Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2015 в 11:36, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие үрдісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.
Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушьшар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Ақыл-ой, дене, еңбек және политехникалық білім, адамгершілік, эстетикалық тәбие тұтастай педагогикалық үрдіске қосылған жағдайда тәбиенің басты мақсатына жетуге -тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Ғылыми теориялық бөлім
2 Негізгі бөлім
2.1 Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы
2.2 Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
2.3 Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.
3 Тәжірибелік бөлім
3.1Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі
3.2 Бастауыш сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

тәрбие жумысы.docx

— 80.63 Кб (Скачать файл)

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.

Тәрбиеші - өз шәкіртінің көмекшісі, қорғаушысы. Тәрбиеші- педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект-тәрбиешілік жеке дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру  бастапқы міндет. Себебі ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады. Ұғымды ұйымдастыру жеке дамыту- сынып жетекшісінің назарындағы екінші обьектісі мен міндеттері.

Оқушы   тұлғасының   қалыптасуына    көмектесу,    оның қабілеттерінің,   қызығушылығының,   бейімділігінің  және   ішкі  табиғи күштерінің ашылып, орта түсінуіне жағдай жасау-сынып жетекшісінің тәрбиесін ықпалдарының үшінші міндеті.

Кейбір зерттеушілердің пайдалануы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналармен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен;

Бірінші топ міндеттері. Олар әлеуметтік міндеттер деп атауға болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен жеке басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.

Екінші  топ  міндеттерді  -  диагностикалық  -   әдептік-этикалық деуге болады.  Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс, ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшелікгерін, дара қасиеттерін білуін керек.

Үшінші топ міндеттерді адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық мен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілігін шешім қабылдай алуына мүмкіндік береді.

Төртінші   топ    міндеттерді   жеке    дара    практикалық сыныптағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдарды тандап алуы; өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетудегі және педагогикалық көзқараста болады.

Сынып жетекшісінің ең басты міндетті қызметтері

-диагностикалық;

- коммуникативтік;

-тәрбиелік;

-жобалаушылық;

- ұйымдастырушылық –  әрекеттік;

-дамытушылық;

- әдістемелік;

- ынталандырушылық;

- бағалаушылық;

-қорғаушылық, қамқоршылық; :

-түзетушілік.

Сынып жетекшісінің жұмыс бағыттары

1.Оқушының   жеке   дамуын   бақылау,   оның   еркін   дамып, қабулеттерінің ашылуына оптималды жағдай жасау;

2. Оқушының ынтасын, қабілетін, зерттеу, (кәсіби) бағдар беру;

3.Оқушылардың    қоғамдық-құнды    қатынастарға    жетелейтін  әрекеттерінің барлық түрлерін (жеке  дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру;

4. Оқушылардың еркіндіктері  мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау;

5.Әр   оқушыны   әлеуметендіруге   мүмкіндік   беретін   сынып  ұжымын тәрбиесін орта ретінде  қалыптастыру;

6.Барлық   тәрбиелік   күштердің   өзара   ынмақтастығы   мен байланыстарын ұйымдастыру;

7. Сыныпта оқу тәрбиесі  процесін ұйымдастыру;

8. Оқушыларды, олардың  тұрмыс жағдайларын зерттеу.

9.Оқушылардың    дамуындағы    жеке    мінез-құлықтарындағы  ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету, күрделі жағдайларда басшыларды құлақтандыру;

10.Өмірде кездесетін күрделі  проблемаларды шешуде оқушыларға  көмек көрсету;

11. Оқушылардың әлеуметтік  және занды құқықтарын қорғау;

12.Тәрбие жұмысының нәтижелігін  көрсететін іс-қағаздар жүргізу  оқушылардың жеке құжаттары сынып  журналы, оқушылардың күнделігі);

13.Мектептің   тәрбие   жұмысына   ұстаздарды,   ата-аналарды, білім, өнер саласындағы мамандарды  тарту;

14.Үнемі тәрбие теориясына, практикасына, педагогика және психология   мәселелеріне    байланысты   өзінің   мамандығын жетілдіру;

15.Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен 
кылы қарым-қатынас орната алуы керек.

16. Тәрбиелік мақсаттарды  көре білуі және оны қоя  білуі.

Сынып жетекшісінің тұлғасы даму  барысында, өзінің   жан  -жақтылығы   мен,   үйлесімділігі   мен   және біртұтастығы мен ерекшеленеді.Тәрбиешіге мына қасиеттер өте қажетті.

Адамдарға сүйіспеншілік, олармен қатынаса алу, сенім, түсінушілік, төзімділік, қайрымдылық, тілектестік, қарым -қатынастағы адалдық, шыншылдық:

- Жоғары деңгейлі мәдениетін, кең көзқарастың, жарқындық, әзіл - оспақты  түсіне білу, тапқырлық;

 Мінезінің табандылығы  және батылдығы, өзіне сенушілігі;  жігерлілігі, қайсарлығы:

-Эмоциялық өмірінің алуан түрлі болуы (жақсы эмоциялар, 
сезімдер адамды оптимисттік көңіл - күйге бағыттасып оның 
жігері белсенділігін дамытады);

-Барлық психикалық қасиеттерінің  жоғары деңгейде дамуы:қабыддауы, қимылы, есі т.б;

-Сынып     жетекшісінің     білімдері     үш     компоненттен тұратын белгілі жүйені кұрауға тиіс;

-Тұлғаның және балалар  ұжымының даму ерекшелікгері 
туралы білімі;

-Психологиялық - педагогикалық  білімдері;

Сынып жетекшісінің икемдері мен дағдылары

-Диагностика;

-Жобалаушылық;

-Практикалық;

-Бағалаушылық;

-Рефлексивтік.

Сынып    жетекшісінің  педагогикалық    қабілетіне дидактикалық, перцептивтік (кәсіби қырағылығы, жанашырлығы, басқаның қайғысына ортақтаса алуы),басқаның орнына өзің қоя,білуі,педагогикалық сезімталдығы  (интуициясы),  субъективтік (сендіре   білу   қабілеті),    коммуникативтік,эмоциялық тұрақтылық,өзін билеушілік,жобалаушылық,   креативтік (шығармашылық қабілеті), ғылыми -танымдық қабілеті кіреді.

1. Талдау қызметі (функциясы):

-Балалармен жас өспірімдердің  және дара ерекшеліктерін зерттеу;

-Әр оқушының  отбасындағы тәрбие жағдайын  зерттеп, талдау;

-Әр оқушысының ұжымының  тәрбиесін деңгейін талдап, бағалау;

-Сынып ұжымының қалыптасуы  мен дамуы зерттеп, талдау;

-Қоршаған айналаның  сынып оқушыларына ықпалы зерттеп, талдау;

-Өткізілетін іс-шараларының  тәрбие кұндылығын талдау.

2. Болжамдық (прогностикалық).

- Тәрбиесін ықпал мен  жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;

- Оқушылардың жеке-дара  даму денгейінің нәтижесін болжау;

-Ұжымының қалыптасуы  мен даму кезеңдерін болжау;

-Мектептің тәрбие жүйесіне  сәйкес кіші тәрбие жүйесінің 
моделін түзу;

-Ұжымдағы қалыптасып  келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы,оқушылар мен оқытушылар арасындағы, оқушылар, ата-аналар оқытушылар арасындағы);

-Әр оқушының даму ерекшеліктерін  психологиялық педагогикалық партада көрсету;

-Оқушыларға оқу әрекетінде  көмек көрсету;

-Жеке ерекшеліктеріне  және сынып өмірінің талабынасәйкес  оқушылардың әр түрлі қоғамдық  пайдалы әрекетін ұйымдастыруда  және жоспарлауда көмек пен  ынтымақтастық;

-Өзін-өзі басқару ұйымдармен  байланыс және көмек,сынып ұжымының  өзін-өзі басқарут ұйымдарын дамыту;

-Оларға шешім қабылдауға  жауапкершілікпен қарауды үйрету;

-Әрбір оқушыға және  ұжымға жеке-дара ықпал жасау;

-Оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар,бірлестіктер арқылы қосымша  білім алуға көмектесу;

-Оқушылар өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай 
жасау, мектеп психологиясымен бірігіп оқушыларға психологиялық білім беру;

-Оқушылардың дербестігі  мен құқыктарын қорғау;

               Оқушылардың отбасыларьімен байланыс  ұйымдастыру:

-Ата - аналар жиналысын  өткізу, ата - аналарға кеңес беру ата-аналарды мектепке көмек беруге тарту,оқушылардың денсаулығы мен өміріне байланысты төтенше жағдайларда ата - аналармен жедел түрде байланысу ;

-Өз сыныбы оқушыларының  үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық  кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән  мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;

-Әдістемелік және әкімшілік  жиналыстар, семинарлар мен педагогикалық  кеңестер жұмысына қатысу;

-Мектептен тыс мекемелермен байланыс және көмек;

-Кәсіби бағдар беру, баланың мамандығын тандауға саналы 
көзқарас қалыптастыру;

-Ата-аналардың, мұғалімдердің, оқушылардың шығармашылық, жаңашылдық әрекеттерін қолдау, сынып мұғалімдерінің, психолог және басқа да әлеуметтік педагогтардың тәрбиелік ұмтылыстарын қолдау;

-Сабақтан тыс өткізілетін іс - шаралар барысында оқушылардың қауіпсіздігі,денсаулығы және өмірі үшін жауапкершілік;

-Оқушылардың тамақтануына, сынып, мектеп бойынша кезекшілікке, жазғы еңбек практикасы мен сыныпты жаңа оқу жылына дайындауға жауаптылық;

-Қажетті іс - қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, және іс -қағаздары, психологиялық - педагогикалық картасы, сынып   жетекшісінің жұмыс жоспары) ;

-Сыныптан тыс тәрбие  жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік 
беретін қолайлы методологиялық жағдай жасауға үлес қосу;

І. Коммуникативтік :

-Оқушылар арасындағы  өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйретуге көмектесу, қатарларының  арасында өзін қанағаттандыратын  статусқа ие болуға көмектесу;

-"Оқушы-оқушы", "оқушы-ата-ана","ата-ана оқушы" арасындағы қолайлы байланыс орнату;

-Оқушылардың қоршаған  ортамен қатынас орнатуы;

-Ұжымда әр оқушыға  қолайлы психологиялық ахуал;

-Сынып жетекшісі оқушылардың  күнделікті әрекетін болжайды,талдайды, ұйымдастырады.Сондықтан да ол  мынадай жағдайларда ескергені жөн;

-Оқушы болашақ өмірге  тек дайындалып қаңа жатқан  жоқ, ал бүгінгі күннің өзінде  өмір cvpin жатыр;

-Әр ұжымның өмірінде  өміріндегі республикадағы әлеуметтік  жағдай, қаланын,ауданның, ауылдың нақты  жағдайы ескерілуі қажет;

-Жалпы адамзаттың және  ұлттық қажеттілігіне,оқушылардың жас және жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес практиканың бағытталған қызықты бірнеше түрлі іс-әрекеттер ұйымдастыру (оқу, еңбек, мейірімділік, қоғамдық, қоғамдық маңызды шығармашылық,бос уақыт); 

-Әр оқушы өзі қалаған  істі тандап, өзіне деген  сенімділік қалыптастыруы керек;

-Тәрбиенің әдіс-құралдарын, түрлерін таңдағанда оқушылармен  ересектердің ерекше позициялары ескерілуі керек;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.Әбенбаев С.Т.  Тәрбие  теориясы мен әдістемесі. -  Алматы, 2004. – 245 б.

2.Бабаев С.Б.Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. -  Алматы,2005. – 176 б.

3.Кукушин В.С.Теория и  методика воспитательной работы. – Ростов н\Д: Издательский центр  «МарТ», 2002.- 342 с.

4.Болдырев Н.И. Мектептегі  тәрбие жұмысының методикасы.  – Алматы: Мектеп, 1987. – 279 б.

5.Әмірәлиева Ш.А. Аға ұрпақ  тәжірибесі жастарға. – Алматы, 1982. – 276 б.

6.Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие  процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері (5-лекция). –  Алматы, 1991. – 153 б.

7.Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл  педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алматы, 1991.- 379 б.

8.Керімов Л.К. Қиын оқушылар  және оларды қайта тәрбиелеу. – Алматы, 1991.- 374 б.

9.Болдырев Н.И. Мектептегі  тәрбие жұмысының методикасы. –  Алматы: Мектеп, 1987. -296 б.

10.Кочетов А.Г. Оқушылардың  өзін - өзі тәрбиелеуі. – М.: Просвещение, 1967.

11.Үрзімұлы Ф.А. Балаға  тәрбие керек// Қазақстан мұғалімі. -  2007.                            -24 желтоқсан, 1996. – 5 – 10 б.

12.Серімов С.Н.Тәрбие бастауы. //Қазақстан мұғалімі. - 1996. - № 2.                            – 8 – 10 б.

13.Жұмабаев Ә.К.Қиын оқушыларды  мектеп жағдайында тәрбиелеу  мәселелері. – Алматы, 1974. – 274 б.

14.Аймауытов Ж.Н. Тәрбие.// Қазақстан мектебі. - №5. -  1999. – 12 – 15 б.

15.Ералиева М.О. Дәстүрлі  мектебімізді ізгілендіру жолдары.// Қазақстан мектебі ». -  №10.- 1999.- 38-42 б.

16.Айтмамбетова Б.Р. Бейсенбаева  А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991. – 121 б.

17.Болдырев Н.И. Мектептегі  тәрбие жұмысының методикасы.  – Алматы: Мектеп, 1987. – 586 б.

18.Сейталиев К.Р. Тәрбие  теориясы. – Алматы, 1986. – 248 б.

19.Сухомлинский В.А. Мектептің  жас директорымен сырласу. – Алматы, 1987. – 179 б.

20.Нұржанова Ж.Н. Ұстаздың  шеберлікке жету жолдары. - Алматы, 1991. – 29 б.

21.Қабатай Б.Н. Дидактикалық  материалдар. - Алматы, 1999.-172 с.

22.Педагогическая энциклопедия.  – М.: Просвещение, 1964.- 278 с.

 

 

 

 

Информация о работе Мектептегі тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы