Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:28, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу міндеттері:
– ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
– халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
– қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселелеріне қатысты фольклористикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді зерделеу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқу бағдарламалары, оқулықтар мен әдістемелік еңбектерге талдау жасау; оқушылар арасында сауалнама жүргізу; эксперименттік тәжірибе нәтижелерін талдап қорыту.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері ........................................................................................6
1.1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері....................................................................................................................6
1.2 Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні............................................................…...14
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары ……………………………………………………………………….14
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері.........................................37
2.2 Халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытындысы...........................47
Қорытынды..........................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................68-70

Файлы: 1 файл

Жанара__а.doc

— 442.50 Кб (Скачать файл)

Мектеп жасына дейінгі балалар тобында оқытылатын халық ауыз әдебиеті үлгілері айқындалды. Осы жүйеленген жанр түрлері бойынша әрбір жанрдың ішкі мазмұндық түрлері анықталды. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқытылатын халық ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіндік ерекшеліктері сарапталды. Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларының әрқайсысын оқытудың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес әдіс-тәсілдері ұсынылды. Сонымен қатар халықтық жанрлардың балалардың тілдік біліктіліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамытатын жұмыс түрлері сараланды.

Мектеп жасына дейінгі  балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде балалардың сөйлеуін дамыту эксперимент түрінде дәйектелінді. Эксперимент жұмыстарының әрбір кезеңінде жүргізілген жұмыстар берілді. Оқушыларға эксперимент барысында қойылған сұрақтар, сынақ тапсырмалары, тестік тапсырмалардың нәтижелері жинақталып, сараланып, қорытындысы шығарылды. Эксперимент қорытындылары кестелерге түсіріліп, көрсетілді.

Эскперимент кезінде  халықтық шығармаларды оқытуда балалардын өзіндік ізденістеріне жол ашатын шығармашылық бағыттағы сұраулар, тест-тапсырмалар және әр түрлі әдістемелік жұмыстар жүйелі түрде қолданылып отырды. Мұндай жүйелі жұмыс түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп берудің тиімділігі баланың жалпы дамуына игі әсерін тигізетіні эксперимент барысында дәйектелінді.

 

Ауыз әдебиеті жанрларын оқытудың түрлері

Жаңылтпаш

1. Жаңылтпаш туралы  тәрбиешінің түсінік беруі.

2. Жаңылтпашты тәрбиешінің  оқып беруі, балалардың мұқият тыңдауы.

3. Жаңылтпашты балалардың өз бетінше және топта (немесе парталасына) оқуы, жылдам айтып жаттығу, айтудағы бір-бірінің қатесін тауып, түзету.

4. Жаңылтпашты өз бетінше  жаттау және дауыстап жатқа  айту.

5. Сөздік жұмысын жүргізу  (жаңытпаштағы түсініксіз сөздер  мен сөз тіркестерін, ұқсас  сөздерді табу, олардың мағынасын  түсіну, дәптерлеріне жазу.

6. Дидактикалық материалдармен  жұмыс жасау.

7. Жаңылтпаш айту жарысын  өткізу.

8. Жаңылтпаш айтудағы  өзін-өзі (жолдасын) бағалауы және  жолдасының баға беруі.

 

 

Жұмбақтар

1. Жұмбақ туралы тәрбиешінің түсінік беруі.

2. Жұмбақты тәрбиешінің оқып беруі.

3. Жұмбақты балалардың өз бетінше оқып шығуы және топта (парталасына) оқып беруі; шешімін өз бетінше (немесе бірлесіп) іздестіру, тапқанын дәлелдеу, сұрақ-жауап алмасу.

4. Сөздік жұмысын жүргізу.

5. Дидактикалық материалдармен  жұмыс жасау (тақырып бойынша  іріктеу, топтау).

6. Жұмбақ жарысын өткізу.

7. Жұмбақ бойынша шығармашылық  жұмыстар орындау (жұмбақ құрастыру,  мазмұнына сәйкес сурет салу  т.б.).

8. Өзін-өзі (жолдасын) бағалау және жолдасының бағалауын  тыңдау.

 

Мақал-мәтелдер

1. Мақал-мәтелдер туралы  тәрбиешінің түсінік беруі.

2. Мақал-мәтелдерді тәрбиешінің оқып беруі.

3. Мақал-мәтелдерді балалардың өз бетінше және топта (парталасына) оқып беруі.

4. Сөздік жұмысын жүргізу  (жаңа сөздер мен сөз тіркестерін  дәптерлеріне жазу, сөздердің синонимдік  қатарын табу, қарама-қарсы сөздерді атау, сөздердің тура, ауыспалы мағынасын анықтау).

5. Дидактикалық материалдармен  жұмыс жасау (мақал-мәтелдерді  мағынасына қарай іріктеу, тақырыпқа  сәйкес топтау, мақалды немесе  мәтелді аяқтау т.б.).

6. Мақал-мәтелдер жарысын  өткізу.

7. Мақал-мәтелдер бойынша шығармашылық жұмыстар орындау.

8. Өзін-өзі (жолдасын) бағалау және жолдасының бағалауын  тыңдау.

 

Ертегілер

1. Ертегі жанры туралы  тәрбиешінің түсінік беруі.

2. Ертегі мәтінін тәрбиешінің оқып беруі немесе әңгімелеп айтуы.

3. Ертегі мәтінін балалардың өзбетінше (немесе топпен, парталасымен бірлесіп) оқуы.

4. Сөздік жұмысын жүргізу.

5. Ертегі мәтінімен  жұмыс (мәтінді бөліктерге бөлу, ат қою, рөлмен оқу, кейіпкерді  анықтау, оларды сипаттау, бейнелеуші  сөздерді табу).

6. Дидактикалық материалдармен жұмыс жасау.

7. Ертегі бойынша шығармашылық  жұмыстар орындау (ертегінің басталуын  немесе аяқталуын өз ойынан  құрастыру; ертегі сюжеттеріне  өздігінен өзгерістер, жаңалықтар  енгізу; ертегіге жаңа кейіпкерлер  қосу, олардың ертегідегі орнын  анықтау; ертегі мазмұнын өз ойларынан шығарып жалғастырып (қосып) айту).

8. Өзін-өзі бағалауы, жолдасына  баға беру немесе жолдасының  бағасын тыңдау.

 

Аңыз әңгімелер

1. Аңыз әңгімелер туралы  түсінік.

2. Аңыз әңгімелерді  тәрбиешінің оқуы немесе әңгімелеп айтып беруі.

3. Аңыз әңгімелерді  балалардың өз бетінше (немесе топпен, парталасымен бірлесіп) оқуы.

4. Аңыз әңгімелердің  мәтінімен жұмыс (аңыз әңгіменің  негізгі идеясы, тәрбиелік мәні  туралы әңгімелесу).

5. Сөздік жұмысын жүргізу.

6. Дидактикалық материалдармен  жұмыс жасау.

7. Аңыз әңгімелер бойынша  шығармашылық жұмыстар орындау  (аңыз кейіпкерлеріне баға беру, оларды сипаттап жазу, кейіпкерлерге  арнап тақпақ, өлең жазу, ұқсас  әңгімелер құрастыру).

8. Өзін-өзі (жолдасын) бағалауы, жолдасына баға беру.

 

Батырлар жыры (үзінділер)

1 . Батырлар жыры туралы  түсінік.

2. Батырлар жырын тәрбиешінің оқып беруі.

3. Балалардың жырды өзбетінше (топта, парталасымен) оқуы.

4. Жырдың мәтінімен  жұмыс (жырды мағыналық бөліктерге  бөлу, ат қою; мәтін бойынша  жоспар құру, мазмұндап айту; жырдың негізгі идеясы, тәрбиелік мәні туралы әңгімелесу).

5. Сөздік жұмысын жүргізу.

6. Дидактикалық материалдармен  жұмыс жасау (жырдағы бейнелеуші  сөздерді табу, суреттеу, сипаттауларды  дәптерлеріне жазу).

7. Батырлар жыры бойынша  шығармашылық жұмыстар орындау (жырдан алған әсерлерін жазу, батырларға арнап тақпақ, өлең шығару, үзіндіден қалауы бойынша жатқа айту).

8. Өзін-өзі бағалау  және жолдасының бағалауы.

 

Эксперимент жұмыстарының нәтижелілігін тексеру мақсатында халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша  балаларға арналған тапсырмалар берілді:

1. Жаңылтпашты тез  арада дұрыс жаттап алу үшін  не істеу керек?

2. Жұмбақтың шешуін  дұрыс табудың жолы қалай?

3. Достық, тазалық турал  мақал және мәтел айтып беріңдер.

4. Ертегі түрлерін  атаңдар, олардан не үйренуге  болады?

5. Батырлық ертегілер  мен батырлар жырының қандай  айырмашылығы бар.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Халықтық шығармалар – ұлттық өзіндік сананы қалыптастырудың  негізі.

Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің баланың ой-өрісін, тілін  дамытудағы маңызы мен тәрбиелік  мәні халықтық ой саралау, сөз саптау ерекшелігіне талпындырып, ізгілік қасиеттерін бойына сіңірудің қайнар көзі екендігінен танылады.

Қазіргі білім берудегі гуманитарландыру, демократияландыру  және ізгілендіру процестері білім  мазмұнындағы жалпымәдени компоненттердің басымдылықпен дамуына бағытталынуына негіз қалайды. Ендеше, халықтық шығармалардың мәдени мүра ретіндегі білім мазмұнында да, тәрбие жүйесінде де алатын орны ерекше.

Фольклортанушылардың  зерттеулеріне сүйене отырып, халық  ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері ретінде біріншіден, белгілі авторының болмауы, екіншіден, халықтық шығармалардың көпнұсқалығы, үшіншіден, дағдылы сөз, сөйлемдер, сөз тіркестері, тұрақталған ұйқастардың жиі кездесетіндігі көрсетілді.

Халықтық шығармаларды іздеп, жинап, зерттеу, бастыру ісімен шұғылданған ғалымдар В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев, Ш.Уәлиханов, М.Көпеев т.б. еңбектерінің, қазақ халық ауыз әдебиетін мәдени мұра ретінде игеру және оның тарихын зерттеу мәселесіне қатысты М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Б.Адамбаев сынды әдебиетші-фольклористердің, ғалымдар Ш.Ахметов, Ә.Табылдиев, К.Матыжановтардың қазақ балалар фольклорына теориялық тұрғыдан қарастырудағы тұжырымдары зерттеу жұмысымыздың теориялық негіздері ретінде алынды.

Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Жарықбаев т.б. еңбектері бойынша халық ауыз әдебиетінің оқушылардың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні айқындалды.

Ауыз әдебиеті үлгілерінің  педагогикалық мүмкіндіктері анықталды. Ойын өлеңдері баланың тілін ширатып, байқампаздыққа, тапқырлыққа, ептілікке, белсенділікке, зеректікке тәрбиелейді; санамақтар баланың сөздік қорын молайтып, сөйлеуге, санауға, сан атауларын, ретін білдіруге үйретеді. Жаңылтпаштар айтылуы қиын жеке дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға, сөз мағынасын ажырата алуға, мүдірмей, шапшаң сөйлеуге үйретеді, тіл мүкістігін түзетуге, сөйлеу мәнеріне жаттықтыруға септігін тигізеді; жұмбақтар баланың ойлау қабілетін шыңдайды, танымын кеңейтеді; мақал-мәтелдер дүниетанымын арттырады, өмірлік тәжірибеге үйретеді, ойын жинақтауға, ұтқыр, шешен сөйлеуге тәрбиелейді. Ертегілер балалардың танымын, сөздік қорын молайтып, қиялға шомдырады, жақсылық пен жамандықты айыра білуге, адамгершілікке, ізгілікке, әсемдікке тәрбиелейді.

Демек, халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы.

Фольклорлық шығармалар балаларды дүние әлеміне еркін  бойлай алуына, туған елдің дүниетанымын бойына сіңіруіне, туған жердің әсем табиғатынан ләззат алуына, халық  түсінігіндегі әсемдікті сезіне білуіне, әдептілік, ар-ұят тұрғысынан сабақ алуына, халықтық салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарды үйренуіне игі әсерін тигізіп, адамгершілік-ізгілік, көркем-эстетикалық тәлім-тәрбие береді.

Халықтың рухани байлығын, асыл мұрасын дәріптеп бойына сіңіру арқылы баланы дара тұлға ретінде  дамытуға мүмкіндіктер ашылады. Сан ғасырлар бойы халық педагогикасының шыңдалған, өмір тәжірибесінде сұрыпталып, бекіген қағидалары бала тәрбиелеу ісіне қалтқысыз қызмет етіп келеді, ұжымдық, яғни халықтық адамгершілік даналық, эстетикалық сезімталдық мұраттардан туған халықтық шығармалардың басты нысанасы – халықтың өзінің ой-арманындағы нағыз адам бейнесін сомдап, осы үлгіде ұрпағын, болашағын тәрбиелеуді мақсат тұтқандығында. Мұндай идеал жалпыадамзаттық аясының ізгіліктік танымына үйлесімді кірігуімен құнды болмақ.

        Балабақщада қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту жас ұрпақтың бойында жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері негіздерін қалыптастыруда маңызы зор.

Балабақшада қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде оқушылардың сөйлеуін дамыту жүйесі кешенді қарастырылды.

Балабақшадағы білім мазмұнындағы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері жанрлық тұрғыдан іріктелінді.

Балалардың оқыту әдістері таңдалынып алынды. Оның ішінде эвристикалық, шығармашылықпен оқу әдістеріне басымдылық берілді. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін аталған әдістермен оқытудың тиімділігі айтылды.

Сондай-ақ, ауыз әдебиеті үлгілерін модельдеп оқыту әдістемесі ұсынылды.

Халық ауыз әдебиеті жанрларының  өзіндік ерекшеліктерін айқындай келе, оларды оқытудың жолдары көрсетілді, әдістемелік нұсқаулар берілді. Ауыз әдебиеті жанрларының мағыналық, танымдық, тілдік, тәрбиелік ерекшеліктері ашылып көрсетілді. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың баланы дара тұлға ретінде дамытудағы тиімділігі мен нәтижелілігі нақтыланды.

Балалардың ой-өрісін, тілін дамыту – оның тұлғалық сапаларын қалыптастырудағы күрделі іс. Халық ауыз әдебиетінің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, тілдік сипаттарын осы талаптарды шешуде пайдалану маңызды.

Балалардың жүйеленген білім мазмұны өз құрылымында халық ауыз әдебиеті үлгілерімен байытылуы пәннің негізгі мақсатын орындауға септігін тигізеді.

Сондықтан да ауыз әдебиеті үлгілерінің бүгінгі білім мазмұнында алатын орнын сараптай келе, оны  жетілдіру, ұлғайту жолдарын қарастырып жүзеге асыру маңызды болып саналады. Ол үшін білім мазмұнындағы ауыз әдебиеті үлгілерін сұрыптай отырып, оның мақсатын, күтілетін нәтижелерін айқындау, тиімді әдіс-тәсілдерін таңдап, оқу әрекетін қамтамасыз ететін материалдар, жабдықтар дайындау, оқытудың түрлерін анықтау жұмыстары жүргізілгені ұтымды.

Оқытудың әдіс-тәсілдері еркін және ерікті болғандықтан, түрлі қалыптарда жүзеге асырылады. Ол балаларға арналған салт жырлар, фольклорлық өлең тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар сияқты жанрлық түрлерде өзіндік ерекшеліктермен жүзеге асып отырады.

Зерттеудің негізгі  түйіндері мен қорытындыларын жинақтай айтқанда мынандай тұжырымдар жасалды:

1. Жалпы білім беретін  балабақшада халықтық шығармаларды оқыту мазмұны тәуелсіз мемлекеттің бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талаптарымен үйлесімділікте жетілдірілуі тиіс. Бұл жаңа білім өзегін Мәдениет-Білім-Тарих ұштағанына негіздеу арқылы жүзеге асады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті