Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад

Описание работы

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Файлы: 1 файл

педагог психолог мани.docx

— 315.91 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

 

ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІ

 

 

Орындаушы:

4 курс студенті ____________________________ Ә. А. Жанұзақова

(қолы, күні)

 

Ғылыми жетекші:

п.ғ.к., доцент _______________________________ Ұ.Б. Төлешова

(қолы, күні)

 

 

Норма бақылаушы:

жалпы және этникалық

 педагогика кафедрасының

оқытушысы              ---------------------------------------  А.С. Сатывалдиева                   

(қолы, күні)

 

Рецензент:

ҚызПИ п.ғ.д.,

профессор   _____________________________________И.Р. Халитова   

(қолы, күні)

 

 

 

Қорғауға жіберілді

 

«----» ------------- 2007 ж.

 

Жалпы және этникалық педагогика

кафедрасының меңгерушісі

п.ғ.д., профессор      ________________________________З.Ә. Исаева  

                                                              (қолы, күні)

 

                                                        

Алматы 2007

 

РЕЗЮМЕ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ ПЕДАГОГИКА САЛАСЫНДА  ҚОРҒАЛҒАН

Тақырыбы: Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі

 

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.

Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.

Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • қазіргі мектептердегі барлық сынып оқушыларына педагогикалық-психологиялық жеке көмек беру;
  • педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, жоғары сынып оқушыларының  жан-жақты, тұлғалық, жеке даралық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;
  • мектеп әкімшілігімен сынып жетекшілерінің және ата-аналардың сұраныстары бойынша  педагогикалық-психологиялық қызмет, психологиялық сақтандыру, диагностикалық түзету, психокоррекциялық жаттығулар, кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

Зерттеудің болжамы: Егер, мектептегі педагог-психологтың қызметі ғылыми теориялық тұрғыда негізделсе, онда оқушылардың білім сапасы артып, жоғары мәдениетті оқушы тұлғасының қалыптасуына мүмкіндігін тигізер еді.   

Зерттеудің негізгі ойы. Қазіргі ақпараттық ғасырда мектепте қызмет жасайтын педагог-психолог мамандардың оқушыларды жан-жақты дамытуы компьютер, интернет, жаңа оқыту технологиялары және қарым-қатынас құралдарымен тығыз байланысты. Педагог-психолог мамандар бұл ақпаратпен өзін-өзі  қамтамассыз ету арқылы өзінің іскерлігін, белсенділігін, білімділігін, мәдениетін, жалпы айтқанда ғылымми көзқарасын дамытып, оқушылардың   оқу-тәрбие сапасының жақсаруына тиімділігін тигізіп, адами-құндылық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етер еді.

Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы: Мектептерге  педагог-психолог мамандардың қажеттілігі ғылыми тұрғыдан  дәлелденіп, атқаратын қызметінің моделі дайындалып, тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 КІРІСПЕ 

5

     

1

ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ  ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1

Қоғамдағы  педагог-психолог қызметінің мәні

8-22

1.2

Мектептегі педагог-психолог маманның атқаратын іс-әрекетіне  сипаттама

23-29

1.3

Мектептегі педагог-психолог маманның жоғары сынып оқушыларымен атқаратын қызметінің моделі

30-39

 

Бірінші тарау бойынша тұжырым

 
     

2

МЕКТЕПТЕГІ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 

2.1

Педагог-психолог маманның сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар   арқылы жоғары сынып оқушыларын жан-жақты  қалыптастыру  жолдары

40-56

2.2

Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі,  ғылыми-әдістемелік ұсыныстар

57-70

     
 

Екінші  тарау  бойынша тұжырым

 
     
 

Қорытынды

71-72

     
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

73-75

     
 

Қосымшалар

76-86


 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

Кіріспе

 

Нарықтық қатынастар орныға бастаған егемен еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1],  “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”[2],“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[4]    тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге  кең жол ашу талап етіледі.

 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында Республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс барысында оқушыларға педагогикалық –психологиялық дайындықтың қажет екендігі мәлім.

Олай  болса, қазір қоғам алдындағы  негізгі міндеттердің бірі - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптай келе ауыл жәнеи кейбір қала мектептерінде педагог-психолог қызметін сағат саны жетпей қалған пән мұғалімдері мен басқа сала мамандары атқарды. Бұл мамандар педагог-психолог қызметін өз деңгейінде атқара алмайтыны кімге болса да мәлім.

Осындай себептерден кейін оқушылармен педагогикалық-психологиялық жұмыс жасайтын, психологиялық кеңес беретін, тұлғалық, адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда мектепте педагог-психолог маманнының қажеттілігі туындап, штаттар мен арнайы бөлмелер ашыла бастады.

Мектептерде сабақтан тыс тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін отандық ғалымдардан  З.Әбілова [5], С.Қалиев, Б.Имамбекова [6],

К. Абдімәжитов [7] және т.б. қарастырса, педагог-психологтың қызметін Т.С.

Сақтағанова  [8], М. Әуренова [9],  және т.б. ғалымдар айналысса, білім беру жүйесіндегі психокоррекциялық жаттығуларды қолдану мәселесімен Қ.Б Жарықбаев [9],  С.М. Жақыпов, Ф. Бизақова [10],  және т.б. ғалымдардың еңбектері болса, педагогикалық-психологиялық іс-әрекет мәселесімен әлемдік ғалымдардан  Н.В Кузьмина., А.А Реан [11],  В.А.Сластенин[12] және т.б. ғалымдар зерттеп, өзіндік үлес қосқан.

Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды  саралай келе біздің зерттеу  нысанымызға алып отырған қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметін қалыптастыру  мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін анғардық. Бұл мәселе, кеңінен талданып педагогика және психология ғылымынан тиесілі орын алуы керек деп санаймыз. Өйткені, егеменді еліміздің ұрпақ жалғастығын дайындайтын  мектептерде қызмет көрсететін педагог-психологтың еңбегінің мәні мен мазмұнын айқындап, соның негізінде дамытудың маңызы ерекше.

Зерттеу  барысында айқындағанымыздай бұл  өзекті тың тақырып бүгінгі  күнге дейін өз деңгейінде шешімін таппаған. Сондықтан, мектептерде педагог-психологтың қызметінің өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз.  Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі ” -деп таңдап толық мәлімет беру үшін жоғары сынып оқушыларын зерттеуді жөн көрдік.

Зерттеу объектісі:  Жалпы білім беретін мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті .

Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.

Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі жоғары сынып оқушыларымен  педагог-психолог қызметінің педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • жоғары сынып оқушыларына педагогикалық-психологиялық жеке көмек беру;
  • педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, жоғары сынып оқушыларының  жан-жақты, тұлғалық, жеке даралық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;
  • мектеп әкімшілігімен сынып жетекшілерінің және ата-аналардың сұраныстары бойынша  педагогикалық-психологиялық қызмет, психологиялық сақтандыру, диагностикалық түзету, психокоррекциялық жаттығулар, кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

Зерттеудің болжамы: Егер, мектептегі педагог-психологтың қызметі ғылыми теориялық тұрғыда негізделсе, онда оқушылардың білім сапасы артып, жоғары мәдениетті оқушы тұлғасының қалыптасуына мүмкіндігін тигізер еді.   

Зерттеудің негізгі ойы. Қазіргі ақпараттық ғасырда мектепте қызмет жасайтын педагог-психолог мамандардың оқушыларды жан-жақты дамытуы компьютер, интернет, жаңа оқыту технологиялары және қарым-қатынас құралдарымен тығыз байланысты. Педагог-психолог мамандар бұл ақпаратпен өзін-өзі  қамтамассыз ету арқылы өзінің іскерлігін, белсенділігін, білімділігін, мәдениетін, жалпы айтқанда ғылымми көзқарасын дамытып, оқушылардың   оқу-тәрбие сапасының жақсаруына тиімділігін тигізіп, адами-құндылық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етер еді.

Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы: Мектептерге  педагог-психолог мамандардың қажеттілігі ғылыми тұрғыдан  дәлелденіп, атқаратын қызметінің моделі дайындалып, тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: қазіргі мектептердегі педагог-психолог мамандардың  қызметі психологиялық, әлеументтік,  педагогикалық еңбектерді сараптап, басшылыққа алуымен қамтамассыз етілді.  Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру: Зерттеу  мәселесіне орай 2 мақала ұсындым. Біріншісі «Тәрбие сағаты», «Мектепті басқару», « Педагогика және психология» журналдарына (авторлық бірлестікте Ұ.Б. Төлешова) баспаға берілді.

Бітіру жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттері тізімінен және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ  ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Қоғамдағы  педагог-психолог қызметінің мәні

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында жеке тұлғаның уақыт талабына сәйкес дамуы: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» (Астана, 19 наурыз, 2004 жыл) деп нақты тоқталып өткен [13].

         Жаңа формацияда білім беру  саласындағы барлық процесте, пән  оқушылары мен топ тәлімгерлеріне  кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда білімдердің жекелік  ерекшелігін ескеру, қабілетіне  және тұлғалық бағыттылық ықпалына  қарай жағдай туғызуды қажет  етеді.

            Осындай психологиялық міндеттерді  шешуде теориялық және пратикалық  негізде педагогикалық-психолгиялық  қызмет көрсету қажеттілігі туындады.

             Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады.

Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.

Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі