Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2015 в 11:36, курсовая работа
Тәрбие үрдісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.
Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушьшар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Ақыл-ой, дене, еңбек және политехникалық білім, адамгершілік, эстетикалық тәбие тұтастай педагогикалық үрдіске қосылған жағдайда тәбиенің басты мақсатына жетуге -тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Кіріспе
1 Ғылыми теориялық бөлім
2 Негізгі бөлім
2.1 Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы
2.2 Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
2.3 Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.
3 Тәжірибелік бөлім
3.1Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі
3.2 Бастауыш сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Сендіру әдісін қолдану арқылы бала бойында тұрақты, терең саналылықпен және эмоциональды сезіммен қабылданған саналы көзқарас пен мінез-құлық нормалары мықтап орын алатын болады.
Бұл әдістің психологиялық негізі - баланың іске асырғысы келетін іс-әрекетінің іске асыру принципінің ой-санасынан ерекше орын алуында жатыр. Баланың мінез-құлықтық іс-әрекетін іске асыру тәжірибесіне, сонымен бірге мінез-құлық нормалары мен ережелерін жақсы білуіне және іске асыру әрекетгерімен тығыз байланысты. Сендіру әдісі арқылы мұғалім мен ұжым активтері тәрбие жұмысын кешенді түрде жүргізеді. Немесе еліміздің идеологиясы мен саясатының мазмұны мен мәнін түсіндіріп аша келе, оның бүгінгі қайта құру кезіңдегі заңдылықтары мен қажеттілігін, жеке басты эстетикалық және физиологиялық жағынан, адамгершілік-имандылық тұрғысынан тәрбиелеп қалыптастырудың маңызын аша көрсетіп, олардың мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге деген сенімін арттырады. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде оқу ісінде, жекелеме және ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен пікір таластарда кеңінен қолданады. Бұл істердің бәрінде сендіру әдістерінің нәтижелі болуы оның мазмұнына және эмоционалдық сезімге құрылуына байланысты болмақ. [2]
Жатымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі жеке бастың қалыптасып дамуы үшін тәрбие ісінде зор рөл атқарады.
Бір данышпан жеке бастың рухани дамуы үшін үш: жағдай - үлкен мақсат, үлкен кедергілер және үлкен: өнеге керек деген екен.
Оқушы үлкендердің іс-әрекетіне еліктей отырып, оны саналылық-пен және моральдық сеніммен ерекше қабылдап, өзінше “қайталай-ды”. Оқушьшар басқаның аса жоғары мұратгы іс-әрекетін байқап, бақылай отырып ерлік, еңбек сүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады.Баланың басқаға еліктеуі оны көшіре салу емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгершілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап,өзінше түсініп, өзінше қабылдайды деп; қараймыз.
Бұл жағдайда жеткіншектер өзін-өзі тәрбиелеуге; жауап-кершілік сезіммен қарай бастайтын болады. Осы; тұрғыдан қарағанда жеткіншектердің өзіне жақын адамдардың жеке үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажетіне үлгі етіп жаратуы тәрбиедегі ең маңызды іс болып саналады. Басқаның жеке бас үлгісін жастарға өнеге еткенде, келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан талдау жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді саналы түрде талдау арқылы қабылдау керек.
Белгілі қоғам қайраткерлерінің, соғыс және еңбек ардагерлерінің, мәдениет және өнер қайраткерлерінің іс-әрекеті, өмір жолы жеке басқа үлгі болады. Оларды оқушыларға үлгі ету-ісі туралы әңгіме, саяси хабарлама, кездесу кештері немесе хат жазысу арқылы жүзеге асырылады. Әдеби кейіпкерлердің (Абай, Шоқан, ЬІбырай, Ұлпан, Қайырғали т.б.) бейнелері де жастардың жеке басын тәрбиелеп қалыптастыруда елеулі рөл атқарады.
