Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 00:09, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясындағы осы заманғы білім беруді дамыту және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту–төртінші басымдықта «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі.

Содержание работы

Кіріcпe 5
1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ойлау қабілетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі 7
1.1 Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара айырмашылықтар 7
1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың логикалық ойлауының ерекшеліктері 20
1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика пәні бойынша қалыптасытру жолдары 24
2 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін эксперимент жағдайында дамыту 41
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау 41
2.2 Қалыптастыру эксперименті 48
2.3 Педaгогикaлық іс-тәжірибе нәтижесі 62
Қорытынды 66
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeт тізімі 67

Файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 872.00 Кб (Скачать файл)

Нәтижелердi өңдеу: Әр дұрыс жауапқа 0,5 балл қойылады, максималды балл – 10. Берілген мысалдарға сәйкес келген жауаптарғана дұрыс емес, сұрақтын мағынасына жауап беретiн басқа жауаптар да дұрыс деп есептеледы. Егер зерттеуші баланың жауабы дұрыс екеніне толық сенiмдi болмаса және сонымен қатар дұрыс емес деп анық айталмаса, онда балаға аралық бағалауды қоюға болады – 0, 25 балл.

Даму деңгейi туралы қорытындылар:

10 балл - өте жоғары;

8-9 балл - жоғары;

4-7 балл - орташа;

2-3 балл – төмен;

0-1 балл - өте төмен.

3-Әдістеме  «Оқиғалар тiзбегі» (Н.А. Бернштейн ұсынған).

Зерттеу мақсаты: логикалық ойлау, жалпылау қабілетін, оқиғалар байланысын түсіне білуін және жүйелілік ой тұжырымдарын құра білуін анықтау.

Материал және құрал-жабдықтар: бір оқиғаның кезеңдері салынған құрастырылған суреттер (3-тен 6-ға дейін). Балаға ойпаң-тойпаң жайылған суреттер көрсетіледi және келесi нұсқаулар беріледi:

"Сенің алдыңда бір оқиға салынған суреттер жатыр. Суреттердің реті шатастырылған, сен олардың орынын ауыстырып, суретші нені салғаның анықта. Сосын сол суреттердегі оқиға туралы әңгіме құрастырып айтып бер". Егер бала суреттердің ретін тауып, жақсы әңгіме құрастыра алмаса, онда оған, қиындық туғызған себепті анықтау үшін бірнеше сұрақтар қойылады. Егер бала сұрақтар қойылғаннан кейін де әңгіме құрастыра алмаса, онда оның орындаған тапсырмасы қанағатсыз деп есептеледі.

Нәтижелердi өңдеу:

1. Суреттердің ретін тауып жақсы логикалық әңгіме құрастырды – жоғары деңгей.

2. Суреттердің ретін тапты, бырақ әңгіме құрастыра алмады, немесе қойылған сұрақтар арқыл әңгіме құрастырды – орташа деңгей.

3. Суреттердің ретін таба алмады және әңгіме құрастырған жоқ – төмен деңгей.

4-Әдістеме «Ұғымдарды салыстыру».

Мақсаты: кіші мектеп жасындағы балаларда салыстыру операциясының қалыптасу деңгейін анықтау.

Эксперимент жүргізуші  зерттенушіге екі сөзді атап, олардын  арасында қандай ұқсастық және қандай айырмашылық бар екенін сұрайды. Сонымен қатар, зерттеуші баланы сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын көбірек атап беруге итермелейтін сұрақтар қояды: «Тағы да қандай ұқсастықтары бар?», «Тағы дда немен?», «Олардың қандай айырмашылықтары бар?». Салыстыруға берілген сөздер тізімі:

1. Таңертең - кеш.

2. Сиыр - жылқы.

3. Ұшқыш - тракторшы.

4. Шаңғы - мысық.

5. Ит - мысық.

6. Трамвай - автобус.

7. Өзен - көл.

8. Велосипед - мотоцикл.

9. Қарға - балық.

10. Арыстан - жолбарыс.

11. Пойыз - ұшақ.

12. Алдау - қате.

13. Бәтеңке - қарындаш.

14. Алма - шие.

15. Арыстан - ит.

16. Қарға - торғай.

17. Сүт - су.

18. Алтын - күмiс.

19. Шана - арба.

20. Торғай - тауық.

21. Емен - қайың.

22. Ертегi - ән.

23. Көрiнiс - портрет.

24. Жылқы – салт атты.

25. Мысық - алма.

26. Аштық - аңсай.

 

Ұғымдарды салыстыруға және айырмашылығын табуға байланысты есептерді үш категорияға ерекшелеуге болады:

1) Зерттенушіге бір категорияға қатысты екі сөз беріледі (мысалы: сиыр – жылқы).

2) Ортақ қасиеттерін табу қиын және  анағұрлым көбiрек бiр-бiрiнен ерекшеленетін екi сөздi ұсынылады (қарға – балық).

3) Есептердің үшiншi топтамасы бұдан да күрделiрек – бұл қақтығыс  жағдайында объекттілерді салыстыруға және айырмашылығын табуға байланысты есептер, онда ұқсастыққа қарағанда олардың айырмашылықтары анағұрлым көбiрек (салт атты – жылқы).

Бұл категориялардағы есептердің күрделілік деңгейін айыру объектілерді анықталған категорияға кіргізу, оларды абстракциалау және көрнекі қарым-қатынастарын анықтауға байланысты.

Нәтижелердi өңдеу.

1) Нәтижелерді сандық өңдеу (ұқсастық және айырмашылық қасиеттерін санау).

а) Жоғары деңгей – оқушы 12-ден астам қасиеттерді атады.

б) Орташа деңгей – 8 ден 12-ге дейін қасиеттерді атады.

в) Төмен деңгей – 8-ден төмен қасиеттер.

2) Сапалық өндеу (эксперимент жүргізуші оқушы қандай қасиеттерді көбірек белгілегенін талдайды – ұқсастық па әлде айырмашылық па).

 

Диагностика өткізгеннен кейін барлық берілгендерді кестелерге және суреттерге енгіздік.

 

1 Кесте  – Ұғымдарды  шығару бойынша зерттеу нәтижелері

Ұғымдарды шығару біліктері бойынша  даму деңгейі

Эксперименталды сынып

Бақылау сыныбы

Жоғары

3

2

Орташа

8

7

Төмен

10

12


 

Зерттеу нәтижелерін 1 суретте  көрсеттік.

1- сурет «Ұғымдарды шығару» әдістемесінің нәтижелерін салыстыру

 

2 кесте – Ұғымдарды  анықтау біліктері бойынша зерттеу  нәтижелері

Ұғымдарды анықтау біліктерінің даму деңгейі

Эксперименталды сынып

Бақылау сыныбы

Жоғары

2

1

Орташа

6

6

Төмен

13

14


 

2 сурет – «Ұғымдарды анықтау» әдістемесінің нәтижелерін салыстыру

 

3 кесте  – «Оқиғалар тiзбегі» әдістемесі бойынша зерттеу нәтижелері

Ұғымдарды шығару біліктері бойынша  даму деңгейі

Эксперименталды сынып

Бақылау сыныбы

Жоғары

4

3

Орташа

8

8

Төмен

9

10


 

 

3- сурет «Оқиғалар тiзбегі» әдістемесінің нәтижелерін салыстыру

 

4 кесте - «Ұғымдарды салыстыру» әдістемесі бойынша зерттеу нәтижелері

Ұғымдарды шығару біліктері бойынша даму деңгейі

Эксперименталды сынып

Бақылау сыныбы

Жоғары

3

2

Орташа

7

6

Төмен

11

13


4- сурет «Ұғымдарды салыстыру» әдістемесінің нәтижелерін салыстыру

Барлық әдістеме бойынша  зерттеу нәтижелерін пайыздық көрсеткішке аударып, төмендегі кестеге еңгіздік.

 

5 кесте – Барлық  әдістемелер  бойынша зерттеу  нәтижелері

Диагностика атауы

Эксперименталды сынып

Бақылау сыныбы

1

Ұғымдарды шығару

52,4%

42,9%

2

Ұғымды анықтау

38,1%

33,9%

3

Оқиғалар тiзбегі

57,9%

52,4%

4

Ұғымдарды салыстыру

47,6%

38,1%


 

5 сурет – Барлық  әдістемелер бойынша зерттеу нәтижелері

 

Біз өткізген диагностиканы  қорыта келе, жоғары нәтижелерді оқушылар «Оқиғалар тізбегі» әдістемесін орындағанда көрсеткені анықталды. Бұл диагностиканы орындағанда эксперименталды сыныпта оқушылардың 19,04%, жоғары нәтиже, 38,09% - орташа нәтиже, 42,9% төмен нәтиже көрсетті. Бақылау сыныбында 14,3%, - жоғары нәтиже, 38,09% - орташа нәтиже, 47,6% - төмен нәтиже көрсетті.

«Ұғымды анықтау», «Ұғымдарды салыстыру» әдістемелері бойынша анализ және синтезге байланысты тапсырмаларды орындау балаларға қиындық туғызды. Осыған орай, бұл тапсырмаларды орындағанда оқушылар төмен нәтижелер көрсетті. «Ұғымды анықтау» әдістемесі бойынша жоғары нәтиженің көрсеткіші – 9,5%, орташа нәтиженің көрсеткіші – 28,6%, төмен нәтиженің көрсеткіші – 61,9%. «Ұғымдары салыстыру» бойынша 14,3% – жоғары нәтиже, 33,3% – орташа нәтиже, 52,1% – төмен нәтиже.

«Ұғымдарды шығару»  әдістемесінің тапсырмалары бойынша  оқушылар орташа нәтиже көрсетті.

Констатирлеу экспериментінің қорытындылары бойынша, бастауыш мектеп оқушыларының екі сыныбында да логикалық ойлау қабілетінің даму деңгейі шамамен бірдей екені анықталды.

 

2.2 Қалыптастыру эксперименті

 

Ойлау процесі жақсы  дамыған адам көптеген заттар мен құбылыстарды талдап, бір-бірімен салыстырып, ортақ қасиеттерін тауып, оларды жүйеге келтіруге шапшаң болады. Осы ойлаудың ерекшелігін қалыптастыруға арналған көптеген шығармашылық тапсырмаларды пәндердің ерекшеліктерін байланысты жинақтап оны тиімді қолдануға болады. Олар геометриялық фигураларды қолданып заттардың формасын, түрі мен түсін, кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдап, ұқсастығын табу арқылы баланың қоршаған ортадағы нәрселерді біртектестігін түсінуге, ұқсастығын және айырмашылығын табуға негізделген күнде олардың ойлау қабілетін дамытады.

Шығармашылық тапсырмалардың басым көпшілігі дидактикалық ойын ретінде ұйымдастырылғандықтан  дамыту сабақтарының мазмұны балаларға  тартымды және қызық түрде келтіріледі.

Бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибесінде шығармашылыққа баулитын дидактикалық ойындар көп мөлшерде жинақталған. Олар «Ақ сүйек», «Поезд құру» , «Теңге ілу», «Гүл сыйлау», «Бейнені құрастыру», «Артығын табу», «Не жетіспейді» т.б. түрлері кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. Біз осы параграфта бірнеше түрін қолдану әдістемесін келтіріп отырмыз [36].

Шығармашылық тапсырмалардың, ішінде заттардың формасын, түрін, түсін, кеңістікте орналуын дұрыс қабылдауға арналғандарының рөлі өте үлкен. Мысалдар келтіреміз.

Бейнені құрастыр

Ойынның тәрбиелік мәні. Қиылған әр түрлі геометриялық фигуралардан белгілі бір бейнені құрап жасауға үйрету. Түстердің үйлесімділігін сезінуге, сурет салу, жапсыру кезінде заттардың құрылысын көзге елестете білуге, ойлау мен қиялды дамытуға әсер ету.

Қажетті көрнекіліктер. Тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар, үлкен-кіші көлемдегі дөңгелектер, әр түрлі көлемдегі төртбұрыштар, балалардың іс-әрекетін бағыттауға арналған үлгі суреттер.

Ойын ережесі.

а) Қиылған пішіндерді қарау, талдау, қандай бейне жасауға болатынын балаларға ойланта білу;

ә) бейнені белгелі бір затқа ұқсата құрастыру;

б) егер оның бір немесе бірнеше бөлшегін өзгертсе, басқа қандай бейне шығаруға болады?

Ойынға басшылық:

Тәрбиеші желкенді қайық, аққара т.б. формалар мен түр-түстерде жасалған қиықтардан жапсырып жасалған үлгілерді көрсетіп, олардың құрлысына, неше бөліктен тұратынына, қандай пішіндерден құралғандығына және түстеріне назар аудартады. Осындай пішіндердің барлық түрі, көлемі жағынан да әр түрлісі өз қолдарында болу керек.

Тапсырма:

Алдыларыңда жатқан қағазда және тақтада ілінген үлгілерде бірнеше фигуралар бар (пішіндер).

Осы пішіндерден қандай бейне құрап жасауға болатыны ойланыңдар.

 

Осы және басқа фигураларды  құру арқылы баланың бейнелік, бейнелі - сюжеттік т.б. ойлау түрлері қалыптасады.

Заттар мен құбылыстардық ара қатынасы, олардың кеңістікте орналасуы т.б. көптеген ұғымдарды меңгеруіне мүмкіндік туады.

Осы жерде мысалы ретінде  балалардың құрған фигуралы үлгісінде желқайық, арба, адам, үй фигураларын келтіруге болады.

Осы сияқты көптеген фигураларды жасау арқылы балалардың сәйкестіктерді анықтауы қалыптаса бастайды. Ол ассоциативтік ойлаудың қалыптасып келе жатқанының белгісі болып табылады. Жасалған фигуралар үй тұрмысында қолданылатын заттар, құрақ көрінісі т.с.с. көптеген балалардың шығармашылығын көрсететін нәрселер болып келді [37].

Шығармашылық ойындарды  қолндау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған дидактикалық ойындарды жыл мезгіліне байланысты түрлендіруге болады [38].

Көктемде «Әдемі гүлдер» ойынын жүргізген өте тиімді.

Ойынның тәрбиелік мәні:

- әдемі гүлдердің суретін салуды, бедерлеп мүсіндеуді, жапсыру кезіндегі іскерлік дағдыларды еркін меңгеруді үйрету;

- қиылған ұсақ бөлшектерден өздеріне таныс гүлді құрастыру;

- гүлдің құрылысын беруде түстердің үйлесімділігін табуға, кеңістікте дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру;

Қажетті көрнекіліктер:

- әдемі гүлдер суреттері;

- қиылған әр түрлі, түсті, ұсақ қиындылар;

- құрылым түзуге түстері пішініне сәйкес әр түрлі болуы қажет;

- тақта, мольберт немесе  фланелограф. 

Ойын ережесі:

а) гүл жапырақтарының ерекшелігіне назар аударып, сәйкес пішіндер таңдау;

ә) түр-түсіне, құрылысына қарай отырып, өздері білетін гүлдер жасау;

б) гүлдер жайында білетін  өлең-тақпақтар, жұмбақтарын айтып, өсемдікті әсерлеу.

Ойынға басшылық:

Бұл ойында балалардың айналадағы өмірден, қоршаған ортадан өсімдікті сезіне қабылдауынан туған ойларын іс-әрекет барысында көрсетулері ұсынылады.

Сабақтың басында бұрынғы  сабақтарда суретін салған заттардың  формаларын, оларды үйлесімді құру тәсілдерін ойға түсіріп, қайталау жүргізу қажет. Сонан соң келесі гүлдердің құрамды бөліктері жеке-жеке салынған карточкалар таратылып беріледі. Осы бейнелерді оқушылар қиып алып, бөлшектерді құрастыру арқылы гүлдерді жасау тапсырылады.

Информация о работе Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту