Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеудің мінездемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:26, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш — адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.

Файлы: 1 файл

Алимгер курсовая.doc

— 212.50 Кб (Скачать файл)

Енді бір ғалымдар шығармашылықты дарындылықтың дербес түрі ретінде бөлудің қажеттігі жоқ, ол кез келген еңбек түріне тән болуы мүмкін деп ойлайды. «Шығармашылық дарындылық» - жай ғана кез келген іс-әрекеттің жоғары деңгейде орындалуының сипаттамасы емес, сондай-ақ оның қайта түрленуінің, дамуының сипаттамасы. Іс-әрекетті әрдайым жеке адам жүзеге асырады. Оның мақсаты мен себебі іс-әрекеттің орындалуына әсер етеді. Дарындылық тек жоғары деңгейдегі қабілеттілік жиынтығы ғана емес, бала мотивациясы, әуестенуі, қызығушылығы. [15; 13] Осыған байланысты дарынды балаларды анықтау және іріктеу жөнінде біліктілікті айқындайтын психодиагностикалық жұмысты ұйымдастыру нақты міндеті тұр.

Бірінші белгі бойынша балалық дарындылық түрін қарастырайық. Іс-әрекеттің негізгі түрлеріне: тәжірибелік, теориялық (оқушыларға қолданылатын - оқу-танымдық), көркемдік-эстетикалық, ойын, спорттық, сауықтыру, коммуникативтік, рухани құндылық жатады.

Іс-әрекет түрлеріне сәйкес дарындылық мынандай түрлерге бөлінуі мүмкін: тәжірибелік қызметте дарындылықты кәсіпке қарай бөлуге болады; танымдық іс-әрекетте - түрлі деңгейдегі интеллектуалды дарындылық, көркемдік-эстетикалық іс-әрекетте - хореографиялық, сахналық, әдеби-поэтикалық, бейнелеу, музыкалық; коммуникативті іс-әрекетте - басшы болу дарындылығы; рухани құндылықта - адамдарға қызмет көрсету.

Дарындылықтың әрбір түрі іс-әрекеттің нақты түрі үшін аса маңызды қасиетінің басым болуы мен барлық психикалық мүмкіндіктерінің бір мезгілде қосылуымен анықталады.

Іс-әрекеттің жетекші түрі бойыша кез келген дарындылықты анықтауда әрбір дарындылықта іс-әрекеттің барлық түрлері байқалатындығын ескеру керек. Мысалы, сүретшінің немесе музыканттың іс-әрекеті анықтама бойынша көркемдік-эстетикалық түрге жататын болса да, іс-әрекеттің танымдық, тәжірибелік, коммуникативтік, рухани құндылық түрлері де қолданыла береді.

Оқу барысында және дәстүрлі байқаулар, пәндік олимпиадалар, спорттық жарыстар, ғылыми-тәжірбиелік конференциялар және т.с.с. өткізуде дарынды балалар мен жастарды айқындау және іріктеу технологияларын талдау керек;

-жаңа білім беру технологияларын талдау және жүзеге асыру (оқу телекөрсетілімі, Internet, Telecom, Helcot және басқа да ара қашықтықты оқып білу нысандары);

-дарынды балалар мәселесі бойынша хабарламалық қамтамасыз ету бағдарламасын талдау. [16; 5]

Қазіргі уақытта республикада дарынды балалармен жұмыс жүргізуде белгілі бір ұйымдастырушылық-педагогикалық тәжірибе жинақталған. Көптеген жылдар бойы балалар мен жастар дамуының үздіксіздігін қамтамасыз ететін республикалық арнайы физика-математикалық бағыттағы және қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернаттар, А.Жұбанов және К.Байсейітова атындағы мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттар, олимпиадалық резервтегі спорттық мектептер, "мектеп - колледж - жоғары оқу орны" оқу кешендері табысты еңбек етуде.

Дарынды балалар мен жастарды айқындау және оқыту жұмысына республикада жүмыс істейтін жаңа үлгідегі білім беру мекемелері де үлесін қосуда, олар - гимназиялар, лицейлер, гимназиялық және лицейлік сыныптары бар мектептер, білім беру мектептері мен әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар, авторлық және жеке мектептер.

Дарынды балаларды айқындау пәндік олимпиадаларды, білгірлер турнирін, музыкалық және көркемөнер байқаулары мен фестивалдарын, жазғы мектеп лагерлері, Кіші академия ғылымдарының сессияларын, оқу-шығармашылық конференцияларын дайындау және өткізу кезінде жүзеге асырылады.

Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы болатынын көрсетеді. Бірақ, дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады.

Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.

Жеке тұлғаны дамытып калыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.

Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір суру тәсіліне еңген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.

Бұл пікірімізді Абайдың жетінші қара сөзіндегі "Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - "ішсем, жесем, уйықтасам" деп тұрады, екіншісі - "көрсем, білсем" деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, "ол неге уйтеді", "бул неге бүйтеді" деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сурап, тыныштық көрмейді" деген ой-тұжырымы растайды.

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.Егер әр оқушының жеке түлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми-зерттеу жұмысы, зерттеу жургізу, зерттей оқыту, т.б. Әлемге жаңалық әкелетін ғалымның ақыл-ой әрекеті арасындағы ерекшелік бүрыннан танылған. Сондықтан жоғарыда аталған терминдердің мәні ғылым, зерттеу сияқты базалық түсініктерді қалыптастырған.

Ғылыми зерттеу дегеніміз - ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі - ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру мен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни, мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығуының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады.

Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр.

Инновациялық үрдістер ғалымдар мен практик-ұстаздар арасында кең өpic алуда. Бірақ, мектеп өзінің дайын білімді ұсынатын дәстүрлі ақпараттық арнасынан аса алмай отыр. Оқытудың бұл бағыты, ең алдымен, таным қабілеті қарқынды дамып келе жатқан жас бүлдіршіндердің білсем деген ынтасы мен ізденушілік құлшынысын бәсеңдетеді. Бұл өз кезегінде білім алуына кері ықпал етуі мүмкін.

Адамның айналасын танып білуде жануарлардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен ма-ңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс үрдісінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті.

Психологтер зерттеу тәртібін тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуында маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сонымен катар ізденушілік талабы басылып қалған баланың мінез-құлқы өзгеріп, айналасындағы жағымсыз қылықтарға бой алдыруы ғажап емес.

Зерттеу - дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың әлеуетті қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес.

Мұғалім оқушыны дамыту үшін баланың дамуын педагогикалық тұрғыдан дұрыс басқара білуі керек. Дарынды баланы таңдай келе дарындылардың өзге оқушылардан өзгешелігін бірден байқауға болады. Бұл оқушыларды таңдау барысында мына ерекшеліктерге баса назар аудару қажет:

1. Дарынды бала өзгеше ойлайды және шапшаң ойлайды. Яғни, көп көлемде білім меңгереді және оларды ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.

2. Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: сезімтал, толыққанды. Ал ықылас қойған нәрсесін әр жерде негізгі мәселе етіп қояды.

3. Дарынды оқушының физикалық түрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, жиі-жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдылығы.

4. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары моралдық қасиеттерге ие болуы, достық сезімінің басым түсуі.

5. Дарынды оқушыларды тәрбиелеудін, бір түрі - сыныптан тыс жұмыстар.

6. Дарынды баланың білімдерін тереңдету барысында істелінетін жұмыстардың бірі - үйірме.

 

2.2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

 

Питер Клайн айтқандай, балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына кемектесу әрбір ұстаздың абзал борышы.

Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен  шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.

Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән  құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға  тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда  оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы  тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.

Қазіргі кезде  зерттеу ісі бүгінгі заман  адамының өмір сүру тәсіліне еңген  кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік  көзқарасына сәйкес қызмет болып  табылады. Бүгінгі білім беру саласының  маңызды міндеті-баланы ізденушілікке  баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның ұабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми –зерттеу жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқыту және т.б.

Дарынды балаларды  оқытуға зерттеу әдісін қолдану  қажеттілігі олардың табиғи қызығуының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген  құштарлығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.

Қазіргі кезде  қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің  болуына байланысты білім жүйесінде де, ойын мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр.

Инновациялық  үрдістер ғалымдар  мен практик-ұстаздар арасында кең өріс алып келеді. Бірақ, мектептегі дәстүрлі оқыту өзінің дайын  білімді ұсынатын ақпараттық арнасынан аса алмай отыр. Оқытудың бұл бағыты, ең алдымен, таным қабілеті қарқынды дамып келе жас бүлдіршіндердің білсем деген ынтасы мен ізденушілік құлшынысын бәсеңдетуде. Бұл өз кезегінде оқушының өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі дамытуына, өз бетімен білім алуына кері ықпал етуі мүмкін.

Шығармашылық  – зерттеу тәртібінің маңызды  сипаттамасы. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қалмай, шығармашылықпен  зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті.

Психлогтер  «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін –өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан ешнәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.

Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формаларымен әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Солардың ішіндегі ең тиімдісі (зерттеуге оқыту ) – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.

Биік танымдық қабілет, тұрмыс –тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланы ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан, ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.

Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен талаптар сипаттамасы төмендегідей:

- оқушылар таңдаған тақырыптарды тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің болуы;

Информация о работе Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеудің мінездемесі