Ол әдеби шығармаларды оқу, кинофильмді қөру, оларға талдау жасату, пікір айтқызу, шығарма, рецензия жаздырту т.б. іс-әрекеттер арқылы іске асырылады. [16]
Тәрбие ісінде мектептес, сыныптас достарының жеке басын үлгі етудің де маңызы зор. Бірақ ол балаларды жалықтыратын құрғақ мақтау болмауы керек. Кейде ондай іс баланы жалықтырады, қала берді, екінші оқушының жүрегінде қызғаныш отын тұтатуы да мүмкін. “Жанында жүр жақсы адам”, “Сенің досың саған қандай ісімен, мінез-құлқымен ұнайды?” деген сияқты шығарма жаздырту, пікірталас, айтыс үйымдастыру сияқты тәсілдермен жүргізу қолайлы. Бұл жағдайда оқушылар бір-біріне сын көзімен қарап, жолдасының бойындағы мінез-құлықты көре, бағалай білуге үйренеді.
Жаттықтыру әдісі жеке басты іс-әрекетке, тәртіптілікке қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі. Әсіресе мәдениетті, жақсы мінез-құлықты оқушының бойына дарытып,әдет, дағдыға айналдыру үшін жаттықтыру, қайталап үйрету үлкен рөл аткарады. А.С.Макаренко тәрбие ісінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибемен байыту, олардың мінез-құлқына мәдениеттік дағды мен әдетті сіңіру аса қажет деп санады.Ол “Мінез-құлқымыз саналы болуы керек, бірақ одан тәрбие ісінде үнемі саналылыққа ғана сүйену керек деген үғым тумайды. Нағыз этикалық мінез-құлық нормасы саналылықтан - әдет, дағдыға, іс-тәжірибеге сіңісіп, мүлде дағдылы әрекетке айналғанда ғана шынайы мәдениетті азамат тәрбиелейміз. Сондықтан да балалардың бойында жақсы әдет, дағдылардың мықтап орын алуы үшін оны үнемі жаттықтыру керек” дейді.
Сонымен “жаттықтыру әдісі дегеніміз оқушының бойына қажетті жатымды іс-әрекетті, мінез-құлықты әлденеше рет қайталату арқылы жаттықтырып сіңіру, оны қалыпты мінез-құлық дағдысына біртіндеп айналдырып, қалыптастыру”.
Осы әдіс арқылы оқушының бойына мәдениетті мінез-құлық дағдыларын сіңіруде тәрбие құралы ретінде оқу жұмысында да, әр түрлі сыныптан тыс қоғамдық жұмыстарды атқаруда да еңбекке, мәдени-көпшілік, саяси тәрбие, спорт жұмыстарына араласуда, сондай-ақ сөйлеген сөз, жүріс-тұрыс, өңгіме, баяндама т.б, іс-тәжірибеде қолданып жаттықтыру, іске асыру арқылы жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, баланың оқу-тәрбие процесіне байланысты мектепте істейтін іс-әркеттерінің бәрі жаттықтыру арқылы іске асырылады.
Жаттықтырудың мәні адамның іс-әрекеті мен қимылын әлденеше рет қайталау арқылы сол мінез-құлық нормасына деген адам бойында қажеттілікті туғызу және оның адам бойында туу себептерін физиологиялық және психологиялық жағынан дәлелдеу, нақтылай түсу, физиологиялық ұғым бойынша мінездегі әдет, дағдыны мінез-құлықтағы бір іс-әрекетті бірнеше рет қайталап қалыптастыру, қалыпты дағдыға айналдыру. Адамның белгілі бір іс-әрекетін бойға тұрақтандыру, мінез-құлықтың қалылты ережесіне айналадыру, нерв жүйесі мен ортаның қарым-қатынас қимылы арқылы іске асырылады. И.П.Панлов “…біздің тәрбие, оқыту, тәртіпке дағдыланыру дегендеріміздің бәрі, алуан түрлі әдістеріміз ұзақ сонар шартты белгілер арқылы қайталанып бойға қонатын қасиет” - дейді.
Физиологтар қайталауды адамның білім алуға еңбек, қайрат жұмсауын мінез-құлықтағы әдет, дағдылар жиынтығы деп қараса, психологтар адам бойындағы күйініш, сүйініштерді бірнеше қайталаумен байланыстыра қарастырады. Жаттықтырудың осы жағына ерекше мән берген СЛ.Рубинштейн адам мінезін қалыптастыру және оны жеке бастың қасиетіне айналдыру іс-әрекеттегі проблемалық ситуациялармен байланысты және ол белгілі бір себеп-салдардың түйінін шешумен байланысты деп қарады.
Жатгықтыру тәрбиенің жалпы әдісі ретінде баланы саяси-қоғамдық, адамгершілік, дене және эстетикалық жағынан дамыту міндеттерін шешуде қолданьшады. Әсіресе, бұл әдісті баланы адамгершілікке тәрбиелеуде кеңінен қолдану қажет. Ол баланы үстел басында отыруға, жүріп-тұруға, жолдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретуден бастап, принципшілдікке, адалдыққа, Отан сүюшілікке, ерлікке саналы тәртіпке үйрету сияқтыжоғары моральдық қасиеттерді олардың бойына сіңіруге дейін қолданылатын әдіс,
Жаттыктыру дене тәрбиесінің көркемдік-эстетикалық қабілетті дамытудың негізгі әдісі болып саналады. [12]
Жаттықтыру әдісін қолданудың ауқымы кең. д.С.Макаренко “жаттықтырусыз құрғақ мораль оқумен ерлікке тәрбиелеу мүмкін емес. Адамды ерлікке тәрбиелеу үшін ерлікті туғызуға себеп болатын белгілі бір ситуациялық жағдай қажет. Осы жағдайда адам батылдық қимыл, іс-әрекет жасауға, шешімді әрекет етуге мәжбүр болады” дейді. Баланың бойында әдет-дағдыны немесе іс-әрекетті мінез-құлық дағдысы етіп қалыптастыруда жаттықтырудың педагогикалық негізі жөнінде К.Д.Ушинский де келелі пікір айтқан болатын. Ол жаттықтырудың іс-әрекет, қимыл үстінде адам психологиясынан алатын орнын айқындай келе, жаттықтыруды іске асырудың төмендегідей тәсілдерін ұсынады:
а) балалардың алдына белгілі бір іс-әрекет жасауға ынталылық туғызатындай міндет қою;
ә) сол іс-әрекетті шешуге қажетті білімді алдын ала меңгерту;
б) оқушыға іс-әрекет кезінде іске асырылатын әрекетті алдын ала қайталап жасатып үйрету;
в) кейін ол іс-әрекетті әлденеше қайталатып жаттықтыру, қалыптыдағдыға айналдыру;
г) оқушылардан жаттығуды жетілдіре түсуді талап ету;
г) іс-әрекет үстіндегі адамның мінез-құлқының үнемі бағытталуда болатынын ескерту.
Өкінішке қарай, тәрбие ісінде күні бүгінге дейін жаттықтыру әдісін қолдануга аса сақтық пен сенімсіздік көрсете қарау басым болып келеді. Бала дәлізде жүру тәртібін сақтай білмесе, оны жаттықтырып үйрету керек дегенге мұгалімдер мән бере бермейді. Оқушылардың мектеп ішіндегі, мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі кемшіліктер оқушыны жаттықтырып үйретпегеннен, тәрбиелеу ісіндегі жүйесіздіктен болады. [8]
Оқушылардың мінез-құлқын бақылау, оған талап қою әдісі. Бала ойынға алданып, теледидардан қызық кино, концерт көріп, спорт жарыстарына қатысып, үй тапсырмасын орындамауы мүмкін. Сондықтан баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе оны еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың төлімдік маңызы зор. Талап қою дегеніміз - баланың іс-әрекетін белгілі бір бағытқа бейімдеу. Талап қою - баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бұл әдісті іске асырудың құралы -мұғалімнің сұрауы, орынды нұсқау беруі. Оның ерекшелігі баланың тез іс-әрекет етуіне, оның мінез-құлқын өзі реттеп тәртіпке келтіруге үйретеді. (көбінесе мұғалім мен оқушының ара қатынасы дұрыс бірін-бірі түсінген, дұрыс талап қоюды, мінез-құлқын белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Сондай-ақ ол белгілі тапсырмалар ме талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орындатудың құралы: күнделікті баланың мінез-құлқын, іс-әрекетп жұмысын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, баланың тәрбиеші алдында есеп беруі немесе сыныптас жолдастары алдында есеп беруі арқылы іске асырылады. Бақылау баланың іс-әрекетін бақы. отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.
Баланы бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекет түріне ауыстырудың психологиялық-педагогикалық негізі басқаша. Кей бала үнемі бір іспен шұғылданғанды жақсы көреді. Мысалы, детективтік әдебиетті көп оқу, денсаулыққа зиянды ойындарға әуес болуы немесе үзілісте балалық мінездерді көбірек күйттеу т.б. Бала жақсы көретін іске тиым салу үнемі тәрбиелік нәтиже бере бермейді. Ондай жағдайда баланы еңбектің скінші түрімен айналыстыруға тура келеді. Бала өзі үйренген істен екінші іс түріне ауыспайды. Алғашқыда мұғалімге риза болмай, қарсылық білдіруі де мүмкін. Ондайда балаға екінші іс-әрекеттің пайдалы жағын жайлап түсіндіріп, ол істі істеуге оқушының ынтасын біртіндеп туғызу керек.
Тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастыратын маңызды әдістерінің бірі - ынталандыру, яғни оқушы алдында үнемі түрткі тудыру. Мектеп тәжірибесінде мадақтау мен айыптау (жазалау) әдістері кеңінен қолданылып келді. [22]
Жазалау әдісіне теориялық тұрғыдан сын көзімен қараушылардың бірі А.С.Макаренко болды. Жалпы жазалау әдісін орынды қолдануды пайдалы деп қарай отырып, А.С.Макаренко “Жазалау адам мінезінің (характерінің) берік болуына мүмкіндік туғызады, баланы өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, оның еркі мен адамгершілік орнын қалыптастырып тәрбиелеуге ықпал етеді” деді.
Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжьш алдында жария етуі. Ал бұған қарама-қарсы жазалау баланың іс-әрекеті мен мінез-құлкындағы жағымсыз жағдайларды көріп, оның қоғамдык мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сай келмейтіндігіне тәрбиешінің көзқарас, пікірін біддіруі.
Мадақтау мен жазалау әдісінің психологиялық негізі баланың ішкі жан дүниесінің күйініш яки сүйініш сезімімен байланысты. Бұл сезім баланы өзінің іс-әрекетіне талдау жасауға, өзіне-өзінің баға беруіне итермелеп отырады. Сонымен бірге теріс іс-әрекеттен бойын тежеуге үйретеді. Олай болса, жазалау я мадақтау әдісі оқушыларда адамгершілік сана-сезімнің оянуына, дамуына ықпал етеді, өзіне-өзі талап қоя білуге үйретеді. Мадақтаудың әдісі: мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы, жолдастарының алдында алғыс жариялауы, мектеп дирекциясының бұйрығымен алғыс жариялау, т.б. сыйлықтар беру, мақтау грамотасымен, алтын, күміс медалімен марапаттау. Онан басқа мектептің Құрмет кітабына жазу, Құрмет тақтасына фотосуретін қою т.б.
Мадақтау әдісін баланың жас ерекшеліктеріне қарай лайықты қолдану керек. Төменгі сыныпта мадақтау жиірек қолданылады. Мысалы, бала партада түзу отырғанда, қолын дұрыс көтергенде, сабақ үстінде тыныш отырғанда, т.б. Ал жоғары сыныптарда баланың іс-әрекетінің күрделі түрлері мадақталады. Мысалы, бала үнемі үй тапсырмасын орындап келеді, көрнекі құрал жасайды, еңбекке белсене қатысады, т.б, Әрине мадақтауды жиі қолдануға болмайды. Ол оқушыны дандайсытуы мүмкін. Мадақтау әдісін жеке оқушыға да, бүкіл сынып ұжымына да қолдануға болады.
Кейде тәртіпсіз, нашар оқитын баланың жақсы мінез-құлықтарын көріп мадақтаудың пайдасы бар. Ол оқушының түзелуге ынтасын туғызады. Жалпы адамның жатымды жағын көре білудің, жақсы істерді үлгі етудің тәлімдік мәні зор. Осы мақсатпен кейде мектептің қабырға газетінде “Біздің мектептегі іс-әрекеттер” деген айдармен мақала ұйымдастыру орынды (немесе “Олардың ісі - басқаларға үлгі” т.б.) [17]
Информация о работе Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы