Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеудің мінездемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:26, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш — адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.

Файлы: 1 файл

Алимгер курсовая.doc

— 212.50 Кб (Скачать файл)

- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;

-  зерттеу жумыстарын жургізу тәсілдерін дамыту;

-  абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;

-  жаңа ой таба білуге ынталандыру;

- алуан түрлі әдіс-тәсілдер, мәліметтер қолдану арқылы жаңа жұмыстар табуға ынталандыру;

- өзін-өзі танып білу, өз мумкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың жеке ерекшеліктерін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;

-  әр түрлі критерийлер көмегімен жұмыс нәтижелерін, өз жұмысын бағалай білуге ынталандыру.

Дарынды балаларды оқытудың мақсатты бағдарламасы барлық талаптарға жауап беруі тиіс. Алайда, тәжірибе барысында бағдарламалардың кейбір түрлері бір талапқа сәйкес келсе, екіншісіне сәйкес болмай жатады. Бүл жай бағдарламаның кемеліне жетпегендіктен ғана емес, олардың шешілу жолдарына да байланысты. Сондықтан бар бағдарламаларды шешілу жолдарына қарай топтастыруды қолданған дұрыс. Топтастыру кезінде барлығы талапқа сай болуы керек екендігіне назар аударуымыз қажет. Жіктеудің "таза" және "аралас" (әр түрлі топтардың бірігуінен жасалған) түрлері бар.

Ортақ бағыт ретінде білім, білік, дағдыларының мазмұнының ерекшелігіне, оқыту әдістеріне, сонымен қатар олардың нәтижелеріне қарап анықтаймыз. Бұл екі бағыттың өзара байланысын Д.Дьюи жақсы аңғарған: "...мәлімет алу барысында ойды жанама жағдай етіп қарастыруға да болады, керісінше, ойды дамыту үрдісінде мәліметтер алуды негізгі жағдай етіп қарастыруға да болады".

Зерттеулер көрсеткеніндей, дарынды балаларға арналған білім беру бағдарламаларын құрудың екі тәсілі бар. Біріншісі, оқу үрдісін жеделдетумен байланысты. Жоғарғы деңгейдегі балаларға қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша білім берілгенімен, жекелеген ерекшеліктеріне байланысты даму деңгейінің мүмкіндіктері ескерілмейді. Жеделдетіп оқыту сыныпаралық оқу арқылы, әр түрлі пәндер бойынша кейбір оқушылар үшін жекелеген бағдарламалар құру арқылы жүзеге асады. Жеделдетіп оқыту дарынды баланың жеке даму ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Мұндай оқыту түрі баланы жалығудан сақтайды. Дарынды балаларды оқыту ісінің көрнекті маманы Г.Пас-сов "Дарынды балаларды жеделдетіп оқыту кезінде "нақты ойланып мәселені шешіп, оның шешімін тауып алуға" уақыт жетпейді" деп жазады. Осы кезде мектепті ерте аяқтап, "үлкен өмір жолына" ерте араласу мәселелері талас туғызады. [17;7]

Екінші тәсіл, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдету-оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуге көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға болады: баланың таңдауға қызығуы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.

Өз ерекшеліктерімен қатар бұл тәсілдің кемшіліктері де бар: біріншіден, бұл бастапқы оқыту сатыларында толық жүзеге аспайды; екіншіден, математиканы оқуды жеңіл меңгеретін кіші жастағы балаларды сол пән бойынша тереңдетіліп оқытылатын мектептерге жиі әкеліп жатады, ал кей жағдайда пәнді тез меңгеру баланың бейімділігімен сәйкес келмеуі мүмкін; үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларына "өзін-езі танып білуіне" мүмкіндік берілмейді. Сондықтан да тереңдете және жеделдете оқыту кезінде баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына арнайы көңіл бөлінуі қажет.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, баланың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуы дарынды балаларды оқыту бағдарламасының ең басты мәселесі. Сол себепті баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесін барлық бағдарламалар өз алдына негіз етіп қоюы керек деп есептейміз.

Оқыту мақсатына сәйкес бағдарламаларды екі түрге белуге болады: бірінші тобына, жоғарғы ойлау үрдісін, яғни шығармашылық, қисынды ойлау, мәселені шеше білу қабілетін дамытуға бағытталған барлық бағдарламалар жатады. Мүндай бағдарламалар баланың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға әсерін тигізеді. Оларды кез келген мәселелерді шеше білу қабілеттілігімен "қаруландырады"; екінші тобына, өз мәселелері ретінде жеке-эмоционалды даму саласын қарастыратын бағдарламаларды жатқызуға болады.

Жеке-эмоционалды даму жоспарының қиындықтары: өзін-өзі төмен бағалау, сескену, өз-өзіне сенімсіздік білдіру. Осы қасиеттер баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Сол себепті де өзін-өзі тану 
қабілетінің дамуына ерекше назар аударылуы қажет. Мұндай бағдарламалардың тиімділігі көп жылдық шетел тәжірибелерінде дәлелденген. Соңғы онжылдықта осындай бағдарламалар біздің елімізге де келіп жетті. 

Демек, жеделдете дамыту да, мектеп курсын тереңдету де, тренингтік бағдарламалар да барлық, оқыту мәселелерін және дарынды балалар дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелер тек қана оқыту мен дамыту бағдарламасында ғана шешіледі. Өйткені, бұл бағдарламалар балалардың дамуына ықпалын тигізіп, оқытудың барлық тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады.

Оқыту мен дамыту бағдарламалары баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен білімді меңгеру бағыттарын бірдей дамытатын бағдарламалар болуы қажет. Бұл тәсілдердің оқыту үрдісіне еңгізілуін Д.Эльконин-В.Давыдовтың дамыта оқыту теориялары негізінде жасалған бағдарламалардан көруге болады.

Мектеп дарынды балаларды оқыту, дамыту ортасы болу үшін оқыту үрдісі осындай бағдарламалар талаптары негізінде құрылуы тиіс.

Оқу пәндерінің көбеюі, қазіргі кездегі ақпараттық-технологиялық өзгерістердің пайда болуы бізге оқыту мазмұын кіріктіру керек деген ой салады. Біз жоғарыда көп пәнділіктен және пәнаралық мазмұнның тұтастығы болмауынан қандай қосымша мәселелер пайда болатындығын айтып кеттік. Сондықтан соңғы 7-8 жыл ішінде елімізде кіріктірілген бағдарламалардың саны күрт өсті десек, таңқаларлық жай емес.

Кіріктірілген бағдарламалар - тақырыптарды, бөлімдерді кіріктіру ұстанымымен құрылған оқыту мен дамыту бағдарламалары. Осы анықтама негізінде кіріктірудің екі түрін атап айтуға болады: 1) пәнішілік, белгілі бір пән ішіндегі тақырыптарды кіріктіру; 2) пәнаралық, әр түрлі пәндер арасындағы тақырыптарды кіріктіру.

Аталған мазмұндық ортаның ерекшелігіне және тақырыптар арасындағы байланысқа қарай жай және жанама кіріктірулер деп бөліп айтуға да болады.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді өз деңгейінде жүзеге асыруды мақсат етсек, олардың білімге деген құштарлығын, мүмкіндіктері мен абстрактілі теориялар мен ойларға қызығуын дарынды балалардың ерекшеліктері тізіміне еңген барлық жайларды ерекше назарға алуымыз қажет.

Пәнаралық кіріктіре оқыту моделі білім беру, дамыту, оқыта отырып дамыту бағдарламаларының пайда болуына әсер ететіндігі белгілі. Тереңдету және оқу мазмұнын кеңейту, жай және жанама кіріктіру, пәнішілік және пәнаралық кіріктіру, барлығы тақырыптық пәнаралық оқыту моделі негізінде өңделген оқыта отырып дамыту бағдарламасының ішіне енеді. Бұл мүмкіндіктердің толық таралуы оқыта отырып дамыту жүйесінің тұтастай пайда болуымен қатар жүзеге асады. Шетелдік тәжірибелерде пәнаралық оқыту бағдарламалары кең таралған. Олар дарынды балалардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін бейімдеу мақсатында оқу бағдарламаларының мазмұнын жіктеу үшін қолданылады.

Мазмұнды біріктіру міндетті бағдарламаларда қарастырылған бөлімдерді тереңдете оқыту уақытының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді. Өткен тақырыпты қайталау бұл жағдайда өзінің репродуктивтілік белсенділігін жоғалтып, оқушылардың білімді меңгеру мен ойлау қабілеттерінің дамуына әсер ететін шығармашылық әрекетке айналады.

Пәнаралық тақырыптық шығармашылық оқыту технологиясы дарынды балалар үшін әр пән бойынша жіктелген бағдарламаның меңгерілуін қамтамасыз етеді.

Барлық балалар үшін шығармашылық оқытудың тиімділігін айтпай кетуге болмайды. Үйренудің алғашқы формасы - шығармашылық оқыту. Дәл осы жайды Фрэнсис Бэкон "Ғылым патшалығына ену үшін біз кішкене бала кейпіне енуіміз керек" дейді. Әрбір дені сау бала үшін зерттеу мен білімге ұмтылу, жаңалыққа құштарлық туа біткен қасиет екендігі таңқаларлық жайт. Мектеп жасында осы қасиеттердің тез жеңілдікпен жойылатындығы одан да таңқаларлық.

Я.Коменский "Педагог үшін ең бастысы - баланың кішкентай зерттеушілер ретінде дамуына кедергі келтірмеу. Балалар әр нәрсені тасымалдайтын ара деп есептесек, оларға өз істері белгілі бір мөлшерде пайда әкелетіндей көмек беруіміз керек" дейді. Д.Дьюннің айтуынша, мүғалімнің мақсаты - "таңқаларлық жайдың қасиетті шырағын нық ұстап, алауын тарату". Шығармашылық оқыту ойларын дамыту және зерттеу тәсілдерімен шүғылданатын В.Вахтеров, В.Зеленский, т.б. ғалымдар осы пікірді үстанады.

Осыған орай, шығармашылық оқыту дарынды, талантты балалардың ерекшелігі болып қарастырылмайды, ол "әлемнің дамуына қажетті білім қорын" дамытуға үлес қосатын білім жүйесінің алға қойған мақсаты болып қарасты-рылады. "Қалай оқыту керек?" деген сүраққа жауап берер кезде шығармашылық оқыту дарынды балаларға қатысты ерекше маңызды болып табылады. Дарынды және талантты балаларды шығармашылық оқыту маңызын анықтайтын шешімдер Д.Треффингердің еңбектерінде берілген. Осылардың ішінен мына келесі түрлерін атауға болады. Біріншіден, шығармашыл дарынды балаларды сипаттайтын ерекшеліктер, яғни жоғары қабілеттілік, өзіндік ойлау, тәрбие, т.б. ерекшеленетін мейлінше нақты форма. Екіншіден, шығармашылық дарындылықтың түрлі саладағы маңызды құрмалас бөлігі. Мысалы, Е.Торренстің сөзіне сүйенер болсақ, шығармашылық - дарынды балалардың ортақ қасиеті. Үшіншіден, дарынды балалардың жоғарғы интеллектуалды мүмкіндіктері оның сапалы сәттілікке қол жеткізуінің кепілі емес. Е.Торренстің сипаттауына құрамдас бөлігі болып табылатын ой қабілеттілігі әдістемелік және зерттеушілік, білімділік моделдің "когнитивті" бөлімін қүрайды. "Аффективті бөлім" даму үрдісін сезінуді, баланың күрделі жайларға сезімталдығын, шығармашылықтағы психологиялық қауіпсіздік қасиеттерін, бейнелерді қолдануды қамтиды.

 Бірінші сатыдағы байланыс тәрізді екінші саты үшін де әр алуан тәсілдер қолданылады. Жаңа ойлардың пайда болуын ынталандыруға багытталған метафоралар қолданылатын синектика әдістері, рөлдік ойындар, мәселелердің морфологиялық сараптамасы - "техникалық тәсілдер" мәселелерінің шығармашылық шешімі. Екінші деңгейдегі дамуды қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдердің барлық мүмкін нұсқаларын қарастырмай-ақ мәселелердің шығармашылық шешімінің әдістерін ғана алуға болады. Біз мұны шығармашылық оқытудың нақты формасына сәйкес келетіндіктен, негізгі әдіс ретінде қарастырамыз. Ал "синтезге негізделген" деп тәжірибелік жағынан I және II сатыларға байланысты барлық танымал техникалық тәсілдер біз қарастырып отырған моделде мәселелердің шығармашылық шешімінің әр алуан кезеңдерін жүзеге асыру тәсілдері ретінде қарастырылатындықтан айта аламыз.

Мәселелердің шығармашылық шешімін табу үрдісінде мынадай кезеңді атап айтуға болады: мәліметтерді табу кезеңі; мәселелердің қарастырылуы; идеялар іздеу, шешімін табу және оны қолдану. Бұл кезеңдер шығармашылық ойлау циклінің өзіне тән ерекшеліктерін сипаттайды. Мәселені шығармашылық шешу үрдісінің бірінші сатысы біздің қандай жағдайды қарастырып жатқандығымыздан және қолымызда бар мәліметтер қорынан басталады. Мысалы, оқушылардың өздері отырған бөлмелері көңілдерінен шықпайды, яғни бүл бөлме қайда орналасқан, т.б. сұрақтарға жауап іздейміз. Келесі кезеңде мүмкін жағдайларды қарастырамыз. Өзімізге "Неге?" деген сүрақ қойып, жағдайға терең үңілуге тырысамыз. "Мен бұл жағдайды былай деп ойлаймын..." деген болжаулардың орнына ашық нақты сұрақтар қоюымыз қажет.

Үшінші саты - идеяларды іздестіру. Бүл кезеңде біз анықталған жағдайлардан белгілі бір мәселені таңдап алып, оны шешу үшін көптеген болжаулар 
жасауға тырысады. Бірінші және екінші деңгейлерге техникалық тәсілдерді 
қолдана отырып идеялардың озық кезеңін жасауға болады. Келесі кезеңде 
шешімін табу қарастырылады. Осы кезеңде өткен сатыда ұсынылған 
шешімдерді бағалау қажет. Бүл үшін бағалау критерийлерін анықтап аламыз. 
Идеяларды бағалау кезеңінен кейін мына сұрақтарға жауап беруге болады: 
"Қай шешім нақты?", "Қай шешімдерге амалдар қолдануға болады?", "Қай 
шешімге бағалау өлшемдеріне сәйкес келу үшін өзгертулер еңгізу қажет?", 
т.б. Шешім қабылдау кезеңі мейлінше нақты шешім таңдап алудың дамуы 
мен таралуына әсер етеді. Сынып бөлмесі жағдайында біршама келелі сұрақтарға жауап беруіміз тиіс, себебі мәселені шешу үшін қажетті іс-әрекеттер 
жобасын құруымыз қажет. "Алдымен шешімді тәжірибеде жүзеге асыру үшін 
не істеуіміз қажет?", "Содан соң әрі қарай не істеуіміз қажет?", "Шешімді 
орындауға кім көмек бере алады?", "Қандай кедергілер кездесуі мүмкін?", т.б. 
Нәтижеде мәселелердің шығармашылық шешімінің жоғарғы деңгейі 
"Дивергент функциялардың" жоғарғы даму деңгейлерінің шарттарына сәйкес жүзеге асады. Сонымен қатар сараптау, синтездеу, бағалау және т.б. 
шығармашылық оқыту моделінің екінші деңгейінде де дамытуға болады. Шығармашылық оқыту моделінің мақсатын сипаттайтын жоғары деңгей оқыту 
мәселелері шешімінің орындалуын көрсетеді. Аффективті сферада бүл деңгей құндылықтар жүйесінің интерриоризациясын еске түсіреді.

Егер оқытудың басқа моделдеріне жүгінер болсақ, онда біздер жоғарыда қарастырылып кеткен деңгейлермен қайта кездесеміз. Д.Фельдхюстеннің және М. Колоффоның танымал моделі де үш кезеңнен тұрады. Олар психологиялық мазмұны жағынан жоғарыда айтылып кеткен моделдермен толық сәйкес келеді. Осы түрғыдан Д.Рензуллидің оқу материалдарын құнарландыру моделі өте танымал. Бүл модел Д.Треффингер мен Д.Фельдхюстеннің моделдерінде қарастырылмаған маңызды кезеңдерді қамтиды. Бұл - ортақ бағдарлау әрекеттерін жүзеге асыру кезеңі. Кезеңнің мақсаты - оқыту бағдарламасында қарастырылмайтын тақырыптармен, идеялармен оқушылардың танысуына көмек беру. Шындығында, бүл кезең - Д.Треффингер мен Д.Фельдхюстеннің моделдеріндегі бірінші, екінші сатыда оқытудың негізін құрайтын үрдістердің даму кезеңі. Д.Рензуллидің моделіндегі іс-әрекеттің жоғары деңгейі оқушы зертеуші ретінде ойлап, сезініп, маман ретінде әрекет еткен жағдайда зерттеушілік және көркемдік белсенділік танытады.

Информация о работе Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеудің мінездемесі