Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2015 в 11:36, курсовая работа
Тәрбие үрдісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.
Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушьшар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Ақыл-ой, дене, еңбек және политехникалық білім, адамгершілік, эстетикалық тәбие тұтастай педагогикалық үрдіске қосылған жағдайда тәбиенің басты мақсатына жетуге -тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Кіріспе
1 Ғылыми теориялық бөлім
2 Негізгі бөлім
2.1 Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы
2.2 Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
2.3 Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.
3 Тәжірибелік бөлім
3.1Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі
3.2 Бастауыш сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Тәрбие технологиясы педагогикалық зерттеулердің қарқынды дамушы саласы болып саналады. Соңғы жылдары отандық және шетелдік ғалымдар тарапынан педагогикалық технологая (тәсіл) деп аталатын проблемаға талдаулар жасалуда.Алдымен “технология” деген терминнен нені түсінетінімізді қарастырып көрейік. Энциклопедиялық сөздікке жүгінсек, бұл терминнің тура аудармасы шеберлік, өнер туралы ғылым дегенді білдіреді. Онын мазмұндық жағы мынаған келіп тіреледі: өндіріс үрдісінде пайдаланылатын материалдың құрамын, шикізат түрлері» өңдеу әдістерінің жиынтығы. [23]
Педагогикада “педагогикалық технология” (тәсіл) терминінің түрліше мазмұны бар. Бір жағынан «педагогикалық технология” ең басында оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) пайдаланумен, екінші жағынан бағдарландырыла оқытуды дамытумен байланыстырылды. Педагогикалық әдіс туралы толық мағлұмат оның барлық сыңарларының өзара байланыстылығын көрсететін педагогикалық үрдісті құруға қажетті жүйелі көзқарастың болуын талап етеді.Педагогикалық технологияның мақсаты - білімдік-тәрбиелік үрдістің тиімділігін арттыру, тәрбиенің жоспарланған нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізуіне кепілдік беру болып табылады.
Тәрбие технологиясы шамамен алғанда педагогикалық тәсілдің, оның тәрбиелік әдісінің аяқталған бөлігі. Сонымен бірге әрекет ретінде ол түрлі әдістерге жанасуға (түрлі қызметтегі әрекетгерге) бейім тұратын өзіндік құбылыс. Әрекет сияқты тәсілдің де шешетін мәселесі тәрбие қызметін айқындаушы және оның себептерімен арақатынаста болатын болса, оның мәртебесі артатын болады.
Тәрбие технологиясы - үрдістегі жекелеген педагогикалық міндетгерді шешуге бағытталған әдістер жүйесі: ұжымдық жоспарларды ұйымдастыру тәсілі, оқушьшармен байланыс орнату тәсілі, педагогикалық диагностика тәсілі т.б. Педагогикалық тәжірибеде даму деңгейіне оқушылардың қолын тезірек жеткізу тәсілінің қажеттігін өмірдің өзі көрсстуде. Ол жеке тұлғаны қалыптастыру үрдісінде оның бойында болатын өзгерістерді, ерекшелігін, даму қарқынын терең білмей тұрьш тиімді басқаруға қол жеткізудің мүмкін еместігін байқатады.
Ұжымдық жоспарларды ұйымдастыру тәсілі.Еліміздің экономикалық-өндірістік қатынасының барлық саласын реформалау саясат, білім, мәдениетке жаңа көзқарас, талап қойып отырған жағдайда мектеп басшыл арының алдында тұрған міндет күрделене түсуде. Мектеп директоры, оның орынбасарлары терең де жоғары педагогикалық білім мен кәсіби шеберлікті, іскерлік пен асқан жоғары жауапкершшікті ұштастыра білуі керек. Басқаруды ғылыми деңгейге көтермейінше, тәрбие жұмысында нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Мектеп ісі демократиялық сипатга және қамқорлық жасау бағытында, мұғалімдер мен сының жетекшілерінің шығармашылық ізденісіне қолдау көрсетіп отыру жағдайында жүргізуі тиіс.
Мектеп басшылары мен мектептің педагогикалық ұжымы сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие (жұмыстарын ұйымдастырғанда, әсіресе төмендегідей бағыттарды ескеруі қажет: әрбір өткізіліп отырған тәрбие шараларының мазмұны жан-жақты және қоғамдық » бағытга болуы керек. Ол оқушылардың ақыл-ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесін қамтып патриоттық сезімін оятып, Отанға, адамдарға пайда келтіруге ұмтылуын қалыптастыруы қажет.
Оқушыларды тәбиелеуде және олардың бос уақытын мазмұнды өткізуде бұл жұмыстың көпшілікті қамтитын түрін тандаған тиімді.
Педагогикалық ұжьш сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға оқушылардың түгел қатысуына ықпал етуі керек.
Сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың қоғамдық іске қызығушылығы мен белсенділігін, жеке басының дербестігін дамытуға бағытталып өткізілгенде ғана нәтижелі болмақ.
Міне, осылардың бәрін ескере келе, педагогикалық ұжым қоғамдық ұйымдармен берлесе отырып, сыныптан тыс және мектептен тыс шаралардың жүйесін жасайды, олардың дайындықпен өткізілуіне жауапты адамдарды анықтайды, мектеп басшылары мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп, жұмыстың орындалу сапасын бақылайды. [3]
Мектепті басқару және педагогикалық ұжымның қызметін жақсарту үшін жыл сайын мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспары жасалуы тиіс. Бұл жоспарда мектеп директорының, оның орынбасарларының және оқу-тәрбие жұмысының барлық буындарының қызметі ескеріледі. Осыған орай жылдық жоспар мынандай бөлімдерден құрылуы тиіс.
2.2 Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды.
«Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс – қимылды бағыттап, реттеп отырады. ... Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объективті заңдарға, қоршаған ортаның және субъектінің нақты мүмкіндіктеріне сай келуі керек, сонда ғана адамдардың нысаналы қызметінде азаттық пен қажеттілік арасындағы дидактикалық қарым – қатынас көрініс табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс – қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді. Шартты мағынада «Мақсат» терминімен ғылымда кері байланыс».
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский «Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп, тәрбиелейтін - қоғам», - деп өте орынды айтқан. Педагогика ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеттерін қарастырғанда оны әрқашанда қоғаммен бірлікте, қоғамдық құбылыс ретінде, қоғамның талаптарымен байланысты қарастырады.
Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын объективті түрде білдіреді. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның мақсатымен бірлікте болады. Сондықтан да қоғамдағы тәрбиенің қызметі қоғамның мақсатын, талап – тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму дәрежесімен байланысты анықталады. Олай болса, «Тәрбиедегі мақсат адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты. Адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару».
Қоғамның материалдық негізі мен идеологиясының өсуі әртүрлі қоғамдық – экономикалық формацияның алмасуына ықпал етеді. Ол өз алдына тәрбие мен оқытудың мақсат – міндеттерін, оның мазмұны мен әдістерінің өзгеруіне де себепші болады. [24]
Бізге мәлім, ерте замандағы педагогтар әрекетінде тәрбиенің мақсат – міндеттерін белгілеуде ортақ пікір болмаған. Ол негізінен екі бағытта өрбіген. Біріншісі, прогресивті идеяны ұсынса, яғни жалпыға бірдей білім бере отыра жеке басты жан – жақты, үйлесімді дамыту болса, ал, екіншісі, яғни реациялық идеяның өкілдері үстем таптың мүддесін көздеп, дін мен идеалистік философияның теорияларын уағыздады.
Бүгінгі таңда қоғамның жаңа сатыға, жаңа сапалық жағдайға көтерілуі еліміздің әлеуметтік – экономикалық саласында жаңа міндеттерді, жаңа талаптарды шешуді жүктеп отыр. Егерде қоғамның әлеуметтік саласында қайта құру міндеті жүктелсе, яғни ол жалпы орта білім және тәрбие беретін мекемелер алдына жаңа сатыдағы сапа жағынан жаңа міндеттерді шешудің объективтік қажеттілігі туындағанын көрсетеді.
«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын адамзат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.».
Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдарды терең толғантты. Педагогикалық және философиялық еңбектерден «жан – жақты дамыту» идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен бастау алғанын байқаймыз. Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуын айта келе, оған жету тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана жүзеге асады деп дәлелдейді. Бұндай көзқараста еңбек қызметінің маңызы қарастырылмаған. Себебі, еңбек қызметі тек құлдарға ғана тәуелді болған.
Аристотельдің көзқарасында дене, адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесі тұлғаның жан – жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дәуірінде гуманистер Витторино да Фелбтре, Ф.Рабле, М.Мантень, Э.Роттердамский жан – жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның эстетикалық дамуы қажеттілігіне назар аударады. Кейіннен жеке тұлғаның жан – жақты үйлесімді дамуы жайында пікірлер социал – утопистер Томас – Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен – Симон еңбектерінде де дұрыс көзқарасқа әрі толық мазмұнға ие болды. Олар қоғамның барлық мүшелері қатысқан еңбек пен оқытудың бірлігін жан – жақты даму деп қарастырады. Бірақ та қанаушы тапқа бөлінген қоғам жағдайында бұл ойды жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман утопистік сипатта қала берді.
ХVІІІ ғасырдағы француз философ – ағартушылары Гельвецию және Дидро еңбектерінде бұл ойдың негізіне ақыл – ой мен адамгершілік тәрбиесін қарастырды. Ж.Ж.Руссо бұл пікірге терең талдау жасап, табиғатпен дұрыс қарым – қатынас жасай білетін барлық балаларды еңбекке тарту қажеттігі жайында өз пікірін уағыздайды.
Жан – жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл – демократия-лық педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтар да қолдады. Н.Г.Чернышевский тәрбиенің мақсаты жайлы – қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын «азаматтық істерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу деп жаңа қоғам үшін күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын білдіреді. [18]
Маркстік философияның негзін қалаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс тұлғаның жан – жақты дамуы жайлы пікірлерінде ақыл – ой тәрбиесімен дене тәрбиесін бірлікте қарастырып, жастардың практикалық қызметін техникалық оқумен ұштастырады. Тәрбиенің мақсатын қоғам дамуымен бірлікте қарастырып, қоғамдағы өндіріс күштерінің даму заңдылықтарына терең талдау жасап, қоғамдағы еңбек бөлінісінің біржақтылығы, адам баласының біржақты дамуына әсер еткенін, еңбек тәрбиесі мен ақыл – ой тәрбиесінің алшақтығы таптық қоғамда тәрбие мақсатының сипатында екі жақты айырмашылықтың болғанын өз дәуірлерінде ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Сонымен қатар, олар барлық жастағы адамдарда қабілет, талант немесе дене тәрбиесі біркелкі дамымайтындығын айта келек, ол үшін жасөспірімдерге бірдей жағдай туғызу қажеттігіне баса назар аударады.
К.Маркс пен Ф.Энгельстің пікірлеріне терең талдау жасап, Ленин адам баласының бойындағы таланттың сырын ашып, оған жағдай жасайтын күш мектеп екендігіне, тұлғаны жан – жақты дамытуда мектептің негізгі құрал болатындығына көз жеткізе дәлелдеді.
Яғни, тұлғаның жан – жақты дамуына арқау болатын Мағжан Жұмабаевтың айтқан «Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» деген пікіріне қосыла отырып, ол үшін әрбір тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін қалыптастырып, дербес ерекшеліктерін жан – жақты әрі үйлесімді дамыту қажеттілігіне сай көзқарасқа тоқталамыз.
2.3 Қазіргі кездегі
білім беретін оқу
Кезінде орыстың әйгілі педагогы К.Д.Ушинский Еуропа халықтарының тәрбие саласында педагогикалық формулаларының ұқсастығына қарамастан, әрқайсысының өздеріне тән ерекше ұлттық тәрбие жүйелерінің, ерекше мақсаттарының, сол мақсаттарға жетуде өздерінің ерекше құралдарының болғанын айтқан. «Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - деген ол. Халықтың тарихы, оның тіршілігі тәрбиенің мақсатын анықтайды. Сондықтан оқу – тәрбие жұмысында оның бағытын, мазмұнын, формалары мен әдістерін таңдауда көзсіз еліктеушілік оң нәтиже бермейді – деген өнегелі өсиеті бүгінгі таңда қазақ елінің тәлім - тәрбие саласында ұстанып отырған бағытын анықтайды. «Халықтық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір – бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады».
Олай болса, жасөспірім бойына
халқымыздың салт – дәстүрлерін, әдет-
ғұрыптарын, имандылық пен ізгілік нұрын
сіңіруге баса назар аудару, бүгінгі таңда
басты мақсат – мұраттарымызға айналып
отыр. Ол үшін өз елін, өз жерін сүйетін,
өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін
қадірлеп-қастерлейтін азаматты тәрбиелеу,
ұлттық санасын дамыту – мектептердің
басты міндеті болмақ. Өз ұлтының келешегі
мен бүгінінен бейхабар азаматтан қандай
жақсылық күтуге болады. Ұрпақ тәрбиесі
келешек ұлт тағдыры, олай болса тәлім
– тәрбиеде бүкіл халықтың қолдауы қажет.
Ұлттық мәдениетімізді ұрпағымыздың санасына
сіңіріп, салауатты азаматтарды тәрбиелеген
кемелді ел болып, өркениеттілігімізді
көтеру үшін ең алдымен ұлттық тәрбиенің
бүкіл халықтық бағдарламасын жасау керек.
Сол бағдарламаны үлкен де кіші де, зиялы
қауым да орындауы міндетті болуы тиіс.
Сонда ғана біз«бесігімізді» түзей аламыз.
Оның алғашқы түрлері бар, олар «Атамекен»,
«Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», «Алтын көмбе»
бағдарламалары. «Әдеп әліппесі» (бастауыш
мектеп), «Әдеп пен жантану» (орталау мектеп),
«Қазақ этнопедагогикасы» (жоғары мектеп)
пәндері арнайы бағдарламалар негізінде
оқытыла бастады. Республикада білім беру
мазмұнын жаңарту, жаңа буын оқулықтары
мен кешендерін жасау жұмыстары да қатар
жүргізілуде. Оқыту қазақ, орыс тілдерінде
жүретін жалпы білім беретін мектептердің
1-7 сынып - тарында жаңа оқу жоспарларымен,
бағдарламаларымен және төл оқулықта
– рымен қамтылып, соның негізінде оқуға
көшкен. Сондай-ақ, барлық мек – тептердің
Информация о работе Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы