Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 00:09, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясындағы осы заманғы білім беруді дамыту және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту–төртінші басымдықта «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі.

Содержание работы

Кіріcпe 5
1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ойлау қабілетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі 7
1.1 Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара айырмашылықтар 7
1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың логикалық ойлауының ерекшеліктері 20
1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика пәні бойынша қалыптасытру жолдары 24
2 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін эксперимент жағдайында дамыту 41
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау 41
2.2 Қалыптастыру эксперименті 48
2.3 Педaгогикaлық іс-тәжірибе нәтижесі 62
Қорытынды 66
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeт тізімі 67

Файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 872.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»  атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша  қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясындағы осы заманғы білім беруді дамыту және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту–төртінші басымдықта «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек»-делінген.

Осы орайда математика сабағында тек  білім беруді ойластырып қоймай, балалардың жеке бастарының қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын ойластыру қажет. Шәкірттерінің жазу мен ойлау қабілетін дамытуда алдымен көңіл-күйінің көтеріңкі болуына көңіл бөлуі керек. Оқушының жақсы қарым-қатынаста болуын және түсінушілік жағын есте ұстаған жөн. Балаға деген ықылас, оқушының өз ісіне деген сенімін оятады. Бастауыш сыныптың әр сабағында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі ойын элементтерін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сабақты белгілі бір мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет.

Ойлау–баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтарға жауап беруді іздеуден басталады. Сондықтан баланың ойлау қабілетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді технология мен тәсілдер қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргізіп, оқушылардың өздеріне талдау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасату керек. Осы орайда К.Ушинскийдің: «Шындықтың деректерінен нәр бермейінше, жалпы түрде ғана ақылды дамыту ретсіз, себебі адамның ойлауы деректерді жинап, соларды өңдеу арқылы ғана дамиды», - деген тұжырымы дәлел бола алады.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытудың мазмұнын ашу.

Зерттеу объектісі: оқушының логикалық ойлау қабілеттері.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушының логикалық ойлау қабілетінің даму үрдісі.

Зерттеу болжамы: Егер бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында логикалық ойлауды дамытатын есептерді неғұрлым жүйелі түрде дұрыс ұйымдастырып қолданатын болсақ, онда олардың логикалық ойлаулары қабілеттері жақсы дамиды.

Зерттеу міндеттері:

1. Берілген тақырып  бойынша әдебиеттерге талдау  жасау. 

2. Балалардың логикалық  ойлауының даму деңгейін анықтау.

3. Логикалық ойлауды  дамытуға арналған жаттығулар  жүйесін құрастыру.

4. Зерттеу нәтижелерін салыстыру және өңдеу.

Зерттеудің  теориялық және әдіснамалық негіздері: отандық ғалымдардың негізгі тұжырымдамалары, олар: Л.С. Выготскидің мәдени-тарихи даму теориясы, А.Р. Лурияның есті зерттеу теориясы, А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы, И.П. Павловтың шартты рефлекстер теориясы және шетелдік ғалымдары бойынша: А.Бине және К.Бюлердің естің мағыналық теориясын, Г.Эббингаузтың ұмыту теориясы,  Ж.Пиаженің балалардың даму теориясы және т.б.

Зерттеудің  базасы: Ертіс ауданы, Максим Горький атындағы жалпы орта білім беру мектебі

Зерттеудің  әдістері: «Ұғымды анықтау», «Оқиғалар тiзбегі», «Ұғымдарды салыстыру».

Зерттеудің  тәжірибелік құндылығы: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін құрастырылған бағдарламаны мектептегі бастауыш сынып әдістемелік-көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.

Жұмыстың құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ойлау қабілетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі

 

1.1 Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара айырмашылықтар

 

Сыртқы дүниені толық  тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз  болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.

Ойлау дегеніміз  сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарының байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең [1].

Адамның ойы әрқашанда  сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде  өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.

Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.

Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте  айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бр түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады [2]

Сөйлеумен тығыз  байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л.Леви-Брюль т.б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының  эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мысалы: атом  бөлінбейді деген ұғым болса,  қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр.

Адам сыртқы дүние  құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен  байланысқан сан-салалы түрлері  пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды [3].

Ойлау адамның сыртқы дүниемен карым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат койып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттері.

Ойлау - өзіндік қарама қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау - сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқауға болады [1].

Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе коя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан ауытқитын кездері де болады. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырады. Түйсік пен кабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстарының мәнін екі жақтан (теория меп тәжірибе) бірдей қарастырылып, тереңірек біліп отыратындыктан, қабылдау мен елестерге карағанда әлдеқайда жоғары түрады. Сөйтіп, ойлау сырткы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы [4].

Ойлау аса  күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік шығармашылықтар бар. Мысалы, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекіге.тіктеріп, зацдылықтарып қарастырса, логика  -  бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.

Ойлаудың  физиологиялық  негіздері И.П.Павловтың  бірінші және екінші сигнал жүйесіндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау ми қабығының  күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атқарады.

Ой тәсілдері.

Ойлау әрқашан анализ және синтез процесгерінен басталады. Ойлау -түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі.

Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың  мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстың |лық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез — бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс Бұл екеуі - бірінен-бірі   ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын кажет етеді. Мысалы,   мылтықты   жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл - анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез  (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу, т.б. дағдылардьщ қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т.б.)  әр қилы көрініп отырады. Мысалы, бөбектің қағазды екіге  бөлуі  де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да  анализге жатады. Бірақ бірінен  екіншісінің  айырмашылығы   жер мен көктей. Бөбектің кағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе. Эйнштейннің салыстырмалы  теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көршеді [5].

Анализ бен  синтездің негізінде салыстыру  деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері анықталады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қатар, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мысалы, заттарды оның түсіне, түріне, кұрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады.

Ойлау операциясының күрделі түрі - абстракциямен жалпылау. Шындықтағы  заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мысалы, квадрат, трапеция, паралеллограмм деген сөздерді «төртбұрыш» деген сөзбен белгілісек, соңғысы абстракция болады.

Абстракцияға қарама-қарсы  процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау - абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мысалы, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен,  айғыр, бие деп білетін болсак, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауга мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жалпылау - дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білуі керек. Мысалы, алма, алмұрт, шабдалы, өрік т.б. ұқсас белгілері жиналып келіп, «жеміс» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді, өйткені ең қарапайым корытынды жасалуы, ұғымдардың (пікірлердің, қорытындылардың) бастапкы және ен карапайым пайда болуы -дүниенің барған сайын неғұрлым терең объективтік байланысын адамның тануы деген сөз.

Ойлау формалары

Ойлау ой операцияларымен  қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың  бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. ұғымда заттардың жалпы және негізгі касиеттері бейнеленеді. (Мысалы, мұғалім, оқушы, мектеп т.б. әр текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының ұзак процесінің нәтижесі қорытылады. Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, кайта мәңгі козғалып тұрады, бірі екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады.

Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Мысалы, «Шымкент қаласы», «Ғ.Мұратбаев» дара ұғым болса, «кітап», «адам», «жұлдыз» т.б. жалпы ұғым болады. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу кажет. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде мектептегі барлық тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі. Мысалы, математика сабағында «бөлінгіш», «бөлгіш» сияқты ұғымдарды бірінен-бірі олардың өзіндік белгілеріне карай ажыраткызса, бала ұғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп отырады. Кез келген ұғым - жалпылай алудың нәтижесі. Бастауыш сынып оқушылары құбылыстардың сырттай ұқсастықтарына көбірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың сыртқы белгілеріне Вреаладьі. Мысалы, оқушыларға «күн», «өсімдік», «жануар» ұғымдарын сіңдіргенде, «күн жарқырайды» немесе «жылытады», «өсімдік өседі», «шөпті мал жейді», «сиыр үй жануары», «ол сүт береді», «кұс ұшады, ұшпайды»  т.б. деп келеді де аталған нәрселердің тек сыртқы белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. Бала өзі көрмеген нәрселерді жалпылауға келгенде қиналады. Мысалы, төменгі сынып оқушылары китті көбінесе балық деп санайды. өйткені киттің суда жүзетіндігі, суда жүзетіндігі, сыртқы түрі балыққа ұқсас екендігі рас. Мұғалім киттің ауамен дем алатынын, балаларын сүтпен қоректендіретінш айтып түсіндіргенде де бала оны балықтың бір түріне жатады деп ойлайды.

Информация о работе Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту