Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:26, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш — адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш — адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, мүғалімдердің алдына жаңа міндеттер жүктеледі: балалардың жеке қабілеттілігін, білімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру.
Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек.
Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бері еліміздің білім жүйесі үзіліссіз реформалар үстінде келеді. Авторлық, тереңдетіп оқыту, дарынды балалар мектептері жұмыс істеуде. Он екі жылдық орта білімге өтуге қадамдар жасалуда. Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбы елеулі мәселе - дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мінездемесіне арналады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Дарындылық теориясының негізі кешегі Кеңес психологтерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Л.Выготский, В.Крутецкий, Н.Лейтис, В.Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болады, адам кабілеттілігінің құрылымдылық бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал қазіргі күні Қазақстандағы дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістемесінің дамуы кең орын алуда.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті еліміздегі дарынды жастар мен балаларды оқыту мен тәрбиелеуге мінездеме беру және онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді және қол жеткізген жетістіктерін айқындау болып табылады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ: Жалпы дарындылық түсінігі, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістері. Дарынды балаларды айқындау үрдістері.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС МАҚСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН КЕЛЕСІ МІНДЕТТЕР ШЕШІЛЕДІ: «Дарынды бала» ұғымына түсінік беру. Дарындылық теориясының негіздерін қарастыру; «Дарындылық» терминінің мағынасын ашу; дарынды балалармен жұмыс түрлерін зерттеу.
Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар Н.Хорезми, Фердоуси, Әль-Фараби, Бируни және т.б. философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлген.
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: Курстық жұмысты зерттеу барысында әлеуметтік, ғылыми, педагогикалық, психологиялық, дәстүрлі және де зерттеу әдістері қолданылады.
Я.Коменский "Педагог үшін ең бастысы - баланың кішкентай зерттеушілер ретінде дамуына кедергі келтірмеу. Балалар әр нәрсені тасымалдайтын ара деп есептесек, оларға өз істері белгілі бір мөлшерде пайда әкелетіндей көмек беруіміз керек" дейді. Д.Дьюннің айтуынша, мүғалімнің мақсаты - "таңқаларлық жайдың қасиетті шырағын нық ұстап, алауын тарату". Шығармашылық оқыту ойларын дамыту және зерттеу тәсілдерімен шүғылданатын В.Вахтеров, В.Зеленский, т.б. ғалымдар осы пікірді ұстанады.
Питер Клайн айтқандай, балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына кемектесу әрбір ұстаздың абзал борышы.
Сондықтан да еліміздің өркендеп дамуы, гүлденуі үшін, болашақта биік мансаптарға жету үшін ең алдымен дарынды, білімді жастарды оқыту мен тәрбиелеу болып табылады.
Елімізде дарынды балаларды ерте тауып, арнайы мектептерде, гимназияларда оқытуға қатысты айтарлықтай іс шаралар атқарылуда. Алайда осы іс-шаралардың түпкі нәтижелерін қарастырсақ, онда ауыз тұшытарлық ешнәрсе таба алмайтынымыз, дарынды деген бала дарынды болмай шығып немесе дарындылығын тез жоғалтып алып, оның өзі де, мұғалім де қиналып жүретіні ащы болса да шындық.
Мұның басты себебі: мектеп өмірінде «дарын» және «дарынды бала» ұғымдарының толық зерттелінбеуінде, ерекшеліктерінің толық айқындалынбауында, оқу үрдісінің осы ерекшеліктерге сай жүргізілмеуінде болса керек.
Сонымен дарын деген не? Дарынды баланың қандай ерекшелігі бар?
Жалпы кез келген адам үш параметр: мүмкіндік, қажеттілік және мүдделілік арқылы сипатталынады. Мүмкіндік - адамның нәтижесі тек өзі үшін ғана қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетсе, қажеттілік - оның нәтижесі қоғамға немесе әлеуметтік топқа қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетеді. Ал мүдделілік - адамның жеке тұлға ретіндегі сипаттамасы.
Нәтижесі орындаушы адам үшін ғана керек болатын іс-әрекеттің оқу іс-әрекеті деп аталатыны белгілі. Яғни, мүмкіндік – адамның оқушы ретіндегі сипаттамасы. Ал қажеттілік - адамның белгілі бір әлеуметтік топ мүшесі ретіндегі сипаттама. Мүдделілік - адамды дүниені танып білуші, ғалым ретінде сипаттаушы сипаттама.
Мүмкіндік - орта мектеп қабырғасында, қажеттілік - жоғары мектепте, ал мүдделілік - аспирантура немесе докторантура қабырғасында қалыптасады. Мүмкіндік қалыптасқан адам - оқыған, қажеттілік қалыптасқан адам - білімді, ал мүдделілік қалыптасқаны - ғалым деп аталады. Еліміздің білім жүйесінде қалыптасқан нормативтерге сай оқығандық дәрежеге жету үшін 11-12 жыл, білімділікке жетуге 15-17 жыл, ал ғалым болу үшін 17-20 жыл қажет.[1;6]
Алайда, белгілі бір себептермен білімділік не шығармашылық сипат оқушылық кезеңде көрініс беруі мүмкін. Бірінші жағдайда - ол қабілет, ал екінші жағдайда - дарын деп аталады. Яғни, дарын - іс-әрекеттің шығармашыл сипатының оқушылық кезеңде көрініс табуы. «Дарынды» атауының тек бала, оқушы үшін, ал «қабілетті» атауының оқушы үшін де, қызметкер үшін де айтылатындығы осыған байланысты.
Әрине, білімді адам өзінің қоғамдағы орнын, өзінің неліктен осы орында отырғанын біліп, түсінетін, оны өзі тиімді өмір сүру үшін пайдалана алатын адам. Ал ғалым қоршаған орта, дүниетаным туралы өз көзқарасы қалыптасқан адам. Ол өз көзқарасы ауқымында ғана іс-әрекет жасайды.
Дарынды бала оқушы бойында бұл қасиеттердің бірде бірі, әсіресе, дүниетанымдық көзқарас қалыптасып үлгермейді. Сондықтан оқушының дарындылық қасиеті барынша орнықсыз қасиет. Оның басқа түрге енуі немесе сөніп қалуы көзқарастың өзгеруіне байланысты кез келген сәтте орын алуы мүмкін.
Сонымен бірге уақыт өте келе дарындылық қабілеттілікке, ал қабілеттілік кәдімгі қатардағы қасиетке ауысады. Жоғары сынып оқушылары арасында дарынды балалар болмайтындығы сондықтан. [2;7]
Дұрыс оқытылған
жағдайда баладан ғалым, ал қабілетті
баладан жақсы қызметкер
1.2 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
ХХ ғасырдың екінші жартысында барлық өркениетті мемлекеттерде әлеуметтік-экономикалық, политехникалық, мәдени ағымдардан жеке түлға өзгеріп, дарынды балаларды оқыту, дамыту жүмыстары жаңа мазмұнға ие болды.
Қазақстан Республикасының 2005—2010 жылдарға арналған Мемлекеттік білім дамыту бағдарламасында "Бастауыш мектеп бағдарламасы оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамытуға, оның дара кабілеттігін ашуға бағытталған" делінген.
Талабы таудай, кабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой, әрине. Ендеше талантты да қабілетті, ерекше дарынды жасқа айрықша назар аудару қажет-ақ.
Елбасының Қазақстан халқының 2008 жылдың 1-наурызындағы Жолдауында нақты айтылғандай, "Білім беру реформасы — Қазақстанның бәсекеге кабілеттігін камтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі".[3; 3]
Жолдауда межеленген таяу уақытта Қазақстанды бәсекеге қабілетті әрі дамыған мемлекеттер қауымдастығында алғашқы елу елдің біріне айналдыру міндетін шешуге білім саласына, оның ішінде білімді, білікті мамандар даярлау негізгі рөл атқаратындығы дүниежүзілік дамыған елдер тәжірибесінен дәлелденіп отыр.
Дарынды бала - бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл - ұлттық құндылық.
Қазақстандағы талантты жастарды колдау мақсатында Мемлекеттік бағдарлама негізінде 1998 жылдың 24 наурызында жаңа ұйым - республикалық ғылыми-тәжірибелік "Дарын" орталығы ашылды.
Қазақ халқында «Бұлақ көрсең — көзін аш» деген ұлағатты сөздің мән-мағынасы осында жатыр. Бұл мәселе жөнінен талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатында құрылған "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. Қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Оған елімізді қуанышқа бөлеп жүрген көптеген дүниежүзілік олимпиадалар жеңімпаздарын мақтанышпен айтуға болады. Мысалы, Сингапур, Қытай, Малайзия, т.б. елдер өз жастарын АҚШ пен Ұлыбританияның ең озық университеттерінде оқытып, білікті мамандар даярлау арқылы өз елдерін аса жоғары қарқынмен дамытуға кол жеткізеді. Міне, осы елдер тәжірибесінен үйреніп, Қазақстан жастарынан осы заманғы білімді меңгерген білікті мамандар даярлау — Елбасы Жолдауындағы стратегиялық басым бағыттардың бірі.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш — адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. [4; 8] Сондықтан ата-аналардың, мүғалімдердің алдына жаңа міндеттер жүктеледі: балалардың жеке қабілеттілігін, білімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру.
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялык, психологиялык, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішіндегі қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтерінің еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде көптеп кездеседі.
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі — Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе.
Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар Н.Хорезми, Фердоуси, Әль-Фараби, Бируни және т.б. философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлген. Мысалы, Әль-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім берудегі түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі.
XX ғасырдың бірінші жартысында неміс психологі В.Штерн адамның жеке бас ерекшеліктерін зерттеп, жеке бас психологиясының негізін қалады. Ол талантты бағалау әдістерін қарастырып, оқушылардың ақыл-ой қабілетін анықтауға арналған "қабілеттілік коэффициентін" көрсетті.
Дарындылық теориясьның негізі кешегі Кеңес психологтерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Л.Выготский, В.Крутецкий, Н.Лейтис, В.Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болады, адам кабілеттілігінің құрылымдылық бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді. [5; 7]
Мазмұндық бөлімі мемлекеттік стандарт пен жаңа бағдарламаларға негізделген оқу үрдісі жаңа оқу технологиялары мен қажетті оқулықтарды шығарудағы бірізділік, жүйелілік, тұрақтылық, ұзақ мерзімділік зандылықтарын сақтау, мұғалімнің педагогикалық жоғары деңгейі жөне кәсіби білімін ұдайы жетілдіруі барысында жүзеге асады.
Құрылымдық бөліміне психологиялық қызмет, дарындылықты анықтау, олимпиада, ғылыми жоба жарысы, валеологиялық орталық жұмыстары кіреді. Оқушыларды іріктеу кезінде психологиялық жұмыстар жүргізіп, олардың жоғары парасаттылығына, ой-өрісіне, қабілеттеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Әлеуметтік бөлімде микроәлеуметтік бағытта сынып жетекшісінің жұмысы балаларды шығармашылыққа ынталандыру, дарындылықты дамыту жұмыстарымен бірге балаға жеке тұлғалық өсу картасын жүргізу болып табылады. Ата-аналармен өзара іс-әрекет жүйесін құру, негізгі бағыттарды дұрыс анықтау, әдіс-тәсілдердің тиімді формаларын құрастыру жұмыстары жүргізіледі.
Іс-әрекеттік бөлімде үйірмелердегі, спорттық секциялардағы, шығармашылық таным бірлестіктегі оқудан тыс шаралар жүргізіледі. Денсаулықты жақсарту, ағзаны шынықтыру кеңес беру, денсаулық сақтаушы жұмыс сауықтыру бөлімінде жүргізіледі.
Басқару бөлімінде мүғалімдерден құрылған шығармашылық топ әрбір оқушыны шығармашылыққа баулуға, оның дара қабілеттерін ашып дамытуға көп көңіл бөледі. Ең негізгі бөлімдердің бірі — нәтижені бағалау бөлімі білім сапасы мен нәтижесіне мониторинг құру арқылы әрдайым қорытынды шығарып отырады. Сонымен бұл модель дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың жүйелі бөлігінен тұрады.
Информация о работе Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеудің мінездемесі