Практикалық
жағы психологтардың білім беру мекемелеріндегі
(балабақшалар, мектептер, гимназиялар
мен интернаттардағы) немесе білім беру
жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық
қызмет орталықтарындағы жұмыстарына
тікелей қатысты.
Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық
қызмет Білім және ғылым министрлігінің
педагогикалық және психологиялық қызмет
бөлімі, білімдегі педагогикалық-психологиялық
қызметтің аймақтық орталығы, облыстық,
аудандық орталықтары арнайы білім мекемесінің
педагогикалық-психологиялық қызметі
сияқты еліміздің білім кеңістігіндегі
біртұтас тікелей құрылым күйінде жобаланады.
Бұлардың әрқайсысы білімдегі педагогикалық-психологиялық
қызметтің тиімділігіне кепілдік бере
отырып, өздеріне қатысты да тиісті мәселелерде
бірлесіп жұмыс істеуді нақты білуі тиіс.
Мектеп педагог-психологының
қызметтік міндеттері:
- жалпы білім беретін орта мектептердегі
оқытудың барлық
кезеңдерінде
балаларға қажетті жағдайларды жеке көмек
беру үшін педагогикалық-психологиялық
зерттеуді жүзеге асыру;
- писхологиялық ғылымның жетістіктерін
негізге ала отырып,
мектеп оқушыларының
әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық,
интеллектілі дамуын қамтуға ықпал етеді;
- мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің
сұраныстары бойынша
оқушылармен,
мұғалімдермен, ата-аналармен психологиялық
сақтандыру, диагностикалық, түзеу және
кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, мектеп
оқушыларының интеллектуаоды, тұлғалық,
эмоциялық және ерік-жігер ерекшеліктерін,
олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін
зерттейді; оқуға психологиялық дайындық
жеткіліксіздігін ерте анықтауды мақсат
ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға
қатысады;
- педагогикалық кеңестің әдістемелік
бірлестіктердің,
сыныптардағы,
сондай-ақ мектептегі ата-аналар жиналыстарына
қатысады, оқушыларға ықпал етіп, жеке
көмек көрсетуге байланысты негізгі проблемаларды
шешуге арналған педагогикалық консилиумдар
мен педагогикалық кеңестерге қажетті
ақпараттар дайындайды;
- мектептегі психология бөлмесінқұруды
және қажетті құжаттарды
сақтауды, оларды
дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне
алады;
- мектептегі писхологиялық қызметтің
писхологиялық-
педагогикалық
жұмыстарының нәтижесі мен есебінің ғылыми-әдістемелік
орталықтар тағайындаған талаптарына
сай болуын қатаң түрде жүзеге асырады.
Мектеп психологы: жалпы, орта және
кәсіптіс білім беретін мектептердің
жұмыстарын көрсететін құжаттар
мен материалдарды, педагогикалық
және жас ерекшелігі психологиясы
жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі
психодиагностиканың және психологиялық
түзетудің әдістерін пайдаланып,
зерттеу материалдарын талдауды,
педагогиканың, дидактиканың сабақ
беру әдістемесінің, дефектологияның
негіздерін білуге, мектептің психологиялық
қызметі құжаттарының толтырылу
тәртібін, мектеп құжаттары мен
нормативті құжаттарды білуге
тиісті.
Психологтың негізгі мақсаты
– психологиялық саулықтың негізі
– баланың рухани өсуіне, оның
жанының жайлы болуына психологиялық
жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің
шығармашылық қабілетін ашу болып
табылады.
Педагогикалық үрдіс кезінде
туындайтын қиындықтар мен олардың
психологиялық себептерін анықтау,
оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын
қалыптастыру, ата-ана, мұғалім, басқа
да қызметкерлерге психологиялық
қызмет көрсету, оқушылардың мамандыққа
қабілеттілігін анықтау, т.б. – мектеп
психологының тікелей міндеттері.
Психолог
оқушылардың жан-жақты және үйлесімді
дамуын мақсат етіп, өзінің іс-әрекетін
педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік
қызметпен, социологтар, дефектологтар,
сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз
байланыста ұйымдастырады. Психологтың
жұмыс тртібі осы ереже негізінде
қабылданған психологиялық қызмет
бағдарламасының мақсаты мен
міндеттерін ескере отырып, оқу
мекемесінің жалпы жұмыс тәртібіне
сәйкес анықталады және оқу
мекемелерінің директоры бекітеді.
Оқу мекемелері мамандардың кәсіптік
іс-әрекеттерін кешенді психоллогиялық-педагогикалық
сараптауға, білім басқару орындарының
немесе жеке оқу мекемелерінің
ұсыныстары арқылы жүргізілетін
оқу бағдарламалары мен жобаларды,
оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру
немесе жазуға қатысады. [16].
Отандық
және шетелдік психологиядағы жетістіктерді
оқу мекемелеріне тарату және енгізуге,
педагогикалық қызметкерлердің іс-әрекетін
психология саласындағы ғылыми-әдістемелік
құралдармен қамтамасыз етуге ат салысады.
Педагогикалық-психологиялық білім.
Бұл тәрбиеленушілердің мәдени-құқықтық
орнын және біліктілігін ұғынып
түсіну, тәрбиелік адамгершілік
деңгейін анықтау, қайта тәрбиелену,
не тәрбиелену мүмкіндік терін
көре білу, өз жұмыс практикасына
қатысты тарихи-педагогикалық тәжірибелерді
меңгеруі; теориялық білімін іс
жүзінде пайдалану мүмкіндігі, әр
түрлі категориядағы адамдармен
қарым-қатынас орнату технологиясының
инновациялық тәсілдерінен хабардар
болуы; тәрбиелеу мен оқытудың
әдіс-тәсілдерін модернизациялау
жолдарын меңгеру және т.б.
Біз құрып отырған қоғамда
педагог-психолог маманы өте маңызды
орынға ие. Қоғам болғандықтан
ол бірнеше компоненттерден құралады:
ұжым, топ, ұйым және т.б. Аталған
компоненттердің мүшесімен және
мүшесіне мәдени,
Шығармашылық-рухани
дүниесі, коммуникативтілігі, әлеуметтік
міндетін, этикалық және эстетикалық
талғамдардың болуын қазіргі
заманға сай қалыптасуына ықпалын
тигізеді.
Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның
биологиялық және әлеуметтік
дамуына көңіл бөледі. Биологиялық
тұрғыдан морфологиялық, физиологиялық,
биохимиялық жетілуі болса, әлеуметтік
дамуына психикалық, рухани, интеллектуалдық
жағдайлары жатады. Демек, педагог-психолог
маманын адам баласы өмірге келгеннен
оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан
бастап, келешек толыққанды азамат және
тұлға болып, оның әрі қарай жетілуіне
әсерін тигізеді. Педагог-психолог – отбасында
ана, мектепте мұғалім, балабақшада тәрбиеші,
жоғары оқу орнында оқытушы, жұмыста қызметкер,
өз ісіне жауапты маман.
Ұстаздық жолды ұстанған тұлға
үшін педагогикалық шеберлікті
жетілдіру негізгі мақсат болып
саналады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі
шәкіртті қалай, қалайша оқыту
үшін оның психологиясын білу
- екінші жағынан, оқытып тәрбиелеудің
әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең
білу және оларды қолдана білу.
Психология адамдардың өзін-өзі
тәрбиелеуіне жл сілтейді, оның
өз ерекшеліктерін ажырата білуге
жәрдемдеседі.
Қай елдің болсын, өсіп-өркендеуі
өркениетті дүниеде өз орнын
алуы оны ұлттық білім беру
жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына
тікелей байланысты.
Педагог-психолог адамдардың рухани-моральдық
нормаларын бала бойына сіңіре
біледі.
Педагог бала бойына жақсы
қасиеттерді қалыптастыра білетін
іс-әрекеті
- баланың шығармашылық қабілетін немесе
өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге
терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында
даму деңгейін, танымдық белсенділігін
арттыра оқыту;
- жалпы білім-білік
дағдыларын дамыта оқыту;
- білім базасын
арттыру;
- пәндердің ғылыми негізінде оқушылардың білім сапаларының деңгейін жоғарылата дамыта оқыта отырып, интеллектуалдық жаңашылдыққа, әдептілікке, жеке тұлғалардың эстетикалық мәдениетінің жоғары дамуына ықпал жасауда білімді мықты құрал ретінде қолдану.
-
педагог; психолог; тәрбиеші; ақылшы; қамқоршы;
жетекші;
мейірімді жан.
Ал Педагог-психологтың
бойында әділдік, тапқырлық, қамқорлық,
шыдамдылық, адамшылық, кең пейілдік қасиеттері
басым болуы қажет.
Педагогтың оқушылармен, олардың ата-аналарымен
қарым-қатынас сипатына негізінен педагогикалық
ұжымда қалыптасқан моральді-психологиялық
хал-ахуалы әсер етеді. Мұғалімнің өз әріптестерімен
мектеп әкімшілігімен іскерлік, тату байланыстары
бүкіл мұғалімдер ұжымының өз оқушылары
мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынас
жасауында тәрбиелік ықпалының біртіндеп
және бірыңғай бағыт алушылығын қалыптастыруға
жәрдемдеседі.
Көрнекті психолог, профессор С.М.Жақыповтың
еңбегінде оқу процесінің педагогикалық-психологиялық
модельдеудің қызметтік деңгейінің
бірінші сатысы оқытушы мен оқушылардың
ішкі жүйелік қарым-қатынасы ретінде білімнің
мазмұндық жанамалығы, оқытудың әдіс-құралдары
көрсетілген. Оқу процесі жүйесінің құрылымдық
бағдарын анықтай отырып, білімнің объективті
және субъективті мазмұндылығын айыру
қажеттілігі туындайды. [17].
Моральді-психологиялық
хал-ахуал негізінде ұжымда басымырақ
көрінген өнегелі күй танылады.
Бұл кейде адамдардың тіршілік
әрекеті үшін басты деп саналған
жан құбылысы мен толқыны адамдар
әрекетінің реттелуі, олардың бір-біріне,
жұмысына, әлемдегі болып жатқан
оқиғаларына деген қатынасы өз
бастауын алады.
Педагог пен оқушылардың арақатынасы
әрқашан көптеген күтпеген жағдайларға
толы. Үнемі болатын рухани өсу,
мінездің қалыптаса бастауы (мектеп
жасындағы байсалдылықтан жасөапірім
жасындағы күрт өзгерістерге
дейін), көңіл күйдегі ауытқулар
(өзін еркін сезінуден ызаланғанға
дейін) лезде талдауға келмейтіндіктен,
ұстазға бір қарағанда оқушылармен
жақсы қарым-қатынасы өзін тыныш
тандыруға мүмкіндік бермейді, себебі
нақты әр жағдайда педагог
қарым-қатынаста тура бағытты
табуы керек.
Педагог пен оқушы қарым-қатынасы
өз алдына бір-бірімен байланысқан
және өзара шартты тізбек болып,
түрлі формалар мен жағдайларда
жүзеге асады. Бұл тізбектк мұғалім
ерекше рөл атқарады.
Педагог-психолог мамандығына талдау
жасағанда, мектептегі кәсіби қатынас
мәдениетінің төмен екекнін көрсетеді.
Мұнда ең аз дегенде үш себеп айтуға болады:
- Мұғалім оқу-тәрбие процесінде қарым-қатынасқа көп көңіл бөлмейді және оны
ұйымдастыруды ойламайды.
- Мұғалім практикалық жұмысында адам
психикасына көз жұма қарайды.
- Әр мұғалімнің өзінің ортадағы кәсіби мәдениетінің жоғарылауына мән бермейді.
Үш мәселеде
мынадай педагогикалық ситуацияда кездеседі:
- Сабақта материалдарды қандай мөлшерде
және қалай жеткізу;
- Уақтылы оқу
бағдарламасын орындау;
- Қайталауға және сабақты
қорытындылауға қандай материалдар беру.
Мұғалім
сабақ жүргізу барысында көп сөйлемейтін
балалардың сенімділігін арттыру, белсенді
балалардың белсенділігін түсірмеуді
жоспарлайды.
Педагог-психологтар тек мектепте
ғана емес, қоғамдағы түрлі мекемелерде
де жетекші қызметтер атқарады.
Қазіргі кезеңде мектепте және кәсіби
орта оқу орындарында педагог-психологтың
қызметі өте қажет. Біз педагогикалық
практика барысында байқағанымыздай,
көптеген мектептерде кәсіби мамандығы
педагог-психологтар емес, сағат жетіспеген
физик, математик, тарихшы мамандар педагог-психолог
қызметін атқарып жатыр. Олар тек тәрбиелік
іс-шаралар, сынып жетекшісінің қызметі
деңгейінде жұмыс жасайды. Ол дұрыс емес,
біз осы тақырыпты алғаннан бастап, ізденушілік
жұмыс барысында №138, №81 және «Дарын»
гимназияларына барып, бірнеше топ мүшелеріне
сауалнамалар жүргіздік. Сыныпқа мінездеме
жаздық. Енді ары қарай әлі де педагогикалық-психологиялық
тест, тренинг, іскерлік ойындар, ой толғау,
т.б. іс-шараларын жүргіземіз деп жоспарлап
отырмыз.
Орыстың
ұлы педагогы К.Д.Ушинский (1824-1870) өзінің
оқытушыларға арналған «Адам-тәрбиенің
объектісі» деген еңбегінде оқытушының
балалардың жан дүниесін жете білуі өте
қажет екенін айрықша ескере отырып, «Егер
педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі
келсе, онда ол, ең алдымен, оны барлық
жағынан білуі тиіс» деген болатын. Ұстаздың
айтуынша, тек жағдайлар ғана емес, сондай-ақ
балалардың психикасы да, мінез-құлқы
да әр түрлі болып кездеседі. Сондықтан
тіпті дұрыс деп саналатын педагогикалық
әдістің өзі де кейбір жағдайда айтарлықтай
нәтиже берсе, ал басқа бір жағдайда нәтиже
бере алмайтыны осыдан болады.
К.Д.Ушинскийдің осы пікірлеріне
сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмысында
балалардың өзіндік ерекшеліктерімен
санаса білу жөнініде тамаша
ойлар таратқан және оны қазақ
мектебінің тәжірибесіне тұңғыш
егізген Ы.Алтынсарин болатын [18].
Кеңес үкіметі аясында педагогика-психология
ғылымының дамып, өркендей түсуіне біраз
тұсау салынып, кедергі болғаны рас. Мәселен,
1947 жылы КазГУ-де ашылған логика және психология
бөлімі 1953 жылы жабылды. Содан 35 жылдан
кейін ғана жұртшылықтың үлкен дабылынан
кейін орыс тілді жиырма бес шәкіртке
педагогика-психологиядан білім алуға
мүмкіндік туды. Оның қазақ бөлімі төрт
жылдан кейін ғана барып ашылды.