Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2015 в 11:36, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие үрдісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.
Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушьшар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Ақыл-ой, дене, еңбек және политехникалық білім, адамгершілік, эстетикалық тәбие тұтастай педагогикалық үрдіске қосылған жағдайда тәбиенің басты мақсатына жетуге -тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Ғылыми теориялық бөлім
2 Негізгі бөлім
2.1 Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы
2.2 Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
2.3 Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.
3 Тәжірибелік бөлім
3.1Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі
3.2 Бастауыш сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

тәрбие жумысы.docx

— 80.63 Кб (Скачать файл)

Жас ұрпақты нашақорлық індетінен сақтау, бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы бағытта «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде зиянды заттарды қолдануды болдырмау» бағдарламасы 1999/2000 оқу жылынан бастап 1-11 сыныптарда арнайы курс ретінде енгізілді.

Бүкіл тәрбие процесі баланың жеке тұлғасын дамытуға, ұстаздар мен оқушылар қарым – қатынасын демократияландыруға, ізгіліктендіруге, ата – аналар қауымымен ынтымақтаса жұмыс істеуге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік – экономикасын жетілдіру кезеңі мен нарық экономикасы жағдайында адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру тың мәселе болмақ. Келешекте кез келген техникалық білімді меңгертуде тірек болатын ең жалпы, іргелі политехникалық білімнің маңызы артпақ. Олай болса заман талабына сай компьютер тілін меңгерген білімді де білікті ұрпақты даярлау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі бола бермек.

Осы бағытта жаңа типті оқу орындары пайда болуда: лицейлер, гимназиялар, колледждер, жеке меншік мектептері.

Жалпы адамзаттық дамудың техникалық, экономикалық және мәдени – рухани қарқынды кірігулері (интеграция) әлемде ешбір ұлт, ешбір халық өзімен-өзі томаға – тұйық дамымайтындығын, оның есік терезесі әлемдік тәжірибеге әрқашан ашық болу керектігі бүгінде еш дау тудырмауы керек.

«Демек, ХХІ ғасырдағы мемлекеттердің ерекшелігін саяси немесе экономикалық жүйе белгілемейді, ең алдымен сол елдердің мәдени - өркениетті төлтумалығы белгілейді.

Түптеп келгенде, білім мен тәрбие дегеніміздің өзі, кең мағанасында, мәдениет атты ұлы құбылыстың аясында көрініс табады. Мәдениет, негізінен, этностық жады арқылы ұрпақтан – ұрпаққа беріледі. Мұндай киелі эстафетаны өміршең ету біздің әрқайсымыздың ең асыл мұратымыз болуы тиіс».

Оқу мен тәрбие  - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, бір – бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.

Тәрбиелік іс - әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген (себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.

Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:

- тәрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;

- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс - әрекеттің ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тәрбиелік ықпал ажсайды;

- оқу және тәрбие процестерінде бірдей әдістер (түсіндіру, қадағалау және т.б.) пайдаланылады.

Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы принциптік айырмашылық: оқу барысында шәкірт әртүрлі ғылымдар негізін меңгереді, ал тәрбие процесі оқушының тұлғалық сапа – қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.

Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:

- мақсатты бағыттылық (мақсаттың  түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің кепілі);

- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің  көрсеткіші);

- нәтиже ұзақтығы (оқу  процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);

- көп жағдаяттылығы (тұлға  көп әрі сан қилы ұнамды  да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады.

- ауыспалылығы (тәрбиеленуші  мақсатты, көзделген және кездейсоқ  әсерлерге бірдей кезігіп отырады).

- үздіксіздігі (ешқандай  науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);

- баламалылығы (тәрбиеленушілер  даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процнсінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);

- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ал ықпалды  қабылдаушы – оқушы);

- тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;

-тәрбиеші тұлғасы –  тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт – бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);

- қарама – қайшылықты  болуы (қарама – қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).

Тәрбиенің негізгі қайшылықтары оқу – тәрбие процесінде кездесетін келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа шарттары мен оған дайындауға арналған әдістер мен формалардың ескіруі; адамның табиғи даму мүмкіндіктерінің шексіздігі мен бұл дамудың әлеуметтік жағдайлар бағдарламаларына тәуелді шегерілуі; адамның табиғатпен белсенді, әрекетшең болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта – ықыласы мен өмірлік процеске нақты қатысу үшін қажет тәжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі және т.б. [6]

Яғни, тәрбие процесі оқу процесімен қатар жүріп жатса да, ол бірнеше мәнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Тәжірибелік  бөлім

3.1 Сынып жетекшісінің  сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау  мен ұйымдастырудағы рөлі 

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары –педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершілігін сынып жетекшісіне жүктеледі. «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалың хатта тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға немесе бір оқу тоқсанына жоспарланады деп көрсетілген. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға дөген комплексті көзқарасты қамтамасыэ етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің окушылардың жас өрекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн. [12]

 Мектеп тәжірибесі  көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау  өте қиын, ал бір жылға жасау  одан да қиын. Оның үстіне бұл  жоспарларының түрі өте көлемді  болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын  тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған басқа сынып жетекшілерінің  тәжірибесінде апталық жұмыс  жоспарлары да кездеседі. Олар  негізгі жоспарларды нақтылауға  мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын  ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз  етеді. Оқу жылы басталар алдында  сынып жетекшісі жоспарды мектеп  директорының бектуіне береді. Одан  әрі жоспардың қандай мерзімге  жасалғанына қарай, тоқсан сайын  немесе жарты жылдың бойында  бекітіліп отырады. Орта мектептерде  жоспарды бекітуді директор оқу  тәрбие жұмысы жөніндөгі орынбасарына  немесе сыныптан тыс тарбие  жұмысын ұйымдастырушыға тапсыруы  мүмкін. Жоспар бекітілген соң  онымен сыныптың барлық оқушыларын  таныстыру керек. Жоспарды жүзеге  асыру үшін сынып активін тартады. 

Жоспар пәрмеңді құжат болуы үшін, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек.

I.Жоспардың белгілі мақсатқа  бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары  іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына  тәрбие берудегі нысаналықты, оны  мектептің ортақ мақсатына бағындыруды  қамтамасыз ететіндей идеялық  жағынан мақсатқа бағытталған  болуы көрек. Барлық жекелеген  тәрбие міндеттері мектептің  негізгі мақсатын шешуге оқушларды  жан-жақты дамытуга, оларды өмірге  дайындауға жәрдемдесетін болуы  керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын  қамтамасыз ету керек.

 ІІ.Сыныптағы тәрбие  жұмысы мазмұнының, формаларының  және әдістерінің әртүрлі болуы. Трәжірибелі сынып жетекшілері  тәрбие жұмысының әртүрлі формалары  мен әдістерін қолданады. Бұл  тәрбие жұмысын эмоциялы және  қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда  жалпы шаралармен қатар оқушылардың  қызығулары мен білімділіктерін  ескере отырып, топтық және жеке-даралық  жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы  жылдары оқулар түрлі лекторийлар, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.

 ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің  сабақтастығын, жүйелілігін және  дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл  талапта әрбір келесі шаралар  өзінен бұрынғылардың жалғасы  болып табылады және тәрбиенің  қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде  істелген істерді және жалпы  мектептік жоспарда көрсетілген  келешек міндеттерді ескере отырып  жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге  сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін  баянды етуі мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында  күзгі, қысқы және көктемгі демалыс  кездерінде жүргізілетін, ал төртінші  тоқсанның жартысында еңбек пен  демалыс мәселелерін ұйымдастыру  кезіндегі жұмыстар көрсетілуі  тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы  – оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс  болмауы керек.

IV. Жоспардың нақтылы  болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын  міндетті қоймаған жөн. Белгіленген  жұмыстардың көлемі оқушылар  коллективінің мүмкіндігіне сай  болуы қажет. Барлық жұмыстарды  қамтимын деп сынып жетекшісі  көп шараларды белгілемегені  жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді  белгілеп, мұғалімдердің көмегімен  оқушылар ұжымы арасында және  ата-аналармен әртүрлі жұмыстарды  жүргізген жөн.

V. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің  жоспарымен танысып, оқушылардың  ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта  сабақ беретін мұғалімдермен  келісіп, олардың тілектерін ескеру  керек.

- Сынып жетекшісінің  қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшісінің жоспары тек  мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының  сапасын арттырудың құралы. Сондықтан  жоспардың формасы ыңғайлы, икемді, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың  нақтылы жағдайларын ескерген  болуы керек. Жоспарға өмір талап  ететін және ойдағыдай орындалатын  шаралар болуы керек. Әрине, ол  шаралар кездейсоқ емес, тәрбие  жұмысы жүйесінде біте қайнасқан  буындар болуы керек. Мектеп тәжірибесінде  сынып жетекшілерінің жоспарлары  түрліше құрылып, әртүрлі бөлімдерден  тұрады. Себебі, әр сыныптың жұмыс  жағдайлары бірдей емес, жаңа  бастаған сынып жетекшісі жоспарды  кең, көлемді етіп жасаса, тәжірибелі  педагог қысқаша тұжырымдауы  мүмкін. Қандай жағдайда болмасын  сынып жетекшілерінің жоспары, тәрбие  жұмысының негізгі мазмұны мен  бағытын, сынып коллективінің даму  болашағын бейнелейтін болуы  керек.

             Сынып жетекшісі жоспарының үлгілі  құрылымы. Сынып жетекшісінің жоспары  әдетте төмендегідей бөлімдерден  тұрады:

- Сыныптың қысқаша сипаттамасы  және оқушылар жайында жалпы  мәліметтер.

- Сынып ұжымы қызметінің  негізгі бағыттары мен формалары.

- Сыныпта атқарылатын  іс-шаралар міндеттері.

- Сыныпта сабақ беретін  мұғалімдермен жұмыс (сынып ұжымын  тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын  көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін  мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде  талқылау үшін мәселелерді бөлгілейді).

- Ата-аналармен жұмыс.

 Сынып жетекшісінің  жұмыс есебін жүргізуі. Тәрбие  жұмысы нәтижелерінің есебін  жүргізу – күрделі іс. Сынып  жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің  маңызды және қажетті түрі  күнделік дәптері, күнделік жүргізу  міндеті емес, бірақ көп сынып  жетекшілерінің күнделіктері бар. Оны тәрбие жұмысының нәтижелері  ғана ескерілмейді. Сонымен қатар  жұмыстарда талданып отырады, сыныптағы  кемшіліктерді жоюдың нақтылы  жолдары көрсетіледі. Күнделікте  оқушылардың үлгірімі, қоғамдық  тапсырмалар, тізімі және тұрақты  мекен-жайы жазылады. Әрбір оқушыға  бір-екі бет бөлінеді, онда оқушылардың  мінез-құлқына жасалған бақылаулар  нәтижелері жазылып, мінезінің ерекшеліктері, қызығушылығы мен бейімділігі  көрсетіледі. Кейбір сынып жетекшілері  тәрбие жұмысының есебіне жүргізетін  ашық күнделік дәптер жүргізеді. Бұл сынып ұжымының шежіресі  сияқты болады. Онда жалпы сынып  және жеке мектеп оқушылары  өміріндегі елеулі оқиғалар жазылып  отырады. Сыныптың ашық күнделігін  жүргізуге сынып жетекшісі оқушыларды, әсіресе сынып белсенділіктерін  тартады. Бұл сыныптағы жүргізілген  жұмыстың есебін беруге, бағалап  отыруға үйретеді және сыныпта  жақсы дәстүр қалыптастыруға  көмектеседі.

- Сынып жетекшісінің есеп  беруі өз жұмысының нәтижелері  туралы сынып жетекшісі мектептің  педагогикалық советінің мәжілісінде  немесе сынып жетекшілерінің  методикалық бірлестігінде есеп  беріп отырады. Кейде ол сыныптағы  тәртіп пен үлгірімінің жайы  туралы мектеп директоры немесе  сыныптан және мектептен тыс  тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы  шақырған кеңестерде хабарлама  жасайды. Оқу жылының аяғында  сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне  өз сыныбындағы тәрбие жұмысы  туралы. Сынып ұжымы туралы жазба  түрде есеп тапсырады. Мұнда сынып  жетекшісі жұмысын талдап кемшіліктері  мен табыстарын көрсетеді. Келесі  оқу жылына қандай тәрбие жұмыстарын  жүргізу керектігін қандай оқушыларға  назар аудару керектігін айтады. [11]

Информация о работе Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы