Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад

Описание работы

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Файлы: 1 файл

педагог психолог мани.docx

— 315.91 Кб (Скачать файл)

Жеткіншектік кезең қиын, әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты. Бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады: мұның өзі біршама қысқы мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, жеткіншектің өзінде әртүрлі елеулі субъективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады. [40]. Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды. Онда тіл алмаудың қарсылықпен наразылық әртүрлі формада шығады (қиқарлық, дөрекілік, тентектік, бүкпелік, тұйықтық) жеткіншектік кезеңдегі даму сыналу көріністерінің пайда болуында әлеуметтік-психологиялық мәселелер әсер етеді.

Тұлғаның бұндай сапаларында мектеп шешіп, тәрбиелеуі тиіс алғышарттар жатыр. Біздің мемлекетте әрқашанда мектепке көп көңіл бөлінетін. Бұндағы мектептің мақсаты балалар мен жеткіншектерді оқыту, дамыту, тәрбиелеу, сонымен қатар түрлі әлеуметтік-психологиялық мәселелеріне ден қою.

Бойында рухани байлықты, моральдық тазалықты және денелік саулықты алып жүретін қоғамға пайдалы белсендңі тұлғаны қалыптастыруды мақсат етіп отыр. Бірақ, мектеп жеткіншектерінде өздерінің жасерекшелік дағдарыстарына қоса, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге душар болады.

Біріншіден, мектепте он бір жыл бойы білім алу-бұл жағымды және жағымсыз ықпалдарға сезгіш болып келетін баланың өсу әрі даму кезеңі екенін ескерсек, мектептік кезеңде бала дағдарыстың екі түріне кезігеді: бірі- 6-7 жасарлығы болса, екіншісі-жеткіншектік кезеңді қамтиды. Жеткіншек оқушылар ерекше қорғауды қажет етеді . Себебі,  неміс психиятры Hutter айтқандай, «жеткіншектік кезеңде қалыпты қалыпсыздықтар жиі кездеседі. Дегенмен бәрі қалыпты жүргеннің өзі қалыпсыздық». Мінез-құлқындағы бұл өзгерістің өзіндік себептері бар, 1971 жылы В. Шендлер: бұл жердегі мектептің мақсаты тек алдын алу, диагностика ғана емес сонымен қатар оқушылардың бұл мәселелерін тиімді жолмен шешу (Школа и психологическое здоровье учасщихся. [41]. Мектептегі жеткіншек оқушы өмірінің негізгі мазмұны оқу, яғни үлкен ақыл-ой қысымыЛ.С. Выготский былай деп жазған екен, «ғылыми білімдер баламен қабылданып, жаттанбайды, еспен алынбайды, ол тек өзіндік ойының бүкіл белсенділігіне үлкен күш түсіру нәтижесінде пайда болып, қалыптасады. Бұл қысым барлық балаларға оңай түсе бермейді. Соның нәтижесінде оқу қысымын игере алмаушылық туады. Бұл фактор оқу материалының қиындығымен немесе көлемдігімен, жеткіншек оқушылардың интеллектуалды қасиеттердің (жеткіншек оқушының құрылымымен бірге бағдарламалық талаптарды орындауға бөгет жасайтын) ерекшеліктеріне орай туады. 

Оқу материалының көлемі мен қиыншылық анализі педагогикалық құзырға кіреді. Дегенмен, психиаторлар мен психологтар атап өтетін мәселе: егер балаға қойылатын талаптар оның мүмкіндіктеріне сай келмейтін болса, мектеп сабақтары невроз себепкері болуы мүмкін.

Ғылыми –техникалық прогресс, ақпараттандыру заманы мектеп бағасының күрделігіне, педагогикалық процестің қарқындығына алып келеді. Ю.А. Александров, М.М. Хананашвили психиатрлары жүйке-психикалық ауытқулардың шекаралық формалардың пайда болуының шарты ретінде баланың әлеуметтік және биологиялық мүмкіндіктерінің ақпаратты өңдеуге, оның пайда болу жылдамдығы мен санына сәйкессіздігі. 
Авторлардың байқауынша, берілген үй тапсырмасының барлық күш-жігерін салып оқитын үлгерімі жақсы оқушылар ақпараттық қысымға ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен, мінез-құлықтың  бұзылуымен, мінез-құлықтың күрт өзгеруімен т.б. жауап қайтарады.

Сонымен, мектеп бағдарламасын игерудегі қиындық жеткіншек оқушылардың жеке ерекшеліктерінде жатуы мүмкін. Олар алуан түрлі: ақыл-ойдың артта қалуына алмағанда (әдетте мектепке дейінгі кезеңде анықталмай, арнайы оқу орындарына жіберілмейді) интеллектісі қалыпты балалар арасында да оқудың қиындық туғызатын кездері болды.

Мектепке қажетті функционалдық жетілген соң, яғни «мектептік ересектікке» жетеді. Олардың арасында жүйке-психикалық қысымын ұзақ мерзім ішіндежасыра алып, өте жоғары жетістіктерге жетеді. Бірақ жеткіншектік жасқа жеткен соң сол жас кезеңнің дағдарысы мен қоса келетін неврозбен төлеуге тура келеді.Оқу бағдарламасын игеруге қиындық туғызып отырған мәселелердің бірі соматикалық әлсіздік. Педагог В.А. Сухомлинский оқушылардың интеллектуалды дамуы мен денсаулығына көңіл бөле отырып, «баяу ойлау жалпы сырқаттанудың нәтижесі» деген.

Психологтар қабілеті мен шаршау деңгейінің сәйкессіздігін анықтаған.

Қабілеттердің төменгі деңгейі ( Н.С. Лейтес айтқандай, жалпы қабілеттер жиынтығы ақыл-ой дарындылығы деп аталады)  оқушының жоғарғы жұмыс қабілетімен және табиғатымен орын басылады, егер ол төменжұмыс қабілетімен сәйкестенсе ол үлгерімнің төменгі көрсеткішіне  алып келеді де (Бударный А.А., 1961) оқуға деген жеке көңіл бөлуді талап етеді. Соңғы зерттеулерде тек сандық қана емес, сонымен қатар бір оқушыларда сөздік-логикалық тапсырмаларды шешуде,  басқаларда көрнекі-құрылымдық тапсырмаларды орындау кезінде көрініс беретін ми іс іс-әрекеті функционалды ұйымдастырумен байланысты интеллектуалды жұмыс қабілетінің сапалық айырмашылықтар анықталған.

Жеткіншек оқушылардың тағы бір мәселесі ол солақайлық. Бұл балалық шақта жиі кездеседі: бастауыш сыныпта оқушылардың 7-11\, жеткіншектік жасқа жеткенде 3-7\. Айта кететін жайт, солақай оқушылардың жүйке жүйесі сезімтал келеді. Психологтардың мәліметтерінше, әлеуметтік бейімделмеген неврозды жеткіншек оқушылардың 12\ солақай болса, дәл осы жастағыоң қолмен жазатын адамдардың арасындағы дисадаптация мен невроз 4,5 \ ғана құрайды.

 


 

 

 

 

Бұндай балалар мектепке қабылданғаннан бастап, тіпті одан да ерте кезек, оларды «бәрі сияқты» болуға мәжбүрлейді, сөйтіп оларда шаршағыштық, қозғыштық, ашуланшақтық, ұйқы мен тәбеттің бұзылу деңгейі жоғарылайды, әлеуметтену үрдісінің жүруі кідірлейді.

Егер солақайлық сол латеральділік белгілермен (сол жүргізуші көз, сол жүргізуші құлақ және т.б.) сәйкес келсе, жаққа қайта үйрету жүйке-психикалық тозуға алып келуі мүмкін. [42]. Адам бойындағы қажет, түрткі, ниет, тілек, ынта, ықылас т.б. қасиеттер танымдық қызығушылықты құрайды. Танымдық қызығу адамды білімге, кәсіпке, іскерлікке, іс-әрекетілікке т.б. итермелейді [86,21]. Танымдық қызығушылықтың туындау көрсеткіштері (1суретте) төмендегідей компоненттерге бөлінді.

- мотивациялық  құндылықтары;

- оқу объектісіне бағыттау;

  • технологиялық;
  • шығармашылық;

Бұл аталған  компоненттердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады.

Білім-жалпы,кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады.

Кәсіп-мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Ол университетте, институтта, кәсіби техникалық колледждерде, гимназиялар мен жалпы мектептерде беріледі.Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет.

Іскерлік –оқу,білім,кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру керек.

 Іс-әрекет- әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады.Бұл үрдістің орындалу ,игерілуі керек.

Игеру-қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, бекіту, жүзеге асыру,қолданудан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалған соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Білімнің  түрлеріне келер болсақ жалпы, арнайы, кәсіби, техникалық болып  бөлінеді. Білім алу үшін кәсіп, мамандық таңдау,оқитын оқу орныңызды  таңдауыңыз керек. Таңдаған кәсібіңізге  іскерлік таныту үшін оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, дағды,білік  т.б қажет. Іс-әрекетті игеру, ұғыну, жүзеге асыру, танымдық қызығушылықтың  туындауынан қалыптасады.

Нәтиже-білімді тәрбиелі оқушы тұлғасын қалыптастыру

 

Бірінші тарау бойынша тұжырым

Қазіргі заман талабына сай оқу-ағарту тәрбие мәселесін сараптай келе оқушылармен педагогикалық-психологиялық жұмыс жасайтын психологиялық кеңес беретін, тұлғалық, адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда мектепте педагог-психолог маманының орны ерекше екенін айта отырып.Оның қызметінетоқталмас бұрын педагог-психолог ғылымы жайлы зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне анықтамалар берілген.

Маман даярлау ісінің тиімділігін  арттырудың бір жолы-мектептегі  жоғары сынып оқушылары мен  университиет студенттерінің сабақтан  тыс жұмыстарын жүргізуге маңызды  мән беріледі.

Сонымен қатар, жалпы педагогикалық  дамудың, оның ішінде іс-тәжірибелердің  ғылыми-зерттеу жұмысымыздың негізі  оқушылардың танымдық қызығушылығын  қалыптастырудағы мектеп пен  университет арасындағы сабақтастықты  зерделей келе І тараудың мазмұны  бойынша төмендегідей тұжырым  жасадық.

  • оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселелерін әдістемелік тұрғыда және жеке пәндерді оқытуға байланысты оқушының іс-әрекеттілігі сарапталынып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру жолдарының психологиялық-педагогикалық алғы-шарттары ашылып, құрылымы өзара салыстырылды.

- отандық ғалымдарымыздың еңбектерін  сараптап, зерттеу проблемамамыз  жөніндегі ой-пікірлерін талқыладық. Сонымен қатар, ғылыми еңбектер  мен әртүрлі деректерге сүйене  отырып оқушылардың танымдық  қызығушылықтарының қалыптасуындағы  мектеп пен университет сабақтастығын  заман талабына сәйкес ғалымдарымыздың  көзқарастары мен зерттеулері  жан-жақты сараланып,олардың біліктілік, тәлімділік жақтары көрсетілді.

Мектеп пен университет арасындағы  сабақтастықтың педагогикалық мүмкіндіктері  анықталып, бүгінгі қоғамдағы жеке  тұлғаның білімділігі мен адами  қасиеттерін қалыптастырудың жолдары  анықталып, талдау жасалынды.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын  қалыптастырудағы мектеп пен  университет арасындағы сабақтастық  мәселелерін ашу туралы жазылған  философтардың, филологтардың, педагог-психологтардың  еңбектерін бірнеше топтарға  топтастырдық.

1) Педагог-психолог  ғылымдарымыздың еңбектеріндегі  танымдық қызығушылық туралы  ой-пікірлерін талдадық.

2) Оқушылардың  танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы  сабақтастықтың зерттелу жолдарын  анықтадық.

3) Оқушылардың  танымдық қызығушылығын дамытудағы  мектеп пен университет арасындағы  сабақтастықтың педагогикалық мүмкіндіктерін  аштық.

 

2.МЕКТЕПТЕГІ  ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 

2.1 Педагог-психолог маманның сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы жоғары сынып оқушыларын жан-жақты қалыптастыру жолдары

 Бүгінгі  Қазақстанға қалыптан тыс ойлай  алатын, шұғыл шешім қабылдай  білетін, белсенді, шығармашыл адамдар  қажет. Сондықтан сабақтарда білімділік  мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың  жекелік қасиеттерін, қабілеттерін  дамытудың жолдарын қарастырған  жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі  қызықты ойындар, ойын-есептер, шығарым-тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың  мәні зор.

   Бастауыш  мектеп жасындағы танымдық іс-әрекеті  оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеберінің  кеңеюінің маңызы артады. Баладағы  өтіп жатқан осы өзгерістер  педагогтерден бүкіл оқыту-тәрбиелеу  жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды  талап етеді. Негізгі іс-әрекет  түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиал, ойлау) дамиды. Бастауыш сынып оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдастырумен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда «білуге құмарлық, әуестік те» байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.

  Олардың  зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып  келеді. Сондықтан бастауыш мектепте  балаларды оқыту мен тәрбиелеу  үрдісі, негізінен, зейінді тәрбиелеуге  бағытталады. Мектеп өмірі балалардан  ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын  бір орталыққа біріктіру үшін  ерік күшін жинақтау талап  етеді. Балалардың ерікті зейіні  оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-әрекетінің табысты болуына  деген жауапкершілік).

 Мектепте  бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген  бақылаулар нәтижесінде бастауыш  сынып оқушыларының танымдық  қызығушылығының мынадай көрсеткіштері  байқалады:

  • қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
  • білім алуға және оны меңғеруге тырысу;
  • таным үрдісі мен танымдық іс-әрекеттің эмоционалдық көрінуі;
  • танымдық іс-әрекеттің еріктің болуы;
  • бос уақытын пайдалана білу сипаты;
  • танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;
  • жаңаны білуге ұмтылысы;
  • мектепке және оқуға жағымды қатынасы;

  Психологиялық  – педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізу барысын II кезеңге бөлуге болады.

  I кезең.

  Жоғары сынып оқушыларының дарындылығын мынадай психологиялық тестер жүргізу арқылы айқындауға болады.

  • тілге бейімділігі. «Айзенктің вербальді қасиеттерді зерттеу» тесті;
  • математикалық бейімділіктерді анықтау Аштахуэрдің алгоритмдік және арифметикалық қабілеттерін зерттеу субтесттері;
  • оқушының сыни тұрғыдан ойлау ерекшелігі П. Торренс субтесттері бойынша;
  • оқушының интеллектуалды даму деңгейлерін анықтауға Л.Ф.Тихомирова ұсынған «интеллектуалды қабілеттерді анықтау» әдістемелері, ровен шкалалары В.Н.Бузин «қысқаша іріктеу» тесттері, тағы да басқа интеллектуалдық, танымдық тестерін пайдалануға болады.

Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі