Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеудің мінездемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:26, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш — адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.

Файлы: 1 файл

Алимгер курсовая.doc

— 212.50 Кб (Скачать файл)

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттердегі түрлі талдауларды қорытындылай келсек, шығармашылық дарындылықты дамыту үшін арнайы бағдарламалардың қажеттілігі айқындала түседі.

 

 2.3 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ

 

«Қазақстан – 2030» стратегиясы анықтап берген және республиканың ғьлым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі - мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Осы жолдауда айтылғандай XXI ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – «адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек.

Дарындылықты анықтаудың бір жолы - олимпиадалар, оқушылардың ғылыми жарыстары, конференциялар, байқаулар өткізу.

Оқушылардың ғылыми жарыстары төмендегідей талаптарға сай өткізіледі:

- шығармашылық қабілет;

- ғылыми ойлау;

- қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігі;

- тақырыпты ашу дорежесі, жете ашуы;

- шеберлік шешендігі, ұсынылатын материалдың сапасы, айқындылығы.

 Дарындылыққа "табиғаттан берілетін ерекше қабілет" деп түсінік беріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық — табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Ал қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне 
бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, енді біріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. 

Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалык нәрсе деп карастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді.  Әлбетте дарындылықтың тұқым қуалайтыңдығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай ұлы түлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айтады?

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудағы негізі мақсат пен міндеттер мынаған саяды.

  1. Ғылыми жұмыспен айналысуға әр бағыттағы пән бірлестіктерінің жетекшілері ұсынған оқушылар мүше бола алады.
  2. Оқушылардың ғылыми жұмыстары тәртіп бойынша сессияда жылына бір рет шақырылып, тындалады.
  3. Сессияда оқу жылының міндеттері айқындалып, нәтижелері шығарылады, жеке секциялар жұмысының есебі тындалып, жұмыс жоспары бекітіледі және басқа да шешімдер мен құжаттар қабылданады.
  4. Оқушылардың ғылыми сессиясында мамандар, ғалымдар және мүғалімдер келісім шарт немесе қосымша қызмет атқаруы бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жұмыс істейді. Олар секцияларға, оқушылардың ғылыми бірлестігіне, сол сияқты оқушылар таңдап алған тақырыптағы жеке жұмыстарына жетекшілік етеді.
  5. Ғылыми жетекшінің, кеңесшінің басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша және оқушылардың тақырыптық шығармашылық жұмысы бойынша оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің сабақтары аптасына кемінде бір рет ұжымды түрде немесе жекелей өткізіледі.
  6. Қорытындыланған жұмыс ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарынан келген ғалымдарды қатыстыра отырып конференция түрінде өткізіледі. Қазылар алқасы ең үздік жүмыстарды таңдап, оларды облыстық ғылыми жарыстарына ұсынады. Жеңімпаздарға дипломдар, демеушілік сыйлықтары тапсырылады.
  7. Қысқы және жазғы демалыс кездерінде оку-жаттығу жиындары, бағдарлы лагерлер, экспедициялар, саяхаттар ұйымдастырылады. Оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері төмендегідей реттеледі:

          - секция жұмысына, барлық іс шараларға қатысуға;

          - әртүрлі секция, бөлім жұмыстарымен танысуға және бір секциядан екінші секцияға өтуге;

     - қоғамның және оның бөлімшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын еңгізуге;

     - өз жұмысын ғылыми жарыстарға, ғылыми конференцияға қатысу үшін ұсынуға;

     - оқушылардың ғылыми қоғамы немесе оның секциясы, филиалы жұмыс істейтін зертхана мен кафедралардың құрал жабдықтарын пайдалануға;

     - Қазақстан Республикасы кітапханасының қорындағы ғылыми әдебиеттерді пайдалануға;

     - оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің үйлестіру комтетінің кеңесіне сайлануға;

     -ғылыми, мектеп, оқу, әдістемелік жиын, шығармашылық экспедиция, ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми жарыстарына қатысуға және тағы басқалары.

Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі: 1) Ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырып бойынша ғылыми-іздену жұмыстарын жүргізуге; 2) сапалы білімге және ғылыми ізденіс дағдыларына ие болу үшін талаптануға, өзінің ғылыми деңгейін көтеруге;  3) оқушылардың ғылыми қоғамының мәжілістеріне жүйелі түрде қатысуға;   4) мәжілістерде баяндамалар мен хабарламалар жасап тұруға;  5) оқушылардың ғылыми қоғамы басшылық ұйымдарының тапсырмаларын жауапты орындауға;  6) қоғам жұмыс істейтін ғылыми мекеменің зертхана, кабинет, құрал жабдықтарына ұқыпты қарауға;  7) бір немесе бірнеше шығармашылық топтарды белсенді жұмыс істеуге, ғылыми сессия, коференция, экспедиция, жорықтарға қатысуға, таңдап алған ғылыми саласы бойынша білімін өздігінен тереңдетуге;  8) өз жұмысы жөнінде есеп беруге міндетті.

Оқушылардың ғылыми жарыстарына: 1) бір ғылымның кез келеген саласындағы бұрын танымаған құбылыстарды және жаңалықтарды, ғылымның қырларын, жекелеген факторларын ашатын; 2) тәжірибе жұмыстарын жасауда жаңалықтар әкелетін, мектеп эксперименттерін жетілдіруге ықпал ететін, өндірістік үрдістердің тиімділігін арттыратын аппараттар, моделдер мен құралдар конструкцияларын ұсынатын; 3) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған компьютерлік модулдер және экономикалық-құқықтық негізі бар жобалардың жұмыстарын ұсынуға болады. Алайда, адам мен жануарлар денсаулығы үшін зиян келтіретін заттарды пайдалануға байланысты эксперименттер бар болған жұмыстар (ішімдік, никотин, улы химиялық, радиациялық сәлелендіру көздері) жіберілмейді және сондай-ақ, оқушылыардың ғылыми жарыстарында бұрын қорғалған және қаралған жобалар жарыстарға қатыстырылмайды. [18; 2]

1. Жоба мәтіні компьютерде орындалып, мынадай құрылымнан тұрады: титул парағы; мазмұны; абстракты (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде, сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады; кіріспе; зерттеу бөлімі; қорытынды; пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2. Титул парағында мыналар көрсетіледі: жұмыс орындалған мекеменің толық атауы, қаласы, мектебі; автордың тегі, аты-жөні, сыныбы; жұмыстың атауы; жұмыстың ұсынылған бағыты, секциясы; жетекшінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты; қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы.

    • Барлық құрылымдардың қызметінің басты нысаны — жеке тұлға, 
      яғни, оқушы.
    • Олимпиада резервтерін дайындау штабы 2 рет барлық пәндер бойынша олимпиадалар және 8 пән бойынша ой-өріс марафондарын өткізуі шарт.
    • Оқушылардың ғылыми қоғамы бес бағыт бойынша ғылыми жүмыстар үйымдастырады, арнаулы курстар жүргізеді, жоғары оку орындарымен тыгаз байланыста болады.
    • Әдістемелік бірлестіктер және психологиялык кызмет тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер бойынша көмек, нұсқау және ұсыныстар жасайды, бақылауды жүзеге асырады.
    • Мектепте ата-аналар корлары кұрылып, ол жұмысты ата-аналар комитетінің төрағасы жүргізеді, бақылауды жүзеге асырады. Бүл қор сыныптан озып шыққан жүйрікке жан-жақты көмек көрсетеді, олимпиадаға дайындау, арнайы курстарға апару, жоғары оқу орындарынан оқытушылар шақырып, ақыл-кеңестер бергізу, арнайы әдебиет және оқулықтармен қамтамасыз ету және т.б.
    • Мектеп әкімшілігі: директор, оқу ісі жөніндегі, инновациялар жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар барлық түскен мәліметтерді сараптайды, кұрылымның қызметіне баға береді, бағыттайды, жұмыстың сапалы үйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде мұғалім тек орта деңгейде оқитын балалармен жұмыс жасауға мәжбүр болады да, дарынды бала оның назарынан тыс қалады. Ал дарынды бала өте сезімтал кінәмшіл, эмоцияға бейім болғандықтан, ол бұл жағдайға төзе алмайды.

Екінші жағынан, мемлекеттік білім стандарты  шәкіртке келешек өмірде қажет болатын білімнің ең аз мөлшерін меңгертуге бағытталған. Оны игеру үшін оқытудың жаңғырту әдісі жеткілікті жаңғырту әдісінде шығармашылыққа орын жоқ. Мұғалім оқу үрдісінде негізінен, осы әдісті пайдаланатындықтан, оқушының шығармашыл деңгейде оқуы мұғалім үшін ұнамды бола бермейді.  Оқуы мұғалім үшін ұнамды бола бермейді. Сонымен бірге, дарынды бала өз ісінен ләззат алуға бейім субъект болғандықтан, жаңғырту әдісі оны, біріншіден, тез жалықтырады, екіншіден, оның санасында «білімді толық игеру» яғни, «сабақта өтілетін дидатикалық материалды толық білу» елесі пайда болады. Үшіншіден, ол мұғалімнен тәуелділікке төзе алмайды. Нәтижеде дарын сөнеді.

Дарындылық  сөнбеу үшін бала тұрақты түрде бақылауда  болуы тиіс, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс әрекет жасауы қажет, мұғалімнен тәуелді икемдігін сезінбеуі керек.

Мұны ешбір  мұғалім іске асыра алмайды. Демек, сабақ мұғалімсіз, компьютерді оқытудың негізгі құралы ретінде пайдалана  отырып, оның нормативті уақыты сақталынбай  жүргізілуі қажет. Сыныптық сабақтық жүйе жойылуы тиіс.

Оқу үрдісін  былайша ұйымдастырып жүргізудің жолы қандай?

Әрине, ең алдымен, оқу құралдары мен оқу әдістері компьютердің жұмыс ерекшелегіне сай  жаңа мазмұнда болуы қажет. Бұл бағытта  Қ. Иассауи атындағы халықаралық  қазақ-түрік университеті Шымкент институтының Ақпараттандыру кафедрасында зерттеу жұмыстьары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн болар. Аталған кафедрада осы мақала авторының қатысуымен «Информатика: білімділік курсы негіздері» оқу құралы баспаға тапсырылды. Құралдағы «Алгоритмдер», «Тапсырмалар», «Өзіндік жұмыс тапсырмалары» және «Негізгі ұғымдары» бөлімдері пән мазмұнын жаңаша жүйелеуге, шын мәнәнде шексіз көп деңгейлі әрі көп нұсқалы тапсырма нұсқаларын құрастыруға мүмкіндік береді.

Көп деңгейлі тапсырма дегенде мынаны айта кеткен жөн. Оқу іс-әрекеті шығармашылық деңгейіне байланысты үлгі, алгоритм, ішінара немесе толық ізденіс, зерттеу деңгейлерінде іске асырылуы мүмкін. Тапсырма бөліктерден тұратындықтан және әрбір бөлік белгілі бір іс-әрекетті әске асыратындықтан, тапсырманың көп деңгейлілігі, оның бөліктерінің шығармашылық деңгейлерінің әртүрлі болатындығы белгілі. Мұнадағы басты ерекшелік: әрбір бөліктің шығармашылық деңгейін оқушының оқу мүмкіндігіне, қажеттілігімен, мүдделілігіне сай компьютер анықтап, осы оқушы ерекшелігіне са тапсырма құрастырылады.

Демек, жаңаша оқу - көп деңгейлі әрі көп нұсқаулы тапсырманы орындау арұылы оқу деген  сөз. Мұндай тапсырмамен оқу оқушыдан өз бетінше ізденуді талап ететіндіктен, оқу барысында «шығармашыл-ізденіс» деп аталатын әдіс қолданылады. Шығармашыл –ізденіс әдісінде дәстүрлі түсінікпен қарағанда оқуішы оқымайды. Ол ұғымды кеңейтіп, мазмұнын ашумен және мазмұнды жинақылап, ұғымға айналдырумен, яғни, ұғымды түсінумен айналысады.

Әрине, бұл жағдайда оқушы мен мұғалімді байланыстыратын  құрал қажет. Жоғарыда аталған кафедрада оқытушы мен оқушы ароасындағы дәнекер  -миддлфейс жасақтау бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Бұл құрал оқушыға үш мүмкіндік береді: тапсырманы баспадан алып үйде өз бетінше дайындалу; тапсырманы іріленген дидактикалық материалды игеру үшін орындау, яғни, оқу; бақылау жұмысы ретінде пайдалану.

Бірінші жағдайда оқушы үйде дайындалып келген соң, тапсырманы компьютерде орындауға отырады. Бұл үшін оған тапсырманың басұа  нұсқасы беріледі. Егер ол тапсырманы орындау барысында қате жіберсе, тапсырма орындау тоқтатылып, оқушы тапсырманы басынан бастауға мәжбүр болады. Бұл кезде оған тапсырманың келесі бір нұсқасы ұсынылады және оған жоғарыда аталған үш мүмкіндік беріледі. Бақылау барысында оқушының ірбір қадамының жемістілігі немесе нәтижесіздігі есепке алына отырып тапсырма соңына дейін орындалады. Компьютер тапсыманың орындалу нәтижесін оқушының моделін өзгерту, осы арқылы оған берілетін тапсырма құрылымын өзгерту үшін пайдаланылады.

Мұндай жаңаша оқыту барысында оқушы, негізінен, компьютермен жұмыс жасайды. Компьютер мұғалімнің уақытты ең көп талап ететін екі функциясын: тапсырма құрпастыруды және тапсырма орындалуын бағалауды өзіне қабылдайды. Әрине, бұл жағдайда мұғалімнің атқаратын функциясы да өзгеретіні түсінікті. Ол көп деңгейлі әрі көп нұсқалы тапсырмалар базасының бағдарлық негізін қалаушыға және компьютерден әбден шаршаған оқушы үшін кеңесшіге, ақылшыға айналады.

Қорытындылай  келгенде жалпы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде «дарынды бала», «дарындылық», «қабілет» түсініктерінің мән мағынасы толығымен қарастырылды. Екінші бөлімде дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшелігі зерттеліп, үшінші бөлімде елімізде дарынды балаларды танып, әрі қарай жетілдіру жолдары айтылды

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.   Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы.

2. Аренова А.Х. Научно-педагогические основы организации самостоятельной учебно-познавательной деятельности .младших школьников. Монография. Алматы. Ғылым, 1999.   240 - 6.

3. Бектібаева З. «Дарындылық дамытудың теориялық негіздері» Қазақстан мектебі  2009-6. 71 бет

5.. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. 20. Монография. Алматы. Ғылым, 1998. 225-6.

6. Вахтеров В.П. Эвристика - наука о творческом мышлении. М., 1967.

7. Венгер А.С. Настольная книга психолога. Москва. 2001.

8. Гессен С.И. Психология интеллекта. М., 1997.

 9. Досыбекова Ш. «Дарынды бала» ұғымы Қазақстан мектебі  2006-12. 3бет

10. Досыбекова Ш. «Дарынды балаларды оқыту ерекшелігі»

11. Дуйсенбекова Ш. Тәрбие үрдісінің ерекшелігі. Алматы. 2004.

12. Дьюи Д. Психология и педагогика мышления / Пер.  с англ.  Н.М. Никольской. М., Совершенство, 1997.

13. Егімбаева А. «Дарынды балалармен жұмыс түрлері».

14. Елеупаева Ж. «Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен талаптарға сипаттама» Қазақстан мектебі  2008-3. 69 бет

Информация о работе Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеудің мінездемесі