Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:13, дипломная работа

Описание работы

Зеттеудің міндеттері:
- ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
- ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- ұлттық білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.

Содержание работы

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы
1.2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ
2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломная работа Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.doc

— 400.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстанның  тәуелсіз мемлекет қоғамы құрылысында  білім беруді жетілдіру мен дамыту мәселесінде оның тарихын яғни, педагогика ғылымының даму жолын қайта қарау  қажеттілік тудырып отыр. Білім берудің  тармақталуы мен жаңа бағыттылығы  педагогика тарихындағы бастауыш білім берудің тарихын жете тануды қажетсінуде. Бұл  білім беру жолының бағыт-бағдарлығы, қоғамдағы саясат, білім берудің әлеуметтігі және экономикалық дамудың қарқынымен біртұтас байланыста пайда болды.Білім берудің педагогика тарихындағы зерттеулердің әдіснамалық мәселелері мен әдістері,  білім берудің түрлері мен бастауыш мектеп типтері, ондағы реформаланудың тәжірибелік сипатының көрініс табуын қажет  етеді.

Бұл міндетті шешу үшін біздер Қазақстан Республикасы  өз тәуелділігіне қол жеткізер алдындағы кеңес дәуірінің соңғы жылдарындағы біздің еліміздегі саяси - әлеуметтік, экономикалық жағдайларға тоқталып талдау жасауды жөн көрдік. Біздің пікірімізше, жоғарыда аталған жағдайдың сипаты белгілі ғалым-тарихшы, академик М.К.Қозыбаевтың басшылығымен орындалған бір топ авторлардың «Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших времен до наших дней» атты еңбектерінде өте жақсы бейнеленген.

Аталған еңбекте  XX ғ. 80–жылдардың ортасында  Кеңес  одағын басқарған М.С.Горбачевтың  қоғамды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзгертуге бағытталған  саясаты одан бұрынғы мемлекет басына келгендер сияқты өзін белсенді, демократияшыл реформатор ретінде көрсеткісі келгендігі туралы айтылады. Қоғамды реформалауға бағытталған   әлеуметтік-экономикалық және саяси  акциялар тарихқа «қайта құру» атауымен енді.

Ғалым - тарихшылар сол жылдардағы қоғам дамуын 3 кезеңге бөліп көрсетеді:

Бірінші кезең. 1985 (СО КП ОК апрель пленумы) – 1987 ж.

Екінші кезең. 1987 ж.  жазы мен – 1989 ж мамыры».

Үшінші кезең. 1989 ж. мамыры мен 1991 ж тамызы».

Бірінші кезеңнің   мазмұнын жеделдету концепциясын жүзеге асыру  мен тоқыраудан шығу жолдарының бірі маскүнемдікпен,бетімен кеткендікпен күресу, тәртіпті күшейту, республика басшыларының өзгеруі, оның нәтижесінде 1986ж. 17 желтоқсан оқиғасындағы  әлеуметтік конфликт;

- популистік әдіс арқылы көзбояушылық өзгерістер жасау;

- тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылмауы;

- партия жұмысында «қазақ басшы орыстар мәселесімен, орыс басшы қазақтар мәселесімен шұғылдану» қағидасының  ұрандатылуын құрайды.

Екінші кезеңде:

-  жеңілдетілген келіс арқылы экономиканы реформалау талпыныстары;

- қоғамдағы өтіп жатқан процестерді «тоқырау» ретінде емес, «кризис» ретінде сипаттала бастауы;

- жекеменшік және нарық арқылы мемлекеттің жолы туралы аксиоманың кең өріс ала бастауы;

- социалистік нарық моделін құруға талпыныстың (жоспарлау мен нарықты ұйымдастыруға талпыныс)  жүзеге асырылмауы;

- мемлекеттік кәсіпорындар және кооперациялар туралы шала, жетілмеген заңдардың шығуы .

Үшінші кезеңде:

- 1989 жылы  көктемінде өтілген халықтық парламенттің сайлануы;

- азаматтық құқықтық қоғамды құрудың шарты ретінде нарықпен жекеменшікке көшу туралы күрес;

- демократиялық процестердің дамуы;

- Қазақстан компартиясының ОК 1989 жылы маусым айындағы Пленум республикалық партия ұйымының басшысы ретінде Н.А.Назарбаевты ұсынуы;

- оқиғалардың әрі қарай дамуы негізінде Жоғарғы Кеңес Н.А.Назарбаевты Қазақ ССР Президенті етіп сайлауы;

- 1991 жылы  8 желтоқсанында ТМД құрылуы туралы Келісімге және 1991 жылы 21 желтоқсанында  келісімнің хаттамасында қол қойылумен КСРО мемлекеттік құрылым ретінде жойылуы;

- 1990 жылы  мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация және 1991 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекттік тәуелсіздігі туралы Жоғарғы Кеңестің қабылдаған конституциялық Заңы. Бұл Заңда Қазақстанның тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орны мен ролі анықталды.

Жоғарыда баяндалған тарихи кезеңдерге тоқталу себебіміз  республикадағы біздер зерттеуге алған  уақыттағы әлеуметтік және саяси  жағдайларды анықтап олардың білім беру мазмұнының дамуына жасаған ықпалын көрсету мақсаты мен байланысты болатын.

Осы кезде Қазақстан  педагогика ғылымында маңызды проблемалардың бірі болған жеке тұлғаны қалыптастыру  мәселесі  өз шешімін күтті.

Онда жеке тұлғаның қалыптасуы мектеппен шектелмейтіндігін ескеру қажеттігі жалпы білім беру барысында оқушыны жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру мақсаты қойылды.  Сөйте тұрып оқушыға жеке тұлға деп қарамай, оны ұжымның мүшесі, үлкен механизмнің тетігі, калыпқа салатын объект деп түсінілді. Білім мазмұны баланы білім, білік және дағдылармен қаруландыратын құрал деп қарастырылды. Сондықтан мектептегі тоқыраудың негізгі себептерінің бірі білім мазмұнының құрылымы және оны іс жүзіне асыртатын оқу-әдістемелік кешенмен байланысты да болды. Осыған байланысты оқу-әдістемелік кешеннің білім берудегі маңызы мен құрылымы оның құндылығына жеке тарауша арнадық. Өйткені, бұл білім беру парадигмасында кездесетін, білім беру саясатын сауатты түрде жүзеге асыратын өте көкейкесті, күрделі проблема.

 

 

1.2   Ұлттық білім беру жүйесінің  даму кезеңдері

 

Қоғамда болып  жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, гуманитарлық білім беруді күшейту, өндірістік технологияны дамыту, оқу  пәндерінің құрамы, көлемінің және оқытушылардың оқу-тәрбие үрдісіне қарым-қатынас сипатының өзгеруі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер қажеттілігін туғызды.

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайлардағы білім  беру мекемелері экономикалық өзгерістерге әр түрлі әсерін тигізуде. Олардың  кейбіреулері өзгерістерді алдын-ала болжай алмайды, бұрыннан келе жатқан талаптар мен шарттарға бағынады да, тек өзгермеске болмайтын жағдайда ғана, оны қабылдауға мәжбүр болады. Ал келесі біреулері, жағдайды тез түсініп, бірден іс-әрекеттің жаңа инновациялық түрін жүзеге асыра бастайды.

Қазіргі кезде  елімізде жалпыадамзаттық құндылықтар  өркендеуіне жол ашылды.  «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін  білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы»: «...жылдам өзгеріп отыратын дүние  жағдайларында алынған терең  білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оларды ұлтжандыққа, азаматтыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер, технология сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру қажет» деген жолдар осының айғағы.

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік-мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп, жаңару үстінде. Бұрынғы кеңестік дәуірде туып-өскен адамдардың түсіне де кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп, өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген, іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады.  Осы орайда, білім ордасының табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастыру, жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шыңдап, тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі.

Қоғамдағы серпінді әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында білім беруге сапалық реформа жүргізу, білім беру саласында қалыптасқан нақты жағдайды, өскелең үрдістер мен іс-жүзіндегі қатынастарды, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің болашақтағы дамуының мүмкін жолдарын ескеретін егжей-тегжейлі  жасалған стратегия болғанда ғана мүмкін болады. Мұндай стратегия жылдам өзгеретін нақты жағдайларға тұрақты бейімделетін икемді тактикалық іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болуға тиіс.

Білім беруді дамыту бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу  мен оқытудың, жалпы орта білімнің, бастауыш және орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің басты аспектілерін қамтиды, елдегі білім беру саласының нақты  жай-күйін бағамдайды, перспективаларын белгілейді, білім беру жүйесін одан әрі дамытудың басымдылықтарын айқындайды және білім берудің әрбір деңгейі үшін қойылған мақсаттарға жеткізу жөніндегі нақты іс-шаралардан тұрады.

Бағдарламада  ауыл мектебі оқушыларына білім  беру деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін қазіргі ауыл мектебінің моделін жетілдірудің және жоғары кәсіптік білім алу үшін олардың түлектерінің бастапқы мүмкіндіктерін теңестірудің қажеттілігіне елеулі көңіл бөлінген.

Бағдарлама  оқытудың жаңа технологиясын әзірлеу мен енгізуді инновациялық өзгерістерді жүзеге асыру, қоғамның әрбір мүшесінің қызмет саласын жедел өзгерту үшін кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды қамтитын үздіксіз білім беру жүйесін дамытуды көздейді. Бағдарлама жаңа оқу жоспарларын, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін енгізуге, балалар мен жастарға экономикалық, экологиялық, құқықтық, азаматтық білім беру жөніндегі қазіргі заманғы оқу бағдарламаларын енгізу арқылы білім берудің мазмұнын жаңартуға жәрдемін тигізуге арналған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты -  сапалы білімге  кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін тиімді дамыту үшін жағдай жасау.

Негізгі міндеттері:

- азаматтардың білімдерінің барлық деңгейлері мен сатыларына қол жеткізуге арналған конституциялық құқықтарын қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау;

- білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру;

- білімнің және білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, білім беру қызметтерін таңдауды ұсыну;

- тәрбие жұмысын жетілдіру, оқу мен тәрбие процестерінің бірлігін қамтамасыз ету;

- педагогтың әлеуметтік мәртебесін көтеру;

- Қазақстанда білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біріктіру үшін жағдай жасау.

Бағдарлама  білім берудің әрбір деңгейі  үшін елдің тиімді жұмыс істейтін білім беру жүйесін құру нақты мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

Білім беруді дамыту бағдарламасының іске асуымен білім  беру жүйесінің әлеуеті мен ресурстары сақталатын болады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін әрі ұтымды, әрі барынша тиімділікпен пайдаланылатын болады. Осы бағдарламаның уақтылы іске асуы халықтың неғұрлым қалың жіктері үшін білім беру бағдарламаларының қол жетімділігі мен сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге тиіс.

Қазіргі қоғам  талабынан туындайтын бастауыш сатыдағы білім, тәрбие мақсаты мен міндеттерінің аса жауапты және күрделі екенін байқауға болады, бұл мақсатты жүзеге асыруды, міндеттерді тиімді шешуді қамтамасыз ететін білім-тәрбие мазмұнын анықтап құру ақылды қисынмен де, үлгілі тәжірибемен де орындалатын шаруа емес. Бұл үшін объективті ұстанымдарға сүйенетін тәжірибе, идея немесе теория қажет.

Біздің зерттеу  жұмысымызда  алдымызға бірнеше  міндеттер қойылды. Олардың қатарында  қазақ бастауыш мектептерінің білім  беру мазмұны  тарихының даму кезеңдерін айқындап, олардың мазмұнын ашып көретіп сипаттама беру болатын.

 Қазақ  мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуына ықпалын тигізген әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайларына, қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнына қатысты мәселелерді зерттеуге  арналған жұмыстар мен мұрағат материалдарына жасалған талдау, оның даму тенденцияларын салыстыру, тарих ғылымындағы қабылданған кезеңдер инновациялық процестерді қорытындылап зерттеуге алынған  күрделі феноменнің қалыптасып дамуын шартты түрде екі кезеңге бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:

  1 кезең –  1991-1994 жылдар. Бірінші кезеңді біздер  «Егеменді Қазақстан және қазақ  мектептеріндегі білім беру мазмұнының  қалыптасуы» деп анықтадық.  

2 кезең –  1995-2007 жылдар. Екінші кезеңді «Қазақстан Республикасында  -

ғы қазақ  мектептерінің білім беру мазмұнының әрі қарай дамуы» деп тұжырымдадық.

1. «Егеменді  Қазақстан және қазақ мектептеріндегі  білім беру мазмұнының қалыптасуы»   (1991-1994 жж.):

-мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларациясының  қабылдануы(1990 ж.);

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Жоғарғы Кеңестің конституциялық Заңының қабылдануы (1991 ж.). Бұл Заңда Қазақстанның тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орны мен рөлі анықталуы;

-  1991жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алуы;

       - 1991 жылы Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің тұжырымдамасының жариялануы;

       - Қазақстан Республикасындағы гимназия, мектеп-лицей туралы Үлгі Ережелердің жариялануы (1991 ж.);

- республикада түрлі типтегі (лицей, гимназия) мектептердің және жекеменшік мектептердің ұйымдастырылуы;

-  орта және бастауыш білім беретін қазақ мектептері санының көбеюі;

-  заңнамалық базасының қалыптаса бастауы.  Білім беру сферасына концептуалдық келістерді қайта қарауға негіз болған Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының қабылдануы (1992 ж.).  Қабылданған «Білім туралы» Заң білім беру іс-әрекетін реттейтін негізгі заң актілерінің  бірі болуы;

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы