Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2015 в 11:36, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие үрдісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.
Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушьшар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Ақыл-ой, дене, еңбек және политехникалық білім, адамгершілік, эстетикалық тәбие тұтастай педагогикалық үрдіске қосылған жағдайда тәбиенің басты мақсатына жетуге -тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Ғылыми теориялық бөлім
2 Негізгі бөлім
2.1 Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы
2.2 Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
2.3 Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.
3 Тәжірибелік бөлім
3.1Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі
3.2 Бастауыш сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

тәрбие жумысы.docx

— 80.63 Кб (Скачать файл)

Жазалау әдісіне мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, ауызша сөгіс беру, оқушыны тақта алдына тұрғызу, мектеп директорының бұйрығымен сөгіс жариялау, педкеңесте қарау, басқа параллель сыныпқа көшіру немесе басқа мектепке ауыстыру,аудандық оқу бөлімінің келісімі бойынша мектептен шығарып, еңбекпен түзеу лагерін немесе қиын балаларды тәрбиелейтін арнаулы мектепке жіберу.

Жазалау әдісі әділ қолданылғанда, яғни ол жазаны бүкіл ұжым (сынып, мектеп) қолдағанда ғана нәтижеді болады. Сондықтан сынып жетекшісі оқушының мінез-құлқын сынып ұжымында талқылап, бірыңғай пікірге келгенде, күрделі жазалау әдісін қолдануы керек (мысалы, басқа сыныпқа ауыстыру, мектептен шығарту т.б.)

Жазалаудың қай түрі болсын, оқушының мінез-құлқына талдау жасау, өзінің терістігіне көзін жеткізу арқылы іске асырылуы керек. Кейде оқушы байқамай тәртіп бұзса (байқамай терезені қиратып алды делік), ондай жағдайда ескертумен ғана шектелуге, түсіндіруге тура келеді.Әсіресе мінезі бір қалыпты емес, нерв жүйесі ауру балаларды жазалауға өте мұқият жауапкершілікпен қарау керек. Жазаның қай түрі болсын, оқушының теріс іс-әрекетін болдырмауға, түзетуге арналады. Терең талдау жасамай, үстірт қолданылған жаза баланы ерегістіріп, өшіктіреді. Мысалы, екі бала бірін-бірі итеріп қалды делік. Осындайда кінәлі баланы емес, кінәсіз баланы жазалау оныңмұғалімге деген өшпенділігін туғызады. Мадақтау да, жазалау да тәрбиенің нәзік, қатаң түрі болғандықтан, ол әдісті байқап пайдаланған дұрыс.

Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қорыта келе айтарымыз барлық әдісті тиісті жерінде орынды қолдану, оларды бір-бірімен байланысты деп қарау ғана жеке басты қалыптастыруда нәтиже береді.Оның бәрі оқу-тәрбие жүйесінде тиісті орнымен жұмсалғанда ғана нәтижелі болып шығатынын ескеру керек. Тәрбие әдістерін кешенді түрде орынды қолданғанда ғана тәрбие ісі жемісті болмақ.

Педагогикалық диагностика технологиясы (тәсілі). Диагностика зерттеліп отырған объект немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы әдісі. Мысалы, дүние жүзінде адамның жан-жақты дамуын білу үшін арнайы өлшемдер қолданылады. Ол дамудың жалпы және арнаулы сапаларын өлшейді. Ұсынылған тапсырмаларды адамның қалай орындауына байланысты жан-жақты дамудың нақты өлшемдеріне орай қол жеткен деңгей туралы қорытынды жасалады. Содан соң алынған мәліметтермен салыстырады. Мектеп мұғалімдері үшін басты мақсат оқушьшардың ақыл-ой қызметін, мінез-құлқының және басқа да маңызды сапаларының дамуын білудің барынша кең тараған түрі тестімен жұмыс жүргізу болып саналады. Тәрбие ісі ұзақ және қарама-қайшы үрдіс екені белгілі.

Осымен байланысты тәрбиешілерге өмірде көптеген қиындықтар кездеседі. Қиындықтың ең үлкені тәрбие нәтижелерінің ашық сипатта жиі болуы және оларды ескерудің күрделілігі болып табылады.

Мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу - басты мақсат. Соған байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері айқындалады. Сондықтан да басты мақсат - тәрбиелілік деңгейін қалай айқындауға болады деген мәселеге көңіл аударудан туындайды. Алынған нәтижелерді салыстырудың өлшеуіші ретінде критерий-өлшем атауы қолданылады. Тәрбиелілік өлшемі дегеніміз - жеке тұлғаның немесе ұжымның түрлі сапалар денгейінің теориялық жағынан зерттелу көрсеткіштері. Олар әдетте шкалалық сандармен белгіленеді. Егер де сапалардың көріну деңгейлері шартты түрде бағаланса, онда үлгерім мен білім сапасын тест арқылы анықтау да осындай тестпен жүргізіледі, бірақ мұның айырмашылығы тест ретінде теориялық тапсырмалар емес, тәрбиеленушінің түрлі ситуацияларға түскенде белгілі бір сапаларының артық не кем екенін танытатын іс-әрекеті алынады.

Белгілі ғалым И.П.Подласыйдың еңбегіне сүйенсек, қазіргі тәрбиелілік өлшемдеріне әр түрлі көрсеткілітерді пайдаланудың көлсмін анықтайтын көптеген сипаттамалар бар. Тәрбиелілік өлшемді шар тты түрде “қатаң” және “жеңіл” деп екі түрге бөлуге болады. “Қатаң” деген өлшем өте сирек қолданылады, тіпті соңғы ондаған жылдар бойы мұндай өлшем туралы (яғни, тәрбиесіздік) сөз қозғау мүмкін емес болатын. Жастардың жалпы тәрбиелілігін кешенді түрде сипаттайтын маңызды статистикалық көрсет-кіштер осыған жатады: құқық бұзушылық саны және олардың өзгеру тенденциялары; қылмыс жасап лагерлері болып қайтқан жастар саны; ажырасқан және бұзылған отбасылар саны; жастар арасындағы маскүнемдік, шылым шегушілік, нашақорлық,жезөкшелікгің саны т.б. көптеген көрсеткіштер.

Мектеп тәрбиесін сипаттайтын “жеңіл” өлшемдер тәрбие үрдісінің барысы мен нәтижелсрі жайында хабар береді. Бірақ ол оқушының бойындағы барлық сапаларды терең де нық сеніммен зерттеп анықтай алмайды. “Жеңіл” өлшемдер бала бойындағы адамгершілік, эстетикалық, еңбек сүйгіштік, т.б.сапаларды ғана анықтайды.

Жеке тұлға - бүтін, біртұтас құрылым. Сондықтан оның бойындағы барлық сапаларды кешенді түрде қарастыру керек. Жеке тұлғаның бітім болмысын көп қырынан зерттеп танытатын өлшемді әлі ешкім жасап шығарған жоқ. Бұл - келешектің ісі. Олай болса, бүгінгі мектеп тәрбиешілеріне бұрыннан қолданылып жүргең әдістемелерді басшылыққа алуға тура келеді. [17]

Көптеген тәрбиелілік өлшемдерінің ішінен негізгі екі тобын бөліп қарауға тура келеді: мазмұндық және бағалау. Жеке тұлғаның немесе ұжымның тәрбиелілік деңгейінің жетістігі - диагностиканың ең соңғы нәтижесін анықтайтын жалпы өлшемдер бар және жекелеген қасиеті, сапасы мен қырын жетілдіруге байланысты аралық нәтижелерді талдайтын жеке өлшемдер де бар. Алғашқысы алға қойылған мақсат, талаптарды көрсетсе, екіншісі -тәрбие үрдісінің белгілі бір мәселелерін танытады.

Тәрбиелілік өлшемдер бағыты, тәсілі мен қолданылу орнына қарай шартты түрде екі топқа бөлінеді: 1) тәрбиенің сыртқы түрінің нәтижелері көрінісіне байланысты жеке тұлғаның іс-әрекеті (қылығы, пікірі, бағалау деңгейі) және 2) тәрбиешінің көзінен тыс оқиғаларға байланысты (сылтау-себептер, сендіру, жоспарлар, бағыт-бағдарлар).

Диагностиканың тәрбиелілікті бағалау үшін қолданылатын кейбір практикалық әдістерінің мазмұны жайында түсінік беруге болады. И.П.Подласый нормалар мен ережелер жайындағы түсініктерін, жалпы ой-пікірлері мен көзқарасын бағалау деңгейін және тәрбиешілерді қызықтыратын басқа да мәселелерді зерттеуге болатынын айтады. Мысалы, мектеп тәжірибесінде көп қоланылып жүрген “Адалдық деген не?”, “Қандай мамандықты қалайсың?” - деген сияқты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың ауызша да, жазбаша да ой-пікірлерін көзқарасын байқауға болады.

Жеке тұлғаның түрлі тақырыптағы мәселелерге байланысты пікірлері мен көзқарастарын анықтау үшін тақырыптық шығармалар жаздыру мен жеке әңгіме өткізу тиімді.

Педагогикада мінез-құлықты зерттеудің “тәрбиелейтін ситуациялар әдісі” деп аталатын тиімді тәсілі қолданылады. Ол екі мәселені біртұтас қарастыруға мүмкіндік береді:

1) талап етілетін сапалардың  даму деңгейін анықтау;

2) осы сапаларды тәрбиелеу, дамыту.

Тәрбиелік ситуация - бұл табиғи және алдын ала ойластырыла жасалған жағдай, оған тәрбиеленуші міндетті түрде қатысып, өзінің белгілі бір сапаларынын, құрылу денгейін өз ісінен көре алады (мысалы мектепте, көшеде,сабақта т.б.).

Соңғы ондаған жылдар бойы алдыңғы қатарлы педагогикалық практикада проблемалық тәрбиелік ситуацияларды жасау қиындық туғызып отыр. Тәрбиелік ситуация туғызу үшін тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыра білу керек. Ситуациялардың мынадай түрлері бар: 1) тексеретін; 2) тәрбиелейтін; 3) бақылайтын; 4) бекітетін; 5) тәрбиеші ойластырмаған, бірақ көмектесетін; 6) тәрбиеші ойластырған, бірақ кедергі жасайтын немесе зиянды,

Проблемалық ситуациялар жеке тұлға үшін де, бүкіл ұжым үшін де жасалады. [14]

Диагностиканың қорытындысы әр түрлі үлгіде жасалып жүр. Цифрлы индекстер, түрлі шартты белгілер, шкалалар аса сақтықпен және ұқыптылықпен қолданылады. Ондағы үш таңбалы он бағалар (+1,+2,+3) моральдық тәрбиелілік деңгейін танытса, үш таңбалы теріс бағалар (-1,-2,-3) моральдық тәрбиесіздік деңгейін (бетімен кетушілікті) көрсетеді. Сапалық бағаларға сандық эквиваленттер төмендегідей өлшемдер бойынша кок және теріс бағыттар қоса жазылады:

+ 1 (оң нәтижелі іс-әрекетке  дайындық);

+2 (оң нәтижелі іс-әрекетке  ұмтылушылық);

+3 (орнықтылық, оң нәтижслі  әрекет жасағанда белсенділік  таныту);

-1 (теріс нәтижелі қылықтарға  бсйімділік);

-2 (теріс нәтижелі қылық  көрсетуге ұмтылушылық);

-3 (қоғамға теріс мінез-құлықтылық ).

Бұл жерде мынаны ескеру қажет: тәрбиеліліктің бағалау негізіне жеке тұлғаның бөлек сапалары емес, жалпы адаңгершілік бағыты алынады. Сонымен, кейде тәрбиелілікті қарастырғанда мінез-құлықтың бастапқы себептерій ескеру қажет, өйткені жекелеген іс-әрекет, баланың бір сәттегі қылығы тәрбиелілік деңгейін сипаттай алмайды (И.П.Подласый).

Тәрбие негізіне Л.С.Выготскийдің баланын жас ерекшелігі мен жеке бас қасиетгерінің дамуы туралы негізгі ұстанымы басшылыққа алынады. Оның пайымдауы бойынша, жасөспірімдердің тәрбиелілік деңгейін анықтауда баланың осы кезеңдегі орталық психологиялық жаңа құрылымының, яғни өзіндік санасының кальштасуын ескеруді керек етеді. Оқушылардың өзара қарым-қатынасы, олардың тәрбиелілік деңгейі жас ерекшелігіне, меңгерілген білім, білік, іскерлік дағдыларына лайықты әлеуметтік және мінез-құлықтық көрінісімен анықталады. Олай болса, тәрбиелілік өлшемінің көрсеткіші әр сыныпта өзгеріп отыратын болғандықтан, педагогикалық тұрғыдан субьективтік баға беріледі. Бұрын мектеп тәжірибесінде оқушының төрбиелілік деңгейі оқушылардың ережесімен сәйкестендірілетін, сол арқылы оқушыларға мінездеме берілетін.

Оқушының тәрбиелілік деңгейін бір көрсеткіш арқылы анықтау мүмкін емес. Ол үшін жеке басты жан-жақты зерттеуге бағытталған көптеген өдістерді пайдаланған жөн. Сондықтан бүгінгі жеке тұлғаның дамуына психологиялық тұрғыдан қарау қажеттігі туып отыр. Соған орай біз Л.М.Фридман, Т.А.Пушкина, И.Я.Каплуновичтердің “Изучение личности учащегося и ученических коллективов” деген еңбегін басшылыққа ала отырып, тәрбиелілікті анықтаудың түрлі үлгілерін пайдалануды ұсынамыз.

Оқушының адамгершілік тәрибелілігін зерттеуде және оның жеке басының дамуын (психологаялық тұрғыда негізделеді) анықтауда төмендегі жағдайлар қарастырылады: адамның адамгершілік жағынан тәрбиелілігі оның адамгершілік жайындағы білімімен (адамгершілікті адам болу туралы түсінік), оған деген қатынасымен (сол білім оның жеке басының қажеттігіне айналды ма, бойындағы құндылықтар жүйесіне енді ме) жеке адамгершілік мінез-құлқымен (жеке адам бойындағы осы қатынастар түрлі жағдай, іс-әрекет үстінде қалай қолданылады) анықталады.

Адамның өмірінде білім, қарым-қатынас және іс-әрекет (қылық) өзара тығыз байланысты, біртұтастықты, бірлікті құрайды. Ол ұжымшылдық, жауапкершілік, өзін-өзі сынаушылық деген жеке сапалардан көрінеді. Міне, Жеке бастың бойындағы адамгершілік сапасының бір түрінің немесе екінші түрінің деңгейін анықтау үшін, оның түсінігі (білімнің) мен адамгершілік қатынасын, ол қатынастың күші мен тұрақтылығын нақты іс-әрекет ,үстінде зерттеу керек. Соған сәйкес төмендегідей деңгейлерін бөліп қарастыруға тура келеді.

I деңгей. Адамгершілік сапасының  мәнін құрайтын адамгершілік  қалыптар (өлшемдер) жайында түсінік, білімі бар. Бірақ бұл өлшемдер  жеке бастың мінез-құлқына кіріспеген. Оған деген қарым-қатынас қарама-қайшы  немесе тұрақсыз болып келеді.

II деңгей. Адамгершілік мінез-құлық  нормалар жөнінде дұрыс және  айқын түсінігі бар. Жеке бастың  оған деген активті жатымды  қарым-қатынасы байқалады. Бірақ, бұл  өлшемдер жеке бастың қасиетіне  толық айналып кірікпеген.

III деңгей. Адамгершілік мінез-құлық  нормаларын саналы меңгерген  және ол мінез-құлық нормаларының  дағдысына айналған.

Сонымен, жеке бастың адамгершілік сапасын айқындайтын қалыптар жөніндегі түсінік дәрежесін анықтап алып қана, баланың адамгершілік жағынан тәрбиелілігінің өлшемін анықтауға болады. Оны сынып жетекшісі мен психолог маманның оқушымен сұхбаттасу, анкета жүргізу, әңгімелесу, бақылау тапсырмалар беріп, оны орындау арқылы жүзеге асырады.

Сынып жетекшісі оқушылардың сыныптағы, сабақтан тыс уақыттағы, отбасындағы іс-әрекетін зерттейді. Жекелеген оқушыларға “Жақсы деген немене, жаман деген не?” деген сұрақ беру арқылы да олардың адамгершілік жайлы түсініктерін (сезімтаддық, табандылық, адалдық, діншілдік, тәртіптілік, жауапкершілік туралы түсініктерін) анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Негізгі бөлім

2.1 Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы

Тәрбие үрдісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.

Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушьшар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Ақыл-ой, дене, еңбек және политехникалық білім, адамгершілік, эстетикалық тәбие тұтастай педагогикалық үрдіске қосылған жағдайда тәбиенің басты мақсатына жетуге -тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Ұсынып отырған еңбек тәрбие үрдісінің даму заңдылықтарына негізделе жасалған.Зандылық ретінде біз тәрбие үрдісіндегі тұрақты құылысты қарастырамыз, оны іске асыру кезінде жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында әсерлі нәтижелерге қол жетеді.

Тәрбие процесінің бірнеше ерекшеліктері бар.Олар педагогикалық заңдылық ретінде көрініс береді.

Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік, жеке адамның еркіне бағыныссыз, тәрбие процесінде өзіндік тұрақты қасиеті бар көрініс деп білеміз.Заңдылықты айқындау дегеніміз педагогикалық процесті (идеалдық) мүлтіксіз жоспарлау, сөйтіп тәрбие ісін бақылап, басқарудың ғылыми жүйесін тәжірибеге енгізуге байланысты атқарылатын іс-әрекет.

Информация о работе Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы