Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.
К.Д.Ушинскийдің педагогтар үшін баланың психикасын жете білуге мән бергені соншалық, ол өзінің дидактикалық көзқарастарын, әсіресе оқыту методикасына байланысты дидактикалық ережелерінің көпшілігін, сол кездегі жаңадан дамып келе жатқан психология ғылымының жетістіктеріне негіздей отырып дәлелдейді.
Бұл пікірде оқытушының сөзі түсінікті, айтылатын мазмұндар оқушының санасына қонатындай болуы үшін, сол баланың психикасымен, жас ерекшеліктерімен санасу әр түрлі мөлшерде өзгеріп отыру керектігі жайында айтылып отыр.
Қазіргі кезде оқу – тәрбие жұмысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, оны бір ізділікпен жүргізуде балалар психикасының ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттілігі жұртшылық тарапынан толық қолдау тауып, бұл жөніндегі ғылыми зерттеулер тәжірибеде елеулі табыс жетті.
Балалар психикасының өзіндік ерекшеліктерімен танысудың оқу – тәрбие жұмысының жемісті болып келуіне ететін әсерін екі түрлі мағынада түсінуге болады:
біріншіден , педагогтың оқыту және тәрбие саласындағы жұмыстары сәтті болып келуі үшін ол баланың даму ерекшелігі жөніндегі психологияның мәліметтерімен жете таныс болуы қажет. Педагог егер психология ғылымының зерттеулерімен таныс болмаса, қарамағындағы оқушыларды толық меңгеріп кете алмаған болар еді;
екіншіден , педагог психологияның жалпы мәліметтерін біліп қана қоймай, өз класындағы балалардың дара ерекшеліктерін ( ұғымталдығын, ой - өрісі, мінезін т.б. ) жақсы білуі шарт. Мұнсыз болмайды. Өйткені жас буындардың бәріне бірдей тән психикасының жалпы заңдылықтары болғанымен, балалардың жеке басының әр түрлі өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан сыныптағы балалардың жеке басындық ерекшеліктерін жете білу педагогтық жұмыстың жемісті болуының негізгі шарты.
Педагогикалық қажетті,
тарихи қалыптасқан іс - әрекет
формалары, оны орындау үшін адам
білімдер мен дағдылар
Олай болса, А.Дистербергтің шығармашылығы, П.Ф.Каптерев бойынша, оның заманына сай педагогикалық тәжірбиенің псхологиялық бағыттан ережелерінен тұрады. А.Дистербегтің білім беру процесінде мұғалімнің , педагогтің басқарушы рөлі туралы тезистері бар. Ол оқу процесін оқушының – оқытылатын субъектің, мұғалімнің оқылатын пәнінің және оқыту жағдайларының біртұтастығы деп қарастырады. Өзін-өзі жетілдіру, оқушының ерекшелігін ескеру және педагог әрекеттерінің пәрменділігі – тәрбиелеп оқытудың кепілі мен негізі.
Педагогикалық психология негізін құруда П.Ф.Каптеревтің өзінің қосқан үлесі орасан зор. Ол педагогикалық психологияның негізін құраушылардың бірі. Ол өмірге Песталоццидің өсиеттерін педагогиканы психологияландыруды енгізуге ұмтылды. «Психологиялық педагогика» ұғымы зерттеушілердің айтуы бойынша, ғылыми айналымға 1877 жылы. Каптеревтің «Педагогикалық психология» атты кітабы шыққан соң енгізілген. Шынында да, Э.Торндайктың осыған аттас кітабы тек шаршы ғасырдан соң (1903 ж.) жарық көрді. Сонымен қатар, П.Ф. Каптерев ғылыми қолданысқа қазіргі заманда қолданылып жүрген білім беру мен тәрбие берудің жи дәстүрлі түрде арнайы бөлім – «мұғалім психологиясын» қамтиды деп қарастырған [28].
Мұнда мұғалімнің кәсіби рөлінің маңыздылығы атап көрсетіледі, оның функциялары, қабілеттері, ептіліктері қарастырылады, оған қойылған талаптар мен қоғамда оған қалыпты қалыптасқан әлеуметтік күтулер талданады.
Ал, А.К.Маркованың айтуынша «мамандықтар – бұл қоғамға дәрігер мамандығы сияқты ең көне мамандықтардың бірі. Онда ұрпақтар
Мұғалім педагог мамандығы, сабақтастығының мың жылдық тәжірбиесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог–бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық–тарихи тәжірбиені ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы тұлға болса, мектеп педагог-психолог маман оқушы жанын түсініп, оның өмірде өз орнын табуға көмек көрсететін жан деп аталмын тақырыбымызды тәмәмдауды жөн көрдік.
1.2. Мектептегі педагог-психолог маманның атқаратын іс-әрекетіне сипаттама
Педагог- психологтың іс-әрекет – бұл кәсіби іс-әрекет, оның мазмұны оқушыларға білім беру, оқыту, тәрбиелеу, психологиялық кеңес беру және т.б. қызметтер көрсету.
Педагогикалық- психологиялық
іс-әрекеттің ең маңызды қасиеттерінің
бірі – бұл іс-әрекетте
Кәсіби іс-әрекет арнайы білімді талап етеді, яғни, сол кәсіпке байланысты қызмет атқаруға қажетті арнайы білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеру. Бұл білім-біліктерді меңгере отырып, теориялық және практикалық педагогиканы меңгересіздер; іс-єрекеттің жоғары нәтиже алу үшін, кәсіпкерліктің жоғары деңгейіне жету үшін қажет білімдермен қаруланып шыңдаласыздар.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адамды: тєрбиеші, мұғалім, оқытушы, педагог деп атайды.
Ойланып көрңіздер, педагогикалық іс-әрекет ауқымы қандай кең, осы іс-әрекет арқылы қанша адам өтеді?
Отбасында оқытады, тәрбиелейді (ата-ана, єже мен ата, бала бағушы, репетиторлар, үй мұғалімдері); балабақшада оқытады, тәрбиелейді (тәрбиешілер, үйірме жетекшілері, т.б.); мектепте оқытады, тєрбиелейді (педагог-психологтар, сынып жетекшілері, ұзартылған топ педагогтары, қосымша білім беретін педагогтар, т.б). Сондықтан өсіп келе жатќан адам балалық шағынан бастап, көптеген адамдардың педагогикалық іс-әрекеттің нысаны болып табылады [29].
Әрбір педагог-психолог мамандығын алып шыққан соң , өмірде өз білімін тереңдетіп, мамандығын көтеріп, іс-әрекетін өзгертеді, тіпті әртүрлі себептерге байланысты мамандығын да өзгертуге тура келеді. Осыған орай, ол әр түрлі курстарда оқып, білім жетілдіру институттарында білім алады, жаңа және қосымша білім алады және педагогикалық іс-әрекетке түседі. Яғни, бірде бір адам педагогикалық іс-әрекет нысаны болмай өмір сүре алмайды екен.
Енді іс-әрекеттің шығуына, пайда болуына келейік. Бұл іс-әрекет қашан пайда болды? Осы сұраққа жауап беруге бола ма? Жауапты педагогика, психология сөздігінен қарастырсақ, онда Антикалық Грецияда алғашқы мектептер ашылып, сауаттылық, білімділік азаматтардың ерікті қабілет-қасиеті болып есептеле басталды. Мұнда мектепке барар алдында ерікті азаматтардың балалары отбасылық тәрбие алған. Құл иеленшілердің балаларын репетиторларға құлдар жетектеп апарған. Осыдан баланы жетектейтін – педагогика пайда болған.
Ғалымдар былай деп есептейді: тәрбие мен оқыту адамдардың әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерінің маңызды түріне жатады.
Педагогикалық іс-әрекеттің тууы, оның кәсібилігі, арнайы білімдер мен біліктіліктерді меңгеруі сауаттылық, жазу пайда болуымен байланысты. Ауызша берілген тәрбие жазу арқылы бекітілген.
Ал таным тарихындағы іс-әрекет ұғымына келетін болсақ олекі түрлі мәнде болады біріншіден, дүниеге көзқарастық ұстанымы ретінде, екіншіден, әр түрлі әлеуметтік ғылымдарға негіз болған.
ХХ ғасырда әлеуметтік өмір
формалары мен мәдени құндылықтардың
пайда болуының негізі, қайнар көзі іс-әрекет
деп қарайтын ұстанымы бірқатар әлеуметтік
ғылымдардың қалыптасып дамуына негіз
болды. Күнделікті өмірде „іс-әрекет“
сөзі – еңбек, іс деген қарапайым ұғымды
білдіреді. Ал ғылымда адамның болмысымен
байланысты қарастырылады, онымен ғылымның
бірнеше салалары: философия, психология,
тарих, мәдениеттану, педагогика жєне
т.с.с. шұғылданады. Ал, Л.А.Беляеваның пікірінше,
«Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық
шындық болмысының тәсілі. Педагогикалық
іс-әрекеттен тыс тәрбие туралы да, педагогикалық
шындықтың басқа құбылыстары туралы да
айтуға болады.
Субъект – іс-әрекетті жасайтын адам, объект – іс-әрекеттің бағытталуы. Ондай болса педагогтің іс-әрекет объектісі – ол оқушының (студенттің) іс-әрекеті. Педагогикалық іс-әрекетті бейнелеуге, құрастыруға, бағдарлауға және басқаруға болады. Бұл тәсілдердің әрқайсысы педагог-психологтың белгілі бір іс-әрекетінің негізі болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет аясында педагог-психолог оқушымен қарым-қатынас процесінде ғылым әлемін байланыстырушы рөлін атқарады. Ендеше пән мұғалімі білім мазмұнын бере отырып, ұжымдық субъектілердің іс-әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-әрекетіне айналдыру процесін ұйымдастырады, сөйтіп жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді [30].
Сонымен,
педагогикалық іс-әрекет –
Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында мынадай функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады. Олар:
1) педагогикалық өзара
іс-қимыл субьектісі мен
2) оқушы мен педагог-психолог
оқыту мен тәрбиелеудің
3) педагогикалық ықпалдың
мақсаттары субьекті мен
Педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы нысаны – педагог-психолог және оқушы. Іс-әрекеттің түрлері төмендегі көрсетілген. (кесте 1)
Іс-әрекет құрылымы |
Өндірістік іс-әрекет |
Педагогикалық іс-әрекет |
Субъект |
Инженер, техник |
Педагог |
Объект |
Материалдар, технологиялар |
Жеке тұлғаның дамуы |
Шаралар |
Механизмнің құрылымы |
Мұғалімнің оқыту мен тәрбиелеу әдісі мен іс-шаралары |
Нәтижесі |
Бағалы материалдар |
Жеке тұлғаның білімділігі, біліктілігі, тәрбиелілігі, рухани дамуы |
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері:
Төмендегідей деңгейлері анықтайды:
Бұл жіктеу мұғалімнің қажетті білім жүйесін теруі мен оны оқушы дамуының құралы ретінде қолдану мүлшерін бейнелейді.
Сонымен қатар, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекеттің бес компоненттен тұратын функционалдық моделін ұсынды: [31].
1) гностикалық, педагогикалыќ
жүйені қолдаудың заңдары мен
механизмдері туралы жаңа
2) жобалаушылық, бұл – оқытылып отырған курс мақсаты мен ол мақсатқа жету жолдарын жобалаумен байланысты;
3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны, сабақты өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау жөніндегі іс-әрекеттер енеді;
4) ұйымдастырушылық бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру міндеттері шешеді;
5) коммуникативтік компонент,
бұған педагогикалық процесс
субъектілерінің арасында
Маманның педагогикалық- психологиялық іс-әрекеті жоғарыда баяндалғандай, жекелеген іс-әрекет жиынтығы, нақтырақ айтсақ: әртүрлі әдебиетті, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және тағы да басқа оқыту құралдарын талдау, соның негізінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті оқу материалын іріктеп таңдау және оларды құрастыру болып табылады.
В.А.Сластенин [32 ]ұжырымдауынша түрткі студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі маңыздылығын атап көрсетеді:
- жеке тұлғаның қалыптасуының
негізі,ол студенттің әрі
-ойлау жүйесін реттеуге әсер
етіп,интеллектуалды
Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі