы  білім беретін мектептің 2 – сыныбына арналған  «Ана тілі» оқулығы;

 Т.Қ.Оспанов, Қ.Ә.Атаева, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева. 1 сыныпқа арналған «Математика» оқулығы;

         Г.Ә.Бадамбаева, Қабдолова Қ.Л, Масғұтова. 1 сыныпқа арналған «Орыс тілі» оқулығы;

 К.Ж. Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Нұрахметов Н. Жалпы білім беретін мектептің 1 – сыныбына арналған «Дүниетану» оқулығы;

Ұ.Ш. Ибрагимов, Қ.Б. Болатбаев. Жалпы білім беретін мектептің 1 сыныбына  арналған «Бейнелеу өнері» оқулығы;

Г.Оралбекова, Б.Қалназаров және т.б. Жалпы білім беретін мектептің 1 сыныбына арналған  «Еңбекке баулу» оқулығы;

М.Т. Тұрыскелдина, С. Тайжанов, К. Құрманбаева 1 сыныпқа  арналған  «Дене шынықтыру» оқулығы;

Ш.Б.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова. Жалпы  білім беретін мектептің 2 – сыныбына арналған «Музыка» оқулықтарының  жариялануы  (1998  ж.);

- 1998 жылы жарияланған алғашқы стандарт негізінде бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер дайындалуы (1998–2000 жж.);

- Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының қабылдануы (1999 ж. );

- «Білім» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы  (2000 ж.);

- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнын жетілдіру мәселесіне арналған мақалалардың «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп» журналдары  мен «Қазақстан мұғалімі» газеті  беттерінде және басқа да басылымдар да жариялануы (1994 – 2000  жж.);

- «Ғылым туралы» және «Қазақстан Республикасының білім мәселесі жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар  енгізу туралы» Заң қабылдануы ( 2001 ж.);

- «Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (жалпы бастауыш білім)» қабылдануы (2002 ж.);

-  Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (жалпы бастауыш білім) жариялануы (2003 ж.);

-  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жариялануы ( 2003 ж.);

- қазақ бастауыш мектептеріне арналған «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Орыс тілі»,  «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», « «Айналамен таныстыру», «Денешынықтыру», «Музыка» пәндері бойынша альтернативті оқулықтардың жариялануы ( 1994   - 2000  жж. );

- білім беру мазмұнының даму жолдарын айқындайтын «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» қабылдануы  (2004 ж.);

- «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы» жариялануы (2007 ж.);

- Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының қабылдануы (2007 ж.);

- мектепке дейінгі және бастауыш білім: қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері жайлы халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның болуы (2007 ж.);

- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнына қатысты мәселелердің түрлі конференцияларда, дөңгелек столдарда, семинарларда талдануы  ( 1996 – 2007  жж.).

Қазақ мектептерінің  білім беру мазмұнының қалыптасып дамуының көрсетілген кезеңдері біздің пайымдауымызша  Қазақстанның егеменді ел болған жылдарындағы зерттеуге алынған феноменнің даму динамикасын көрсетеді. Ол білім беру мазмұнына қатысты құбылыстарды талдаудан қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының мәнін ашып көрсетуге дейінгі жолдардан өтіп келе жатыр. Сонымен бірге  аталған кезеңдер қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнын құрайтын  білім беру стандарты, базистік,  типтік оқу жоспарлары, оқу-әдістемелік кешендер, оқулықтар сияқты құрамды бөлімдерінің жасалуымен әрі қарай жетілдірілуін байқауға мүмкіндік берді.

Олардың ішінде жалпы білім беретін оқу пәндерінің жиынтығын анықтау заңдылығы бойынша білім-ғылым негіздері дара тұлға іс-әрекетінің құрылымы арқылы беріледі. Осы заңдылық негізінде анықталған білім мазмұнының құрамы мен құрылымының оқу жоспарына түсірілуі бірнеше деңгейде жүргізілді. Алдымен бүкіл республикадағы жалпы білім беретін мектептерге ортақ базистік оқу жоспары жасалды. Ал оның негізінде әр тілде оқылатын ұлттық мектептерге арналған типтік оқу жоспарлары, әр аймақтың, облыстың ерекшеліктерін ескеретін нақты  жұмыс жоспарлары жасалды. Мұның соңғысы жергілікті жердегі оқу бөлімдері мен жекелеген мектеп ұжымдарының ұйғаруымен іске асырылды.

Базистік және типтік оқу жоспарының негізінде  жеке мектеп ұжымына жергілікті жер  ерекшеліктері мен сұранысын  ескере  отырып өз оқу жоспарын, құқын  жүзеге асыру мүмкіндігінің берілуі бүкіл үздіксіз білім беру жүйесін демократияландыру, ізгілендіру сияқты принциптерінің шын мәніндегі іске асырылуының көрінісі болып табылады.

Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік білім беруді 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасы» бекітілді, оның негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың 2015 жылға дейінгі концепциясы» жасалды. «Ауыл жылы» жариялануына байланысты «Ауыл мектебі» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Білім беру жүйесін  жетілдіруде ең басты қадам мемлекет бойынша Бірыңғай ұлттық тест /БҰТ/ және оқытушылардың аралық аттестациясы енгізілген.

Мемлекетте  жоғарғы кәсіби білімді 50 мемлекеттік  ЖОО-дары қамтамасыз етуде. Ондағы профессорлік-оқытушылық құрам 38 мың адамға сәйкес, оның ішінде 14 мыңы докторлар мен кандидаттар.

Әлемдік ЖОО-ның  жетекші жүйесінің үлгісіне жақындастыру мақсатында Қазақстанда 3 сатылы мамандарды даярлау жүйесі енгізілуде: бакалавриат-магистратура-доктарантура /PhD/.

Білім беру жүйесіндегі реформаны қалыпты шешу және перспективті дамыту мақсатында Қазақстанның білім беру жүйелерінде Республика бойынша оқу-әдістемелік кеңестері құрылуда, ал ЖОО-дар ішіндегі жетекшілері бойынша 30 астамы оқу-әдістемелік орталықтары қалған барлық негізгі мамандық бойынша жұмыс істейді.

Ғылым және білімді  дамытуға жағдай жасау мақсатында атаулы сыйлықтар және Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік сыйлықтары беріледі, соның  ішінде педагогика саласында ең үздік  саналатын ғылыми зерттеу жұмысына берілетін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық және мемлекеттік стипендиялар бар.

Білім беру саласында  Қазақстанда Халықаралық байланыстар  кеңейтілуде. Жыл сайын мыңнан астам  қазақстандықтар шетелдің ЖОО-рында  оқуда және ғылыми кәсіпорындарынан тәжірибе алмасуда, соның ішінде Президенттік халықаралық «Болашақ» стипедиясы бойынша.

Білім беру саласында  қайта құрудың ең басты кезеңі жалпы орта білім жүйесін ақпараттандыру. «Мектепке-интернет» ведомость аралық бағдарламасы бойынша 1,5 мың мектеп пен 70 колледжі Интернет жүйесіне қосылған және бұл жұмыс әлі белсенді түрде жүргізілуде. «Қазақстанның ауылдық мектептеріне арналған қашықтық оқыту» және «Қашықтан оқытудың спутниктік каналы» атты ұшақтық жобалар жұмыс істеуде, ол әртүрлі аймақтағы мұғалімдер мен оқушыларды өзара жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған. Электрондық оқулықтармен мультимедиялық оқу бағдарламалары жалпы білім беру саласындағы жиырмадан асық пәндер бойынша жасалған. Электрондық оқу залдары мен кітапханалар жасалуда.

Қазақстан Республикасының  Евразиялық аймаққа кіруі, XXI ғасырға аяқ басуы ел Президентінің Қазақстан -2030 атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үрдістерінің дамуы келешекте білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызды.

Тек білім беру арқылы ғана біз өткенімізді тануға, қазіргі уақытымызда еркін бағытталуымызға және келешегімізді болжап, қалыптастырумызға мүмкіндік аламыз. Тарихымызға көз салсақ Қазақстанның тәуелсіздік алғанына аз ғана уақыт өтіп, енді ғана аяғына нық тұрып жатқанын байқаймыз.

Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың  да мүмкіншіліктері артты, жаңа технологиялар  пайда болды, мысалы, оқулық ресурстары жоғары, өзіне тән әдістемесіне бірге  электрондық, ақпараттық мультемедиялық технологиялар. Қазіргі кезде оқу  ақпараттыныңең ауқымды кең тараған формасының бірі /технология деп те айтамыз/-Интернет жүйесі арқылы оқу процесін ұйымдастыру.

Бүгінде оқыту  жұмысын осылай ұйымдастыру мен  әдісінің жаңалығы басқа да мұғалімдердің  жаңа жағдайға байланысты оқу-трбие  процесін шығармашылықпен пайымдалудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері жалпы мұғалім қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде-жаңарту, жаңалық өзгеріс деген түсінікті білдіреді.

Инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге ондағы идеяларды, процестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі.

Инновациялық  технологияны жаңа білім беру парадигмасын өмірде жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырған жөн.

«Технология»  деген сөз-грек тілінен алғанда  «техне»-өнер, кәсіп, ғылым, + «логос»  ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдер мен мен құралдары жайындағы  білімдердің жиынтығы. Олай болса, оқу-тәрбие процесін жүргізудің тәсілдері мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығын оқыту процесінің технологиясы деп атауға болады.

Оқыту технологиясы-жүйелі категория. Оның құрлымы төмендегідей болып келеді:

-      оқытудың мақсаты,

-      білім беруің мазмұны,

-   педагогикалық  өзара әрекеттестіктің құралы /оқыту  және мотивация/, оқыту процесін  ұйымдастыру,

-      оқушы,оқытушы,

-      әрекетің нәтижесі /сонымен бірге  кәсіптік дайындықтың деңгейі/

Оқыту технологиясы-оқыту  процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек.

Бүгінде білім беруде нәтижелі жетілдірудің құралы ретінде практикада жаңа оқыту технологиясын кіргізуге  батыл шаралар қолдану. Сондықтан  Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы ойлай  білетін және шығармашылықпен жұмыс істейтін қабілеті бар тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сол себептен де бүгінгі еліміздегі білім беру жүйесі оқушылардың таным белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес белсенді формалары мен әдістерін көптен енгізуді қажет етуде /3/.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы