Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад

Описание работы

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Файлы: 1 файл

педагог психолог мани.docx

— 315.91 Кб (Скачать файл)

Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Ондай мамандар дәйім өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық үрдістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, өндіріс пен жеке адам арасындағы ықпалдастықтың ізгілікке бағытын стереотиптендіруден арылта білуге тиіс. Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орнының ең бір маңызды міндеті кәсіби жағынан білімдар да құзіретті маман даярлау болып отыр.

Педагогтың кәсіби құзіреттілігі туралы айтсақ, педагогикалық міндеттерді өз бетімен тиімді мұғалімнің, педагог-психологтың, тєрбиешінің тұлғалық  шеше алу мүмкіндіктерін сөз етеміз.

Кәсіби құзыреттілік термині көне заманнан бері қолданылып, әр кезеңде оныњ мазмұны толықтырылып отырған.

Осындай шарықтап даму кезеңдері Платонның сатылап оқытудың жоғарғы оқу түрлері және барлық жалпы білімнің үйлесімдік базасында кәсіпке оқытудағы жоғары білім туралы Аристотельдің идеялары, ХVІІІ-ХІХ ғасырда зайырлық кәсіби білім берудің ұтымды жолдарын ұйымдастыру туралы ойлар. Содан бері жоғары оқу орындарында кәсіпке оқытуға ерекше көңіл бөлініп және соның арқасында қазіргі жоғары оқу орындарында көп деңгейлі жоғары білім беруде кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үрдісі жалғасуда.

Жоғары білімді маманның кәсіби құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің жєне ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру дайындығына, былайша айтќанда, іскерлігі мен мүмкіндігіне сай жұмыс істеу қажеттілігінен келіп шығады.

Құзіреттіліктің сипаты қандай?

Кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, құзіреттілік дербес жєне жауапкершілікпен әрекет етуге, белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психологиялық сапаның қосылымы ретінде белгіленіп жүр. Құзіретті болу мен құзіретсіз болудың себебі бірдей. Ол адамның жеке тұлға ретіндегі ахуал, эмоциялық тұрақтылығы мен айнымалылығы, денсаулықтың жақсы-жамандығы т.б. осылардың болу-болмау себептерін анықтау үшін құзіреттілікті саралап, кәсіби психологтың қатысуыныњң маңызы зор (Кесте 2).

Құзіреттіліктің бар-жоғын адам еңбегінің нәтижесімен қарап, пайымдау қажет. Кез келген қызметкер өз әрекетімен кәсіби іс-әрекеттің түпкі нәтижесіне сай талаптарға жауап беретін жұмыстарды орындаса ғана кәсіби құзіреті саналады. Жеткен нәтиже емес, белгілі бір жетістікке жету үшін тырысуды құзіреттілікке телуге болмайды. Құзіреттілікті адамның білімдарлығымен жапсарлатуға болмайды. Өйткені, жұрт айтқандай: «... құзіретсіздік оқу орнының шаңырағында шайқалып тұр». Құзіреттілікті адамдардың белгілі бір мєселені шешу қабілетімен шатастыруға болмайды. Бұл мєселені мен шеше аламын, бірақ менің құзырыма жатпайды немесе бұл менің құзырымда, бірақ, білімдарлығым жетпейді т.б. пікірлер айтылды.

 

(2сурет)

Тұрақты кәсіби мотивация

Кәсіби айнымалы мотивация

- өз кєсібіне адалдығын  сақтауға тырысу;

- мендік тұжырымның жағымдылығы, өзіндік бағамдылық;

- басқа көше алу қабілеті, әмбебаптық;

- шығармашылық бағдар, жаңа  үшін ескіден бас тарта білу;

- саналы түрде рухани  баюды көздеу, кєсіп арќылы өзін-өзі  дамыту;

- кәсіп арқылы шығармашылықты  байыту;

- жағымды эмоциялық күйдің  басымдығы;

- кәсіби еңбектегі даралық;

- кәсіби еңбекке қанағаттану;

- кәсіби өзіндік сана  тұтастығындағы  өз кәсібінің  профессиограммасын  білу;

- кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі  тану;

- мақсатты ойлау мен  бөгеттерге қарсы тұра білу, әрекет  етудің тұрақтылығы;

- өзіне-өзі жоба жасау;

- кәсіби жағынан машықтану.

- кәсіби мінез-құлық себептерінің  болмауы;

- консервативті бағдар, жаңалық  енгізуге қарсылық,

- ебедейсіздік, өзгеруге  деген әділетсіздік;

- ойлану әдістерінің шығармашылық  әдістерден басым болуы;

- құзіреттіліктің белгілі  бір деңгейге жетіп тоқтауы, кәсіби  тұрғыдан өсудің тоқтауы;

- жағымсыз эмоциялық күйдің  басым болуы;

    • қанағаттанбау мен өзін толық бағалы санауы;
    • тұтаса келіп тұрақтанған кәсіби меннің болмауы;
    • кәсіби өсудің кездейсоқ әсерге тәуелділігі;
    • кәсіби жағынан машықтану үйренудің аздығы, кәсіби тұйықтылық;
    • кәсіби қызметтің мотивациялық қимылдың үйлеспеуі.

 

Әрбір қызметкер өз орнындағы құзіреттілігінің межесін ғана емес, дєрежесін де білсе ұтар еді. Кәсіби құзіреттіліктің түрлерін ажыратуы міндет болып саналады. Атап айтар болсақ:

- арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби іс-әрекетін жеткілікті дєрежеде меңгеру, өзінің кәсіби қалыптасуын жобалай білу;

- әлеуметтік құзіреттілік – бірлесе, кәсіби іс-әрекетті атқаруды, ынтымақтасуды, сондай-ақ, осы кәсіпке қарасты қатысымды меңгеру, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілік;

- жеке тұлға құзіреттілігі - өзін көрсете білу мен қалыптастыру амалдарын, жеке тұлғасының кәсіби қарсы тұру құрамдарын игеру;

- дара құзіреттілік - өзінің қабілеттілігін асыру және кәсіп аясында өз даралығын қалыптастыруға қабілеттілік, кәсіби тұрғыдан қартаюға бой бермеу.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң

ында білім беру тєрбие мен оқытудың үздіксіз үрдісі, ал, оның негізгі мақсаты жоғары деңгейдегі адамгершілік, мәдени даму жєне қоғам мүшелерінің кәсіби құзырлығы деп атап көрсетілген.

Құзіреттіліктің аталған түрлері бір адамның бойынан табыла бермеуі мүмкін. Адам өз мамандығы аясында ғана жетік болуы, бірақ қарым-қатынас жасау жөнін білмеуі, өзін дамыту жолындағы міндетті жүзеге асыра алмауы мүмкін. Осыған орай, оның мамандық жағынан жоғары құзіреттілігін, ал, әлеуметтік жєне тұлғалық жағынан құзіреттіліктің әлсіз, төмен екенін пайымдауға болады. Адамға кәсібінен тысқары жерде қажетті құзіреттіліктің кейбір жалпы түрлері айқындалған. Бұлар кейбір өзекті кәсіби маңызды сапалар мен кәсіби мінез-құлық типтері, көптеген кәсіп түрлері айқындалған, мәнін жоғалтпайды. Жоғарыда сипатталған құзіреттіліктің әр түріне кәсіпаралық жалпы компоненттердің мынадай түрлерін енгізуге болады:

    • мамандыққа құзіреттілік - өндіріс процесін жоспарлауға қабілеттілік, компьютермен, оргтехникамен жұмыс істей білу, техникалық құжаттамаларды оқу, жеке тұлға құзіреттіліктері, өзінің еңбегін жоспарлауға, бақылауға жєне реттеуге қабілеттілік, өз бетімен шешім қабылдауға, үйреншікті емес шешім табуға қабілеті, дара құзіреттілік, жетістік мотивациясы т.б.

Жалпы алғанда, жетекшінің кәсіби-әдістемелік бірлестігі негізінен теориялық жєне практикалық мєселелермен айналысады. Бірлестік маслихатында тәрбие процесін басқару жєне оны кешенді жүргізу, жеке адамды ұжымда тәрбиелеу, тәрбие процесін балалардың шығармашылығын дамыту т.б. мєселелерді талқылайды. Оларды оқу-тєрбие процесінде іске асырудың тәсілдерін іздестіреді. Жеке тұлға құзіреттілігі - өзінің еңбегін жоспарлауға, реттеуге барынша еркін құқықты болуы шарт. Іс-әрекет іс жүзіндегі объектілерді бағамдауға, жобалауда және құрастыруда кєсіптік педагогикалық білімді қалыптастыруымыз қажет.

Кәсіп – адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі.

Мамандық – берілген кәсіптің бір түрі.

Мысалы, кәсіп – мұғалім, мамандық – физика пәнінің мұғалімі.

Қазір ғылыми тілде мұғалім жєне педагог деген екі ұғым бар. Соңғы кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр. 

Профессограмма – мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Жіктеу:

Педагог-психологтың атқаратын қызметін жіктеу:

    • ақпараттық (ақпарат беру);
    • дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);
    • мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);
    • қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.);
    • коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);
    • ұйымдастырушылық (оқытушыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);
    • зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);

Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:

    • ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т.б. ұйымдастыру);
    • тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тєрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);
    • ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру);

- коррекциялау (қайта түзету);

- диагностикалау (болжамдық зерттеулер жүргізу)

- психопрофилактика (психологиялық кеңестер беру, жеке жұмыс жасау)

Педагогикалық қарым-қатынастың мәні мен ерекшеліктерін А.А.Бодалева, А.А.Леонтьева, Н.В.Кузьмина, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, А.А.Реан, т.б. педагогтар мен психологтар өз еңбегінде қарастырған.

Педагогикалық қарым-қатынас – қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет – динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі балалардың қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады.

Кан-Калик былай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынас – тәрбиелеу, оқытудың мақсаты мен міндетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және педагог пен оқушының өзара әсерін айқындайтын әдістер мен құралдардың жиынтығы».


В.А.Кан-Калик өзінің және басқалардың педагогикалық тәжірибелеріне сүйене отырып, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен сынып арасындағы қатынастарында кездесетін қиындықтардың себебі, мұғалімнің педагогикалық қатынастың егжей-тегжейін әлі де бойына сіңірмегені жайлы сөз етеді. Мұғалімге коммуникативті іскерлікті меңгеріп, оны оқу және тєрбие үрдісінде қолдануы қажет екені айтылады.

В.А.Кан-Каликтің пікірі бойынша, педагог өзінің іс-әрекетімен, жүріс-тұрысы, сөйлеуі арқылы тәрбиеленушілерге үлгі болуы керек. Мұғалімге коммуникативті іскерліктің баяны мұғалім сөзінің нақтылығы, түсініктілігі, көңілге жағымды үні, дауыс ырғағы, сөздерінің анықтылығы, мейірімділігі мен тартымдылығы, міне, осының барлығы ұстаздың оқушыға деген әсерін жоғарылатады.

Г.И.Щукинаның пікірі бонша: қрым-қтынас оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мен бекітуіне маңызды әсер етеді. Тєрбиеленушіге сенім арту, оныњ танымдық ізденуіне қолдау жасау, т.б. қызығушылықтарын тудырады, ынталандырады.

Бірқатар ғалымдардың айтуынша, педагогтар практика жүзінде көз жеткізгендері – қарым-қатынас сәтті орта туғызады, тұлғааралық қарым-қатынас мєдениетін тәрбиелейді, әрі педагогқа, әрі тєрбиеленушіге өзін-өзі қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Осындай қасиетті меңгерген маман қарым-қатынас негізінде, мектеп ұжымы мұғалімдермен, оқушылармен (қиын балалармен, дарынды балалармен, жас ерекшеліктеріне байланысты), отбасы яғни ата-аналармен және сонымен қатар біз бітіру жұмысына алып отырған проблемамызға орай жоғары сынып оқушыларымен зерттеу жұмысы барысында жоғарыдағы (1-сурете) бейнеленген.

Толықтай дәлелдеп өтер болсақ  коррекциялау, диагностикалау, психопрофилактика және т.б. іс-шараларды жүргізу арқылы оқушы тұлғасын дамытуда  әртүрлі  жұмыстар жасалды.

   Мектеп жасындағы танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиал, ойлау) дамиды. Бастауыш сынып оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдастырумен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда «білуге құмарлық, әуестік те» байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.

  Олардың  зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып  келеді. Сондықтан мектепте балаларды  оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі балалардан ерікті  зейінін жаттықтыруды, назарын бір  орталыққа біріктіру үшін ерік  күшін жинақтау талап етеді. Балалардың  ерікті зейіні оқу мотивтерімен  бірге дамиды (оқу іс-әрекетінің  табысты болуына деген жауапкершілік).

Педагог-психолог жұмыс жоспарын жасау үшін талап ететін қатаң құсқаулар қойылмайды, жоспар бүгінгі таңда жүргізілген жұмысқа алдын ала бағдар сынып оқушыларымен атқарылатын істің бағдары ретінде де қарастырылады.

Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі