Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад

Описание работы

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Файлы: 1 файл

педагог психолог мани.docx

— 315.91 Кб (Скачать файл)

- танымдық тапсырмаларды шешуге,ізденуге  шығармашылық күш беріп, білім  сапасына, оның тереңдеуіне әсер  етеді;

- өздігінен білім алуға ұмтылушылықтың  дамуының ішкі шарты болып  табылады;

Аталған зерттеулерді қарастыра келе танымдық түрткілер мен қызығушылықтар- оқушылардың білімін дамытып, әртүрлі әдістер арқылы әрі қарай жетілдіреді. Яғни,ғылыми танымға – оқу әрекетін білуге,зерттеуге, ізденуге деген  қызығушылықтарын туғызады.  

  Ал,өзіндік  білім түрткісі – оқушылардың  білімін жетілдіру әдістері. Бұл  деңгейлер оқушылардың нәтижеге  жетуін қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік топтар да бірнеше қосымша топтарға бөлінеді. Кеңейген әлеуметтік топтар деп оқушылардың өз Отанына, қоғамына тиімді болу үшін білім алуға ұмтылуы, қоғам алдында өз борышын өтеу, жауапкершілік сезіммен қарайды.

Мектептегі педагог–психолог оқушылармен төмендегідей жұмыстар атқара алады:

  • оқу әдебиеттерімен жұмыс;
  • қосымша әдебиеттермен жұмыс;
  • сөздіктер мен энциклопедияларды еркін бағдарлау;
  • библиографиялармен жұмыс істеу;
  • коллоквиум мен семинарларда өз көзқарасын білдіру;
  • конспектілеу, тезистер құрастыру, аннотациялар жасау, шығармалар, рефераттар, пікірлер жазу;
  • көрнекіліктер дайындау т.б.

 Практикалық сабақтарда;

    • теориялық материалдарды меңгеру;
    • құбылыстың мәнін анықтауда, оның үлгісін құру;
    • өз іс-әрекетіне міндеттер қою;
    • оқытылған материалдарды тәжірибеде қолдануға дағдыландыру;
    • іс-әрекетті жүргізу барысында,құбылыстың дамуын анықтау, оның себебін табу;
    • дағдыландыру және үйретудің аргументті дамуы,сонымен бірге қарастырылған ережелерді негіздеу;

Тәжірибелік сабақтар;

  • зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
  • кәсіби іскерлікпен зерттеу;
  • қарастырылып отырған теорияның, пәндік мәнін анықтау;
  • математикалық тәжірибелерді сұрыптау және оны есептей білу дағдысын

     қалыптастыру;

  • өңдеу техникасы және әртүрлі техникалық құрылғылармен жұмыс істеу

         дағдысын қалыптастыру;

Мектептерде педагог – психолог қызметінің негізі оқушылар тұлғасының дамыту мақсатында сүйенетін қызметті мен міндеттерінің қысқаша тізімі осындай болып келгенімен мектептерде педагогикалық-психологиялық қызмет тәжірибесінде типологиялық әдісті қолдану ұсынылды, өйткені ол оқушылық кезеңге тән болып келетін міндеттер, қиындықтар, проблемалар, оларды шешу әдістері мен тәсілдері сипаттамасын игереді.   Біз ұсынып отырған типология оқушылардың түрлі топтарымен ( белгілі бір негізде типтік) жүргізілетін кәсіби- педагогикалық және әлеуметтік- психологиялық жұмыстың анағұрлым жалпыланған стратегияларын  (әрбір тұлғаға қатысты) әзірлеуге мүмкіндік береді.

Зерттеудің психодиагностикалық және жобалау әдістері құрайтын типологияданерекшелігі ( Кеттел. Айзенк және т.б.) ұсынылып отырған диагностика жоғары оқу орнындағы кәсіби даярлықтың, кәсіптік маңызды сапалардың, тұлғаның талаптануына негізделген болашақ жоспарларының қалыптасуымен байланысты болуы мүмкін. Типологиялық диагностика студенттік өмірдің түрлі міндеттерін шешу қабілеті оның түрлі қарама-қайшылықтарды шешуде таңдаған стратегиялары оның студенттік социумда қатысу қабілеті туралы кері байланыс негізіндегі тұлға туралы жаңа біліммен толығып отыратын прогрессивті, яғни ашық типология әдісіне негізделген. Типологиялық диагностика студенттік жасқа, рефлексиялардамуы жасы ретінде –тек ғана өзінің жеке қасиеттері емес, сонымен бірге шындық өмірдегі кәсіптік жағдайларда қолданылған қасиеттерді тануға бірдей қарайды. Сондықтан ол басқа анағұрлым қиын түсіндіруді талап ететін диагностикалық әдістер қолданыла алмайтын өзін-өзі тану әдісі ретінде болуы мүмкін. 

Уақытты жеке ұйымдастыру концепциясы өзіне түрлі кәсіптегі қызметтің уақыт тәртібін зерттеу нәтижелерін қоса алады (мысалы, француз психологы Ш. Годбуа 20 жыл бойы екі ауысымдық еңбек кестесімен жұмыс істейтін мейірбекелердің уақытты ұйымдастыру режимін зерттеген). Әр  түрлі кәсіптерде кездесетін қызметтің уақыт тәртібінің бірнешеуі аталып көрсетілді: анағұрлым танымалы уақыт тапшылығы (оның қызметті орындауда жетіспеушілігі) лимит режимі ( мұнда субъект жұмысты мерзімінде аяқтау үшін белгілі қысыммен, жеделдетіп орындауы тиіс), қызметтің аяқталуы мерзімі көрсетілмеген режим (жазушы, суретші, ғалымдардың шығармашылық кәсіптерінде кездеседі), жұмысты жүзеге асыруда тиімді уақыт режімі (орташа нормативтік) және т.б. әр түрлі субъектілердің іс-әрекеттің белгілі бір режимінде қалай жұмыс істеуін зерттеу барысында тұлғаның уақытты ұйымдастыруында маңызды фактор уақыттың іштей не сырттай берілуі факторы болып табылатыны анықталды.  

Тұлғаның уақытты ұйымдастыруының кәсіп талаптарына сайлығы не сай еместігін зерттеу көрсеткендей, әр түрлі типтер уақыттық түрлі режимдерінде артықша тиімді де тек бір тип ғана (оңтайлы деп аталған) барлық режимде де сәтті. Мұндай деректер кәсіби іріктеу үшін де (мысалы, уақыт тапшылығы қайшы келетін типтер бар және керсінше уақыт тапшылығында табысты типтер бар), ол тренинг үшін негіз болып табылады. Сондай-ақ  зерттеушілердің көрсеткендей, бір типтерде рефлексия болмайды (уақыттағы өз іс-әрекеті бейнесі), енді біреулерінде рефлексия адекватты емес-олар өз іс-әрекеті қабілетін, шын мәнісінде болып жатқанын басқаша сезінеді  және т.б. Бұл өз кезегінде сана деңгейінде жүзеге асырылатын кәсіби даярлыққа және іс-әрекетті сана-сезім арқылы реттеу қабілетіне белгілі бір шектеулер қояды. Басқа жекелеген типологияларға сәйкес кәсіп сипаты мен тұлға жауапкершілігі арасындағы байланыстылықты анықтау мүмкін болмай отыр (кәсіптің тұлға жауапкершілігінің “үлес салмағы” бойынша артықшылығы) алайда тұлға “пігінінің”, жауапкершілік типін диагностикалау негізінде кәсіптік бағдармен іріктеу үшін бір қатар сипаттамаларды әзірлеуге болады. Сонымен, әсіресе Батыс пен АҚШ-та егжей-тегжей зерттелген жауапкершіліктің ерекше “факторы” мен кескіні просоциалды, көмек көрсету іс-әрекетімен, аффилиация, көмек көрсетуге дайын тұрумен байланысты жауапкершілік.  Жауапкершіліктің бұл түрі, сөзсіз гуманистік кәсіппен тығыз байланысты (мейірбеке, бала тәрбиешісі және т.б.). Басқа тәуелсіз жауапкершілік факторы іс-әрекеті соның ішінде уақытты да ұйымдастырумен байланысты. Біз қызметті жүзеге асырудың жауапкершілікті тәсілінің критерийлерін ұсындық ( жұмысты белгіленген уақытта, кездескен қиындықтар мен өзгерістерге қарамай сапалы орындауы). Кейбір типтердің жұмысты мерзімінде істеп бітірген, бірақ оның деңгейін талапқа сай белгілі бір жоғары деңгейде орындалмағаны анықталды. Жауапкершілікті іс-әрекет критерийлерінде көрініс тапқан, іс-әрекеттің негізгі шарттарын өздігінен жүзеге асыру талабын барлық сыналушылар орындай бермейді. Кейбіреулері іс-әрекеттің жауапты тәсіліне дайын екендігін көрсетеді, бірақ егер де аяқ астынан жағдай, қызмет шарты өзгерсе, қарама-қайшылықтар пайда болса, оны жүзеге асырмайды.   Осы зерттеуді жүргізген Л.И. Дементии осы жауапкершілік критерийлері мен олардың жеке сипаты белгілі бір типтегі артықтығының терең байланысын тапты. Анағұрлым  мәнді факті ынталық пен жауапкершілік арасындағы байланыстың болуы немесе (болмауы). Жоғары сынып оқушыларына жүргізілген ынталылықты зерттеу студенттерді іріктеуде де жалғастырылды. Жалпы алғанда осыдан жастардың ынталылығының (бастамашылыдық) деңгейінің төмен екендігі анықталды, бұл тек ғана орындаушыларға айналған біздің қоғамымыздағы адамдардың жеке және психологиялық жай-күйіне сәйкес келеді.

Бастамашылдық пен жауаптылық байланысын зерттеулерде көрсеткендей, бір қатар тұлға типтерінде бастамашылдық алда тұрады, екіншілерінде- жауапкершілік (орындау сипатындағы), үшіншілерінде бастамашылдық пен жауапкершілік арасында іштей қарсылық туындайды. Мысалы,   ынталылық көрсеткісі келген адам оны өзі басып тастайды, іс-әрекетті өздігінен жасай алмау себебінен туындайды. Тек қана тиімді (оңтайлы) типте  ғана бастамашылдық пен жауапкершіліктің үйлесімді байланысы айқындалды, мұнда ол өзі орындай алатын шамада ғана ұсынады (бастамашылдық, ынталылық көрсетеді). Тұлғаның белсенділігі “пішіндерін” айқындаған бұл деректер әдеттегі диагностикалық көрсеткіштерден топтағы белсенділікке көмек көрсететін немесе бөгет болатын, сондай-ақ тұлғаның өмір жолындағы ерекшеліктеріне (тапшылықтар, қарама-қайшылықтар) әлеуметтік-психологиялық жағдайларға, контекске бағытаумен ерекшеленеді.

Сондықтан оларға негізделген ұсынымдар тұлғаның өзіне өмірбаянындағы проблемаларын (соның ішінде әлеуметтік-психологиялық) түсінеге және психологпен бірге тұлғаның өмірдегі, кәсіптеге еркін, шығармашылық менін көрсетуге мүмкіндік беретін өмірлік стратегиялар мен әдістерді саралауына мүмкіндік береді.

Осылайша, тұлға аралық және жеке бастағы белсенділік тапшылығының себептері анықталды. Ұжымды тәрбиелеу туралы утопия құлаған қазіргі жағдайда, тұлғаға психологиялық көмек көрсету қызметі психотерапевтикалық тар шеңберде емес, өмірлік, кәсіптік, әлеуметтік-психологиялық қатынаста типологиялық деректер алу, тұлғамен психологиялық жұмыс жүргізу әдісін меңгерген психологқа берілуі тиіс.  Соңғы жылдары тұлғаның әлеуметтік ойлауы деп аталатын дербес сана-сезім жай-күйі туралы алынған деректер, өз кезеңінде, мұндай жұмыс сана деңгейінде қаншалықты жүзеге асырылуы мүмкін екенін, бұл сана-сезімнің тапшылығықандай екенін түсінуге мүмкіндік береді. 

1.3. Мектептегі педагог-психолог маманның жоғары сынып оқушылармен атқаратын қызметінің моделі

 Психологияның педагогика үшін ерекше маңызы бар, өйткені жеке адамдардың даму заңдылықтарын, балалардың жас мөлшеріне байланысты немесе индивидуалдық ерекшеліктерін білу білім беру мен тәрбиелеудің неғұрлым тиімді әдістерін жасауға теориялық негіз болады.

     Педагог – психологтар  әсіресе мектептерде, мектеп интернаттарында, бала бақшаларға өте қажет.

      Білім  беру  орындарындағы  оқу-тәрбие  жұмысының сәтті болуы  педагогтардың іскерлігіне тікелей  байланысты. Педагог оқу тәрбие  саласында қандай  жұмыс жүргізбесін, балалардың жан дүниесін жете  біліп, онымен әртүрлі жағдайда  санаса білуі шарт. Бүйтпеген  жағдайда істің сәтсіздікке ұшырап, көңілдегідей табысқа ие бола  алмауы мүмкін. Сондықтан жас  буындарды ғылым негіздерімен  қаруландырып , оларға тәрбие беруде  баланың  психикалық ерекшелігін  жете біліп, соған сәйкес тиісті  жұмыстар жүргізіп отырудың үлкен  мәні бар. 

Оқу-тәрбие жұмысының ойдағыдай жолға қойылуы үшін әрбір педагог оқушының ой-өрісі, мінез-құлқының  ерекшелігімен жетік таныс болуы керек дейтін пікір тек бүгін ғана айтылып отырған мәселе емес. Бұл - ерте заманнан бері әр елдің көрнекті педагогтарының еңбектерінде сөз болып келе жатқан жай.  Сондықтан тіпті дұрыс деп саналатын педагогикалық әдістің өзі де кейбір жағдайда айтарлықтай нәтиже берсе, ал басқа бір жағдайда нәтиже бере алмайтыны осыдан байқалады. [33].

Мектептердегі зерттеулерде жоғары сынып оқушылары балалықтан ересекке өту шағы жеткіншектік кезең алады. Жеткіншектік кезең өтпелі, сыни және көп жағдайда жыныстық жетілу кезеңі болып сипатталады. Л.С. Выготский пісіп жетілудің органикалық, жыныстық және әлеуметтік үш нүктесін көрсеткен. шимпанзеде органикалық және жыныстық жетілу нүктелері сәйкес келеді де, бес жаста яғни, балалық шақтың аяқталған уақытында жүзеге асады. Адамдарда қоғамның даму тарихында жыныстық және әлеуметтік жетілулер сәйкес келіп, ол инициация тәсілдерімен көрінсе, ал органикалық жетілу тағы бірнеше жылдан кейін ғана жүреді. Қазіргі балаларда дамудың барлық линиялары әр тарапқа кетті. Жыныстық, органикалық және біраз уақыттан кейін ғана әлеуметтік жетілу байқалады. Бұл жеткіншектік кезеңнің пайда болуына алып келеді.

  Жеткіншектік кезеңнің психологиялық дамуындағы қиыншылықтары төмендегідей:

  1. Өзіндік сананың, өзіндік бағалаудың қалыптасуы жетілмеген тұлға;
  2. мінез-құлықтың интенситі қалыптасуы мінез-құлық акцетуациясы;
  3. ересектік сезімі-эманципация реакциялары;
  4. интимді жеке қарым-қатынастар (басты іс-әрекет)-топтау реакциясы;
  5. өзіндік бекіну қажеттілігі хобби-реакциялар менпатологиялық қызығушылықтар;
  6. белсенділік пен әлеуметтік маңыздылыққа қажеттілік-компенсация, гиперкомпенсация реакциясы;
  7. сыни көзқарас-негативизм, қарсы шығу реакциясы;
  8. танымпаздық, өзін-өзі тексеруге қажеттілік- қашу, қаңғыбастық, ассоциалды мінез-құлық;
  9. жоғары эмоционалдылық-тиімді мінез-құлық, сәтсіздіктер, агрессия. (Овчарова Р.В.)

          Екінші жағынан, жеткіншектік кезең  көптеген жағымды факторлармен  ерекшеленеді: баланың өзбетіншелігі  өседі, басқа балалар мен ересектер  арасындағы барлық қатынастар  неғұрлым көп жақты әрі мағыналы бола бастайды, оның іс-әрекет сферасы айтарлықтай кеңейеді және біршама өзгереді, өзіне басқа адамдарға деген жауапкершілігі артады.

Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі