Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:28, дипломная работа
Зерттеу міндеттері:
– ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
– халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
– қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселелеріне қатысты фольклористикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді зерделеу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқу бағдарламалары, оқулықтар мен әдістемелік еңбектерге талдау жасау; оқушылар арасында сауалнама жүргізу; эксперименттік тәжірибе нәтижелерін талдап қорыту.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері ........................................................................................6
1.1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері....................................................................................................................6
1.2 Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні............................................................…...14
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары ……………………………………………………………………….14
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері.........................................37
2.2 Халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытындысы...........................47
Қорытынды..........................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................68-70
Қоғамның даму барысында, адамзат өмірінде әр халықтың тілі мен қатар салт-дәстүрі де қажетті себептермен дүниеге келді. Ал, адамдардың сол қоғам дамуына, сұранысына байланысты тәртібі, заңы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенімдері, жол-жоралғылары қалыптасады. «Жазу-сызуы, мәдениеті болмаған халық» деген жаңсақ пікірді, сонау Орхон-Енисей жазулары арқылы жоққа шығарған мұсылман халықтың өркениетті мәдениетінің тамыры тереңде екенін, тарихшы-этнограф, философ ғалымдары дәлелдеп берді. Осы өмір сүру жолдары, ережелері, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер, адамдардың оқу, білімге, бір-біріне сенуі, бір-бірін сыйлауы, кішінің үлкенді сыйлауы, ата-ананы құрметтеуі, бір сөзбен айтқанда мұсылман адамның бойындағы ізгі қасиеттер және «иман жүзді» адамның бойында қандай қасиеттер болуға тиісті белгілерді көрсететін мәселелерді ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылардың еңбектерінен де көре аламыз.
Қазақ өз перзентін арын сақтауға, ұяттылыққа, әдептілікке тәрбиелеген. Бұл дегеніміз ұяты болмаған адамның иманы жоқ, иманы жоқ адамның ұяты болмайды деген ұғымды тудырады.
Халқымыз ертеден-ақ ұрпағын, болашағын жамандықтан, өтірік сөйлеуден сақтандыруға тырысқан. Сол себептен де олар, қазіргі болып жатқан бұзақылықтарға, қылмыстарға бармаған, дәл осындай сорақылыққа жетпеген. Атап айтқанда, әке-шешені балаларының, ұстазды шәкірттің, ата-енені келіннің сыйламауы, нашақорлық пен маскүнемдік, соның салдарынан неше түрлі қылмысқа барулары, жеңілжүрістілік арқасында балалар үйін тастанды балаларға толтыру – сорақылықтың асқар шыңы емес пе?!
Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың қазіргі жай-күйін бақылап-бағалау мақсатында тәжірибелік-эксперимент жүргізілді. Эксперимент жұмыстары жүйесі байқау, оқыту, қорытындылау кезеңдерінен тұрды. Экспериментке бастауыш сыныптар оқушылары тартылды. Эксперимент үшін таңдалынып алынған балабақшаға жүргізіліп эксперимент (26 бала) және бақылау топтары (24 балалар) белгіленіп, барлығы 50 балалар қатысты.
Байқау эксперименті кезінде байқап-бақылау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту жайы, ауыз әдебиетінің білімдік, дамытушылық, тәрбиелік маңызы, балалардың халықтық шығармаларға деген ынта-ықыласы, қызығушылығын анықтап білу мақсатында мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында әңгімелесу, пікір алмасу, сауалнама жүргізу жұмыстары іске асырылды.
Байқау эксперименті кезінде балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша жалпы деңгейлерін анықтау мақсатында сынақ-тапсырма үлгілері дайындалды. Олар балаларға таратылды.
Тапсырма:
1) Ертегі түрлерін атап, олардың ерекшелігі неде екенін қысқаша айтыңдар.
2) Жарапазанды қай кезде айтады, жатқа айтып беріңдер.
3) Мақал мен мәтелдің айырмашылығын айтыңдар.
4) Батырлар жырының не туралы екенін, неге үйрететінін таратып айтыңдар.
Сынақ нәтижесі былайша қорытындыланды:
Балалар ертегі түрлерін біледі, бірақ тұрмыс-салт ертегілерінің ерекшелігін айтуда қиналады. 60% жарапазанның қай кезде айтылатынын біледі, алайда 92% бірдей жарапазан мәтінін білетіні көрінді. 33% мақал мен мәтелдің айырмашылығын айта алады. 37% батырлар жырының негізгі идеясын таратып айтуда шорқақтық көрсетті.
Сонымен қатар балалардың ауыз әдебиетіне деген ынта-ықылас, қызығушылық дәрежесін білу мақсатында әңгімелесу, сұраулар қойылып, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел айтып берулері сұралды.
Мұның қорытындысы пайыз есебімен төмендегі кестеде көрсетілді.
2 – кесте
Мектеп жасына дейінгі балалардың ауыз әдебиеті үлгілеріне қызығушылығы
Балалар саны |
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің қайсысын қызығып тыңдайсың, сүйіп оқисың? | |||
Ертегі |
Жұмбақ |
Жаңылтпаш |
Мақал-мәтел | |
50 |
70% |
60% |
30% |
65% |
Балалармен әңгімелесуден, берген жауаптарынан байқалғаны: барлық бала дерлік ертегіні ұнатады өздері қызығып оқиды, ойларынан шығара алады. Балалар достық, сыйластық, батырлық, еңбекқорлық, мейірімділік, тапқырлық, шындық жайындағы ертегілерді жақсы көретіндерін білдірді. Айтып берулерін өтінген кезде, көбінесе «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен арыстан», «Тапқыр қоян», «Алтын сақа», «Қожанасыр» туралы әңгімелерді жақсы білетіндерін байқатты және мақал-мәтелдерді айтуға ерекше қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, балалардың аңыз әңгімелер, өтірік өлең, арнау-тілек өлеңдерін, салт жырларын, батырлар жырынан үзінділер айтуға дайындықтарының шамалы екендігі де байқалды.
Эксперимент кезінде балалар таңдап алынған тиімді әдіс тәсілдерді қолдана отырып, халық ауыз әдебиеті жанрлары бойынша арнайы нұсқаулар, ұсыныстар, әрбір жанрдың өзіндік ерекшелігіне сәйкес жұмыс түрлері, әрбір оқу материалдары негізінде дайындалған үлгі-сабақ жоспарларымен оқытылды. Эксперимент нәтижелері бақылау салыстырмалы түрде қаралды. Эксперимент барысында қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту нәтижесі эксперимент және бақылау арасында салыстырмалы түрде қаралды.
3 – кесте
Халық ауыз әдебиеті
үлгілерін оқыту сапасының
Эксперимент кезінде оқыту сапасына тән белгілер |
Бақылау кезінде оқыту сапасына тән белгілер | |
1. |
Сабақтың мақсаты анық, нақты қойылған (білімдік, дамытушылық, тәрбиелік) |
Сабақтың мақсаты жалпы қойылған. |
2. |
Сабақты өткізу әдісі түрлендірілген. |
Сабақты өткізу әдісі біртекті. |
3. |
Тәрбиешінің сабақ барысында нұсқау беру, мотив тудыру, шығармашылыққа жетелеу әрекеті басым. |
Тәрбиешінің сабақ барысында басқарушылық әрекеті басым. |
4. |
Бала еркін қөзқарасты, шығармашыл тұлға ретінде көрінеді. |
Бала қабылдаушы, еске сақтап, қайта жаңғыртушы ретінде қарастырылады. |
5. |
Бала білімді меңгерту мүмкіндік деңгейді көрсетеді. |
Бала білімді меңгерту міндетті деңгейді көрсетеді. |
6. |
Балабақша өмірмен байланыстыруда жаңа көзқарастар, тұжырымдар көрініс береді. |
Балабақша өмірмен байланыстыру күнделікті тұрмыстық деңгейде көрініс табады. |
Эксперимент кезінде мақсатты түрде тәжірибеден өткізілген тағы бір мәселе – балалардың ауыз әдебиеті жанрларын қабылдауы және оның мәнін түсіну деңгейлері. Ол үшін эксперимент және бақылау арнайы сұрау-тапсырмалар таратылды. Олардың мазмұны Ә қосымшасында берілді.
Сонымен қатар оқу материалдарының ішкі мазмұнынан сұраулар мен тапсырмалар берілді:
– «Кім неден күшті» ертегісінде мұз өзінен нені күшті дейді, неліктен? Оның тағы қандай күштілігін айта аласың?
– Ертегідегі күшік пен мысыққа берілген сипаттаманы айтып беріңдер.
– Малдардың төлдеуі мен дыбыс шығаруына байланысты сөздерді атап айтыңдар.
– Егер де Қазбай шал «піс, қазаны», «құс, есегі», «ұр, тоқпағымен» сендерге кездессе, не істер едіңдер?
– Егер де бақ ішінен ертегідегідей байлық тауып алсаң не істер едің?
– Өз ойыңнан құрастырған ертегіңде қандай кейіпкерлер болады?
Бұл тұрғыдан байқалғаны, эксперимент кезінде балалармен жанр жөнінде алдын-ала теориялық деңгейдегі дайындықтар (әрбір жанр туралы ұғым беру, түсіндіру, анықтамасын айту, мысал арқылы дәлелдеп көрсету және т.б.) жүргізілді. Ал бақылау кезінде балалар алдын-ала мұндай дайындықтан өтпестен, білім мазмұнымен, тақырыптар бойынша ұсынылған әдістемелік аппараттағы сұрақ-тапсырмаларды орындау деңгейінде ғана әрекет жасады. Мұның өзі бақылау кезінде балалардың жанрды қабылдауына біршама қиындықтар тудырды, яғни балалар зейінінің шашыраңқылығы, мақсатты бағытталудың нақты еместігі, теориялық білімдерін практикада көрсете алмауы, нақты мысалдармен дәлелдеуге шорқақтығы, қызығушылық тудырудың әлсіздігі, сабақ барысының үйреншікті, бірқалыпты жағдайда өткізілуі т.б. байқалды. Салыстырмалы түрде екі сынып деңгейі 4-кестеге түсіріліп, көрсетілді.
4 – кесте
Балалардың жанр түрлерін қабылдауы мен оның мәнін түсіну деңгейлерінің көрсеткіші
Жанр түрлері | ||||
жаңылтпаш |
жұмбақ |
мақал-мәтел |
ертегілер | |
Эксперимент кезінде |
82% |
95% |
88% |
98% |
Бақылау Кезінде |
51% |
45% |
49% |
56% |
Сондай-ақ эксперимент барысында әсіресе, ауыз әдебиеті үлгілері бойынша мәтінмен жұмыс жүргізуге ерекше мән берілді.
Эксперимент кезінде әрбір жанрдың мәтінмен жұмыс жүргізуге арнайы нұсқаулар, ұсыныстар жасалып, нақты сабақ үлгілері берілді. Осының негізінде жүйелі жұмыстар жасалды. Мұның бақылау сыныптарымен салыстырмалы көрсеткіші төмендегі 5-кестеде берілді.
5 – кесте
Балалардың ауыз әдебиеті үлгілерінің мәтінімен жұмыс жүргізу деңгейлерінің көрсеткіштері
Мәтінмен жұмыс жүргізу |
Эксперимент тобыы (бала саны 26) |
Бақылау тобы (бала саны 24) |
Мәтінді толық түсінгендері |
72% |
48% |
Мәтінді ішінара түсінгендері |
22% |
37% |
Мәтінді толықтай түсіне алмағандар |
0,6% |
15% |
Балалардың алған білім деңгейінің көрсеткіштері олардың шығармашылық жағынан дамуынан да байқалады. Эксперимент барысында халық ауыз әдебиеті үлгілерінің әрқайсысын оқыту кезінде жүргізілетін шығармашылық жұмыстарға мән беріліп, әрбір жанрдың ерекшелігіне сәйкес шығармашылық жұмыстар сараланып берілді. Жұмыстың бұл түрі эксперимент тобында жүйелі түрде жүргізіліп отырылды. Жұмыс нәтижелерінің экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі деңгейлері 6-7 кестелерде салыстырылды.
Эксперимент тобында: экспериментке дейін жоғары деңгейде – 29,2%-ды, орта деңгей – 38,6%-ды, төменгі деңгей – 32,2%-ды көрсетсе, эксперименттен кейін жоғары деңгей – 50,5 %-ды, орта – 34,3%-ды, төменгі – 15,2%-ды құрады.
Ал бақылау тобы экспериментке дейінгі және кейінгі кезеңдерде: жоғары – 22,2% - дан 23,9%-ға дейінгі; орта – 29,5%-дан 30,3%-ға дейінгі; төменгі – 48,3%-дан 45,8%-ға дейінгі аралықтағы деңгейлерді көрсетті.
6 – кесте
Халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы эксперименттік топ балаларының сөйлеуін дамытудың нәтижесі
р/с |
Кезеңдері |
Жоғары деңгей |
Орта деңгей |
Төмен деңгей |
1. |
Эксп.дейін |
(29,2 %) |
(38,6 %) |
(32,2 %) |
2. |
Эксп.кейін |
(50,5 %) |
(34,3 %) |
(15,2 %) |
7 – кесте
Халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы бақылау тобы балаларының сөйлеуін дамытудың нәтижесі
р/с |
Кезеңдері |
Жоғары деңгей |
Орта деңгей |
Төмен деңгей |
1. |
Эксп.дейін |
(22,2 %) |
(29,5 %) |
(48,3 %) |
2. |
Эксп.кейін |
(23,9 %) |
(30,3 %) |
(45,8 %) |
Халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы эксперименттік топ балаларының сөйлеуін дамыту жұмыстарының нәтижесі бойынша балалар білімінің сапасы жоғары деңгейдегі көрсеткіші – 21,3 %-ға артты, ал төменгі деңгейдегі көрсеткіш – 17 % - ға кемігенін анықтадық.
Бақылау тобында шығармашылық жұмыстар кейбір жанр түрлерінен ғана біртекті қалыптасқан, үйреншікті түрде, жүйелілік сақталмастан жүргізілетіні байқалды.
Негізінен, халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша шығармашылық жұмыстар жүргізу қызықтылығымен әрі жан-жақтылығымен ерекшеленеді, өйткені өнердің барлық саласымен байланыстыруға мүмкіндік мол, сонымен қатар пәнаралық шығармашылық байланысқа да жақсы келеді.
Өмірмен байланыстыруда жаңаша идеялар тудыруға, жобалар құруға, болашақты фантазиялап, қиялмен елестетуге, армандауға және т.б. шығармашылықпен жол ашылатыны дәлелденді.
Эксперимент жұмыстарының нәтижелілігін тексеру мақсатында халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша төмендегідей тест-тапсырмалармен (үлгілері Б қосымшасында көрсетілді) тексеру ұйымдастырылды:
Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі балалар тобында қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде балалардың сөйлеуін дамытуда тиімді әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана отырып, әрбір жанрдың өзіндік ерекшелігіне сәйкес жүйелі түрде мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізу, нақты нұсқауларға сүйену, жұмыс жүргізудің көрсетілген жолдары мен ұсыныстарды орындауға қол жеткізгенде халықтық шығармаларды меңгертуге, оған қызығушылықты арттыруға, сөйтіп нәтижелі көрсеткіштерге жетуге болатынына эксперимент жүргізу кезінде көз жеткізілді. Оқыту әдістерінің мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде балалардың сөйлеуін дамыту маңызы қарастырылды. Әрбір жанрды оқытуда таңдалынған оқыту әдістерінің пайдасы, оларды қолдану жолдары айтылды.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті