Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:26, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш — адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.
Дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту - қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі колға алынып отырған өзекті мәселе.
Болашақ білікті маман дарынды оқушылармен жұмыс істегенде өзінің мынадай касиеттерімен ерекшеленеді.
1. Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады.
2. Олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңес береді.
3. Оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына көмек көрсету керек.
4. Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады.
5. Дарындылықты анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді және оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана біледі.
Оқыту мен дамыту өз алдына жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюид "Бала даму барысында оқиды, яғни бұнда бала психикасының дамуына сүйенеміз"дегенді айтады. [8; 11]
XX ғасырда А.Выготский, А.Леонтьев, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, В.Давыдовтар "Бала оқу арқылы дамиды" дегенді алға тартты.
Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау, мектеп, отбасы, мүғалімнің рөлін анықтау үшін бағдарлама қажет. Бағдарламаның мақсаты - баланың жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу, қабілетіне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру, оның дамуына ерекше жағдай туғызу.
Жалпы барлық таным үрдістері бірігіп интеллектуалды жүйе құрайды. Оқушының интеллектуалды жүйесін дамытуда зерттеушілік белсенділігі арқылы оқушы озін-өзі дамытып, танып білуге жол ашады. Оқушының жеке бас дамуын зерттеу үрдісі екі бағытта жүргізіледі.
Оқу тәрбие үрдісінде оқушы екі жақтылы сипатқа ие болуы қажет. Тәрбиенің әрі обьектісі, әрі субьектісі болуы тиіс.
Шартты тарихы саналықта тұлғаны қалыптастыру үшін психологиялық таным үрдісіндегі төрт бөлікті үнемі бірдей іске асыру қажет. Олар: сана-сезім, сенім, мінез-құлық, дағды. Олардың негізін құрастыратын – сана. Ата-аналар жоғарыда айтылған дарынды балалар туралы ақпаратты және кеңестер мен оларға сипатталған міндеттерді орындаулары шарт. Бұдан тәрбие басы, оның тамаша мектебі отбасы екендігін көруге болады. Отбасының үлгісіне ұстаздар қауымының ата-аналармен тығыз бірлескен жұмысы талант көзін ашуға ең басты тетік болып табылады.
Балалардың дарындылығын ашуға атсалысқан ата-аналар мен мүғалімдер, сынып жетекші, мектеп әкімшілігі жыл қорытындысы бойынша марапатталып, насихатталып отырады.
Жалпы адамзаттық қоғамның дамуы үшін қазіргі кездегі ең үлкен фактор – ол білімді азаматтарды көбейту. Жақсы, нәтижелі білімге жету үшін балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек.
Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігінің өткен
және қоғамдық ұйымдастыру құрылымындарының бірлігі;
Дарынды балаларды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып-білу үрдісі өте ертеден басталады. [10; 5] XX ғасырдың басында дарындылық пен оны зерттеу әдістеріне арналған алғашқы ғылыми еңбектер пайда болды. Қазіргі уақытта дүниежүзілік тәжірибе балалар дарындылығының зерттеу және қолдау тәжірибесін жеткілікті мөлшерде жинақтаған.
Дарынды балалармен тәжірибелік жұмыс көбіне «дарындылық», «дарынды бала» ұғымдарының мазмұнын дұрыс түсінуге байланысты. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, дамудың ерекше қолайлы ішкі алғышарты дегенді білдіреді. Әйтсе де қолда бар әдебиеттердің ауқымына қарамастан, әлі күнге дейін дарындылықтың тура анықтамасы жоқ екендігін айту керек.
Әзірге құрдастарына қарағанда оқуға деген зеректігі жоғары, ерекше шығармашылық қабілеті бар деп саналады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық – іс- әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі».
Бүгінгі күні психологтердің көпшілігі дарындылық дамуының деңгейі, сапалық өзіндігі және сипаты мұрагерлік (табиғи қаблет) пен бала іс-әрекетімен байланыстырылған (ойын, оқу, еңбек) әлеуметтік ортаның күрделі әрекеттестігінің нәтижесі екендігін мойындайды.
Сондай-ақ, жеке дарындылықтың қалыптасуы және іске асырылуы негізінде жатқан тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық механизмдері мәнін де ескермеуге болмайды. А.Шведель мен Р.Стоунбермен дарындылықты «адам - орта» контекстінде бірте-бірте туындайтын қасиет деп түсіндіреді. Өкінішке орай, бұл әрекеттестіктің өзіне тән ерекшелігі әлі ашылмаған.
Дарындылықтың байқалуына екі түрлі көзқарас бар: «барлық балалар дарынды» және «дарынды балалар өте сирек кездеседі». [11; 9] Психологтер мұндай жағдайда мына бағытты ұсынады: іс-әрекеттің әр алуан түрлеріне байланысты әлеуетті дарындылық көптеген балаларға тән, ал асқан дарындылықты балалардың аз бөлігі ғана көрсете алады. Дарынды балаларды іріктеген кезде істің қандай түрінде болсын балалардың ойдағыдай жетістіктерге әлеуетті мүмкіндігін танып білудің орайы келмейтіндігін ескеру қажет.
Дарынды балалармен
жұмыс жүргізгенде баланың
XXI ғасыр қарсаңында
білім жүйесін реформалау бала
дарындылығын айқындау мен
Бала
дарындылығын айқындау
Дарынды балаларды айқындау - белгілі бір баланың дамуына талдау жасаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес. Шетелдерде, ең алдымен, АҚШ-та және бірқатар Еуропа елдерінде балалар дарындылығын зерттеу қарқынды жүргізіліп келеді.
1972 жылы
АҚШ-тың Білім беру комитеті
қазірге дейін американдық
-интеллектуалды;
-академиялық;
-шығармашылық
немесе нәтижелі ойлау
-сұхбаттасу және көшбасшылық;
-көркемөнер;
Американдық педагог Дж. Рензулли дарындылықтың мынандай анықтамасын ұсынады: дарындылық - үш түрлі қасиет үйлесімінің нәтижесі: орта деңгейден асатын ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол табу, жоғары мотивация мен табандылық. Бұл қасиеттер естияр дарынды адамдарда байқалған. Бірақ, естияр адам дарындылығы көбіне балалық шақ тәжірибесімен байланысты (дегенмен, бұл байланыстың табиғаты осы күнге дейін түсініксіз). [14;7]
Ерте
байқалған дарындылыққа “
Шетелдік ғалымдар дарындылықты келесі типтерге бөліп қарастырған:
-интеллектуалдық, оның бір түрі-академиялық, көркемөнер;
-шығармашылық (креативтілік);
- басшылық (лидерская) немесе әлеуметтік;
-психомоторлық немесе спорттық.
Дарындылықтың бұл типтерінің сипаттамасы туралы жоғарыда айтылғандай, іс-әрекеттің жетекші түрлеріне сәйкес бөлінеді. Ал шығармашылық дарындылыққа байланысты ғалымдардың креативтілікті дарындылықтың жеке түріне жатқызу жөніндегі пікірлері сан алуан. Ғалымдар феномен туралы арнайы айту заңды дейді. Себебі дүниеге көзқарасы ерекше, басқаларға ұқсамайтын, ойлау қабілеті қалыптан тыс балалар бар. Шығармашылық дарындылықтың әртүрлі варианттары көп: кез келген іс-әрекетте әдеттен тыс шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын оқушылар бар, сонымен қатар жеке бір салада ғана қалыптан тыс қабілеттілігі байқалатын оқушылар.
Информация о работе Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеудің мінездемесі