Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 14:01, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.
Кіріспе......................................................................................................................6
1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының теориялық негіздері.....................................................................10
1.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының психологияда зерттелуі...............................................................10
Мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың интеллектуалды және шығармашылық компоненттерiнiң байланысы ...........................................19
Мектеп жасына дейінгі балаларда дарындылықтың әр түрін
анықтаудағы әдістемелік тәсілдер.......................................................................34
2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу...............................................................................................47
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері..........................47
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары......................................55
Қорытынды............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................65
Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды
оқыту және тәрбиелеу бағыттарының теориялық
негіздері.....................
1.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды
оқыту және тәрбиелеу бағыттарының психологияда
зерттелуі.....................
анықтаудағы әдістемелік тәсілдер......................
2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды
оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу.......................
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды
оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді
ұйымдастыру және оның әдістемелері..................
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды
оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу
әдістемелерінің қорытындылары.................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы заңында», білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлтт
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой әрекетінің белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, іздесіне талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой іс-әрекеті күрделі процесс. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.
Ақыл-ой іс-әрекет баланың білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттілікпен, мақсаттан таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады [2].
Оқу-тәрбие үрдісі мектеп жасына дейінгі
балалардың ақыл-ой әрекеті негізінде
жүзеге асады, ал ақыл-ой әрекеті негізінде
мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық
белсенділігі қалыптасады. Белсенді ақыл-ой
іс-әрекеттің көздейтін мүддесі білімнің
қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет
ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде
дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі
мектеп жасына дейінгі балалардың алған
білімдерін өмірде пайдалану білуі болып
табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Ақыл-ой іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, педагог пен баланың бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Ақыл-ой белсенділігі баланың оқуға, білуге деген ынта-ықласының құштарлығының ерекше көрінісі.
Оқу-тәрбие барысында мектеп жасына дейінгі балалардың бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеріктік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б.
Бастауыш білім беру
мазмұнын жетілдіруінің қайнар көзі - мәдениет немесе әлеуметтік тәжірибе.
Дегенмен, әлеуметтік тәжірибенің мазмұны
немесе мәдениет мектептегі білм мазмұнын
толық анықталмайды. Білім
мазмұнын құрастыруда балалардың жекелік-тұлғалық
дамуының
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оны үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Балаларға оқу іс-әрекетінің
белгілі бір жүйелігін егжей-
Ақыл-ой тәрбиесі — адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау — сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырьш жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі [3].
Ойлау құрылымының механизмін түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті және продуктивті бөліктері қатынастарының қағидасы ерекше маңызды. "Ойлау — шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен" деп көрсетеді З.Калмыкова [4].
Н.Менчинская өз еңбегінде "Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді" деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің рөлін анықтайды [5].
Ақыл-ой қызметінің тәсілі — ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған қисынды операция немесе операциялар жиынтығы.
Абстрактылы ойлау елеулі емес екінші дәрежелі белгілерден аулақтануға, жалпы және елеулілерін бөліп алуға, сөйтіп, осы негізде абстрактылы ұғымдарды тұжырымдауға адамның іскерлігін көздеуде өз маңыздылығымен ерекшеленеді. Абстрактылы ойлауға қабілеттілік, сөз жоқ, оқушылардың жасына байланысты. Алайда, абстрактылы ойлаудың дамуы мектеп жасында мейлінше интенсивті етеді. Жүйелі оқыту оның дамуын жеңілдетіп тездетеді. Осы қабілеттіліктердің көріну уақыты оқытудың мазмұны мен сабақ беру әдістеріне байланысты болып келеді. Сондай-ақ негізгі ой әрекеттері мен операцияларды игеру ісінде арнаулы машықтануды керек етеді. Талдай, жинақтай білу және пәндер мен құбылыстарды жіктей алу, шешімдер қабылдауды, қорытындылар шығаруды, баға беруді, ұғымға келтіруді, құбылыстың немесе пәннің белгілі бір қажеттілікпен анықталуын қажетсінеді.
Тасымалдауға қабілеттілік те ақыл-ойдың дамуыңда өте маңызды болып табылады. Тасымалдау немесе генерализациялау ғылымы ақпарат қауырт есіп отырған қазіргі кезде ерекше маңызға ие, себебі, жаңа білімдерді неғұрлым тез де үнемді игеру үшін негізгі құрал бола алады.
Құбылыстардың түпкі нәтижелерін немесе келіп жетуін алдын ала көре білу қабілеті, ой мен қорытынды шығару негізінде, ең алдымен, табиғат пен ғылымдағы заңдылықтардың рөлі мен маңызы туралы жалпы ұғымдарды игеруге негізделеді, әрі бақылау, талдау, салыстыру, құбылыстар арасындағы ерекшеліктерді табу, ұқсастықтарына қарай ой қорытындыларын жасауды, сондай-ақ индуктивтік және дедуктивтік ойлау әдістерін игере білуді қамтиды.
Индуктивті ойлау жеке пәндер немесе құбылыстар туралы білімдер негізінде оқытылатын барлық пәндер мен құбылыстар туралы жалпы қорытындыға келе білуді көздесе, дедуктивтік ойлау бұрын белгіленген жалпы ережені, жеке деректерді немесе құбылыстарды зерттеп, үйрене білуге қолдануды міндеттейді .
Интеллектуалдық әрекетке адам қабілеттерін дамыту ой еңбегінің мәдениетін игерумен де мейлінше тығыз байланысты. Ой еңбегі мәдениетінің ұғымына, әдетте, ой жұмысының режимін тиімді ұйымдастыра білу туралы ұғым, белгілі бір жүйе жасап алу, ұқыпты жұмыс істеу қабілеті жатады.
Ой жұмысының нәтижелілігі жұмыста адам белгілі бір жүйені ұсынатын болса едәуір артады, бұл әрекет жасаудың белгілі бір дәйектілігін таңдап алудан, жұмыс орнының белгілі бір ұйымдастырылуынан, осы материалдарды және оқу құралдарын, т.б. орналастыру жүйесімен жазба жұмыстарды жазып алуды жүргізу жүйесінен көрінеді. Нақ осы ой еңбегінің мәдениеті интеллектуалдық қызметпен ұзақ шұғылдана білуге жол ашады.
Дербес танымдық қызметке қабілетті дамытуда ақыл-ой дамуы міндетінен саналады. Дербес танымдық қызметке қабілеттілік жалпы мәдени ой-өрісін ұлғайтып, өздігінен білім алу және адамды жан-жақты дамыту үшін де керек. Дербес танымдық қызмет ақыл-ой дамуының жеткілікті дәрежесін дербес жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын игеруді, сондай-ақ белгілі бір мотивтердің болуын көздейді. Дербес жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары ой еңбегінің мәдениетімен де байланысты, өйткені бұл жұмыстың нәтижелі болуы үшін оны тиімді ойластырып ұйымдастыру керек болады.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту
және тәрбиелеу бағыттарын ашып көрсету.
Зерттеудің нысаны: мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің пәні: мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу дамуын арттыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары ашып көрсетіліп, мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеудің дамуына зерттеулер жүргізілсе, онда мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу тиімділігі артады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған процестің жүйелілігі мен тұтастығы қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің міндеттері:
1) мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеудің теориялық негіздерін анықтау;
2) мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың интеллектуалды және шығармашылық компоненттерiнiң байланысын ашу;
3) мектеп жасына дейінгі балаларда дарындылығына зерттеулер жүргізу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, мәдениеттанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектеп практикасына ендіру мәселесіне байланысты ресми құжаттар; оқу-әдістемелік кешен; автордың дербес зерттеу жұмысы; психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау; психологиялық эксперимент; эксперимент нәтижелерін математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеу базалары:
Тәжірибелі-педагогикалық
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы, теориялық және әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері мен зерттеу базасы көрсетілген.
Бірінші тарауда мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының дамуы, педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері жайлы мағлұматтар берілген.
Екінші тарауда мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеуін зерттеудегі әдіс-тәсілдер, оларды талдау туралы мәліметтер көрсетілген.
Қорытындыда жинақталған мәліметтерге сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары бойынша жұмыстарға ұсыныстар берілген.
1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу
бағыттарының теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына
дейінгі дарынды балаларды
бағыттарының психологияда зерттелуі
Адамның шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Өте қарқынды даму кезеңі - 2-5 жас. Осы жас кезеңінде жеке адамның негізі қаланады. Қабілеттің бірінші байқалуы түрлі іс-әрекет түрлеріне еріксіз ұмтылудан байқалады. Сондықтан, шығармашылық мүмкіндіктердің алғышарттарын осы арадан іздеу керек. Ата-ана, тәрбиеші, мұғалімдердің басты міндеті - баланың осы ұмтылыстарын қолдау.
Ерте жас кезеңінде дарынды балаларды өзгелерден айыратын нәрсе себеп-салдарлы байланыстарды бақылау қабілеттілігі және соған сәйкес тиісті қорытындыларды жасау.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары